Асетова
Ж.Б., Жагсалах Алемгул
Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік
университеті
Деңгейлеп
саралап оқыту технологиясы - бастауыш сынып оқушыларының
шығармашылығын дамыту құралы ретінде
Қазіргі кезде қоғамның жедел ақпараттануы мен
қарқынды дамуы білім беру жүйесіне қойылатын талаптарды
түбегейлі өзгертті. Білім берудің бүгінгі күнде
негізгі мақсаты оқушыларға білім беріп, білік пен
дағдыны қалыптастыруға қол жеткізу ғана емес,
солардың негізінде өз алдына жауапты шешімдер қабылдай
алатын, әр істе белсенді шығармашылық әрекет жасайтын,
жылдам өзгеріп жатқан бүгінгі дүниеде лайықты
өмір сүріп, еркін жұмыс істей алатын жеке тұлғаны
тәрбиелеу болып табылады. Бұл мақсаттың шешімін табуда
оқушылардың оқу іс-әрекетінің негізгі түрі
- саралап оқыту технологиялары. Сондықтан олардың
мазмұнын, формаларын жетілдіру өзекті мәселелер
қатарынан орын алады.
Оқыту
үрдісінің құрылысын мемлекеттік білім стандарты
анықтайды. Мемлекеттік білім стандартына сәйкес білім мазмұны
нақтыланады. Білім мазмұны сәйкесінше оқыту
мақсатын белгілейді. Оқыту мақсатына сәйкес мұғалім және оқушының
іс-әрекеті анықталады.
Деңгейлеп
саралап оқыту – оқытылатын ақпараттың азаюы
арқылы емес, оқушыларға қойылатын талаптардың
әртүрлілігі арқылы жүзеге асырылады.
Деңгейлеп саралап оқыту
технологиясының мақсаты-әрбір оқушы өзінің
даму деңгейінде оқу
материалын меңгеруін қамтамасыз ету.
Бұл технологияны пайдалану - әр тақырып бойынша
деңгейлік өздік жұмыстар, деңгейлік бақылау
жұмыстарынан тұратын модульдерден құралған
оқушының өздік жұмыс дәптерін (немесе
оқулық-силлабус) қажет етеді. Мұны екінші жағынан,
жоғарыда аталған (технологияның оқушының өз
бетімен жасайтын танымдық қызметінің құрылымы мен
мазмұнын анықтайтын оқу процесінің жобасына негізделуі қажет
делінген) талабы да құптайды.
Деңгейлеп-саралап оқыту – оқу деңгейлері ортақ топтар
үшін арнаулы тапсырмалар мен оқу әрекеттерін
ұйымдастыру арқылы жүзеге асады.
Қазіргі
педагогика теориясы мен
практикасында саралауға
қатысты «саралап оқыту», «саралық тұрғыдан келу»,
«бейіндік саралау», т.б.
ұғымдар кеңінен тараған.
«Саралау» сөзі
латынша «differentia» - ерекшелеу,
айырмашылық сөзінен шыққан, тұтасты
бөліктерге шыққан, тұтас бөліктерге,
формаларға, сатыларға жіктеу, мүшелеу, айыруды білдіреді.
Білімді саралап берудің басты бір бағыттарының бірі -
дарынды, талантты балалар мен жас өспірімдерді оқыту. Сонымен бірге, саралап
оқытудың басты бағытының бірі - толықтыра отырып,
яғни үлгерімі төмен оқушыларға қосымша педагогикалық күш
жұмсау. Толықтыра оқыту дегеніміз - үлгермеушілікті жою
мақсатында өзіндік бағдарламамен оқыту.
Деңгейлеп
саралап оқыту технологиясы оқушының да,
мұғалімнің де белсенді шығармашылық
қызметін дамытуға бағыттайды. Деңгейлік тапсырмалар 4
деңгейде беріледі. 1-деңгейдегі тапсырмаларын орындау барысында
"танып-білу" және үлгі бойынша "қолдану"
арқылы орындалады. Яғни, бүгінгі өткен жаңа
сабақ бойынша берілген тапсырмалармен жұмыс жүргізіледі.
2-деңгейдегі тапсырмалар
өзгертілген жағдайда немесе өткен сабаққа
арналған тапсырмалар бойынша, 3-деңгейдегі тапсырмаларына талдау,
жинақтау, қорыту барысында есептер беріледі. Ал 4-деңгейлік
тапсырмалар оқушының шығармашылықпен жұмыс істей
алатындай, ойын дәлелдей алатын қабілетті оқушылар орындау
үшін беруге әр мұғалімнің тәжірибесіне
байланысты. Деңгейлеп саралап оқыту нәтижелі болу үшін
жеке тұлға ерекшелігіне, психологиялық даму ерекшелігіне
және пән бойынша білімді игеру деңгейіне көңіл бөлінеді.
