Тұрлыбаева Раушан Оспановна
Баймырза
Бесбаев орта мектебі, Жамбыл
облысы Жамбыл ауданы, Қазақстан
МАТЕМАТИКА САБАҚТАРЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЛОГИКАЛЫҚ ОЙЛАУ ҚАБІЛЕТТЕРІН
АРТТЫРУ
Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың
қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры
ұстаздың қолында.
Н. Ә. Назарбаев
Әр
ұстаздың мақсаты – сабақты тартымды, әрі
қызықты өткізу. Кез-келген сабағын қызықты
өткізу үшін ізденіс, жаңаға ұмтылу жұмысын
жүргізу әрбір ұстаз үшін бұлжымас
қағида. “Оқытып жүріп, өзіміз де үйренеміз”
қағидасын ұстанған ұстаз үшін
өзінің әрбір сабағы бірінші өзіне жаңалық
болуы тиіс. Ұстаздың өзі – ізденуші. Сонда ғана
өзі қызыққан ұстаз сабағын
басқаларға да қызықты жеткізе алады деп ойлаймын.
Әрбір сабақта озық технологияларды пайдаланып өткізу
әрине жақсы нәтижелер береді. Ұстаз әр кез
ізденуші бола білсе, өзі үшін білім жинақтайды, оқушы
үшін сабақты қызықты ете алады. Оқушының
танымдық белсенділігін қалай дамытуға болады? Сабақтың тиімділігін
қалай арттыруға болады? деген сұрақтарға өз
жұмысымда жауап беруге тырыстым. Бұрын бастауыш мектеп
мұғалімінің басты міндеті баланы оқуға,
сануға үйрету болса, қазір бастауыш мектеп –
оқушының тұлға етіп қалыптастырудың
алғашқы баспалдағы. Сондықтан жоғарыда
аталған мүмкіндіктерді жүзеге асыру, тиімділігіне қарай
пайдалану – мұғалімнен үлкен шеберлікті, ізденушілікті,
шығармашылықты талап етеді.
Қоғамның
қазіргі даму кезеңінен туындап отырған сұранысқа
орай анықталған мақсаттар мен міндеттер бастауыштың математикалық
білімінің жаңа мазмұнын жасаудың, онымен
үйлесімді оқытудың әдіс-тәсілдерін,
құрал-жабдықтарын және ұйымдастыру
түрлеріндегі математикалық сауаттылықты
анықтаудың қажеттілігін көрсетеді. Осыған орай
бүгінгі күн талабына сай даярланған, көзі ашық,
білім дәрежесі жоғары, жан-жақты дамыған адамды
қалыптастыру үшін сапалы білім беру қажеттілігі туындап отыр.
Бүгінгі күні математиканың қолданылмайтын жері
жоқ. Сондықтан әр оқушыны математикалық
сауаттылықтың жоғары деңгейіне жеткізу міндеті
тұр.
Қазақстан
Республикасының білім беру стандартында білім берудің басты міндеті
логикалық ойлауды дамыту болып табылатындығы атап айтылған.
Бастауыш сынып – оқушылардың логикалық ойлауын
дамытудың негізгі кезеңі. Бастауыш сыныпта балалардың ойлары
нақты-бейнеліден абстрактылы - логикалық ойлауға қарай
дамиды.Мектептің алғашқы сатысының міндеті – бала
интеллектісін себеп – салдарлы байланыстарды түсіну деңгейіне дейін
дамыту. Оқушылардың жеке ойлау қабілетін дамыту үшін
олардың өзіндік күш қуаты мен сенімін арттыру керек.
Қолынан келетін көп істердің мүмкіндіктеріне
бағыт берген абзал.
