Әл – Фараби атындағы ҚазҰУ азаматтық
құқық және азаматтық іс жүргізу,
еңбек құқығы кафедрасының 1- курс магистранты
Шарханов Ердос
Қазақстан
Республикасында өнертабысқа құқықты беру
мәселелері
Қазақстан
Республикасының Патент заңының 11-бабының 1-тармағына
сәйкес патент иеленушінің қорғалатын
өнеркәсіптік меншік объектісін өз қалауынша
пайдалануына ерекше құқығы болады [1].
Өнертабысты патент иеленушінің пайдалануды жүзеге асыруы
өнертабыс объектісіне билік жүргізу құқығы
болып есептеледі. Бұл жерде өнертапқыштың өзі
өнеркәсіпті ұйымдастыру арқылы өнертабысты пайдалануы
мүмкін, сонымен қатар оны пайдалану құқығын
басқа мүдделі тұлғаларға беруі мүмкін
немесе өнертабысқа берілген патенттің барлық
құқықтарын біржолата ұсынуы мүмкін.
Патентке
құқықты біреуге берудің өзі әр
түрлі нысанда жүзеге асырылуы мүмкін.
Патентке
байланысты құқықты берудің әр түрлі
жолын көрсетпес бұрын, өнертабыстың объектісіне
өнертапқыштың құқығының пайда
болу мәні туралы айта кетуді жөн деп санаймыз.
Өнертабысқа
алғашқы құқық ең алдымен
өнертабыстың авторында (қосалқы авторларда) пайда болуы мүмкін, содан кейін ғана оған заңда анықталған тәртіппен оны
қорғайтын құжат беріледі.
Ал,
Қазақстан Республикасының Патент заңының 11-бабы
7-тармағы бойынша, өнеркәсіптік меншік объектісіне
қорғау құжаты және немесе оны алуға
құқығы мұрагерлік немесе
құқықтық мирасқорлық тәртібімен
беріледі. Бірақ мұрагерлердің бұл
құқықтары азаматтық заңнамаға
сәйкес тиісті түрде куәландырылуы қажет.
Автордың
мұрагерлері белгіленген заң тәртібіне сәйкес
мұраны қабылдағаннан кейін өтінім беруге
құқық алады және патент
құқығының қуатты субъектісіне айналады. Автор
өтінім беру
құқығын шарт бойынша бере алады, бұл
жағдайда оған қатысушылардың арасында белгілі
құқықтық қатынаста
құқық қабылдаушылық пайда болады. Жалпы
ережеге сәйкес, бұл шарт, өнертабысқа
болашақтағы айрықша құқықты беру
дегенді білдірмейді, егер ол туралы шартта арнайы көрсетілмесе.
Патенттік
нұсқаудың 3-пунктіне сәйкес, өнертабысқа өтінім
беруге, ПЗ 10-бабы,
1тармағына сәйкес өнертабыстың авторы ғана
құқылы, жұмыс беруші олардың
құқық қабылдаушылары немесе аталған
тұлғалар бірлесе өзара келіскен жағдайда ғана өтінім беруге
мүмкіндік алады. Автордың
құқық қабылдаушысы шарт бойынша
азаматтық-құқық субъектілі тұлға
болуы мүмкін, ал өнертабыстың авторы оған толық
көлемде иеленбеуші тұлға да болуы мүмкін. Бұл
Қазақстан Республикасының азаматтық кодексінің
жалпы ережесінің мазмұнынан туындайды.
Өтінім беруші
(автор) немесе құқық қабылдаушы, сонымен бірге
өзінің өтінім беруге деген құқығын да
беруі мүмкін, сол секілді патент алу құқығында кез
келген тұлғаға беруі мүмкін (Патент заңының
10-бабы 1 тармағы).
Жоғарыда
айтып өткеніміздей өнертабыс авторы өтінім беру сатысында
өнертабысқа алғашқы айрықша
құқықтың қуатты субьектісі болып табылады.
Бұл жерде егер өнертабысқа өтінім жасалмаса немесе
басымдылық туралы ережеге
сәйкес өтінім кері
қайтарылса оның авторын патент
құқығының қуатты субьектісі ретінде
қарастыру үшін негіз пайда болмайды. Осы жерде айта кететін
нәрсе заң бұл жағдайда да автордың
құқығын қорғайды.
Бұдан ары қарай біз Патент
заңының 13-бабына сәйкес, бұрын пайдалану
құқығын талдап қарастыруға ұмтылыс жасаймыз.
Өнертабысқа басымдылық берілген күнге дейін оның
авторына тәуелсіз Қазақстан Республикасының
аумағында өнертабысқа ұқсас шешім жасап
пайдаланған немесе оған қажетті дайындық жасаған
кез келген тұлға туралы айтып отырмыз.
Бұл
тұлғалар бұдан әрі қайтарымсыз өндірісті кеңейтпей-ақ бұрын пайдалану
құқығын сақтап қалады. Аталған құқықтар
азаматтық құқықтық сипатқа ие бола
отырып, өнертабысты өз өндірісінде ары қарай
қолдануды қарастырады, немесе оны өндіріске
қосуға әзірлік әрекетін жүзеге асыруды
қамтиды. Бұрын пайдалану құқығы тек
пайдалану
жүргізіліп отырған өндіріспен бірге, шарт немесе
мұрагерлік бойынша ғана беріледі.
