Педагогика. Современные методы педагогики
Раимова
Карлыга Бекеновна
қазақ тілі
мен әдебиеті
пәнінің
мұғалімі
№118 мектеп- гимназия
Алматы қаласы,
Қазақстан
Сын тұрғысынан
ойлау арқылы оқушылардың шығармашылық дағдыларын дамыту
«Надан жұрттың күні -
қараң, келешегі тұман» , -деп М.Дулатов айтқандай,
егеменді еліміздің тірегі - білімді ұрпақ.
Сусыз, құрғақ, таса көлеңке
жерге дән ексең өнбейтіні сияқты, жас
ұрпақтарымызды тәрбиелемесек өспейді, өнбейді.
Қазіргі мектеп мұғалімдерінің алдында
тұрған басты міндет - оқушылардың
шығармашылық білім дағдыларын қалыптастыру. Оқушы
қабілеті дегеніміз - оның педагогикалық ықпал аясында
білім алу әрекеті, жеке тұлғаны дамыта оқыту
әдістері, оның шығармашылық қабілетінің
дамуына әсерін тигізеді. Бүгінгі таңда жас
ұрпаққа пәнді тиімді ұғындырудың бірі
- жаңа технология негіздері болып табылады.
Қазіргі кезде қазақ тілін
оқытатын мамандарға қойылатын талап - жаңа технологиялық
әдістерді қолдана отырып, сапалы және терең білім беру,
олардың ойлау, көру қабілеттерін жетілдіру, уақытты
дұрыс пайдалану,түрлі әдістерді қолдану, сабақты
мазмұнды да қызықты өткізу,
мұғалімнің жеке басының интелектісін дамыту, оқу
іс-әрекетін, өтілетін тақырып мазмұнын аша білу. Жеке
тұлғаны дарынды, білімді де білікті етіп шығару -
мұғалімнің педагогикалық шеберлігі. Бұған
жету үшін оқытудың жаңа инновациялық
технологиясын қалыптастыру қажет. Оқушының ойлау
қабілетін байытуға игі ықпал ететін жаңаша
оқытудың бір түрі – оқу мен жазу арқылы сын
тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы.
Сын тұрғысында ойлау әдісі
мұғалім қызметінде ұйымдастыра оқыту,
оқушылардың жеке топпен жұмыс жасау негізінде білім алуымен
ұштасады. Бұл стратегия оқушының жекелеген
мүмкіндіктері мен қабілеттерін ашуға бағытталады. Осы
әдістің ерекшелігі оқу әдісінде қолданылады.
Яғни оқушылардың ауызша және жазбаша тілін, ойлау, есте
сақтау қабілетін, әрбір ақпаратқа, сонымен бірге
өзінің және басқаның шығармашылығына
сыни қарауына, шығармашылық қабілетін дамытуға
бағытталады.
Сын тұрғысынан ойлау - сынау емес,
шыңдалған ойлау. Бұл деңгейде ойлау тек ересек
адамдарға, жоғары сынып оқушыларына тән деп ойлау аса
дұрыс түсінік емес. Жас балалардың да бұл жұмысты
дұрыс ұйымдастырған жағдайда өз даму
деңгейіне сәйкес ойы шыңдалып белгілі бір жетістіктерге
жетері сөзсіз.
СТО үйрету үшін мына төмендегі
шаралар орындалуы шарт.
1. Оқушыларға
ойлануға рұхсат беру;
2. Оқушылардың
әр түрлі идеялары мен пікірлерін тыңдау;
3.
Үйренудегі оқушылардың белсенді іс-әрекетін
қолдау;
4. Сенімділік.
Осы технологиямен жұмыс барысында
оқушылар іс-әрекетінен мына өзгерістерді
байқауға болады:
1.
Бірлесіп жұмыс істеуге, шешім қабылдауға, өзі
білмегенін үйренуге, білгенін ортаға салуға үйретеді.
2. Ұжымдық,
жұптық, топтық жұмыс істеу дағдылары
қалыптаса бастайды.
3.
Білімді өз бетінше іздеуге, салыстыра болжауға, ойын еркін жеткізе
білуге дағдыланады.
4.
Оқушылар сабақтың басынан-бастап білімді игеруге белсене
кіріседі, қызығушылығы артады.
5.
Сабаққа енжар қатысып отырған оқушыларда ерекше
белсенділік пайда болады.
6.
Өзін-өзі бағалай біледі.
7.
Саралауға үйренеді.
8.
Ғылыми жұмыспен айналысуға қызығушылық
танытады.
9.
Өз пікірін қалыптастырып, «мен» деген рөлін
көтере алады.
Сыни
тұрғыдан оқытудың бірінші кезеңі
қызығушылықты оятудан басталады. Бұл үрдіс
бұрынғы білетіні мен жаңа білімді ұштастырудан
тұрады. Оқушы жаңа ұғымдарды, тұсініктерді өзінің
бұрынғы білімін жаңа ақпаратпен толықтырады,
кеңейте түседі. Сондықтан да сабақ жаңа
тақырып төңірегінде оқушы не біледі, не айта
алатындығын анықтаудан басталады. Бұл кезеңнің
екінші мақсаты – оқушының белсенділігін арттыру.
Өйткені үйрену – енжарлықтан гөрі белсенділікті талап
ететін – іс-әрекет. Оқушы өз білетінін еске түсіреді,
қағазға жазады, көршісімен бөліседі, тобында
талқылайды. Осыдан соң оқушы жаңа білім жайында
ақпарат жинап, оны байырғы білімімен ұштастырады.
