КӨШБАСШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КӘСІБИ ТӘЖІРИБЕ

Кабдешева Жайнагул Зинекеновна

№26 орта жалпы білім беретін мектеп

БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ

ОРАЛ ҚАЛАСЫ

Бұл мақалада мұғалімнің кәсіби дамуына ықпал ететін қоғамдастық пен көшбасшылық үдерістердің мазмұны қарастырылған,  мұғалім іс-тәжірибелік көзқарасымен бөліскен.

В данной статье учитель рассмотривает понятия «лидерство» и «сообщество», а также делится опытом своей работы.

In this article the teacher wants show the idea of  leadership and association, and she shares her experience in this fiel of  her study.

Қазіргі уақытта Қазақстан әлемдік қоғамдастыққа нарықтық экономикасы әлемдік жаңа технологиялармен енген мемлекет ретінде танылып отыр. Мектептегі басты тұлға  - мұғалім болғандықтан , ол мектептің жүрегі іспетті. Мұғалімдік мамандықты таңдаған әрбір адам бұл қызметтің аса жауапкершілік пен аса сапалы білімді талап ететіндігін ұққаны жөн. Мұғалім еңбегіүнемі жаңарып отыратын, дамып, өзгеріске ұшырап отыратын процесс. Яғни, бұл кәсіпті таңдаған адам үнемі ізденіп, жаңалыққа құмартып,  өзінөзі жетілдіріп, қоғам дамуынан кеш қалмай, қоғамдық істерге белсене араласып отыруы шарт. Әлемде мойындалған және кең таралған Мария Монтессоридің пайда болған жүйесіне көз жүгіртсек, ол оқыту мен тәрбиедегі емес, балалардың өз бетімен атқаратын ісәрекеттерін ұйымдастырудағы ұстаздың рөліне баса назар аударған. Осыған байланысты «мұғалім» сөзінің  орнына «жетекші» деген сөзді қолдануды ұнатқан . Ешкім де бала үшін баланы жетілдіріп дамытпайды. Бала мұны өзі істеуі керек. Ұстаздың міндеті осыған көмектесу және орта жасау ғана деген екен ол. Әлемдік педагогикада мінсіз мұғалім мен оның дайындығының моделі жасалуда. Мысалы, жапондық педагог Томомучи Киучи  ұсынған  мұғалімнің моделі , оның пікірінше, мынадай маңызды белгілер мен қасиеттерден тұруы керек: бір уақытта оқыта да, тәрбиелей алу қабілеті, мықты теориялық педагогикалық білім , жоғары мәдениеттілік пен тәрбие құндылықтарын  түсіну, еркіндік пен жауапкершілік , интелектуалды топқа қатысылық тағы бақа.Қазіргі таңда егеменді еліміз оқу-ағарту ісіне, білім беру мен білім сапасын көтеру жұмыстарына, мектептердің материалдық-техникалық базасын жақсартуға ерекше мән беруде. Білім берудің жаңа моделі жасалынды,білім жүйесінде жаңа бағыттар қалыптаса бастады . Мемлекеттік стандарттар жаңартылып,оқу бағдарламалары жетілдіріліп,жаңа типтегі оқу орындары ашылуда. Сонымен қатар, білім сапасына қатаң талаптар қойылып, оқу үрдісін ұйымдастырудың жаңa формалары мен әдістері, оқытудың жаңа технологиялары кең көлемде практикалық қолданысқа ие болуда. Мемлекет басшысы отандық білім беру жүйесін бәсекеге бейімдеп құру жөніндегі нақты тапсырма беріп, ұлттың өресі білім нәрімен сусындағанда ғана өсетінін, білім сапасын халықаралақ дәрежеге көтеру мен әлемдік білім  тайталасында дамыған мемлекеттермен деңгейлес болу мәселесін батырып айтты. Қазіргі өзекті мәселелердің бірі - өзгермелі әлеуметтік және экономикалық жағдайда өмір сүруге дайын ғана емес, айналасындағы шынайы өмірге белсенді қатынасын байқатып, оны жақсартуға ықпал ете алатын, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылады. Осыған байланысты жеке тұлғаға қойылатын мынадай талаптар алдыңғы орынға шығады: креативтілік, белсенділік, әлеуметтілік жауапкершілік, ой - өрісінің кеңдігі, жоғары кәсіби деңгейлі сауаттылық, танымдық әрекетке қызығушылығының басымдығы. Орыс революционері, демократы В.Г. Белинский  «Мақсатсыз әрекет жоқ, қызығусыз мақсат жоқ , ал әрекетсіз өмір жоқ» деп түйінді пікір айтқаны мәлім. Ендеше,  адам баласы өз  мақсатына қызығушылық танытқан кезде ғана қол жеткізеді екен. Бүгінгі күні менің алдыма қойған мақсаттарыма, қызығушылық танытқан ісіме  ұжымдағы әріптестерімнің, желілік қоғамдастықтағы әріптестерімнің, оқушылардың, атааналардың   жақсы көзқарастары, оқушы мен мұғалім арасындағы байланыс, ынтымақтаса жұмыс істеу дағдылары  оң әсер етіп келеді.