Қорыта
келгенде, патент иеленушінің айрықша құқығы
бұрын пайдаланушыға қолданылмайды.
Біздің
ойымызша, ҚР Патент заңының 13-бабында, бұрын
пайдаланушы болып табылатын тұлғаның өнертабысты
өндірісте қолдану мерзімі туралы айтылмаған. Міне,
сондықтан заңды түрде, оның өтінім берушісіне
маңызы бар мерзім туралы өзгеріс енгізу қажет.
Өнеркәсіптік
меншік обьектісіне басымдық берілген күнге дейін оның
авторына Тәуелсіз Қазақстан Республикасының
аумағында өнеркәсіптік меншік обьектісіне ұқсас
шешім жасап, пайдаланған немесе оған қажетті әзірлік
жасаған кез келген жеке тұлға немесе заңды
тұлға оның көлемін ұлғайтпай, тегін пайдалану
(бұрын пайдалану) құқығын сақтап
қалады.
Жалпы
шарттық міндеттемелер жүйесінде интеллектуалдық қызмет
саласындағы шарттар салыстырмалы тұрғыда жаңа болып
табылады.
Халықаралық актілер сонымен қатар әрекет етуші Қазақстан
Республикасының заңдары интеллектуалдық қызмет
нәтижесін қолдану саласындағы шарттарды реттеуде тек
жекелеген нормаларды ғана қамтиды. Бірақ атап өтетін
нәрсе қарастырып отырған салада шарттық
қатынастар түрі мен нысаны интеллектуалдық меншік
объектілерінің әр түрлігіне байланысты жеткілікті
деңгейде әр түрлі болып табылады.
Қазіргі күнде интеллектуалдық меншік объектілеріне
құқықты иелену мен пайдалануды міндеттеменің
жекелеген түрі деп бөліп қарастыруға белгілі бір негіз
бар деп айтуымызға болады.
ҚРАК 268-бабына сай
міндеттемеге сәйкес бір адам (борышқор) басқа адамның
(несие берушінің) пайдасына мүлік беру, жұмыс орындау,
ақша төлеу және т.б. сияқты белгілі бір әрекеттер
жасауға, не белгілі бір әрекет жасаудан тартынуға міндетті ал несие беруші
борышқордан өз міндеттерін орындауын талап етуге
құқылы.
Кейбір ғалымдардың пікірі бойынша
айрықша құқықтарды қолдануға
бағытталған шарттар міндеттемелік
құқықтық қатынастарға жатпайды [2].
Бірақ интеллектуалдық меншік
объектілеріне құқықтың ауысуы, заттық
құқық объектісіндегі секілді міндеттемелік
құқықтық қатынастар арқылы
жүзеге асырылады. Өйткені оларға тән сипат олардың
пәні белгілі бір тұлғаның (борышқордың)
әрекеті болады, олар шектеулі болады және борышқорға
ілесе отырып өкілетті тұлға, несие берушінің белсенділігіне болжам жасайды [3].
Интеллектуалдық меншік объектісі ретінде
шығармашылық қызметтің нәтижесі көрінеді.
Атап айтқанда авторлық және патент
құқығының объектілерінен, сонымен қатар
шығармашылық қызметтің нәтижесіне
әрқашан жата бермейтін немесе жатпайтын объектілерді қамтиды.
Бірақ олар
материалдық болмағандықтан
оларға айрықша құқық режимі тарайды, сондықтан
оларды интеллектуалдық меншік объектілеріне жатқызу қажет.
Айрықша
құқықтар пайда
болу және тоқтатылудың ерекше спецификациясына ие
болады. Өнертабысқа
және басқа да
өнеркәсіптік меншік объектілеріне айрықша
құқықтың пайда болуы үшін өкілетті
органдарға өтінім беру қажет және патент немесе алдын
ала патент беріледі ал авторлық
құқықтың пайда болуы үшін
шығармашылық қызметтің нәтижесінде пайда
болған туынды объективті нысанда көрінуі жетекілікті болады.
Жоғарыда
келтірілген белгілер интеллектуалдық
меншік объектілеріне
құқықты беру ерекше топтағы шарттар
шеңберінде жүзеге асырылады және кейбір белгілері
бойынша әдеттегі шарттар тобынан ерекшеленеді деген тұжырым
жасауға мүмкіндік береді. Сондықтан Азаматтық Кодексте материалдық объектілер және
оларға заттық құқық туралы ережелерге
ұқсас интеллектуалдық меншік объектілері туралы және
оларға деген құқықты сипаттайтын жалпы ережені
қарастырса дұрыс болар еді.
Қорыта
келгенде, өнертабыс бағасының мөлшері
шыққан шығындармен емес, оны пайдаланудан алынатын экономикалық
тиімділігімен анықталады. Басқа сөзбен айтқанда,
баға балама сипатқа ие болмайды, демек, баға
қосалқылық түсіндіруге жатпайды.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Қазақстан Республикасы
Патент туралы заңы Қазақстан Республикасының 1999
жылғы 16 шілдедегі N 427 Заңы
2.Романец В.В. Система договоров в гражданском праве
России: Автореф. дис.д-ра.юрид. наук. – М.: 2001. – С.4.
3.Брагинский М.И., Витрянский В.В.
Договорное право: Общие положения. – М.: Изд-во: “Статут”, 1997. – 682 с.