Әсімхан Нұрділда Әлімханұлы

Заң факультетінің 1 курс магистранты

ОРТАЛЫҚ АЗИЯ УНИВЕРСИТЕТІ, ҚАЗАҚСТАН

 

ҚАЖЕТТІ ҚОРҒАНЫМ ШЕГІНЕН ШЫҒЫП АЗАМАТТАРДЫҢ ӨМІРІ МЕН ДЕНСАУЛЫҒЫНА ЗИЯН КЕЛТІРУ

 

Қазақстан Республикасы Конституциясының 13-бабында, әркімнің құқық субьектісі ретінде танылуына құқығы бар және өзінің құқықтары мен бостандықтарын қажетті қорғанымды қоса алғанда, заңға қайшы келмейтін барлық тәсілдермен қорғауға хақылы деп көрсетіледі [1]. Қажетті қорғану құқығы адамзатқа табиғатынан берілетін құқық болып табылады. Сондықтан да қажетті қорғаным институты өте өзекті мәселе болып табылады. 13-бап. Қажетті қорғаным.

Әрбір адамның өзін-өзі қорғауға, тұрғын үйін және меншігін қорғауға құқығы бар. Осы құқық оған шабуылдан қашып құтылуға, өзге тұлғалардан немесе билік органдарынан көмек сұрауға мүмкіндігі бола тұра тәуелсіз тиесілі.

Қажетті қорғаным жағдайында қол сұғушы адамға зиян келтіру, яғни қорғанушының немесе өзге бір адамның жеке басын, тұрғын үйін, меншігін және мемлекеттің немесе қоғамның мүдделерін қоғамға қауіпті қолсұғушылықтан зиян келтіру жолымен қорғау кезінде жасалса, ол қылмыс болып табылмайды[2].

ҚР ҚК 109-бабында қажетті қорғаным шегінен шығу кезінде зиян келтіргені үшін жауаптылық белгіленген. Бұрын әрекет еткен қылмыстық заңның 96-бабының екінші бөлігі, яғни «қажетті қорғаным шегінен шығып орташа ауырлықтағы дене жарақатын салу» 1995 жылы 17 наурызда Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Жарлығымен алынып тасталды.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының пленумы өзінің 1996 жылғы 20 желтоқсандағы №11 қаулысымен өзгертулер енгізілген 1994 жылғы 23 желтоқсандағы «Азаматтардың өмірі мен денсаулығына жасалған қастандық үшін жауаптылықты реттейтін заңдарды соттардың қолдануы туралы» №7 қаулысында былай көрсетті: қастандықтың қауіптілігі қорғанымға көрінеу сәйкес келмесе, ол заңда қажетті қорғаным шегінен шығу деп танылады. Қажетті қорғаным шегінен шығу кезінде зиян келтірудің түсінігіне, қажетті қорғаным шегінен шығу кезінде жасалған кісі өлтіруді талдағанда тоқталған болатынбыз, енді қажетті қорғаным шегінен шығып денсаулыққа ауыр зиян келтіру қылмыс құрамының өзіне тән ерекшелігіне назар аударайық.

Қылмыс объектісі ретінде – адамның денсаулығы, яғни заңға қайшы қандай д абір әрекет жасаған адамның денсаулығы. Әрбір жеке адамның денсаулығы – ол адам өміріндегі айтарлықтай орын алатын фактор болып табылады. Себебі адам денсаулығы – оның негізгі байлығы. А.Н. Ағыбаевтың денсаулыққа берген анықтамасы бойынша, денсаулық дегеніміз – адам ағзасының дұрыс әрі қалыпты жұмыс істеуі, яғни адам ағзасының әрбір органы, әрбір мүшесі сол жаратылған қалпында сақталып, оның дұрыс әрі қалыпты түрде белгілі бір функцияларды атқаруы.

