Химия пәнін  құзырлылықты қалыптастыру арқылы оқыту

Арынова К.Ш.

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті «Химия және экология» кафедрасының аға оқытушысы, п.ғ.к.

Уалиева Н.К.

6М11200 – Химия магистрі

Яхия Салтанат

Х-12-1 оқы тобының студенті

 

        Орта білім беру жүйесінде әлемдік жоғары деңгейге қол жеткізген анағұрлым танымал білім беру әдістемелері арасында сындарлы (конструктивті) теориялық оқытуға негізделген тәсілді айтуға болады. (Hattie, 2009).  Сындарлы оқыту (конструктивті) – бұл  білім берудегі Кембридж  тәсілінің  теориялық негізі болып табылады.  Бұл теория оқушылардың ойлауын дамыту олардың бұрынғы алған білімдері мен жаңа немесе сыныптағы түрлі дерек көздерінен, мұғалімнен, оқулықтан және достарынан алған білімдерімен өзара әрекеттесуі жағдайында жүзеге асады деген тұжырымға негізделеді. Сындарлы теорияның тиімділігін жақтаушылардың басым бөлігі дайын білім беруге негізделген оқыту тәсілдерінің білімді меңгеру былай тұрсын, олар бойынша терең түсінік қалыптастырып, бастапқы білімді жаңа біліммен өзара байланыстыруға да мүмкіндік тудыра бермейтіні  жөнінде айтылып жүр.  Дайын білім беруге негізделген «дәстүрлі»  әдіс  арқылы алынған білім оқушылардың жинақтаған өзге білімдерімен тиімді сіңісе алмайды, сол себепті де механикалық есте сақтау, үстірт білім алу жағдайлары орын алуда.  Дәстүрлі оқытудан алынған механикалық түрде есте сақталған мәліметтерді емтихан кездерінде ұтымды пайдалануға болады, бірақ мән-мағынасы терең меңгерілмей, жай ғана жатталғандықтан, тақырыпты оқыту аяқталған соң немесе емтихан біткен соң керексіз болып қалады және оқушы оны өмірде пайдалана алмайды.

      Сындарлы оқытудың мақсаты – оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімдерін сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету. Оқыту туралы сындарлы түсінік оқушыға нақты білім беруді мақсат тұтқан мұғалімнің өз сабақтарын оқушының идеясы мен білім-біліктілігін дамытуға ықпал ететін міндеттерге сай ұйымдастыруын талап етеді. Соның мысалы ретінде  бір сабақтың үлгісін ұсынып отырмыз.

Теориялардың көпшілігі – көне ойларды жаңа терминдерге айналдыру.

Г.Ландау.

Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар

Пән: Химия

Сынып: 8

Оқушының аты-жөні:

Тарау: 11.2А.Химиялық элементтердің Д.И.Менделеев жасаған периодтық заңы

Сабақтың тақырыбы: Д.И.Менделеевтің периодтық жүйесін қайталау

Оқу мақсаты: химиялық элементтерді сипаттай білу

 

Критерийлері: А Білу және түсіну                        В Қолдану

Тапсырма: 1. Кестедегі бос торларды толтырыңыз.

 

Химиялық элемент

Таңбалануы

Ядро заряды

Протон саны

Электрон саны

Нейтрон саны

фосфор

 

 

 

 

 

 

 

+19

 

 

 

 

 

 

 

20е

 

Оқу мақсаты

Критерийлер

Дескрипторлар

Жетті

Тыңдалды

Қорытынды

Жетті

Талпынады

ОМ1

А

Оқушы Химиялық элементті түсінеді.

 

 

 

 

ОқушыАтом құрамын біледі.

 

 

ОқушыЯдро зарядын біледі.

 

 

ОқушыПротон санын біледі.

 

 

ОқушыЭлектрон санын біледі.

 

 

ОқушыНейтрон санын біледі.

 

 

 

В

Оқушы кестені дұрыс толтыра біледі.

 

 

 

 

Оқушы химиялық элементтің таңбасына қарай сипаттап жаза біледі.

 

 

Оқушы ядро зарядына сүйеніп, протон санын анықтай алады.

 

 

Оқушы протон санына сүйеніп, электрон санын анықтайды.

 

 

Оқушы протон санына сүйеніп нейтрон санын анықтай алады.

 

 

 

 

1.     Hattie, J., (2009). Visible Learning. [Көзге көрінетін оқыту.] London, Routledge.

2.      ҚР жалпы білім беретін мектептері педагогтерінің біліктілігін арттыру курстарының бағдарламасы. Мұғалімге арналған нұсқаулық, 2012 ж

3.      Н.Нұрахметов, К. Сарманова,  К.Жексембина,  8  сынып оқулығы, Алматы «Мектеп» 2012 ж.

 

 

Резюме

Из числа современных научных подходов, используемых различными системами среднего образования, наиболее популярными и получившими высокое мировое признание, яаляются подходы, основанные на конструктивистских теориях.

Summary

What seems to be common among the highest achieving school systems of the world is that the teaching approaches used by the teachers are based on onstructivist theories of learning.

 

 

 

 

 

 

 

 

.