Дәуренбекова Ә.К,       Кукубаева Л.  Ақынова Г.О.

М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті,  Қазақстан.

 

«ҚИЫН» БАЛАЛАРДЫҢ МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫН ТҮЗЕТУДІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ

 

Қоғамдық моральдық нормалары  мен  талаптарына сәйкес  келмейтін  мінез -құлықты әдетте әлеуметтік жат деген терминмен белгілеу қабылданған. Ми патологиясына байланысты болатын  балалардың аномаль (кемісті) мінез– құлықынан айырмашылығы, әлеуметтік жат мінез-құлық әлеуметтік жағынан  негізделген,  жағымсыз  шағын  ортаның  теріс ықталымен,  жанұядағы  дұрыс  емес,  өзара қарым - қатынастарымен жанұя мен мектеп тәрбиесінің қулықтарымен,қателіктерімен сабақтас қиын аталатын балалар -педагогикалық назардан  тыс қалған    балалар.  Олардың жеке басының адамгершілік жағынан өзгеруі – педагогикалық қателіктерідің салдары  ( әңгіме   нерв   жүйелері   қажыған,  ақыл - ойы   жағынан    артта қалған балалар туралы  емес, психикалық  және  дене  жағынан сау  балалар  туралы  болып  отыр).  Қиын баланың   типтік   ерекшеліктері  жеткіншектік  шақта неғурлым айқын   көрінеді, бұл  кезде  баланың  әлеуметтік позицияс өзгере отырып,  оның     іс - әрекетінің     жаңа  қатынасты, оның  қоғам арқылы белгіленуіне    тудырады. «Қиын»  деген  термин  қазіргі  практикада  жеке  басын   тәртіпке салу қажет. балалардың кең  ортасын білдіреді.  Бұған  ересектердің  талабына,  кеңесіне  қарсылық көрсететін  тілазар, ерке, қоңыр  балалар  да   жатады. Мұндай  ауытқудың іс - әрекеттің коллективтік  формасына    енгізе отырып , балалардың  қажеттілігі мен ынтасына назар аудару -  еркелік, қоңырлық, тілазарлықты болдырмау мен оны жеңудің негізгі  жолы.

        Балалардың белгілі  бір бөлігі сотқарлығымен, тәртіпсіздігімен, дөрекілігімен  ерекшеленеді. Мұндай  оқушыларға  жеке  жол   табу  әсіресе     қажет алдымен олардың  тәртіпсіздігінің түп - тамырын  анықтау керек.  Бұл   балалармен жұмыс істеу олардың  белсенділігін, инициативасын мақсатқа сәйкес ұйымдастыруды, олардың адамгершілігін, белгілі дербестігін  құрметтеуді көздейді. 

       Балардың  ерекше  тобын мінез-құлықында еңбекке  құштар ықыласы    мен әдеті жоқ, жалқау балалар құрады. Тәрбиешілерге мұндай баланың     ұмтылысын, күш-жігер  көрсетуін  аңғарту  және мадақтау, оның  бойында еңбекке  деген  қажетсінуін ояту,  сан алуын  іс - әрекеттен  қуаныш  табуды  үйрету өте  қажет.

       Қиын   балалардың   көпшілігінде   теріс    қылықтар ересектікке бой     урудан,өзінің құқығын жете түсінуден,  ересектердің оларды  мойындауына    жетуге   ұмтылуының  салдары  болып  табылады.

      Жеке адамды адамгершілік жағынан бұзылуға әкеліп соқтыратын қақтығысты ситуацияның түп тамыры отбасы тәжірибесінің  кемшіліктерінде    жатыр.

      Сыныпта белгілі бір орын алуға ұмтыла отырып, бұл балалар дөрекілікке,  күшіне сүйенген жалған белдікке жүгінеді. Мектепттен тыс уақытта    өздеріне ұқсас жеткіншектермен байланыс жасай  отырып, олар кейбір  көше топтарында қабылданған мінез-құлықтың қоғамға жат формаларын  мектепке  әкелуге тырысады.

      Мұндай бірлестікте баланың  жағдайы  өте ауыр болады да ол жас   жағынан көбінесе  ересек және өзінің беделдігімен ықпал етіп, балалрдың   топқа  біріктіретін  аула  батырларының  ықпалына ереді. Бірақ бұл топта   балалар жалған жолдастықтан туатын қарым-қатынастан  қандайда бір   қорқынышты сезінеді.Мұның  бәрі  өзіндік санада, өзін-өзі  көрсетуге, өсіп  келе жатқан адамның қарым-қатынасында  табиғи  қабілеттердің  анамальді     бағыттылығын тудырады.

 Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1.     Кон И.С. Психология ранней юности. -  М., 1999.

2.     Личко А.Е. Подростковая психиатрия. Л., 2001.

3.     Клейберг  Ю.А. Психология девиантного поведения. -Тверь., 1998.
.