Сындарлы теориялық оқыту курсында алған білімімнің арқасында, көшбасшылық қасиеттерімнің ықпалымен де  өз  мектебімдегі мұғалімдерді , басшыларды, оқушыларды , ата – аналарды ,  қала мектептеріндегі әріптестерімді серіктестікке тартып ,  кәсіби деңгейімді дамытып келемін. «Қашанда бір істі бастағыңыз келсе, ол іске әуелі ақылыңызды, онан соң көзіңізді жұмылдырыңыз,  сонан соң ақылыңыз дұрыстаса, көзіңіз көріп жөнін тауып мақұл көрсе, тіліңіз бен қолыңызға сонда ғана ерік беріңіз» деген балалар әдебиетінің атасы Ыбырай Алтынсариннің  ұлағатты сөзі  менің іс - тәжірибемде көздеген мақсатыма жетуіме жол ашқандай . Ақыл мен көздің үйлесімінен бастау алып , шын ниетпен істелінген , қолға алынған  қай жұмыстың да  нәтижесі өзің ойлағандай болатыны хақ . Сондықтан мен қолға алған ісімді жүзеге асыруда , мақсатқа , күтілетін нәтижелерге қол жеткізуде бар мүмкіншілігімді пайдалануға тырысамын . Бірінші деңгейлік мұғалімдерге арналған нұсқаулықта «Мектеп көшбасшыларының  оқушылардың нәтижелеріне ықпал етуі халықаралық педагогикалық қоғамда айтарлықтай қызығушылық тудырып отыр. Білім беру саласындағы саясатты қалыптастырушылардың халықаралық көрсеткіштер негізінде оқушылардың нәтижелеріндегі алшақтықты азайтуға бағытталған амал-шаралары , сондай-ақ оқушы нәтижелерін жақсартуда мектеп көшбасшылары басты рөл атқарады деген пікір бұған басты себеп болып табылады » деген құнды ой  бар  .  Көшбасшы ретінде тәжірибені өзгерту  - істеп жатқан ісімді өзгерту , қалыптасқан жағдайды өзгерту , бір – бірімізге деген қарым – қатынасты өзгерту деп  білемін және оны ұдайы жалғастыруды мақсатым деп санаймын.

