интермәдениет коммуникациясын бойға сiңiрудің басты қағидасы -  Ағылшын тiлiн үйрену.

 

Есмуратова Гүлзат Жолдыгуловна - аға оқытушы, магистр,Қазақстан, Алматы, Абай атындағы ҚазҰПУ.

Қоғамда болып жатқан өзгеріс, жаңалықтардың бәрі әуелі тілден орын тебеді де, содан соң халық мұрасына айналады. Тіл - өмірдің сәулесі, қоғамдық құбылыстардың айнасы сияқты. ХХ-ғасыр соңында тілді меңгеру сапасына қойылған әлеуметтік талаптарға жауап бере алу үшін ұтымды әдістемені іздеу керектігі aйқындалды. Бұл бүгінгі әлеуметтік-тарихи жағдайлармен негізделген шетел тілін оқыту әдістемесінің алға дамуын көрсетеді. Жоғарыда айтылғандай, өткен ғасырдың 90-жылдарында тілді мәдениетаралық қатысым құралы ретінде оқытуды талап ету, қатысымдық әдістеменің қалыптасып болмастан жаңа әдіске орын беруі, әдістеме эволюциясында мәдениетаралық-катысымдық кезеңнің басталуына себепкер болды [1].

Еліміздің тарихында болып жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістер, білім беру саласындағы жаңа бағыттар ағылшын тілін оқытуды үнемі жетілдіруді, оқытудың ғылыми және әдістемелік деңгейін көтеру міндеттерін  жүзеге асыруды талап етуде. Осыған орай, ағылшын тілін тілдің үш тұғырының бірі ретінде қызмет етуінің алғы шарты – оның қоғамдық өмірдің әр алуан саласында қолданылуы болып табылады. Жер шарын мекендеген мыңдаған ұлттар мен ұлыстардың бір-бірін түсінуіне – халықаралық сипат алған ағылшын тілінің ролі зор.

Халықаралық ынтымақтастықтың, шетел тілінің әлеуметтік маңыздылығының артуы, миграцияның күшеюі шетел тілін оқыту үрдісінің дамуына түрткі болды. Осыған орай елімізде айтарлықтай жағымды жағдайлар орын алды:

ü       көптілді білім беру қызметтері кеңінен қолданыла бастады;

ü       шетел тілінде білім беретін жаңа мектептер жүйесі пайда болды;

ü       көп пәндері шетел тілінде оқытылатын гимназия, лицей, арнайы және профилдік мектептердің саны мен түрлері артты;

ü           оқыту технологиясына өзгерістер енгізілді, олардың көбісі шетелдік кешендер әдістерінің жүйесін біздің аудиторияларға көшіру болып табылды.

Ағылшын тiлi сабақтарының басты мақсаты - студенттерге өз елiнде басқа пәндерден, күнделiктi өзiн қоршаған ортада, қоғамнан алған бiлiм, бiлiк дағдыларына қоса басқа елдердiң тыныс-тiршiлiгiнен хабардар болып, мағлұматтар алып,  жеке бас тәжірибесiн жетiлдiре түсуге көмектесу. Ағылшын тiлiн үйрену арқылы оқушылар бiлiм дегейiн көтерiп, өз халқы мен басқа халықтар арасындағы ұқсастықтар мен ерекшелiктердi ажыратуға дағдыланады және  интермәдениет коммуникациясы баланың өз бетiнше бiлiм алуына, оны бойына сiңiруіне септiгiн тигiзедi [2].

Шетел тілдерін оқыту әдістемесінің зерттеулеріне сүйенсек, өткен аз ғана жылдар ішінде  мынадай жетістіктерге  жетті:  шетел тілдерін оқу процесін сипаттайтын әдістемелік білімнің категориялары анықталып, әдістемелік түсініктердің жүйелік құрылымы пайда болды. Көптеген әдістемелік зерттеулердің арқасында оқу жүйесінде әр түрлі жас ерекшеліктеріне қарай шет тілін үйренуде бір-бірімен тығыз байланысты сөйлесім әрекеттерінің негізгі түрлерін: тыңдалым, айтылым, жазылым, оқылым әрекеттерін сабақ барысында комплексті түрде пайдаланудың тиімді жолдары анықталды.

Шетел тілін үйрену процесінде коммуникативті бағыттағы негіз ұсынылды. Ол дегеніміз - шетел тілін үйренуші тұлғаның тілге деген құштарлығы, белсенділік әрекеті, өз бетінше жұмыс істей алу еркі. Осы әрекеттердің барлығы үйренушінің бойынан табылып жатса, онда ол шет тілін үйрену үрдісін жеңілдетеді. Шетел тілін оқыту процесінде аудио-видео және электронды техникалық аппараттарды пайдаланудың тиімді жақтары көрсетілді [3].

Мысалы: PowerPointарқылы слайдтар жасап, видеофильмдер көрсетіп,  сабақты қызықты етіп өткізу біздің алға қойған негізгі мақсаттарымыздың бірі. Төменде “Town and City” тақырыбына арнап жасалған слайдтардың біразы берілді.

 

 

 

 


 

 

 

 

Осы сияқты көптеген жаттығуларды жаңа технологияны қолдана отырып, түрлендіріп, сабақты ерекше қызықты етіп өткізуге болады.

Сонымен қатар, оқытылып жатқан тілде сөйлеу проблемалары көтеріліп, сабақ барысында сөйлеу ортасын туғызу арқылы коммуникативтік жаттығулар орындау, коммуникативтік компетенцияларды дамыту біздің алға қойған мақсаттарымыз. Шетел тілін оқытуда білімді стандарттау, реттеу әдістемесі ғылымның актуалды проблемасы ретінде қарастырылып, сараптау, яғни, тестілеу арқылы шет тілін үйренушінің нәтижелерін қадағалап, олардың оқу сатыларын анықтап отыру біздің негізгі жоспарымыз  болып табылады.

 

              Қолданылған әдебиеттер.

1. Құнанбаева С.С. Қазіргі шеттілдік білім берудің теориясы мен практикасы. Алматы - 2011ж

2. Елизарова Г В. Культура и обучение иностранным языкам. СПб. КАРО, 2005.

3. Пассов Е.И. Коммуникативный метод обучения иноязычному говорению. 2 изд. -М, 1991