Қылмыстың объективтік жағы денсаулыққа ауыр зиян келтіретін әрекет жасаумен және сол әрекетпен болған зардаптың арасындағы себептік байланыспен сипатталады. Кінәлі адам жәбірленушінің денсаулығына әр түрлі жолдармен, атап айтқанда, механикалық әсер ету арқылы (улау, қышқылмен күйдіру), электрлік жолмен (тоқпен ұру), термикалық әсер ету (организмге инфекциялық ауруларды жұқтыру) арқылы, сонымен қатар психикалық әсер ету арқылы (гипноз) және басқа да тәсілдер арқылы дене жарақатын келтіреді [3, 55-б.].

Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру ұғымын қарастырсақ, ол былай сипатталады: «Адамның өміріне қауіпті немесе көруден, естуден, тілден, қандай да болсын органнан айырылуға немесе органның қызметін жоғалтуға немесе бет әлпетінің қалпына келместей бұзылуына әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру, сондай-ақ өмірге қауіпті немесе еңбек қабілетінің кемінде үштен бірін (33 % және жоғары) тұрақты түрде жоғалтуға ұштасқан немесе кінәліге мәлім кәсіби еңбек қабілетін немесе түсінік тастауға, психикасын бұзуға, есірткімен немесе уытты умен ауруға душар еткен, денсаулықтың бұзылуын тудырған, денсаулыққа өзге зиян келтірген қасақана ауыр зиян келтіру» [4, 97-б.].

Адам өміріне келтірілген қауіптілікті бағалауда, білімнің алдын алу мақсатында медициналық жәрдем, өзіндік жәрдем беру, сондай-ақ кездейсоқ жағдайлармен кездесуі ескірілмеуі керек.

Аталған ереженің 34-бабында адам өміріне қауіпті денсаулыққа келтірілген зияндарға жататын жараттардың тізбесі берілген. Қысқаша тоқталып кететін болсақ:

1.                 бассүйекке кірген жарақат сонымен қатар мидың зақымданбауы;

2.                 мидың ауыр дәрежедегі соғылуы, мидың орта дәрежедегі соғылуы, мидың күмбез бөлігінде зақым белгілерінің бар болуы;

3.                 бір әлде бірнеше кеуде немесе бел омыртқаларының сынуы немесе сынып-шығуы мен біргежұлынынң қызметінің бұзылуы немесе клиникалық белгіленген ауыр дәрежедегі шок және адам өміріне қауіп тудыратын жағдайлар;

4.                 кеуденің, белдің және жұлынынң сегізкөз сегменттерінің жабық жарақаттануы, ауыр шоктарын келтірмеумен қоса жамбас мүшелерінің қызметінің бұзылуы;

5.                 қарынның ішкі астар қуысына кірген жарақаты (ішкі істер қуысы және ішкі астар артындағы кеңістік) сонымен қатар ішкі ағзалардың зақымданбауы;

6.                 қуық қуысының кірілген жарақаты, сондай-ақ тік ішектің жоғарғы және ортаңғы бөлімдерінің жарақаты, сондай-ақ тік ішектің астыңғы қабат бөлімдерінің кең ашық зақымдануы;

7.                 ірі қан тамырларының: қолқа, ұйқы, (жалпы, ішкі, сыртқы) бұғана асты, иық, са, тізе асты артериялары немесе олардың қосымша тамырларының жарақаттануы;

8.                 дененің 15  % астамы үстіңгі бетінің ыстыққа күюі, 3-ші, 4-ші дәрежедегі аймақтық зақымдануы, 3-ші дәрежедегі күю 20 % жоғары, 2-дәрежедегі күю 30% жоғары, тәннің үстіңгі бетінің азғантай жерінің күюі, күйіктің әсерін, бетке жасаған пластикалық және қалпына келтіру операциясын ескерусіз бағалау керек;

9.                 т.б.