Логикалық
ойлауды дамыту туралы сөз етпес бұрын логика туралы
қысқаша айтып кету керек.Логика - (грек тілінен алынған logic
- сөз, ой,ойлау, ақыл-ой) ойлаудың заңдылықтары
мен түрлері туралы ғылым. Объективті пікірлерге негізделген процесс
логикалық ойлау деп, ал дұрыс ойлаудың формалары мен
заңдары туралы ғылым логика деп аталады. Логикалық
ойлаудың қисындылығы олардың шындыққа сай
келуінде. Логикалық ойлауға түскен
құбылыстың себептері мен салдары, ұғымдар
арасындағы байланыстар мен қатынастар логикалық ойлау жолымен
ашылады. Пікір алмасу кезінде, әсіресе математикалық
тұжырымдар кезінде пайымдау,ойлау заңдылықтарын немесе
былайша айтқанда сол заңдылықтар мен формалары
жөніндегі ғылым- логиканың көмегі мен бір пікірден
екінші пікірді шығарамыз. Логикалық тұжырым теориясының
ең алғаш грек философы Аристотель негізін қалаған.
Логикалық
тапсырмалар оқушыны шығармашылық іс-әрекетке
бейімдейді, ақыл-ой өрісін дамытады Математика сабағында
орындалатын логикалық тапсырмалар мен жаттығулар
оқушының ойлауын дамытатын, есте сақтау қабілетін
арттыратын болу тиіс. Бұл орайда деңгейлік тапсырмалардың
атқаратын қызметі зор. Деңгейлік тапсырмалардың
мақсаты- оқушыға жеңілден қиынға,
қарапайымнан – күрделіге қарай сатылы түрде
орындалатын жұмыстар
жүйесін ұсына отырып, оқушыны ізденушілікке,
шығармашылыққа баулу.
Әр сыныпта
оқу озаттары мен үлгермеушілер пайда болу себебі- балалардың
даму деңгейінің бірыңғай болмауы, жеке
қабілеттеріндегі айырмашылықтар және т.б. болып отыр. Сол
себептерден өзім сабақ үстінде деңгейлеп саралап
оқытуды жиі пайдаланып отырамын. Осының нәтижесінде әр
оқушы сабақ кезінде жаңа білім қосып қана
қоймайды, соны өзі игеріп, талап, пікір таластыру деңгейіне
жетуге тырысады, даму үстінде болуды қалайды.
Мен математика
сабағында оқушылардыңлогикалық ойлау қабілетін
арттыратын мынадай деңгейлі тапсырмаларды пайдаланамын:
Тоғыз адам
тоғыз минутта тоғыз балмұздақ жеді. Он адам он минутта
неше балмұздақ жеуі мүмкін? Ал сегіз адам сегіз
балмұздақты неше минутта жейді? (Он адам он балмұздақ.
Сегіз адам сегіз минутта жейді)
Ағасы қарындасына 5 дәптер
бергенде екеуінде де 12 дәптерден болды. Әуелде екеуінің
дәптерлері қанша болған? (Ағасында-17,
қарындасында-7 дәптер болған)
Түнгі сағат 10-да жауын жауып
тұрса, 24 сағаттан кейін
күннің жарқырап тұруы мүмкін бе?(Жоқ,ол
кезде де түн болады)
Үш ат жегілген
арба 30 км жүрді. Бір аттың жылдамдығы қандай? (30 км)
Бақытжанның
4 ұлы олардың әрқайсысының туған
қарындасы бар.Бақытжанның неше баласы бар? (5)
Сенбіден кейін 2
күннен кейін қай күн келеді?(Сейсенбі)
Үш тауық
үш күнде үш жұмыртқа салады.12 тауық 12
күнде қанша жұмыртқа салады?
Сыныбымда
математиканы сүйіп оқитын, оған деген ынтасы зор
оқушылар да бар. Оларды жеңіл,біріңғай жаттығулар
орындау жалықтырады. Сондықтан белгілі бір ережені меңгеретін
жаттығуларды орындағанда оларға қиынырақ
тапсырмалар, міндетті емес тапсырмалар беріп отырамын. Сонымен қатар
мынадай логикалық тапсырмаларды пайдаланамын:
Мотоцикл жүргізушісі ауылға келе
жатқанда жолдан өзіне қарсы ұш жеңіл машина
және бір камазды кездестірді. Ауылға неше машина бара жатыр?
