Дәуренбекова Ә.К,  Ақынова Г.О.

М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті,  Қазақстан.

 

АЖЫРАСУ ЖАҒДАЙЫНЫҢ ЖАСӨСПІРІМНІҢ ЭМОЦИАНАЛДЫ-ТҰЛҒАЛЫҚ СФЕРАСЫНА ӘСЕРІ

 

   Қазіргі кездегі психологияда адамның қиын, жағымсыз, сыни жағдайлардағы психологиялық ерекшліктерін зерттеу өте өзекті болып отыр.  Сол өзекті мәселелердің бірі - отбасындағы ажырасу жағдайы  Отбасындағы ажырасу жағдайы тек ерлі-зайыптылардың ғана эмоционалды-тұлғалық сферасына әсер етіп қоймай, сонымен қатар, олардың балаларының, әсіресе жасөспірімдік шақтағы балаларының эмоционалды-тұлғалық сферасының бұзылуын да қамтиды. Ата-ананың осындай уақытша ажырасулары әрбір баланың өмірінде маңызды роль атқарады. Ажырасудың ұзақтығы ажырасу жағдайын қайғырудың критериі болып табылады Ажырасу басқа барлық айырулардың түрінен (ата-ананың біреуінің өлімін қоспағанда) несімен ерекшеленеді; бұл дегеніміз соңғы шешім бе, қайтып келместік немесе үйреншікті жағдайлардың өзгерісі ме; әдетте, бұл жағдай балаға «анасы мен әкесі ажырасады» деп жариялауды естіген кезде пайда болады, яғни балаға әкесі (немесе шешесі) мәңгіге кетіп барады, әкесі немесе шешесі олармен енді қайтып тұрмайды, және т.б. деп айтқан уақытта туындайды. Бұл жағдай ажырасушылықты-жоғалтып алушылыққа айналдырады. Отбасындағы ажырасу жағдайының жасөспірімнің эмоционалды-тұлғалық сферасына әсерін көптеген ғалымдар зерттей келіп, ажырасқаннан кейінгі екінші жылдың аяғында жасөспірім мінез-құлқы ажыраспаған, бірақ үнемі, жиі конфликтіде болатын ата-аналардың балаларымен салыстырғанда агрессивтілігі әлдеқайда төмен екендігі анықталған. Адам тағдыры көбінесе оның бейімделу деңгейімен анықталады- бұл дегеніміз, өмірде болатын әртүрлі жағдайларға бейімделу, туа пайда болған және өмір сүру барысында қалыптасқан қабілеттердің болуы. Зерттеушілердің айтулары бойынша, бейімделу деңгейі тәрбиелеу, оқыту, өмір бейнесі мен жағдайының әсерінен жоғарылап немесе төмендейтіндігін көрсеткен.

    Бейімделудің ең ауқымды түрі- психологиялық бейімделу. Психолгиялық бейімделу бұл тұлғаның ішкі әлемінің әлеуметтік және әлеуметтік-психологиялық  орта талаптарына адамдардың әлеуметтік функцияларын орындау қызығуларына байланысты қоғамдық өмірдің мазмұнына жақындай түсу процесі. Мұны тұлғаның іс-әрекеті мен өмірінің ішкі және сыртқы жағдайларының үйлесімділігі, оның әлеуметтік және табиғи  ортаны белсенді меңгеруінен көруге болады.  

    Американдық ғалым У.Джеймс және оның ізбасарлары (Р.Лазарус, И.Гаккер, Л.Фестингер және т.б.) бейімделу мәселесін кеңінен қарастырған болатын. Бұл бағыттың өкілдері тұлға бейімделуінің қайнар көзін жеке адамның тәжірибесі, дайындық деңгейінің бар болуы және іс-әрекет пен өмір жағдайларының нақты талаптарының арасындағы байланыстардың болуы деп қарастырады .

