Сыдықова Несібелі  Жұмағалиқызы

 Баймырза  Бесбаев  орта мектебі, Жамбыл облысы Жамбыл ауданы, Қазақстан

 

ҚАЗАҚ ТІЛІ  САБАҒЫНДА ЖАҢА ӘДІС-ТӘСІЛДЕРДІ ОҚЫТУДЫҢ  ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ

 

Бүгінгі таңда қазақ мектептеріндегі қазақ тілі мәселесі, орыс тілді мектептердегі қазақ тілі мәселесі деп бөліп, жаруға болмайды. Қандай тілді мектеп болмасын, негізгі талап – өмірден өз орнын таңдай алатын, өзара қарым-қатынаста өзін еркін ұстап ,кез-келген ортаға тез бейімделетін ,белгілі бір ғылым саласынан білімі мен білігін көрсете алатын, өз ойы мен пікірін айта білетін,мәдениетті жеке тұлғаны қалыптастырып тәрбиелеу. Оқыту әдістері - оқытудың мақсат-міндеттеріне сай оның мазмұнын оқушыларға меңгертуде мұғалім мен оқушылардың қолданатын амал-тәсілдері мен құралдарының жиынтығы болып табылады. Мұғалім оқыту әдістерінің көмегімен оқушыларға білім беріп, олардың тәжірибелік әрекетін ұйымдастыруда өзінің іс-әрекетін оқушылардың таным әрекетіне басшылық етумен байланыстырады.

Мұғалім оқытудың нәтижесін арттыруда оқыту әдістеріне қатысты амал-тәсілдерімен қатар оның құралдарын да пайдаланады.

Әдіс деген сөз гректің "metodos" деген сөзінен шыққан. Метод деген ұғым белгілі ақиқатқа, шындыққа, мақсатқа жетудің жолдары деген мағынаны білдіреді.

Қысқаша психологиялық-педагогикалық сөздік "әдіс" — мақсатқа қол жеткізетін жол, тәсіл, белгілі жолмен тәртіпке салынған іс-әрекет"- деген анықтама береді.

Қоғамымыздың қазіргі даму кезеңі мектептегі білім беру жүйесінің алдына оқыту үрдісін технологияландыру мәселесін қойып отыр. Оқытудың әр түрлі технологиялары жасалып, білім беру мекемелерінің тәжірибесіне енуде. Жаңа технологияларды меңгерту мұғалімнің интелектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және де басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді. Жаңа технологиялар теориялық тұрғыда дәлелденіп, тәжірибеде жақсы нәтижелер беруде.

Жаңа педагогикалық технологияларды күнделікті сабақ үрдісінде пайдалану үшін, әр мұғалім алдында отырған оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, педагогтік мақсатына, мүддесіне сай, өзінің шеберлігіне орай таңдап алады. Бұл жаңа технологиялар - оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, терең ойлай білуін, теориялық негіздерін, эстетикалық көзқарастарын пайымдауын, баға беруін, танымдық белсенділігін дамытуға бағытталған. Жалпы білім беретін мектептердегі оқу-тәрбие үрдісін жаңаша дамыту, яғни оның нәтижесінің жоғарғы деңгейде болуын қадағалау жаңашыл педагогтардың қолында болды. Олар педагогикаға «жаңа технология»терминін енгізді. Бұл жаңашыл педагогтардың мақсаты - оқушылардың алатын білімдерін сапалы ету, оның толыққанды жеке тұлға болып қалыптасуына негіз болу. Осыған орай қазірде педагогикалық технологиялар көптеп саналады.