Сабақтарымда жеті  модульдің элементтерін   қолданғанда, олардың  әрқайсысының орны ерекше екеніне көзім жетті. Себебі, жеті модуль бір-бірімен өте тығыз байланыста .  Соның ішінде сыни тұрғыдан ойлаудың стратегиялары өте көп. «Сын тұрғысынан ойлау – Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын қазіргі ең басты педагогикалық түсінік. Бұл модуль оқушылардың да, мұғалімдердің де сын тұрғысынан ойлауды дамытуды саналы және оймен қабылдауын көздейді» [МАН . І деңгей.17 – бет] .  Сабақтарымда оқушыларға ынтымақтастық атмосфераны  құруды (оны қолданғанымда бұған дейін қарым қатынасы онша емес оқушылар  бір – біріне жылы тілектер айта отырып, әрі қарай да тілдесе бастады, демек ол пайдаға асты деген сөз) , жаңа сабақты ,  өткен тақырыпты қайталау кезеңінде сұрақтар қоюды (бастама , жауап , кейінгі әрекет , түрткі , сынақтан өткізу , қайта бағыттау) меңгерттім ,  Блум таксономиясы бойынша тапсырмалар беремін , оқушылардың жеке орындаған тапсырмасынан кімнің тақырыпты қаншалықты түсінгенін , кімнің қабілеті қай жерге дейін жететінін анықтаймын , сабақтар бойында өз – өзін  реттеудің  әдісін кірістірдім, жұптық , топтық , жеке жұмыс түрлерін жүргіземін,  тест  тапсырмаларын,  бағалау үшін формативті бағалаудың  бірнеше стратегияларын  қолданамын . Осындай  жаңа тәсілдерді қолдана отырып , оқушылардың сыни ойлана алатындығын байқадым. Әсіресе , топтық жұмыс оқушыларға еркін ойлауға мүмкіндік берді , ақыл – ойын дамытуға түрткі  болды , ұжымдық іс – әрекетке  тәрбиеледі , тіл байлықтарын  жетілдірді, жан – жақты ізденуге, өз ойын еркін жеткізуге мүмкіндік туғызды.Үздіксіз жүргізілген жұмыстар нәтижесінде оқушылар оқу мен оқытуға шынымен сыни тұрғыдан қарай білуге , топ болып жұмыстануға , бір – бірін әділ бағалауға төселіп қалды. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету менің көп жақты жұмысының бір бөлігі ғана. Белгілі ғалым, ұлы педагог  Я.А.Коменскийдің  « Сен ешбір жаңа нәрсе меңгермеген және өзінің біліміне ештеңе қоспаған, осынау күнді немесе сағатты бақытсыз сана » деген пікіріне қосыла отырып , осындай жаңа әдіс – тәсілдерді пайдаланып өткізген әр сабағымнан шабыт алып, кәсіби шеберлігімді жетілдіре түскенімді бақыт деп санасам,оқушылардың  бет – жүздерінен сабаққа, білім алуға деген құлшыныстарын байқағанымда , бұл курстың қаншалықты маңызды екендігіне тағы бір көзім жетті. Мұғалімдерді бірлесіп жұмыстануға , оқыту мен оқуды талдауға тартуда жүргізілген Lesson Study үдерісінің де ойдағыдай өтіп жатқаны қуанышты – ақ. Бірақ бұл үдеріске қатысатын әріптестерді таңдауда аздап қиыншылықтардың да кездесетіні шындық. Өйткені қазақ сыныптарында сабақ беретін мұғалімдердің саны аз болғандықтан , мен сабақ жүргізіп жатқанда, олар да өз  сабақтарында болады. Сабақ кестесіндегі қайшылық , уақыттың аздығы, мұғалімдердің өз жұмыстарынан босамауы бір сәттік қиындықтарды туғызады. Мектеп өзгерісі үшін қарастырылған әдіс – тәсілдерімнің негізгілерінің бірі ретінде - тәлімгерлік жұмысымды баса айтқым келеді . Тәлімгерлік – ұзақ уақытқа созылатын, тәлімгер (тәжірибелі, озық педагог) мен тәлім алушы (тәжірибесі аз педагог) арасында сенімді, жеке тұлғаға бағытталған қарым – қатынас құру үдерісі. Тәлімгерлік ету барысында тәлімгер өзінің білімімен , тәжірибесімен бөліседі , ал тәлім алушы еңбек жолында айтулы жетістіктерге жету мақсатында өзінің кәсіби дағдыларын дамыта отырып ,  проблемаларды шешу жолдарын іздейді  (МАН,  І – деңгей , 37 бет) . Сондықтан мен де өз мектебімде тәжірибеге өзгеріс енгізуді және әріптестермен жүргізілетін жұмыстарды ойластыра отырып , көшбасшылық пен қоғамдастықтың арқасында  бұл ұзақ үдерістен қол үзгенім жоқ. Қызығушылық танытқан  әріптестерімді үйретіп жатырмын және олардың көшбасшылық жеке қабілетін дамытуға ықпал ететін жолдарды қарастырудамын. Қала мектептері мұғалімдерімен желілік қоғамдастық байланысымызды  жандандырудамын. Жоспарланған іс – шараларымыз да әр мұғалімнің кәсіби дамуына бағытталған. Сондықтан да,нәтижеге   қол жеткізудегі   ықпалдастықтың бәрі әріптестермен үздіксіз қарым – қатынас жасаумен байланысты болып отыр.  Біздің қоғамдастығымыз, көшбасшылық  істеріміз  пікірлесу ,түсінік беру, сауалнамалар арқылы көзқарастары мен қажеттіліктерін анықтау  , Lesson Study , коучинг, желілік қоғамдастық аясындағы жұмыстарға  бағытталған . Болашақта мәлімделген мақсаттарға , тиімді нәтижелерге қол жеткізуге, мектебіме қажетті оң өзгерістерді жүзеге асыруға көмектесетін осындай желілік қоғамдастың жұмыстарын үзбей жұмыстана беруге тырысамын. Өйткені , қарым – қатынас орнату, білімді тарату – көшбасшының басты міндеті.