Көбінесе сабақтың мазмұны, сабақты
өткізудегі тәсілдері мен әдістерін таңдау,
сабақтың нәтижелігін анықтау басты назарда болды.
Ж.Қараев деңгейлеп саралап оқыту технологиясын мынадай 4 түрге бөліп қолдануды
ұсынады:
1) Репродуктивтік
деңгей- жалпыға бірдей стандартты білім негізінде тапсырма беріледі
.Мұндай тапсырмалар
оқушылардың алдынғы сабақта білімдеріне және оқушыға
байланысты
2) Алгоритімдік
деңгей- мұнда оқушы мұғалімнің түсіндіруімен қабылдаған
ақпаратты пайдалана отырып орындайды.
3)
Эвристикалық деңгей- Оқушы өзі ізденіп, қосымша
әдебиеттерді қолдана отырып жауап береді.
4)
Шығармашылық деңгей-
оқушының таза өзіндік шығармашылығын
байқатады. Жаңа тақырыпты оқушылар шығармашылық ізденіс үстінде өздігінен меңгереді.
Деңгейлеп оқыту әр оқушының белсенділігін оятады.
Ж.Қараев
технологиясының тиімді жақтары:
1) әр оқушы өздігінен
жұмыс істеуге дағдыланады;
2) оқушының қабілеті
айқындалады;
3) талпынысы, ұмтылысы байқалады;
4) күрделі тапсырмаға байланысты
оқушының ойлау қабілеті артады;
5) оқушылар деңгейлік тапсырманы
орындап болған соң, жинаған ұпайы бойынша әр
баланың деңгейіне, қабілетіне қарай бағаланады.
Демек, әділ баға қойылады. Баланың деңгейін біліп
отырасыз. өз балаңыздың жетістігін және
өзіңіздің балаға берген деңгейлік тапсырма
арқылы өз жетістігіңізді көресіз;
6) әр сабақты
қорытуға, жинақтауға немесе бағалауға
арналған кесте көрсетілген, сол кестеге әр бала
деңгейді орындаған болса белгі қойып,жинаған ұпай
санын өздері жазып, сол бойынша бағаланады [1].
Біздің басты
мақсатымыз – білім сапасы. Білімнің сапалы болуы тікелей
мұғалімге, оның білім дәрежесі мен іздену шеберлігіне
байланысты. Мұғалім – тікелей оқыту мен тәрбиелеу
үрдісіне жаңалықты енгізуші, оқушымен бірлесе
жұмыс істейтін белсенді әрекет иесі. Сондықтан да, ол
мектепке жаңалық енгізуде шешуші рөл атқарады.
Қазіргі
кезеңде мұғалімге білімді, білікті, шығармашыл
болған жарасымды. Ал, ұстаздың әр сабағы –
оның ізденісінің, еңбегінің айнасы. Уақыт талабын
ескерсек, оқытудың жаңа технологиялары түрлерін
меңгеру және оны ендіруге әрбір мұғалім жауапты.
Өйткені, қолданылып жүрген қай технологияны алсақ
та, дүниежүзілік білім деңгейінде қалыптасқан
азамат, тұлға тәрбиелеуге бағытталған. Саралап оқыту
технологиясы – баланың шығармашылық бағыттылығын
қалыптастырады және белсенді оқу қызметін
ұйымдастырады, бала өз әрекетін жоспарлай, талдай, өзі
бақылай білуге үйренеді. Саралай оқытуды ұйымдастыру
арқылы баланың ойы абстрактіден нақтыға қарай
өрлейді, ілімдік ойлауы қалыптасады. Оқушы дамуының
негізгі болып табылатын әрекет, оқу әрекеті әрбір
сабақтың өзегі деп түсіну керек. Саралай оқытуды
ұйымдастыру арқылы бала ақыл-ой деңгейі мен белсенді әрекеті арқасында
репродуктивті емес өнімді нәтижеге жетеді.
Әдебиеттер тізімі:
1. Қараев Ж.А. Оқытудың педагогикалық
технологиясының жаңа тұрпатты мектептерді дамытудағы
рөлі. - Бастауыш мектеп. – 1999. - №1. – Б.19.
2. Мәулетқызы Б. Саралап деңгейлеп оқыту технологиясы.
– Ұлағат. – 2009. - №6. – Б.16.
3. Кобдикова Ж. ДСО педагогикалық технологиясы талаптарына сәйкес
өтетін тақырыптардың үлгісі. -Бастауыш мектеп. – 2003.
- №9. – Б.32.