ОӘЖ 1174

 

ТУБДИСПАНСЕР ШАҒЫН ЖИНАҚТЫ МЕКТЕБІНІҢ БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРЫНДА АНА ТІЛІН ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ

 

Омарова Динара Канатовна

Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтының оқытушысы

 

Туберкулез (латынша- төмпешік) - адам мен жануарларда көбіне өкпе жэне лимфа түйіндерінде ерекше үсақ төмпешік пайда болатын инфекциялы созылмалы ауру. Туберкулез микобактериялары(Т М) адамның өкпесін, бронхысын,бүйрегін, жыныс органдарын т.б зақымдайды.Науқас адам жөтелгенде, түшкіргенде Т М түкірік, қақырықпен бірге бөлініп айналаға 0,5-1,5 м таралады да 30-60 мин сақталады, сау адамның өкпесіне өтсе туберкулезді жүқтырады. Туберкулез жүқпалы ауру болғандықтан әрі үзақ емдеуді қажет ететіндіктен науқастар диспансерге орналастырылады. Диспасер(француз тілінен)-белгілі бір ауруды емдеп, одан алдын-ала сақтандыру шараларын үйымдастыратын арнайы мекеме.Диспансердің жұмыс әдісі-мезгілді уақытта аурудың белгілі бір түрін анықтау мақсатында тұрғын халықты медициналық қараудан өткізу. Сөйтіп, түрлі ауруларға қарсы шараларды жүргізіп, аурудың халық арасында таралуына жол бермейтін жағын көздейді.

Арқалық аймақтық туберкулезге қарсы күрес диспансерінде сауығуыға үміт арқалай келген жандарға алғашқы күннен бастап алаңсыз жатып емделуі

үшін барлық жағдай жасалған. Онда жоғарғы білімді 11 дәрігер мен 22 орта буынды медицина қызметкерлері жұмыс жасайды.

Арқалық аймағы бұрын да туберкулезбен ауыратын адамдар санының көп болуымен көзге түсетін аймақ еді. 90 жылдардың басында туберкулезбен ауыратындар саны тіптен көбейді. Арқалық аймақтық туберкулезге қарсы күрес диспансерінің бас дэрігері С.Мұхамбетжановтың айтуы бойынша сол жылдары асқынған аурудың бетін соңғы үш жылда ғана қайтаруға мүмкіндік болған.

Туберкулезге шалдыққандар өз бойында осындай дерттің бар екенін бірден біле бермейді. Тіпті ауруды жасыратындар да болады. Сондықтан аймақтық диспансер мамандары шалғайлығына қарамай елді мекендерді аралап, жасы 12-ден асқан барлық ауыл тұрғындарын флюрографиялық тексерістен өткізіп түрады. Бойында туберкулез ауруы бар екені анықталған адамдардың тез арада аймақтық диспансерге жатып, емделуіне барлық жағдайды жасайды. Бұған егемен Қазақстан экономикасының шапшаң алға басуы да күшті әсер етіп отыр. Соңгы кезде 2004 жылдан бастап туберкулезбен ауыратын адамдар саны 14 пайызга, балалар мен жасөспірімдер арасында 25-20 пайызга азайганын айтып кетуге болады.     Арқалық аймағында туберкулезден балаларды қорғау, ал олардың осы ауруды жұқтырғандарын бөліп алып, жедел және түпкілікті емдеп жазып шығару барысында көптеген іс-шаралар атқарылуда. Соның бірі балалардың білім алуының үзіліп қалмауына жағдай жасау.

Арқалық аймактық туберкулезге қарсы күрес диспансері жанындағы орта мектептің тарихы сонау 1977 жылдан басталады. Осы уақыт ішінде көптеген балалардың әрі емделіп, әрі оқуын үзбей жалғастыруына септігін тигізген бұл мектептің ашылу мақсаты: денсаулығына кінәрат түскен балаларды емдеу-сауықтыру шараларын қабылдай отырып, оқудан қол үздірмеу, келесі сыныпқа кедергісіз көшу, яғни қатарларынан кем қалдырмау.

Арқалық аймақтық туберкулезге қарсы күрес диспансері жанындағы орта мектеп 1997 жылдан бастап шағын комплексті болып қайта жасақталды. Қазіргі кезде бес ұстаз еңбек етуде. Ұстаз еңбегі - оқушы білімімен өлшенеді десек, ұстаз еңбегінің күрделілігі әрбір оқушы жүрегіне жол таба білуде.

Аталмыш мектептің өзге мектептерден айырмашылығы:

- сынып оқушылары санының тұрақсыздығы;

- сабақ уақытының 30 минут болуы;

- ауа-райына қарамастан оқу процесі үздіксіз жүргізіледі;

- дене шынықтыру сабағы жүргізілмейді;

- ВКК-ның шешімімен емделушілер мемлекеттік емтиханнан босатылады;

- психологиялық жұмыстар көптеп жүргізіледі. Оқушылардың ерекшеліктері:

- ызақор, ашуланшақ болып келеді;

- сабақ үлгерімдері нашар болады;

- намыстанып, қорланады;

- психологиялық көмекті қажет етеді;

- ұжымшылдықтың жоқтыгы;

- өзара жарыстың жоқтығы. Мүғалімдердің ерекшеліктері:

- қорқыныштың басымдылығы;

- кадрлардың тұрақтылығы (математика пәнінің мүғалімі З.Арғынбекова, орыс тілі пэнінің мүғалімі С.Әлжанова, физика пэнінің мұғалімі Қ.Әбдікэрімова – 30 жыл еңбек етсе, бастауыш сынып мұғалімі К.Ерғожина - 23 жыл, ал қазақ тілі пәнінің мүғалімі К.Ізтілеуова - 10 жыл үзбей еңбек етуде);

- оқушылармен үнемі жеке жұмыс жүргізу; - оқушыларды ынталандырып отыру;

- оқушыларға психологиялық көмек көрсету;

- оқушыларды қосымша кітаптармен, оқу құралдарымен қамтамасыз ету;

- оқушыларға   арнап   өз   есептерінен   мерекелік   іс-шараларын ұйымдастыру;

- оқушыларға қамқоршы болу.

Бастауыш мектеп оқушысының жеке түлғасын қалыптастыру, оның рухани әлемін байыту, сабаққа ынта-жігерін арттыру, жеке дарындылығын дамыту - бүгінгі таңдағы негізгі мәселелердің бірі. Өйткені, қазіргі кезеңдегі қоғамның жедел дамуы ғылым мен техниканың дамуымен байланысты болса, ал болашақта ғылым мен техниканы, өндірісті дамытатын бүгінгі мектеп оқушылары. Сондықтан мектеп оқушылары үлкен жауапкершілік пен білімдарлықты қажет етеді. Оқушылардың өз-өзіне сенімін арттыру, олардың шығармашылығын дамыту, өтілетін сабақтың оқу-материалын терең үғына білуге баулу-мұғалімнің педагогикалық шеберлігіне де байланысты.

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1.     Карпинский А.Ю. Организация разновозрастного обучения// Народное образование-2005-№1-108-112б

2.     Рахметова С. Қазақ тілі әдістемесінің теориясы мен технологиясы. Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі факультеттерінің студенттеріне арналған оқу құралы- Алматы, 2009