Право/4.Трудовое
право, и право социального обеспечения
Хауия С.
Қазтұтынуодағы Қарағанды
экономикалық университеті, Қазақстан
ҚАЗАҚСТАН
РЕСПУБЛИКАСЫНДА ҚОЛДАНЫСТАҒЫ ЕҢБЕКПЕН ҚАМТУ
БАҒДАРЛАМАЛАРЫ: ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ МЕН МАҢЫЗЫ
«Әлемнің әміршісі - еңбек. Тек еңбекпен ғана жеміс
өнбек, тек еңбек қана бар қиындықты
жеңбек».
«Бүгін
де тек Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы
ғана сыртқы сілкіністерге орнықты, тиімді
экономиканың нақты негізі болуға қабілетті. Азаматтарға әлеуметтік қолдауды
кеңейту мақсатында Үкіметке 2016 жылдың бірінші
тоқсанының соңына дейін еңбекпен қамтудың
жаңа Жол картасын жасауды тапсырамын. Бағдарламаларды
қаржыландыру көлемі 2009-2010 жылдары жүзеге асырылған
осыған ұқсас Жол картасымен салыстырғанда
ұлғайтылатын болуы тиіс. Бұл жергілікті инфрақұрылымдарды
дамыту мен елді мекендерді абаттандыру жобалары есебінен еңбек
рыногының тұрақтылығын қамтамасыз ететін болады.
Кадрларды кең ауқымды қысқа мерзімді қайта даярлау
мен біліктілігін арттыру ұйымдастырылады. Кәсіпкерлікті дамыту
үшін микронесиелеу кеңеюде» [1].
2013
жылғы «Жұмыспен қамту
2020 жол картасы» бағдарламасы бойынша екі қолға бір
күрек беріп қана қоймай, азаматтарымызды үдемелі
индустриялық-инновациялық бағдарламаға қажетті
мамандарды дайындау керек екенін ескертті. «Себебі көптеген инвесторлар
бізге «жаңа технологияның құрал-жабдықтарын
әкелеміз, алайда онымен кім жұмыс істейді» деп, техниканың
тілін білетін мамандардың жоқтығын бетімізге басады. Соны
бетке ұстап өздерінің жұмыскерлерін тықпалайды.
Бұл дұрыс емес. Қоғамымыздың тұрақты
дамуы үшін, бірінші кезекте, өз халқымызды осы
құралдармен жұмыс істеуге үйретіп, баулуымыз керек.
Оның ішінде өз-өзін еңбекпен қамтығандарды
оқытуымыз қажет». Себебі елімізде өзін-өзі
жұмыспен қамтып, күндік тамағын күн сайын айырып
жеп жүргендердің саны 2,7 миллион екен. Соның 1,3 миллионы
өзінің жеке шаруашылығында жұмыс істейді. Мұндай
отбасылардың табысы, әрине, тұрақсыз болады.
Көбісінің тапқан табысы шайлығына жете бермейді.
Оның үстіне әлеуметтік қорғаумен де
қамтылмаған. «Осыдан кейін де олардың көбісі
кедейліктен өздігінен шығып кете алмайды» [2].
Әлеуметтік жаңғыртудың аса маңызды мәселесі болып әлеуметтік-еңбек қатынастарының тиімді модельдерін құру табылатындығы күмәнсіз. Бұған барлық мемлекеттік органдар мен бизнес-қауымдастық ерекше назар аударғаны жөн.
Тәуелсіздіктің екі онжылдығы ішінде жұмыспен қамту саласы аса зор өзгерістерге тап болды. Жұмыспен қамтылған халықтың саны 700 мыңнан астам адамға өсіп, 8,4 миллион адамға жетті. Халықтың елеулі бөлігі 90-шы жылдары «мәжбүрлі жұмыссыздық мектебінен өтті».