Еліміздің алдағы уақытта көркейіп, дамыған елу елдің қатарына қосылу мақсатында білім сапасын арттыруымыз қажет. Мұғалім өзінің біліктілігін арттырмайынша, оқушының білім сапасын арттыра алмайды. Еліміздің дамыған елге айналуына, көк байрағымызды желбірете жоғары көтеріп, Қазақстан деген елдің бар екендігін әлемге танытатын біздің білімді жастарымыз. Демек, ХХІ ғасырдағы жастарда білім болмай, еліміз ешқашан өркендемейді. 
  Заман талабына сай білім ордаларында оқушыларға тиімді сабақ үдерісін ұйымдастыра білетін, жаңашыл ұстаз болу барша ұстаздың басты мақсаты. Оқушыларға сабақ беруде жаңа технологияларды пайдалану арқылы білімін арттыра аламыз. Сондықтан да олардың білімді терең меңгеруіне, ойлануына,өз бетінше ізденуіне, алған білімін кез келген жерде пайдалана алатындай етіп қалыптасуына қолдау көрсетуіміз қажет. Жалпы алғанда, заман талабына сай білім беруде маңызды жақтары өте көп. Білім-теңіз, оның тереңін жетік білетін, қыр-сырын меңгерген, құпиясын аша алатындар ғана бойлай алады. Мұндай адамдарды мұғалімдер ғана тәрбиелеп, дайындайды. Мұғалім білімді оқушы санасына сабақ арқылы жеткізеді, ал сабақ сапасын арттыру – барлық мұғалімдерді толғандыратын маңызды мәселе. Күн сайын өтетін жаттанды кезеңдерден тұратын дәстүрлі сабақтар оқушыларды жалықтырып, білімге ынтасын төмендетері сөзсіз. Сондықтан өзімнің алдағы педагогикалық жұмысымда сабақты жандандырудың әдіс-тәсілдерін дұрыс таңдап, бұған оқушыларды тартып, олардың белсенді өз бетімен ізденіп жұмыстануын ұйымдастыруды алдыма міндет етіп қойдым.

Қазіргі кезде мектептерде жиі қолданылып отырған жаңа технологиялардың бірі – оқушылардың жазу мен оқуда сын тұрғысынан ойлау қабілетін қалыптастыруға бағытталған әдіс-тәсілдер. Осындай әдістеме негізінде жасөспірімдерге қазақ тілі мен әдебиетінен терең де тиянақты білім беруді өз тәжірибемде жиі қолданып келемін.

Сын тұрғысынан ойлау әдісі арқылы оқушылардың өз бетімен ізденіп, өзін-өзі реттей отырып диалогтік қарым-қатынас арқылы білімдерін арттырып, сандық технологияларды пайдалана білетін белсенді, білімді, саналы азаматтарды тәрбиелеу керек екендігін түсіндім.

Оқушылар басқалардың айтқан пікірлеріне күмәнмен қарап, ой електерінен өткізе білу қабілеті болып саналады. Яғни мұғалімнің де, оқушының да сыни тұрғыдан ойлау қабілеті арта түсетіні анық.

Бүгінгі таңда оқу және жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау әдісі кез келген сабақта кез келген стратегиялары құнды, әрі бағалы. Бұл стратегиялар оқушылардың қызғушылығын арттыра отырып, ұстаздың тығырыққа  тірелетін сәттерінен арылтады. Сұрақ қою, ой шақыру, білім көпірі, бес жолды өлең, еркін жазу, білемін, үйренгім келеді, білгім келеді, Венн диаграммасы, пікірталас , болжау, Автор орындығы , топтастыру, т.б, стратегияларын қолдану оқушылардың мотивациясын оятып, ынталандыра түсері сөзсіз. Сонымен қатар бұл стратегиялар оқушының қөзқарасын, түсінігін дамыта  түседі, жалықтырмайды.  

Сыни тұрғыдан ойлау «ойлау туралы ойлану» деп сипатталған. Ол маңызды мәселелерді талқылау және тәжірибені ой елегінен өткізуді қамтиды. [Мұғ.арн.нұс. 49 бет].

Сыни тұрғыдан ойлау – қазіргі таңда Қазақстандағы білім алушы жастар үшін ең тиімді тәсіл. Өйткені, оқушы мен мұғалімді сыни тұрғыдан ойлауға итермелейді. Оқушылар өздерінің ақпараттарының шынайылығына және басқалардың айтқан пікірлеріне күмәнмен қарап, ой елегінен өткізе білу қабілеті болып саналады. Ал мұғалімдер өздерінің іс-тәжірибелерінде жаңа тәсілдерді пайдалана отырып, сыни тұрғыдан бағалау болып табылады. 