Жауабы: Бір ғана мотоцикл
Сыныпта 35 оқушы бар. Қыздар
ұлдардан үшке артық. Сыныпта ұлдар қанша,
қыздар қанша? Шешімі: x+x+3=35 x=16(ұ) х+3=16+3=19(қ)
Мектепте төрт
жүз оқушы бар. Олардың ең болмағанда екеуі бір
күнде туғанын дәлелдеңіз. Шешімі: (Дирихле принципі) 1
жылда 365, 366 күн бар. Демек, олардың ең болмағанда
екеуі бір күнде туған.
Шаршының
қабырғасын үш есе үлкейтсе, оның ауданы неше есе
үлкееді? Жауабы: 9 есе
Селодан қалаға дейін велосипедші
20 км/сағ жыдамдықпен, ал қайтар жолда 10 км/сағ
жылдамдықпен жүріп өтті. Велосипедшінің орта
жылдамдығын тап. Шешімі: (20+10)/2=15
Жұп санды үшке бөлгенде
қалдық қандай болуы мүмкін. Жауабы: 1 және 2
Егер фигураның периметрі 32 см екені
белгілі болса, онда осы фигураның ауданын табыңыз. Жауабы:
16жағы бар. 32:16=2. Кішкентай квадраттың бір
қабырқасының ұзындығы — 2см. Кішкене квадрат
ауданы: S=2*2=4 Үлкен квадрат ауданы одан екі есе үлкен S=4*4=16
Kішкене квадраттар -8. S=8*4=32 S=32+16=48
Отбасыда төрт
бала бар. Олардың жастары: 5, 8, 13, 15. Балалардың аттары:
Жәнібек, Райхан, Салтанат, Жанат. Қыздардың біреуі бала-
бақшаға барады. Жәнібектен үлкен, Райханның
жасына Жанаттың жасын қоссаң, үшке бөлінеді. Жанат
кім? Қыз ба, ұл ма? Ж-бы: (5+13)=18:3 Райхан > Жәнібек.
Райхан он үште, Жанат бесте. Ең кішкентайы бесте, ол-Жанат, демек
ол балабақшаға барады. Жанат-қыз.
Әкесі 27 жаста болғанда баласы 3
жаста болды. Ал казір баласының жасы әкесінің жасынан 3 есе
кем. әрқайсының жасы нешеде? Жауабы: 36;12
Дүкенде 5 әртүрлі кесе
және 3 әртүрлі тәрелке бар. Неше әдіспен
1тәрелке мен 1 кесені сатып алуға болады? Шешімі: 5*3=15
Дүкенде 4 әртүрлі
қасық, 5 әртүрлі кесе, 3 әртүрлі
тәрелке бар. Неше әдіспен 1тәрелке, 1 қасық
және 1 кесені сатып алуға болады? Шешімі: 4*5*3=60
Қызықты
есептер, жұмбақ есептер, математикалық мақал -
мәтелдер
көңілді жаттығулар, викториналар,
ребустар,грамматикалық эстафеталар, сөзжұмбақтар шешу,
қызықты тапсырмалар құрастыру баланың ойын
ұштай түсіп, ұстамдылыққа, еңбектене білуге
тәрбиелейді. Оқушының қиялын дамытып, өз бетімен
жұмыс істеуге икемдейді.