Көптеген адамдар еңбекті өз бетімен ұйымдастыруға, еңбек біліктілігін өз бетімен алмастыруға қабілеттілік көрсетіп, бизнесмендерге айналды. Әрине, олардың арасында мемлекет тарапынан мақсатты түрдегі қолдау құралдарын пайдалана білушілер де болды.
Бүгінгі күні біз индустриялық-инновациялық бағдарламаны жүзеге асыру үстіндеміз. Бұл
- ел болашағы үшін нөмірі бірінші мәселе.
Жаңа жұмыс орындары құрылуда. Бірақ біз жұмыссыздардың барлығы бірдей жұмыс істеуге ұмтылмайтындығын да көріп отырмыз. Өкінішке қарай, адамдар арасында жаңа біліктілікті меңгеруден гөрі базарда
«такси»
қызметін атқаруды қалайтын психология сақталып отыр.
Егер біз бәсекеге қабілетті ұлт болғымыз келетіндігі рас болса, бұл психологиядан арылу қажет! Жаңа біліктілікті меңгеру және зауытқа, өндіріске бару керек. Жас та және ересек те қазақстандық бос отырып, бәрін де сынай бермей жұмыс бар жерге, НӘ-ПА-ҚА табатын жерге қарай ұмтылулары керек![3]
Басқа елдерде адамдар жұмыс үшін алыстағы шет мемлекеттерге барып,
ешбір кепілдіксіз еңбек етуде.
Ал біз өз елімізде жұмыс орындарын құрудамыз, жаңа өндірістер салудамыз. Сондықтан, жұмыс бар жерге бару керек. Біз былай да жинақы, көшіп-қонуды көп бастан кешкен халық емеспіз бе!
Жұмысы бар халықтың үштен бір бөлігін «өзін өзі еңбекпен қамтығандар» дейтін топтар құрайды. Алайда олардың санын анықтау тәсілі шартты ғана. Бұл санаттағылардың арасында мал ұстайтын жеке аула иелері (былайша айтқанда, ұсақ фермерлер), өз автокөліктерімен жеке тасымал жасаушылар, бірнеше пәтер ұстап, соларды жалға берушілер бар. Өзін өзі жұмыспен қамтығандардың елеулі бөлігін тұрақты жұмысы жоқ еңбекке қабілетті адамдар құрайды.
Сондықтан бүгінгі күні өзін өзі еңбекпен қамтыған халықты нақты экономикаға қосуға бағытталған шараларды жүзеге асырудың маңызы зор. Бұл шараларда инфрақұрылымдарды, Индустрияландыру картасындағы нысандарды дамыту перспективалары есепке алынуы тиіс.
Үкіметке индустриялық және инновациялық экономикалардың жаңа нысандарын өзін өзі жұмыспен қамтыған халық неғұрлым көп шоғырланған өңірлерде құру туралы мәселені шешу керек.
Әлеуметтік-еңбектік қатынастардың барлық субъектілерінің құқықтық сауаттылығын арттыру - жұмыспен қамту саласындағы қатынастарды жетілдіру жөніндегі жұмыстың маңызды бөлігі. Мен мынаны атап көрсеткім келеді: еңбек адамы құқықтық мәселелерден тысқары қалуы тиіс емес.
Жұмысқа орналаса отырып, олардың барлығы өздері қол қоятын әрбір қағазға мән беріп, олардың маңызын түсінулері керек.
2015 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі жұмыспен қамтудың барлық салаларын құқықтық қамтамасыз ету жолындағы маңызды қадам болды. Алайда көптеген сарапшылар кодекстің қызметкерлердің барлығы бірдей түсінулері үшін күрделі екендігін атап көрсетуде.
Бұл проблеманы шешу үшін, біріншіден, жалдамалы жұмысшыларды құқықтық оқытуларды ұйымдастыру қажет. Бәлкім, мұны жұмыс берушілер есебінен жүргізуге болар. Екіншіден, кең көлемдегі үгіт-түсінік жұмыстарын жүргізу, еңбек заңдарының негіздерін түсінікті түрде баяндайтын түсіндіру материалдарын жариялау керек.
