Минасипова А.Р., Қойбағарова Г.Х.
М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік
университеті, Қазақстан
ОТБАСЫ
КҮЙІН ӘЛЕУМЕТТІК-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ АНЫҚТАУДЫҢ ЖОЛДАРЫ
Отбасы
баланың ең жақын әлеуметтендіру ортасы. Осы ортада
баланың өмірдің мақсаты, оның
құндылықтары, не біліп, өзін қалай ұстау
керектігі туралы алғашқы мағлұматтар меңгеріледі
және онда басқалармен қарым-қатынас орнатуға
дағдыланады. Сөйтіп, өзінің «кім» және
«қандай» екенін, басқалардың «кім» және «қандай»
екенін тәжірбиеде сынап байқап көреді. Балар отбасында әртүрлі
жағдаяттар мен төтенше ахуалдарда өзін ұстаудың
нормаларын, мінез-құлқын реттеудің өлшемдерін
меңгереді. Отбасы психологиясын зерттеушілер А.Г.Харчев, А.Н.Антонов,
З.И.Файнбург, Д.Горборинко оның функцияларын ата-ананың
үгіт-насихаты, түсіндіруі, олардың үлгі-өнегесі,
үйдегі ахуал, отбасының психологиялық тынысы арқылы
балалардың әдеті, мінез-құлқы,
жақсы-жаманды бағалау уәзіндері (критерий)
қалыптасуымен бірге қандай қылықтары үшін
сөгіс алып, не үшін жазаланатынын, әділдік пен адалдық
үғымдарын меңгереді деген тұжырымдар жасады.
Қазақстан Республикасының Конститутциясында
«балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу
– ата-ананың табиғи құқығы әрі
парызы» деп, отбасының міндеті нақты көрсетілген.
Отбасы - адамның эмоциясы, уайымы, көзқарасы мен
қатынасынымен байланысты емес, ол - ерекше феномен. Отбасы
феноменінің бір жолы оның құрылымын, тарихи уақыт
талабына сай өзгеруін және бір отбасының өмірлік циклын
логикалық түсіндірілуі. С.И.Голод (1998) пікірінше отбасы
феноменінде құрылымдық өріс ерлі-зайыптылар және ата – ана мен бала қатынасы
деп қарастырады. Отбасы –неке негізінде немесе қан жағынан
туыстас шағын топ, олар өзара көмек көрсету,
жауапкершілік алу және тұрмыстық жалпылылықта
байланысады (Эйдемиллер, Э.Г.Юстицкий В.В., 1990). Отбасы балаға ықпал етеді, оны қоғамдық
өмірге жетелейді.
Қазіргі заманда отбасының
құрылымы өзгеріп, оның мүшелер саны азайып, бала
саны да кеми түсті. Қоғамдағы әлеуметтік,
мәдени экономикалық жаңғырулар, әр түрлі
сипаттағы әлемдік деңгейдегі ақпарат алмасу, отбасы
мүшелерінің арасындағы қарым-қатынас сипатына да
өз әсерін тигізіп отыр.
Қазіргі аналардың көпшілігі жұмыс жасайтын
болғандықтан бала уақытының көбін пассивті
тәрбиешілермен өткізеді.
Бала тәрбиесі қалалық отбасына тән болып
отырған келесі ерекшеліктерімен шартталған: балалардың
көбісі күннен күнге ұлғайып отырған
айырылысулардың нәтижесінде әкесіз немесе анасыз өседі;
теледидар, жеке бөлме т.с.с. өркениеттің жетістіктері балалар
мен олардың ата-аналарының арасындағы қарым-қатынас
процесін қиындатады.
Қарым-қатынастың адамзат өмірінде аса
маңызды роль атқарады. Қарым-қатынас нәтижесінде
тұлғааралық байланыс орнығып, өзара мәміле
қалыптасып дамитындығы әр жеке тұлғаның
қалыптасуында жетекші факторлардың бірі болады.
Қарым-қатынас барысында өзара пікір алмасу, сезім
әлеміне бірлесіп ләззат алу, қайғы, қуанышта
ортақтас болу арқылы адамдар арасында сенімді кең
ауқымды эмоциялар арқылы екі немесе бірнеше психологиялық
жүйе не бірнеше рухани әлем және ой-пікір, сана-сезім,
мінез-құлық, қылық-жорықтар арасында
келісім, өзара түсіністік, не болмаса қақтығыс,
талас-тартыс, қарама-қайшылық тұрғысындағы
мәміле үрдісі іске асады.
Отбасы әлеуметтенудің алғашқы
сатысы, мұнда пікірлер, көзқарастар,
құндылықтар мен мінез-құлықарды
меңгере бастайды. Дәстүрлі отбасылар сияқты кеңейтілген
отбасылар да әлеуметтік жүйе болып табылады, онда әрбір
отбасы мүшесі басқа мүшелеріне тікелкй және жанама
түрде ықпал ете алады. Отбасы жағымды ата-аналар бірлестігін,
бір-бірін қолдаушы ата-аналар күшін құрай алатын болса,
балалар неғүрлым жақсы тұрады.
Отбасы сонымен қатар дамушы әлеуметтік
жүйе болып табылады. Қоғамдық және мәдени
ортаға енетіндіктен, барлық болып жатқан жағдайлар
отбасының қызмет атқаруына ықпал етіп отырады. Отбасына
әсер ететін әлеуметтік өзгерістерге, жалғызбасты
ересектердің көпшілігі, неғұрлым кеш некеге тұру;
туылудың азаюы; әйел адамдардың жұмысқа араласуы;
толымсыз отбасылар және аралас отбасылар және де кедейлік
жағдайда өмір сүріп жатқан отбасылар баршылық.
Отбасындағы ең басты іс-әрекет ол
ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас.
Қарым-қатынас – адамзат өмірінің аса маңызды
және негізгі сферасы болып, соның нәтижесіде
тұлғааралық байланыс орнығып, өзара мәміле
қалыптасып дамиды. Қарым-қатынас дегеніміз өзара пікір
алмасу, сезім әлемінде бірлесіп ләззат алу, қайғы,
қуанышта ортақтас болу сенімді кең ауқымды эмоция
спектрлерін қамтиды. Қарым-қатынас барысында екі не бірнеше
тұлға арасында рухани әлем және ой-пікір, сана-сезім,
мінез-құлық, қылық-жорықтар, келісім, не
өзара түсіністік тұрғысында, не болмаса
қақтығыс, талас-тартыс, қарама-қайшылық
тұрғысындағы мәміле үрдіс іске асады.
Әдебиет:
1.
Шарафадин А.А Отбасында
ата-ананың балаға тәрбиелік ықпалын артырудың
педагогикалық шарттары
Автореф.дис. ...канд. психол. Наук. А, 2004.
2.
Малкина- Пых Г. Семейная терапия. Изд-во ЭКСМО, 2006
3.
Герасимович Г.И., Ковалев С.В. Советы врача молодоженам /
Психология семейных отношений –Алма –Ата ,- 1992 –224 б.