Жекеева К.О., ф.ғ.к., Орталық Азия
университетінің доценті, Қазақстан
Куланбаева Р.П., Астана қаласының №30
мектеп-гимназиясының
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің
мұғалімі, Қазақстан
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ОҚЫТУ БАРЫСЫНДА ЭЛЕКТРОНДЫ
ОҚУЛЫҚТАРДЫҢ ӨЗІНДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Қазақстан Республикасы ХХI
ғасырда білім саласын реформалауда батыл қадамдар жасауда. Білім
жүйесінде жаңа бағыттар қалыптасып, білім берудің
ұлттық модулі жасалуда.
Басты
мақсат - өскелең ұрпақтың сапалы білім алуы
болса, білім беру ісін реформалаудың сратегиялық
міндеттерінің бірі - сапалы білімнің жеке тұлғаға
бағытталуы.
Ізгілендіре оқытуда оқу материалы жаңа мазмұнды
тәрбие беретін күшке ие болатындай сипатта құрылады.
Пәнді тереңірек оқуға деген ынта мен қызығушылық
осындай пайда болады.
Білім берудің негізгі төрт
қағидасын ұсынған ЮНЕСКО:
-
білім алу- өзін-өзі тану,
-
білім алу- іс- әрекет жасау,
-
білім алу-
білу, үйрену,
-
білім алу- бірге өмір сүру
бағыттарын көрсетіп берді. Бұл бағыттар
білім алушының қоғамын кеңейтетіні сөзсіз.
Бірақ бұл қоғам өмір сүру үшін
басқа да факторларды қажет етеді. Кез-келген ел білім беру
жүйесі де осы стандарттқа сай білім берудің жаңаша бағытын
еңгізуде.
Оқыту процесінің негізі –
студенттердің өз бетінше іс-әрекеті болып табылады. Білімді
өз бетінше меңгеру және қолдану, қазіргі кезде
постиндустриалды, ақпаратты қоғам жағдайларында
адамның бүкіл саналы өмірінің қажеттілігіне
айналған.
Өмір сүріп отырған
ғасырымыз ғылым мен техника ғасыры, жаһандану
ғасыры. Осыған сай білім беру жүйесінің
құрылымы, мазмұны, білім берудің әдіс
тәсілдері мен құралы көп еңбекті, ізденісті
қажет ететін іс-әрекет. Жан- жақты дамыған
тұлғаны қалыптастыруда түбегейлі даму қажет.
Осының бәрі жоғары мектептегі студентті бүгінгі заман
талабына сай қажетті оқулықпен, техникалық
жабдықпен қамтамасыз етуде қажет етеді. Жаңа буын
оқулықтары баспадан шығып жатыр, оған айтылып, жазылып
жатқан пікір де, сын да баршылық. Күн тәртібінде
мынандай сұрақтар бар:
а)
келешектің оқу бағдарламасы мен оқулығы
қандай болуы керек?
б) оларды
қалайша жасап шығару керек және олар қандай
талапқа сай болуы керек?
Қазіргі заманың
қоғамдық-әлеуметтік басты мәселелерінің
бірі - басқа ұлт өкілдерінің және тіл білмейтін
буырларымыздың қазақ тілінде, мемлекеттік тілде сөйлей
білуі. Осы мәселені шешуге жалпы білім беру мектептерінде, орта
және жоғарғы оқу орындарында әртүрлі
технологиялық жүйелер еніп, қазақ тілін оқыту
қолданысында да өз нәтижесін беріп келеді. Оқу
орындарында жаңа технологиялар арқылы оқыту қазақ
тілін үйретудің сапасы мен маңызын арттырады.
Тіл меңгеру, үйрету -
қазіргі уақыттың негізгі өзекті мәселесі десек,
осы жылда не бар, не жоқ?
Бары сол - аз
мөлшерде болса да электронды оқулықтар пайда болуда.
Электронды оқулықтардың негізгі қызметіне жалпы
нақты білімнің жинақталған түрі, әр
тақырыптың кеңінен ашылуы, жалпы және жеке
мағлұматтардың мөлшері мен берілуі, деңгейлік
тапсырмалар, білім және білікті
тексеруге арналған сынақтар, олардын жауаптары,
пайдаланушының өзіне берілген жеке жұмыстар енеді.