Әрбір адам, соның ішінде, әсіресе, жастар белгілі бір кәсіптік саладан өз болашағын көргісі келетіндігін мойындау қажет. Бұл - өте қалыпты жағдай. Өйткені, адам өзінің қайда бет алғандығын анық көрген кезде ғана биікке қарай күш-жігермен ұмтылады.
Сондықтан біліктіліктің ұлттық жүйесін (БҰЖ) құру жөніндегі барлық жұмыстарға барынша екпін берілуі қажет. Олар тек нормативтік маңызға ие болып қана қоймай, сонымен қатар, әрбір кәсіп үшін
«жол картасы» да болуы қажет.
БҰЖ әрбір мамандық бойынша кәсіпқойлық лифтіні «құрудың» мүмкіндігін береді. Оның үстіне білікті жұмысшылар ұлттық жүйеге енгізілуі тиіс. Бүгінгі күні Қазақстанда еңбек даулары мен жанжалдарын реттеу, ескеру және алдын алу тетіктері жақсы дами алмай отыр. Әрине, мүлдем кикілжіңсіз қоғам болмайды, бірақ біз мұндай тәуекелдерді барынша азайтуға ұмтылуға міндеттіміз.
Біріншіден,
бүгінде өндірістегі еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен бақылау жұмыстарын күшейту қажет. Еңбек жөніндегі мемлекеттік инспекция заңға сәйкес жұмыс берушіге бір ай бұрын ескерте отырып, жұмысшының шағымы немесе жасалған жоспар бойынша бақылауды жүзеге асыра алады.
Мұндай тексеру жағдайында оның өткірлігі мен күтілмегендік мәні төмендейді. Әдетте, жұмыс беруші еңбек шарттарын сақтап отырған секілді әрекеттер жасап үлгеріп, тығырықтан шығып кетіп жатады. Мұндай жағдай Қазақстан ратификациялаған ХЕҰ-ның «өнеркәсіп пен саудадағы еңбекті инспекциялау туралы» Конвенциясы талаптарына сәйкес келмейді.
Неліктен мен бұл
проблема туралы айтып отырмын? Бұл - техникалық қана
мәселе емес. Бұл - адамдар
өмірі! Өйткені, қауіпсіздік талаптарын
бұзу, тәртіптің жоқтығы салдарынан туындайтын
бақытсыз оқиғалардан нағыз еңбек жасындағы
адамдар зардап шегуде. Ал олардың асырап отырған отбасылары,
балалары бар. Сондықтан бұл істе тәртіп орнату керек [3].
Екіншіден,
бізде
әлеуметтік-еңбек дауларын туындатқаны үшін
құқықтық жауапкершілік жағы жеткіліксіз.
Көп жағдайда еңбек шарттарының әдейілеп
төмендетілуі, өндірістік үдерістердің тоқтатылуы,
еңбекақының кешіктіріліп төленуі және
осыған ұқсас басқа да жағдайлар әсерімен
мұны еңбек ұжымдарының өздері туындатып жатады.
Сонымен қоса, не
Еңбек, не Әкімшілік, не Қылмыстық кодекстерде
еңбек дауларын туындатқаны үшін жұмыс берушілер,
жауапты және басқа да тұлғаларды жауапкершілікке
шақыру баптары қарастырылмаған.
Жұмысшыға
еңбекақыны дер кезінде төлемегендік секілді ереуілге
мәжбүрлеу айыбы 10-20 айлық есептік көрсеткіш
көлемінде болса, ал ұжымдық шарт бойынша міндеттемені орындамағандығы
үшін айып - 200-ден бастап 500 АЕК-ті құрайды.
Үшіншіден,
еңбек қатынастары
саласындағы қарама-қайшылықтарды реттеудің тиімді
көп деңгейлі тетіктерін құру қажет.