     Бейімделудің келесі бір түрі- ол әлеуметтік бейімделу. Әлеуметтік бейімделу теориясын алғашқылардың бірі болып орыс әлеуметтанушысы А.А.Богданов өңдеп шығарды. Оның айтуынша, әлеуметтік бейімделу биологиялық бейімделуден ешқандай артықшылығы жоқ, сондықтан ол адамдардың кәсіби іс-әрекет және кәсіби міндеттрімен тығыз байланыстырады.

     Тұлғаның әлеуметтік бейімделуі екі деңгейде жүзеге асырылады:

-            өмірлік іс-әрекеттің әлеуметтік-психологиялық деңгейінде- тұлғаның әртүрлі әлеуметтік-психолгиялық рөлдерді орындауы кезінде пайда болған тұлғаның қоғамдық-психологиялық байланысы мен қарым-қатынас жүйесіндегі байланыстың болуы. Сондықтан, тұлғаның әлуметтік-психологиялық бейімделуін жеке бөліп көрсетеді;

-            тұлғаның кәсіби, танымдық және басқа іс-әрекеттік байланысы мен қарым-қатынасы бір жүйеде қарастырылады.

    Тұлғаның әлеуметтік-психологиялық бейімделуі- бұл оның блгілі бір әлеуметтік-психологиялық статусты иемдену және қандай да бір әлеуметтік-психологиялық рөлдік функцияларды меңгеру процесі.

    Әлеуметтік-психологиялық бейімделу процесі кезінде тұлға өмір мен іс-әрекеттің ішкі және сыртқы жағдайларының арасындағы үйлесімділікке жетуге ұмтылады. Ол неғұрлым жүзеге асқан сайын тұлғаның бейімделуі жоғарылай түседі. Толық бейімделу кезінде қандай да бір жағдайларда адамның қоршаған орта жағдайлары мен оның іс-әрекетінен берілген психикалық іс-әрекет адекваттылығы жүзеге асырылады.

 Тұлғаның бейімделуі мынандай болуы  мүмкін:

-            ішкі, бұл тұлғаның өмір сүру ортасы мен іс-әрекетінің тасымалдануы кезінде оның функционалды құрылымы түрінде көрінеді. Мұндай жағдайда тұлғаның сыртқы мінез-құлық формалары да, іс-әрекеті де сыртқы орта күтімдеріне және сырттан келетін талаптарға сәйкестеніп өзгереді;

-            сыртқы (мінез-құлықтық, ыңғайланушылық), бұл кезде тұлғада іштей мазмұнды өзгерістер болмайды және ол өз-өзін, өзінің өзбеттілігін сақтайды;

-            аралас, бұл кезде тұлға қоршаған ортаға біртіндеп іштей икемденіп, өзгере бастайды. Оның құндылықтары, нормалары да біртіндеп өзгеріп, мінез-құлықтық бейімделулер болады, бірақ өзінің «Мені» мен өзбеттілігін сақтайды.

    Сонымен отбасы мүшелері үшін, әсіресе, балалар үшін ажырасу үлкен  психологиялық жарақат болып есептеледі. Ажырасу қандай себептерден пайда болмасын, оның өзінің  адамдардың көбі елемейтін терең психологиялық негізі бар. Ол ажырасушы жұптар мен олардың балаларына және өмірлік іс-әректтерінің барлық жағына өз әсрін тигізе отырып, олардың  физиологиялық және психологиялық денсаулығына да белгілі бір деңгейде кері әсері етеді.

 

    Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. Сысенко В.А. Супружеские конфликты. М: Мысль, 1986

2. Тартаковский А.Д. Конфликты в сфере семейно-брачных отношений пути их устранения. М., Космо, 2004.-340с.

3. Реан А.А. Психология подростка. М.,Олма-пресс, 2005.-429с.

4. Аронс К. Развод: крах или новая жизнь? М., Мирт, 1995.- 440 с.

5. Нарицын Н.Н. Свадьба-развод и наоборот. М: Махаон, 2001.- 224.-З5с.