Сыни тұрғыдан ойлау ең маңыздысы болғандықтан, ойлай отырып мәселелерді талқылайды. Оқушыларға шығармашылық бағыт-бағдар бере отырып, үздіксіз іс-әрекетке жетеледім. Бұл бағдарламаны оқып , үйреніп оны өз жұмысымда қолданып мұғалімдік кәсіптің қыр-сырына тереңдей түстім. Бағдарлама стратегиялары оқушылардың бірін-бірі тыңдап, құрметтеуіне үйретті. Қуанышпен айта кететін жайт , бұрын үндемей отыратын балалардың сабаққа қызу араласуы. Жай уақытта олар өздерін бұлай көрсетуге бара қоймас еді. Сабақтарды ерекше , жаңа технология жобасымен өтуі оларға еркін сөйлеп, ойларын ашық жеткізуге, сыншыл көзқарас байқатуларына мүмкіншілік туғызғандай.

Постермен жұмыс – тақырыпты ашудың тиімді тәсілі. Постермен жұмыс барысында оқушылар түрлі идея тастап, оны дәлелдеу үшін еңбек етеді. Оқушының ойлануы, ол ойын жеткізуі тілді меңгеру үшін өте тиімді. Постерді қорғау – шешендік өнерді қажет етеді.

Сын тұрғысынан ойлауға арналған әртүрлі қызықты тапсырмалар беру, топтық жұмыста белсенділігін арттыру мақсатында постерлер жасату арқылы баланың қызығушылығы артады. Әрбір сабақ соңында оқушылармен кеңесу барысында оларға зерттеушілік қабілетті арттыру үшін интернет желісіне кіріп, іздену керектігін және кітапханаларға барып тіл байлықтарын арттыру үшін әдеби оқулықтар алып оқуды түсіндіремін. Оқушының сыни тұрғысынан ойлануына оң ықпалын тигізетін әңгіме түрі зерттеушілік әңгімесі болып саналады. Осы зерттеушілік әңгімені өз сабақтарымда жиі қолданамын. Сонда ғана оқушы білімді, саналы, ойлау қабілеті мен сөйлеу шеберлігі дамитындығын, өмірге көзқарасы қалыптасып, белгілі бір шешімді қабылдай алатынын, есте сақтау қабілеті дамитындығын, алған білімін кез-келген жерді пайдалана алатын тұлға қалыптасатынына сенемін.

 

Әдебиет:

1.        Артықова Т.М.  Қыстаубаева Ж.  Қазақ тілі . Оқыту әдістемесі.А:, 2005 ж.

2.        Бақзыбекова.Н. Саралап деңгейлеп оқыту технологиясы арқылы оқушылардың білім деңгейін арттыру.-А:  Қазақ тілі,  №4, 2007.16б.

3.        Қуанышбаева А.Жаңа технологиялық әдіс-тәсілдерді пайдалану.А: Қазақ тілі: Әдістеме. Республикалық ғылыми-әдістемелік журнал, №2,2004. 47 б.

4.        Оралбаева Н.   Жақсылықова Қ.   Орыс тіліндегі мектептерде қазақ тілін оқыту әдістемесі,  А: 1996  жыл

5.        Бұзаубақова, Қ.Ж. (2003). Жаңа педагогикалық технология.   Тараз

6.        Қадашева,Қ. (2001). Жаңаша жаңғыртып оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері: өзге тілді     дәрісханалардағы қазақ тілі. Алматы

7.        Мирсеитова, С(1998). Сыни  тұрғыдан ойлау технологиясы.

8.        Рақышова, Г.А., Игибаева, А.К.(2006). Жаңаша оқыту- жетістік көзі.

9.        Тұрғынбаева, Б.(2005). Шығармашылық қабілеттерін дамыту. Қазақстан мектебі, 4