Еңбек дауларының
негізгі себептері ретінде екі мәселені атап көрсетуге болады:
бірінші - жұмысшылардың кәсіпорынды басқару
мәселелерінен шеттетілуі, екінші - даулар мен жанжалдарды соттан тыс
реттеу тетіктерінің әлсіздігі [3].
Мәселен, Еңбек
кодексінде жаңа қабылданған қызметкерлер үшін
сынақ мерзімі туралы норма бар. Алайда кейбір кезде ол ешбір
қисынға сыймайтын жағдайға дейін жеткізіледі.
Жоғары оқу орындарын бітірген жастар заңда белгіленген мерзім
ішінде «сынақтан өтушілер» есебінде ешбір еңбекақысыз
жұмыс істеп қана қоймай, сонымен бірге, оларды тіпті шамадан
тыс жұмысқа салу жағдайлары да жиі кездесіп қалады.
Оның үстіне
сынақ мерзімі аяқталғаннан кейін 3-4 сынаққа
алынушының біреуі ғана штатқа кіргізіліп,
қалғандары шетке қағылады. Әсіресе, мұндай
берекесіз тірлікке мемлекеттік емес мекемелер мен жеке құрылымдар,
соның ішінде ірі банктердің филиалдары көбірек барады. Бұл
дегеніміз біздің жастарымызды қанаудың бір түрі емес пе[3]!
Еліміз
дамыған 30 елдің қатарына ену үшін халықты жұмыспен тұрақты
және нәтижелі қамтуға жәрдемдесу арқылы
халықтың табысын арттыру маңызды болып отыр.
Жұмыспен қамту 2020 жол картасы
бағдарламасының міндеттері: өз бетінше
жұмыспен айналысушыларды, жұмыссыздарды және табысы аз
адамдарды жұмыспен қамтудың белсенді бағдарламаларына
тарту; индустриализациялау бағдарламасын іске асыру үшін кадр
әлеуетін дамыту; атаулы әлеуметтік көмек көрсету
жүйесін жетілдіру [4].
Бағдарламаны
іске асыру бірінші кезекте оқытуға, жұмысқа
орналастыруға, тұрғылықты жері бойынша
өзінің жеке ісін ашуды ұйымдастыруға
жәрдемдесуге, ал мұндай мүмкіндіктер болмаған жағдайда,
экономикалық өсу орталықтарына өз еркімен көшуіне
жәрдемдесуге бағытталған.
Бағдарламаны
іске асыру мынадай үш бағытта жүзеге асырылатын болады:
- өз бетінше жұмыспен айналысушыларды, жұмыссыздарды
және табысы аз адамдарды оқыту және еңбек
нарығында олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесу;
- ауылда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу;
- еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру.
Бағдарламаны үш кезеңде іске асыру
ұсынылады: 2011 жыл пилоттық жыл болады, бұл
Бағдарламаны іске асыру механизмдері мен оны
құқықтық қамтамасыз етуді
пысықтауға мүмкіндік туғызады.
Екінші
кезең: 2012-2015 жылдар және үшінші кезең 2016 жылдан
бастап 2020 жылға дейін. Бағдарламаның бірінші бағыты азаматтардың
тұрғылықты жері бойынша жұмысқа орналасуына
жәрдемдесу арқылы олардың жұмыспен тұрақты
және нәтижелі қамтылуын қамтамасыз етуді көздейді
және өз бетінше жұмыспен айналысушылар, жұмыссыздар
және табысы аз адамдарды қамтитын болады.
Бағдарламаға
қатысудың басым мүмкіндіктері ауыл жастарына беріледі.
Бірінші
бағытқа қатысушыларға мемлекеттік қолдаудың
мынадай түрлері көрсетілетін болады:
- тегін кәсіптік даярлау, қайта даярлау және біліктілігін
арттыру курстарына жолдау;
- оқу және тұру орнына дейін жолақысын төлеуге
субсидия беру;
- лайықты бос жұмыс орындарын іздеу және
жұмысқа, оның ішінде әлеуметтік жұмыс орындарына
орналасуға жәрдемдесу;
- психологиялық бейімдеу [4].