Жалпы
элетронды оқулық - СД, ДV-лар бүгінгі күні білім беруде
пайдаланып жүрміз.
Электронды оқулықтың
тиімділігін жоғарыдағы CD арқылы дәлелдесек:
А)
көлемі ықшам, салмағы жеңіл, яғни бір CD-ға
700-800 мв ақпарат сияды, ал DVD- көлемі одан да үлкен, 4,7
гв ақпаратты сала аласыз. Бұл дегеніңіз шешендік сөздер
туралы 3-4 оқулықтағы мағлұматты бір DVD-ға
салуға болады.
Б) CD,
DVD – электронды оқулықтары қызықты бейнеметериалдармен
толықтырылып отырылған.
В)
тапсырмалар тұрғысына келсек, студенттердің өзіндік жұмыс жасауына
электронды оқулық көп мүмкіндік береді. Барлық
практикалық тапсырмалар мен дыбыстық үлгілер теория
бөлімдеріне сәйкес. Қиындық туындаған жағдайда сөздіктерді де
қолдануға болады. Түсіндірме, орфографиялық,
орфоэпиялық сөздіктерден деректер берілген. Жаттығуларды
орындағаннан кейін оқушы өзінің білім
деңгейінің қаншалықты екенін байқай алады.
Қазіргі кезде әлемдік
оқу жүйесінде электронды оқулықтар кәдімгідей
өзіне тиесілі орында жұмыс атқаруда. Тек қана
Ресейдің өзінде осындай электронды оқулық
шығарумен айналысатын ірі 20-ға жуық фирма жұмыс істейді екен. (Зансыздарын
есептемегенде) Олар оның өзін аз деп, мемлекет тарапынан қолдау
көрсетсе екен деген ұсыныстары бар. Ал бізде...
Мысалы қазіргі қолданыста жүрген CD, DVD
оқулықтарының көбісі Ресейлік фирма «ІС»-тен
шығарылады. Оның ішінде химиядан, физикадан, биологиядан, орыс
әдебиеті мен тілінен «100 таңдаулы шығармалар»
энциклопедиялар, тестер жинағы, әр пәннен репетитор, кинолар,
видеолар DVD-ға көшіріліп жатыр. Бәрі орыс тілінде.
Осы жүйені біз де қазақ
тілін оқытуда, тіл үйретуде енгізсек, көптеген
мәселелердің шешілуіне себеп болар еді.
Мысалы, тіл үйренушілірге
арналған КАТЕВ қоғамдық қорында
шыққан CD, DVD-лар өте көркем, қызықты,
тартымды деңгейлік тапсырмалар, сөздіктері, диалогтары бар.
Қазір көптеген оқу
орындары, мектептер компьютерлендірілген. Тіл үйренуге электронды
оқулықтың жұмысы төмендегідей жүйемен
реттеледі: тындау – көру – оқу – түсіну - қайталап айту
- өзің жазу – тест - сұхбат- диалог – тапсырма - тексеру.
Осының бәрі бір CD электронды
оқулықта. Оқытушының көмегінсіз оқушы
өзі орындайды, іске асырады, қате болса оны компьютер тексереді.
Бүгінгі оқушы ақпаратты кітаптан, басқа ақпарат
көздерінен гөрі, компьютерден алуға құштар.
Оның миы, санасы, ақыл-ойы компьютерге байланған.
Сондықтан біз олардың ыңғайына қарай электронды
оқулықты дамытуға мүдделі болуымыз керек, дегенмен, сан
ғасырлар бойы адамзаттың асыл қазынасы болып келе
жатқан кітаптың қасиетін жоққа шығармаймыз.
Кітап болған, бар, бола
бермек. Десек те, электронды оқулықтарды шығаруда мемлекет
тарапынан қолға алсақ, бүгінгі білім реформасында
атқарылған қомақты істің бірі болар еді.