Салдары мен шығуы бойынша денсаулыққа келтірілген ауыр зиянға жататын адам өміріне қауіпсіз жарақаттарға: көру, сөйлеу, есту қабілеттерін жоғалту немесе қандай да бюір мүшені немесе мүшенің өз қызметінің жоғалтуы жатады. Көру қабілетінен айырылу дегеніміз – екі көзге деген толық тұрақты соқырлық немесе көру өткірлігінің жарық сезуге деген қабілетінің төмендеуі, бір көздің көру қабілетін жоғалтуы[5, 22-б.]. Сөйлеу қабілетін жоғалтуы деп - өз ойын бөлшекті дыбысты түрде, айналасындағыларға түсінікті түрде жеткізу қабілетінен айырылуды айтады немесе дауыс жоғалту салдарынан болады. Есту қабілетін жоғалту дегеніміз – толық кереңдікті немесе зақымданушының құлақ қалқанынан 3-4 сантиметр қаншалықтағы дыбысты, сөйлеген сөзді естімейтін, қалыпқа келмес жағдайы. Қандай да бір мүшенің жоғалуы немесе мүшенің өз қызметін жоғалтуы деп – қол, аяқтан айырылу, яғни олардың денеден бөлінуі немесе өз қызметтерінің қабілеттілігінен айырылу (мүшенің салдануы немесе оларды жұмыстан айыратын өзгеде жағдайлар) болып табылады.

Кәсіби еңбек қабілеттіліктің толық жоғалуын анықтаған кезде медицина-әлеуметтік жағдай мәселесінің сарапшылар комиссиясы белгілеген талаптарына сай жұмысшылардың кәсіби еңбек қабілеттілігін жоғалту дәрежесі мертігуі немесе олардың еңбек міндеттерін атқаруға байланысты денсаулыққа басқа да зиян келуіне қарай жүргізіледі [6, 79-б.].

Осындай жағдайды кінәлі тұлға қажетті қорғаным әрекеттері жәбірленуші тарапынан қоғамға қауіпті қастандық болған кезде жасауға тиіс (шабуыл жасау қаупі анық болған және қастандық аяқталса да оны қорғаушы білмей қалған жағдайдан басқа реттерде).

Қылмыстың субъективтік жағы тікелей және жанама нысандағы кінәмен сипатталады. Қажетті қорғаным шегінен шығып жасалға қылмыс кенеттен пайда болған анықталмаған қасақаналықпен жасалатындығына назар аудару қажет. Бұл жағдайда ҚК 66-бабын ескеру қажет, онда қоғамдық қауіпті қылмыстан болған үйрелену, қорқу немесе сасқалақтау салдарынан қажетті қорғаным егінен асқан адамды қылмыстық жауаптылықтан босату мүмкіндігі көзделген. Бұл қылмстың себептері мен мақсатында криминалдық сипат бар. Ондағы себеп – заңды мүдделерді қорғау ниеті, ал мақсаты – қоғамға қауіпті қастандықтан қорғаным.  Қылмыс субъектісі – жасы 16-ға толған, есі дұрыс адам. Яғни бұл қылмыс жалпы субъектімен қатар арнайы субъектімен де жасалады.

Қазақ КСР ҚК 96-бабының 1-бөлігімен көкшетау қалалық соты А-ны кінәлі деп танып, екі жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жазалау шарасын тағайындаған. А. танысы И-дің үйінде қонақта болып, оны өз қарындасына қызғанған оның ағасы Н-мен ұрысып қалған. Одан әрі келіспеушілікті қаламаған. А. үйден шығып кеткен. Көшеде Н. қайтадан А-ға тиісіп, оның бетінен ұрып жіберген. А. арнайы автоқойманың күзетшілік орнына барып, милиция шақырған. Н. оны көріп қалып, автоқойманың территориясына қақпадан секіріп өтіп, А-ны ұра бастаған. Оның тиісіне зақым келтіріп, тұншықтыра бастаған. А. қорғана отырып қалтасындағы пышақты шығарып, қорғаным мақсатында Н-ның кеуде тұсына жарақат түсірген. Сот-медициналық сараптама қорытындысы бойынша денесіне ауыр зиян келтірген.