Екінші бағыттың мақсаты жеке ісін ұйымдастыру арқылы азаматтардың
экономикалық белсенділігін арттыру болып табылады.
Жеке
ісін ұйымдастыруды қалайтын және оған мүмкіндігі
бар азаматтар Бағдарламаның қатысушылары бола алады. Жеке
ісін ауылда ұйымдастыруды қалайтындарға басымдық
беріледі.
Осы
бағыт бойынша мемлекеттік қолдаудың мынадай түрлері
көрсетілетін болады:
- консультациялық қызмет көрсету;
- кәсіпкерлік негіздерін оқыту;
- шағын несие беру;
- жетіспейтін инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымдарды
дамыту және жайластыру.
Шағын несие беру–
ауылда кәсіпкерлікті қолдаудың негізгі механизмі болады.
Шағын несие қайтарымдылық негізінде 3 млн. теңге
сомасында 5 жылдан аспайтын мерзімге беріледі.
Шағын
несие жеке ісін ұйымдастыру немесе кеңейту үшін беріледі,
бұл ретте, ол тұтынушылық мақсаттарға,
басқа кредиттерді өтеуге және жылжымайтын тұрғын
үй алуға берілмейді [4].
Үшінші
бағыт жұмыс берушінің қажеттігі шеңберінде
еңбек әлеуетін дамыту, жұмысқа орналасуға
жәрдемдесу және еңбек ресурстарының кәсіптік
және аумақтық ұтқырлығын арттыру жолымен
халықты жұмыспен тұрақты және нәтижелі
қамтылуын қамтамасыз етуге бағытталған. Бағдарламаға
қатысушыларды кәсіптік оқыту ұзақтығы
оқу бағдарламасының мазмұнына қарай белгіленеді
және:
1)
кәсіптік даярлау жүргізу кезінде – он екі айдан;
2)
қайта даярлау кезінде – алты айдан;
3)
біліктілікті арттыру кезінде – үш айдан аспауға тиіс [2].
Жалпы
еліміздегі еңбекпен қамту бағдарламалары үш
бағытта жүргізіле отырып, тұрғындардың кедейлік
шеңберінде қалып қоймай қалыпты өмір сүруін
қамтамасыз етуге бағытталған.
«Біріншісі,
өзін-өзі еңбекпен қамтыған, жұмыссыз
және әлеуметтік аз қамтылған халықты
белсенділендіру. Оқуға
мүмкіндігі бар азаматтардың бәрін оқытуымыз керек», –
дейді Үкімет басшысы. Бұларды оқытқанда да,
ауылдық жерлерде тұратын адамдардың қалтасынан бір тиын
да шықпау жағын ойластыруды тапсырды. Яғни ауылынан аудан
орталығында орналасқан оқу орнына дейін жеткізіп
тұруды, не жүріп-тұру ақысын беруді де қарастыру
қажеттігін айтады. Сондай-ақ Премьер-министр мамандық бойынша оқып
шыққан азаматтарды индустрияландыру және «Бизнес-2020»
бағдарламалары бойынша жұмысқа орналастырудың тиімді
механизмдерін жасауды тапсырды. Еңбекпен
қамтамасыз етудің бір жолы ретінде әлеуметтік
қамтамасыз ету жүйесін қайта қарауды да ұсынды.
«Шартты әлеуметтік қамтамасыз етуге көшу қажет», –
дейді Үкімет басшысы [5]. Әлеуметтік
жәрдемақы алатын еңбекке қабілетті азамат
оқуға және жұмыс істеуге міндетті. Осындай шартқа
қол қою керек. «Кім оқып, жұмыс істегісі келмесе, онда
оған берілетін әлеуметтік жәрдемақы қайта
қаралуы керек», – дейді Премьер-министр. Айта кету керек, еңбекке
қабілеті жоқ адамдарға бұл шарттың қатысы
жоқ. Олар мемлекеттің қамқорлығында бола береді[5].