Сонымен, адамзаттың қазіргі
кезеңдегі ерекшелігі оның бүкіләлемдік
ақпараттық кеңістіктің егеменді мүшесі болып саналуы және кез
келген мемлекетттерде ақпараттық қоғамның
қалыптасуы болып саналады, Қазақстан тәуелсіз мемлекет
ретінде осы жағдайға ерекше көңіл аулара отыры,
әлеуметтік- экономикалық салаларын дамытумен қатар; білім
беру саласын компьютерлендіре бастады. Өйткені ақпараттық
кеңістіктттегі ең үздік құраладардың бірі
компьютер болып табылады. Білім беру мекемелерінде бұл кезең
жаңа педагогикалық парадигмаларды оқу жүйесіне
еңгізумен жаңа тұрғыдан білім беру
ұжымдарының құрылуымен ерекшеленеді
Жиырма бірінші ғасыр -
ақпараттық технологияларының мүмкіндігін
жан-жақты қолдану ғасыры. Қазіргі мектептің басты
мақсаты білім беру жолында оқушыға ақпараттық
технологиялардың маңызыдылығын, олардың ерекшелігін
меңгерген тұлғаның басымдылығын, компьютер
арқылы жеке тұлғаның тұжырымдау, сараптау,
салыстыру, талдау, салғастыру және тағы басқа
көптеген қабілеттерінің даму мүмкіндігін
кеңейтуге болатының түсіндіру. Тек қана өз
мемлекетінде болып жатқан ғылыми, мәдени, әдеби,
техниикалық салалардың жаңалықтарын ғана білумен
шектелмей; бүкіләлемдік ақпараттық кеңістікте
болып жатқан өзгерісттерді компьюттер арқылы
қадағалап отыра алатынын оқушыға кез келген пәнді
түсіндіру оқытушының негізгі мақсаты. Мемлекеттік тілді
жан-жақты меңгертуде ақпараттық техннологиялардың
мүмкіндігін тиімді қолдана білу, сабақ жүргізудің
жаңа оқыту әдістерін әзірлеу қазіргі
кезеңде ең өзекті мәселелердің бірі. Өйткені
компьютерді басқа құралдармен салыстырғанда оның
басымдылығы төмендегі аталатын мүмкіндіктерінде:
-
диск жадыларының сақтау көлемінің үлкендігі;
-
әр түрлі жұмысты жылдам және қысқа
мерзімде орындай алуы;
-
бейнелеу мүмкіндігінің жан-жақтылығы ( әр
түрлі суреттер, сызбалар, схемалар, таблиицалар және т.б.);
-
компьютердің оқыту үрдісіедегі ең маңызды
және басты ерекшелігі - оның дидактикалық
мүмкіндігінің жоғары деңгейі.
Оқутыдың дидактикалық
принциптерін орындауда компьютерді сабақта қолдану
оқушының келесі мүмкіндіктері мен қабілеттерін
дағдыландырады:
1.
Студенттің өз бетімен жұмыс істеуін;
2.
Компьютердегі сілтемелерге сүйене отырып, өз іс-әрекетін
өзінің басқара алуын;
3.
Жаттығуларды орындаған кезде жіберген қателерін өзі
тексеріп, өзі түзете алуын;
4.
Тапсырмалар орындалғаннан кейін, баға қойылғаннан
соң, студенттің алдыңғы тапсырмаға қайта
оралу мүмкіндігін;
5.
Көп деңгейлік тапсырмалардың арасынан өзінің
білім деңгейіне сүйене отырып, берілген тапсырманы орындауы.
Психологиялық тұрғыдан
компьютердің көмегімен студенттің пәнге деген
қызушылығын, ынтасын арттыруға жан-жақты
мүмкіндік бар, әрбір оқушының жұмыс барысында қысылмай,
өз білімін еркін қолдануына болады.
Тағы бір айта кететін жағдай:
оқыту барысында компьютерді қолдануда оқытудың саралау
принциптерін жүзеге асыруға көптеген мүмкіндіктер бар.
Пайдаланылған
әдебиеттер:
1.
Балапанов Е.Қ., Бөрібаев Б., Дәулетқұлов А.Б.,
Жаңа информациялық технологиялар: Информтикадан 30 сабақ. -
Алматы: ЖТИ, 2003.
2.
Қазақстан мектебі. 1998, №7.
3.
Айқынбай Б., Смағұлова Ғ., Алматова Қ. -
Ұлттық рух тәрбиесі негізінде мемлекеттік тілді дамыту
жолдары. - Қарағанды 2004.
4.
Клейман Г.М. - Компьютеры в процессе обучения; Москва, Радио и связь, 1997.
5.
Извозчиков В. - Школа информационной цивилизации. – М: Просвящение, 2002.
6.
Құлмағанбетова Б., Исанова А., Нұрғалиева М.,
Сатбекова А. – Алматы Мектеп, 2002.