Қызықты есептер
Біздің ықшам ауданда 5
үй бар. Әрбір үйде 5
мысық бар. Әрбір
мысық 5 тышқан
ұстайды.Тышқандарды ұстай алмаса тышқандар
әрқайсысы 5 уыс ұн жейтін еді.Егер әрбір уыс ұн 5
грамға жуық болса,мысықтар тышқандарды
ұстағанда неше кг ұн сақталатын еді
5 • 5 = 25 мысық 25 • 5 = 125 тышқан 125 • 5 = 625
уыс ұн
Қайрат пен Талғат бірдей бөлінгішті екі түрлі бөліндіге бөлді.
Қайрат 153 – ке бөліп еді,
бөліндіде 612 шықты. Талғат сол санды 6 – ға
бөлгенде қандай сан
шығады ?
153 • 612 = 93
636 93 636 : 6 =15 606
Бір
патшаның сұлу қызы болыпты. Ол 18 жасқа толғанда, кімнің байлығы көп болса соған қызымды беремін
депті. Сонда бір жігіт келіп,
менің 27 360 сандық
алтыным бар, оған жыл сайын
33 сандық
қосылып тұрады депті. Патша жігітке 30 000 сандық алтын әкелсе
қызын беретінін айтыпты. Жігіт 30 000 сандық алтын жинағанша
қыз неше жасқа
толады ?
30 000 – 27 360 =
2640 2640 : 33 =
80 80 + 18 = 98
Жауабы: жігіт 30 000 сандық алтын
жиғанша қыз 98
жасқа толады.
Математикалық
мақал - мәтелдер
Мына
мақалдағы көп
нүктенің орнына тиісті
санды қой.
................ тістен
шыққан сөз,
............... рулы
елге тарайды.
................ ала
болса, ауыздағы кетеді.
................ түгел болса,
төбедегі келеді.
Батыр .......... рет өлер.
Қорқақ ................ рет өлер.
Жақсы достан
....................
сақтан,
Жаман
достан ................... сақтан.
Өз
тәжірибемде түрлі тақырыптарда «Жас математик», «Жүзден
жүйрік…», «Бастауыш көшбасшысы», «Логикалық есептер
әлеміне саяхат», «Кім жылдам?», «Ұшқыр ойлы оқушы»
білім сайыстарынмен математикалық олимпиадаға, Мемлекеттік
аралық бақылауға дайындық есептерін жиі
өткіземін.
Сонымен қатар
дидактикалық ойындар, (ұлттық ойындар)математикалық
фокус,жаңылтпаштар,математикалық ертегілер,логикалық
жаттығуларды орындау оқушының ақыл - ойын,
қиялын, интеллектуалдық ой-өрісінің
ұшқырлығын дамытудың бірден-бір ұтымды
тәсілі.
Балалардың
ойлауын дамыту туралы М.Жұмабаев былай деген:
«Ойлауды
өркендету жолдары. Ойлау - жанның өте бір
қиын,терең ісі. Жас балаға ойлау тым ауыр. Сондықтан
тәрбиеші баланың ойлауын өркендеткенде, сақтықпен
басқыштап іс істеу керек».
Логикалық
жаттығуларды орындау баланың ақыл-ойын, қиялын, ой
ұшқырлығын дамытады. Бұл оқушылардың
түрлі мазмұнды есептерді шығаруда, есептің шартын
құра білуге қалыптастырылады. Бір есептің бірнеше
шешімдерін табуға жетелейді. Әрбір сабақта
қызықты есептер, логикалық тапсырмалардан пайдалансақ,
оқушының танымдық белсенділігін, кітапқа
,оқуға,білім алуға деген құмарлықтарын
арттырамыз.
Әдебиеттер
1. Т. К. Жикалкина. «Математикадан ойындар мен
қызықты тапсырмалар»,
Алматы «Рауан» 1992 ж.
2. «Бастауыш
мектеп» журналы. № 5 2011 ж.
3. «Бастауыш мектеп
журналы» № 9 1996 ж.
4.
Жалмағанбетова Н.Б. «Бастауыш
мектеп
оқушыларының білім,
білік дағдыларын тексеруге арналған тест жұмыстары»
Өнер. 2005ж.