Бағдарламаның
екінші бағыты – еңбек ресурстарының жұмылу
жүйесін күшейту. Қазақстанның көп
халқы ауылдық жерлерде қоныс тепкен. Алайда ауылдық
жерлерде жұмыстың жоқтығынан көбісі бос отырады.
Бұл жағдайда не істеу керек? «Негізгі индустриялық жобалар
экономикалық белсенді орталықтарда жүзеге асып жатады. Сол
жерден жұмыс та табылады. Шағын бизнеспен айналысуға да
мүмкіндік туады. Инфрақұрылымдар да сол жерде дамып жатады.
Мысалды алыстан іздемей-ақ, еліміздің көптеген ауылдарының тұрғындарын
алайық. Ондағы тұрғындардың көбісінде
тұрақты жұмыс жоқ. Соларға біз жаңа
мамандық алуына мүмкіндік жасауымыз керек. Базарда арба
сүйрегеннен гөрі, нақты мамандық бойынша жұмыс
істегендері жақсы емес пе? Қысқасы, осындай жұмыссыздарды
оқытып, индустриялық жобаларды жүзеге асыруға
жұмылдыру керек.
Елбасы өзінің жолдауында Үкімет пен жергілікті билік өкілдеріне аймақтарды дамыту туралы тапсырма берген болатын. Осыған байланысты Үкімет басшысының айтуынша, жұмыспен қамтамасыз етудің тағы бір тәсілі – экономикалық әлеуеті төмен елді мекендерден экономикалық белсенді орталықтарға көшкісі келетіндерге жағдай жасау [5].
Үшінші бағыт – ауылдық жерлердегі кәсіпкерлікті дамыту. «Ол үшін
тұрғындарға кәсібін дөңгелетіп
әкетуге қажетті шағын несиелер беруді қарастыру керек»,
– деді Премьер. Кәсіппен айналысуға
ынтасы бар адамдарға түрлі жеңілдіктермен 3 миллион
теңгеге дейін несие беру қарастырылып отыр.
Елімізде
азаматтардың тұрмыстық хал ахуалын көтеру мен
экономиканы дамыту үшін көптеген маңызды бағдарламалар
іске асырылып жатыр. Жұмыспен
қамту 2020 жол картасы бағдарламасынан басқа да 2009
жылға қолға алынған «Дипломмен ауылға» жобасы:
Ауыл
– қаланың тірегі. Бұл теңеу жуық арада
жоққа шығарылатындай. Өйткені соңғы
уақытта ауылдан қалаға қарай бағыт алған
көш саны көбейіп барады. Қазақ
ұрпағының қаймағы бұзылмаған ауылдан
тоқтаусыз қоныс аударуды тоқтатып, қалада жоғары
білім алған мамандарды ауылдың әлеуетін арттыру үшін
жіберу үрдісінің қолға алынғанына да біраз
уақыт болды. Ауыл шаруашылығы министрлігінің бастамасымен
қолға алынған «Дипломмен ауылға» бағдарламасы
бойынша біраз жас маман ауылға ат басын бұрған.
ҚР Президенті Н.Назарбаев:
«Қазір жұмысты қаладан емес, ауылдан іздеу керек,
дағдарыс жағдайында бізді асырайтын – ауыл, ауылда жұмыс болу
үшін, қаланы асырай алуы үшін жеке шаруаларды, ауыл тұрғындарын,
шағын шаруа қожалықтарын қайта қауымдастырып,
біріктіру қажет», – деген еді. Елбасының есті сөзін есте
сақтаған Үкімет «Дипломмен ауылға» жобасын
ұсынды. 2009 жылдан бастап жүзеге аса бастаған «Дипломмен
ауылға» бағдарламасының мақсаты – жұмыссыз
жүрген жас мамандарды жұмысқа орналастырып, ауылдың
жағдайын көтеру. Әуелде бұл жоба жастарға
жасалған жақсы мүмкіндік ретінде бағаланып,
халықтың қолдауына ие болған. Бағдарлама бойынша
елді мекендерге жұмысқа орналасқан әрбір жас
маманға жетпіс еселік айлық есептік көрсеткішке тең мөлшерде
бір реттік көтерме жәрдемақы төленеді.