Қоғамдастыққа , көшбасшылыққа  қолдау көрсеткендер

Қолдау көрсету бағыты

1

Мектеп әкімшілігі

Ынтымақтастықта жұмыс жасауға қолайлы жағдай жасауы

2

Әдістемелік бірлестік жетекшілері

         Үдерісті бақылауы;

         Сабақтарға қатысуы;

         Жоспарлауға көмектесуі.

3

Деңгейлер курстарынан өткен мұғалімдер

         Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс – тәсілдерді іске асыруға көмектесуі;

         Тәлімгерлік, коучинг үдерісіне түсуі;

         Lesson Study  тәсіліне

4

Пән мұғалімдері

         Коучингтерге қатысуы;

         Сабақтар өткізуі.

         Кері байланысқа түсуі.

5

Ата – аналар

         Басымдықтарды анықтауға көмектесуі;

         Мектептегі шараларға қатысуы

         Балаларының сабақтағы белсенділігіне ризашылықтарын білдіруі

6

Оқушылар

         Басымдықтарды анықтауға көмектесуі;

         Өз ойларын ортаға салуы

7

Деңгейлік курста бірге дәріс алғандар

         Қоғамдастық,көшбасшылық туралы пікірлесу арқылы;

         Кейбір ойларымен  бөлісу арқылы

8

Тренеріміз

         Ой қосуы;

         Қажетті материалдарды жіберуі;

         Бізбен ұдайы хабарласып, жанашырлық танытуы

9

Басқа мектептің деңгейлік курстан өткен мұғалімдері

         Пікір алмасуы, өз тәжірибесімен бөлісуі;

«Кісінің бойындағы үйрену құмарлығын оятқан адам – ең жақсы мұғалім» демекші,  көшбасшылықтың, бірлесе отырып жұмыстанудың аясында біздің кәсіби  - тұлғалық сапаларымыз да арта түскендей. «Неге қол жеткізіп келеміз?» деген сауалдың да туындайтыны рас.

1. Жұмыста тәжірибелі болу;

2. Іскерлік жиынтыққа ие болу;

3. Еңбек міндеттерін шеше білу;

4. Кәсіби әрекетке шығармашылықпен қарау;

5. Болашақ  үшін білімнің маңыздылығын  түсіну.

Шығармашылық әрекетіміздің негізгі механизмі ретінде анықтағанымыз:

- қоғамдастық, көшбасшылық  әдістеме, тәсілдерді жетілдіру, жүзеге асыру,

- кәсіби даму жолында сонылы жолдар мен тәсілдерді табу, белгілі болған әдістемелердің элементтерін жаңадан қосу.

«Мұғалімдер дамыту жұмыстарын жүргізу барысында рефлексияны, жоспар құруды, кеңес беруді біртіндеп жүзеге асыру арқылы қолдау таба алады. Алғашқы қадам – әрбір ұстаз үшін маңызды шешімдерді талап ететін құндылықтар мен мәселелерді анықтау. Келесі қадам – бұл жоспар жүзеге асатындай  және оның құрамына кіретін әрбір әлеуетті қатысушы оны талқылай алатындай болу керек» [МАН. І деңгей. 71 - бет] дегендей, жасалған осындай алғашқы қадамдардың артында әлі талай мақсаттар мен міндеттердің тұрғаны рас.

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Беспалько В.П. О критериях качества подготовки специалиста // Вестник высшей школы. №1.1988., 13-14-б.

2. Стапкин М.И. Профессиональные способности педагога. М.: «Флипта», 1998.

3. Кузьмина Н.В. Методы исследования педагогической деятельности. Л.: ЛГУ, 1970.

4. Қазақстан Республикасында жаңа формация педагогының үздіксіз педагогикалық  білім концепциясы (жоба) // 12 жылдық білім. №12.2006., 28-30-б.

5. Мұғалімге арналған нұсқаулық, І деңгей.