Жаңа сабақты өз бетінше
меңгеру немесе мағынаны тану кезінде түртіп алу немесе INSERT
стратегиясын пайдалану – оқығанын түсінуге, өз ойына
басшылық етуге үйрететін ұтымды жол. Бір
әңгіменің соңына тез жету, оқығанды есте
сақтау, мәнін есте сақтау – күрделі жұмыс,
сондықтан да оқушылар арасында оқуға жеңіл-желпі
қарау салдарынан түсіне алмау, өмірмен ұштастыра алмау
жиі кездеседі. Мағынаны түсінуде INSERT пайдалану - аталған
кемшіліктер болдырмаудың бірден-бір кепілі. Үйренушілер білетінін
анықтап, білмейтінін белгілеп, сұрауға әзірленеді.
Бұл әрекет арқылы жаңаны түсіну үшін
бұрынғы білім арасында байланыстар құрауға
дағдыланады.
Автордың орындығы стратегиясы арқылы
төмендегі нәтижелерге қол жеткізуге болады:
1. Психологиялық қайшылықты
жеңіп, көпшіліктің алдында сөйлеуге үйренеді.
2. Суырылып шығып, белсенділік танытуға,
алға ұмтылуға, жаттанды пікірден өзгеше ой айтуға
дағдыландырады.
3. Логикалық пайымдауы жоғарылап, тіл
байлығының молаюына, сауатты, қатесіз сөйлеу
дағдысының қалыптасуына ықпал етеді.
4. Шығармашылық ізденісі артып,
өзіндік «менін» қоршаған ортаға танытуға
тырысатын белсенділік қалыптастырады.
«Оқу мен жазу арқылы арқылы сын
тұрғысынан ойлауды дамыту» жобасымен жұмыстанып жүрген
мұғалімдер бұл сабақтар баланың танымдық
белсенділігін арттыруға, өз бетінше білім алуға,
шығармашылығын қалыптастыруға ықпал ететіндігіне
келіседі деп ойлаймыз. Ал, оқушылар сабақтың
қызықты, жеңіл өтетіндігін, ұжымды бірлесіп
жұмыс жасауға үйрететіндігін, білімнің тереңдігі
әрі тиянақтылығы артатындығын дәлелдеп жүр.
Білімнің нәтижелілігі
пәннің оқытылу сапасына тікелей байланысты. Қазақ
тілі мен әдебиетінің сапасын арттыру – бүгінгі
күннің басты талаптарының бірі. Оқытуды сапаландыру
мәселесіне көптеген педагог әдіскер-ғалымдар
жан-жақты талдаулар беріп жүр.(И.Т.Огородников, В.П.Беспалько,
Ш.П.Раченко, Ю.К.Бабанский). Ю.К.Бабанский өз анықтамасында:
«Сапаландыру – нақтылы жағдайда кез-келген міндетті шешудің
ең тиімді нұсқасын таңдау».
Қазақ тілі мен әдебиетті
оқытудың тиімділігін, сапасын аррттыруда «Оқу мен жазу
арқылы сыни тұрғыдан ойлау» бағдарламасының
стратегияларын ұтымды пайдалану оқытудың шығармашылық
сипатын күшейтуде маңызы ерекше.
Әдіскерлер А.Шульц, С.Сятковскийдің
«Қазіргі таңда оқытудың түрлі әдістері мен
құралдарының сабақтаса бірігуі және олардың
етене қолданылуы сабақ сапасын арттырады» деген пікірлеріне біз де
қосыла отырып, сыни тұрғысынан ойлау бағдарламасының
стратегияларының өміршеңдігіне толық көз
жеткіздік.
Сын тұрғысынан ойлау
бағдарламасының бұдан да басқа стратегияларын
әдебиет сабағында кеңінен қолдануға болады.
Бұл тәсілдер оқушыларды тыңдаушы, орындаушы ретінде
емес, ойланып еңбек етуші дәрежеге жеткізеді, ал
мұғалімді белсенді түсіндірушіліктен арылтып, алдында
өз сезімі мен көзқарасы, өзіндік пікірі бар даму
үстіндегі жеке тұлға отырғанын сезінуге жетелейді.
Оқушыларды мұғалімге тәуелділіктен арылтып,
өзінің білімді игеру қызметін өздері басқара алу
қабілетін шыңдайды, құр мәлімет алумен шектелмей,
еркін пікір айтуға тәрбиелейді. Таным белсенділігі мен
дербестігінің артуына ықпал етеді.
«Сын тұрғысынан ойлау»
бағдарламасының қай әдісін алсақ та
оқушының белсенділігін, ойлау қабілетін, шығармашылығын
жан-жақты дамытатынын көрудеміз. Осы әдістерді үзбей
қолдану – жеке оқушылардың шығармашылық
қабілеттерінің ашылуына жол сілтейді.
СТО стратегиясын қазақ тілі мен
әдебиеті сабақтарында пайдалану – оқушылардың ойлау
қабілеті мен сауаттылығын арттыруға септігін тигізеді,
оқушы мынандай нәтижеге қол жеткізеді.
Қазіргі таңда бәсекеге
қабілетті үштұғырлы тілін дамытуда, қазақ
тілінің мәртебесін көтеруде, өз ойын, пікірін ауызша
және жазбаша тілде көркем де анық, нақты етіп бере білу
жолында «СТО» стратегияларын дамыту жұмыстары көмегін көптеп
тигізері анық. Бүгінгі өмірін бала оқытып, білім беруге
бел байлаған әр ұстаздың жан-дүниесі сенім ен
тілектің шуағымен нұрлана түспек деп ойлаймын.