а)
124 632 теңге сомада біржолғы көтерме жәрдемақы
төлеу;
ә)
тұрғын үй сатып алуы үшін әлеуметтік қолдау
— 2 187 984 теңге он бес жыл мерзімге 0,01% пайыздық мөлшер
бойынша бюджеттік несие беру;
б)
ауылдық елді мекендерде орналасқан әлеуметтік сала
ұйымдарының қызметкерлеріне 25 пайыздан кем емес
мөлшерде көтеріңкі лауазымдық жалақы (тарифтік
ставкалар бойынша) тағайындау жағдайлары қарастырылған[6].
Көрсетілген
көмектерге қол жеткізген жас маман бағдарламаның шарты
бойынша ауылдық жерде 5 жыл қызмет етуге және әр
тоқсан сайын жұмыс орнынан тиісті орындарға анықтама
өткізіп тұруға міндетті. Осы уақыт аралығында
сатып алынған үйдің кепілде тұратынын да естен
шығармау қажет. Егер көрсетілген ережелер жас қызметкер
тарапынан бұзылса, ол барлық шығынды өтеуі тиіс.
Бұл бағдарлама
қолға алынғанына бес жыл болса да, оның кемшін
тұстары мен шешілмеген түйінді тұстары аз емес. Бағдарлама бойынша
барған елді мекенде тұрақтамай, жәрдемақыны алып,
өздері қалаған жерге кетіп қалатындардың саны
артқан сияқты. «Дипломмен ауылға» бағдарламасының
шартына бағынбаған жас мамандар, әлбетте, мемлекеттен
алған бір реттік жәрдемақысы мен 2 млн. 778 мың
теңге көлеміндегі несиесін қайтарады. Ал сол жастардың
мұндай қадамға неге баратыны жөнінде ойланып
көрдік пе?
Ең алдымен, жастар қауымы әлі де
болса ауылды емес, қаланы таңдайды. Жастар жоғары оқу
орнын тәмамдағаннан кейін қалада қызмет етуге
талпынады. Қала жағалаған жастардың барлығына
бірдей жұмыс табылмайтыны да белгілі. Сол себепті, ауылға барып
жұмыс істеуге ниет білдіретіндердің басым көпшілігі
амалсыздан «Дипломмен ауылға» бағдарламасына жүгінеді.
Екіншіден, бұл бағдарлама арқылы шалғай
елді мекендерге барып, жұмысқа орналасқысы келген жастарды
жұмысқа орналасып, мемлекеттің тиісті көмегін алу
кезіндегі қиындықтар әуреге салады. Оған
жастардың жоба ережелерін дұрыс түсінбегендігі мен жергілікті
билік өкілдерінің жұмысты дұрыс жүргізбеуі
әсер етеді.
Бұл
бағдарламаның басты мақсаты – құты
қашқан ауылдың мәні мен сәнін кіргізу болатын. Ауылдағы кадр тапшылығын
жоюды да осы бағдарлама өз міндетіне алған еді. Кәсібін
ауылға барып нәсіп етер деп сенген жастардың сенімге селкеу
түсіріп жатқаны өкінішті, әрине. Бұл
бағдарлама ары қарай тұралап қалмауы үшін
қандай амал қолдану керек?