Жоғарыда келтірілген қылмстық іс бойыша Көкшетау қалалық соты берген қорытындысы Қазақстан Республикасы Жоғары Соты қаулысында белгіленген талаптарға сәйкес келмейді. Қылмыстық іс бойынша қажетті қорғаным шегінен шығу орын алған жоқ, себебі А-ға қатысты бірнеше рет соққы берді, оның ар-намысын қорлады, тісін сындырды, тұншықтырды. А. милиция көмегіне жүгінді. Сондықтан да біздің ойымызша, қол сұғушылық сипатына одан қорғанымның құралы сай. Сондықтан да А. қажетті қорғаным шегінде қорғанғандықтан, қылмыстық жауаптылыққа тартылмауы қажет еді [7, 27-б.].

Қажетті қорғанымның шегінен шығуға қатысты мына мәселені ескеру қажет, яғни ҚР ҚК «53 бабы. Қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жайлар:

а) мән-жайлардың кездейсоқ тоғысуы салдарынан алған рет кішігірім ауырлықтағы қылмыс жасау;

б) айыпкердің кәмелетке толмауы;

в) жүктілік;

г) айыпкердің жас балалары болуы;

д) қылмыс жасағаннан кейін зардап шегушіге тікелей медициналық және өзге де көмек көрсету, қылмыс салдарынан келтірілген мүліктік залал мен моральдік зиянның орнын өз еркімен толтыру, қылмыспен келтірілген зиянды жоюға бағытталған өзге де іс-әрекеттер;

е) жеке басындық, отбасылық немесе өзге де ауыр мән-жайлар тоғысуының салдарынан не жаны ашығандық себебімен қылмыс жасау;

ж) күштеп немесе психикалық мәжбүрлеу салдарынан не материалдық, қызметтік немесе өзге де тәуелділігі себепті қылмыс жасау;

з) қажетті қорғанымның құқықтық дұрыстығының шартын бұзу, аса қажеттілік қылмыс жасаған адамды ұстау, негізді тәуекел, бұйрықты немесе өкімді орындау жағдайында қылмыс жасау;

и) қылмыс жасау үшін түрткі болып табылған жәбірленушінің заңға қайшы немесе адамгершілікке жатпайтын қылығы;

к) шын жүректен өкіну, айыбын мойындап келу, қылмысты ашуға, қылмысқа басқа қатысушыларды әшекерелеуге және қылмыс жасау нәтижесінде алынған мүлікті іздеуге белсенді жәрдемдесу».

Қорытындылай келе, қажетті қорғаным шегінен шығып жасалған қылмыстар ретінде қорғанымшының қорғанымына таңдап алынған құралының төніп тұрған қауіпке сәйкес келмеуін айтамыз.

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

 

1.                 Қазақстан Республикасының Конституциясы. 30 тамыз 1995 жыл. өзгертулер мен толықтырулар 21.05.2007 жыл № 254- III, 10.03.2011 жыл№ 242- II Қазақстан Республикасының Заңымен. “Жетi-жарғы” 2011 жыл.

2.                 Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексi. 16-шiлде 1997 жыл. “Жетi-жарғы” 2013 жыл.

3.                 Наумов, А.В. Уголовное право. Общая часть: курс лекций. - М, 1996. -58 с.

4.                 Рагимов, И.М. Философия наказания и проблемы его назначения. - М., 1989.-87 с.

5.                 Рогов, И.И., Сарсенбаев, М.С. Уголовное право РК. - Алматы, 1998. -257 с.

6.                 Баймурзин, Г.И., Рогов, И.И. Уголовное право РК. - Алматы, 1998. -341 с.

7.                 Чукмаитов, Д.С. Применение наказания в целях предупреждения рецидивных преступлений. - Алматы: ТОО Баспа, 1977. - 240 с.

 

Аңдатпа

Бұл мақалада қажетті қорғаным шегінен шығып азаматтардың өмірі мен денсаулығына зиян жасалған қастандық үшін жауаптылықты реттейтін заңдарды соттардың қолдануы туралы жазылған.

Аннотация

В этой статье рассказывается о вреде для здоровья и жизни граждан за пределами границ регулирование ответственности закона для использования суда для казахстанцев.

 

 

Annotation

This article talks about the dangers to health and life of citizens beyond the borders of regulation of liability law for the use of the court for the Kazakhs.