Міне
жоғарыдағы елімізде қабылданып және жүзеге
асырылып жатқан бағдарламалардың негізінде қаншама
жұмыссыз адамдар еңбекпен қамтылып өз
нәпақаларын табуға және отбасын асырауға
мүмкіндік бар. Осындай ірі бағдарламаларға белсене
атсалысатын болса жұмыссыз жүрген азаматтарымыз қоғамда
өз орындарын табар еді. Жаңа технологияларды меңгеретін
болса, қайта даярлаудан өтсе жаңа мамандықтарды
игеретін еді, ешқандай шетелдік жұмыс күшін тартудың да
қажеті болмас еді.
2020
жылға дейін 5 % жұмыссыздық деңгейін қамтамасыз
ету үшін
жұмыспен
қамтуды қамтамасыз ету жоспары адам
|
Өңірлер |
2013 ж. |
2014 ж. |
2015 ж. |
2016 ж. |
2017 ж. |
2018 ж. |
2019 ж. |
2020 ж. |
|
Ақмола облысы |
4172 |
2613 |
2560 |
2569 |
2695 |
3046 |
3523 |
3860 |
|
Ақтөбе облысы |
4105 |
2571 |
2519 |
2527 |
2652 |
2997 |
3466 |
3798 |
|
Алматы облысы |
9701 |
6077 |
5954 |
5973 |
6267 |
7083 |
8191 |
8976 |
|
Атырау облысы |
2767 |
1733 |
1698 |
1704 |
1788 |
2020 |
2337 |
2560 |
|
Батыс Қазақстан облысы |
3148 |
1972 |
1932 |
1938 |
2034 |
2299 |
2658 |
2913 |
|
Жамбыл облысы |
5557 |
3481 |
3410 |
3422 |
3590 |
4057 |
4692 |
5141 |
|
Қарағанды облысы |
7012 |
4393 |
4304 |
4318 |
4530 |
5120 |
5921 |
6488 |
|
Қостанай облысы |
5075 |
3179 |
3115 |
3125 |
3278 |
3705 |
4285 |
4695 |
|
Қызылорда облысы |
3278 |
2053 |
2012 |
2018 |
2118 |
2393 |
2768 |
3033 |
|
Маңғыстау облысы |
2550 |
1597 |
1565 |
1570 |
1647 |
1861 |
2153 |
2359 |
|
Оңтүстік
Қазақстан облысы |
11709 |
7336 |
7187 |
7210 |
7565 |
8550 |
9888 |
10834 |
|
Павлодар облысы |
4136 |
2591 |
2539 |
2547 |
2672 |
3020 |
3493 |
3827 |
|
Солтүстік
Қазақстан облысы |
3268 |
2047 |
2006 |
2012 |
2111 |
2386 |
2759 |
3024 |
|
Шығыс Қазақстан
облысы |
7102 |
4450 |
4359 |
4373 |
4589 |
5186 |
5997 |
6571 |
|
Алматы қ. |
3942 |
2470 |
2420 |
2427 |
2547 |
2878 |
3329 |
3648 |
|
Астана қ. |
7304 |
4576 |
4483 |
4498 |
4719 |
5333 |
6168 |
6758 |
|
Қазақстан
Республикасы |
84826 |
53139 |
52063 |
52231 |
54802 |
61934 |
71628 |
78485 |
(Кесте жұмыспен
қамту 2020 жол картасынан алынды)
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
1. Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда:
өсім, реформалар, даму Қазақстан
Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың
Қазақстан халқына Жолдауы 2015 жылғы 30 қараша//www. akorda.kz
2.
Г. Әбдіхалықова Еңбекпен қамту саласындағы мемлекеттік саясат
жаңа үлгіде жүзеге асатын болады
3.
Нұрсұлтан Назарбаев:
Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы:
Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20
қадам.// www.akorda.kz
4.
Жұмыспен
қамту 2020 жол картасы. //www.
akorda.kz
5.
К.Мәсімов «Еңбекпен қамту
бағдарламасы үш бағыт бойынша жүргізілмек»
6.
«Дипломмен ауылға» бағдарламасы //
www.internet.resurse