Дәуренбекова Ә.К,  Ақынова Г.О.

М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті,  Қазақстан.

 

ЖЕТКІНШЕК ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ДВИАНТТЫ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚТАРЫНЫҢ БЕЛГІЛЕРІ

 

               Қоғамдық жаңарту кезеңінде, Қазақстандағы әлеуметтік саяси, экономикалық қатынастардың сипатының өзгеруі өз кезегінде қоғамдық білім, тәрбие институттарының да жұмыс бағыты мен мазмұнына жаңа талаптар қойып отыр. Бұл дегеніміз қоғамдағы мектеп, отбасы орны, оның басты міндеті – бала тәрбиесінде болған көзқарасты өзгертіп жаңа тұрғыдан тану мәселесін туындатты. Бүгінгі таңда әлеуметік- экономикалық және саяси өзгерістердің,  қарқынды даму процесіндегі қазіргі уақыт әсіресе дүниетанымдары мен өзіндік құндылықтары толық қалыптасып қоймаған жастар үшін күрделі кекзең болып отыр. Бүгінгі  таңда  балалар, жеткіншектер мен жастар өрістерін кеңейтуге ықпал ете отырып, түрлі факторларды күшейтуге ықпал етіп, жағымсыз қатерлі әсерлерге кезіктіредіЖеткіншектік кезең – адамның қалыптасуындағы ең қиын кезең. Әсіресе осы жаста адамның мінез - құлкы және басқа да жеке басының негіздері қалыптасады. Міне, осы кезеңде жеткіншектермен жасалатын тәрбие жұмысында кемшіліктер айқын көріне бастайды. Соңғы кездері жеткіншектер тәртібінің төмендегенін байқауға болады:

            - Ата - анамен келіспеушілік жағдайда болу;

             - Мектептегі қиындық пен сәтсіздік;

             - Тәртібі қиын құрбы-достарымен байланыс орнату.

 Жанұдағы жақсы қарым - қатынасты жоғалту, мектептегі сәтсіздік, келеңсіз топтағы құрбыларымен жақындық әр түрлі қиын жолдарға итермелейді. Аталған осы үш элемент: отбасы, мектеп, құрбы - құрдастар тобы – барлық жеткіншектердің нағыз табиғи ортасы. Олар кәмелеттік жасқа толмағандардың ең маңызды қоғамдық факторы болып табылады.

 Демек, жас баланың мінез - құлқының қалыптасуына отбасы ерекше әсер етеді, солай болғандықтан оның көп қырлы, жан - жақты болуы отбасына байланысты. Ал педагогикалық әлеуметтік жағынан жіберілетін әлсіздік оқу жүйесіндегі сәтсіздің, номалді мінез - құлықтың қайнар көзі болып табылады. Жеткіншектің мінез - құлығындағы ауытқулар көбіне туа пайда болмайды, олар физиологиялық ауытқулардан емес, отбасындағы және мектептегі дұрыс тәрбие бермеуден пайда болады. Осы аталып көрсетілген ауытқу девиантты мінез - құлық деп аталады.

             Девиантты мінез - құлықта жеткіншек агрессивтілік мінезбен көзге түседі. Жеткіншек мінез-құлығындағы агрессивтілік алкоголь пайдаланумен тығыз байланысты. Алкогольге бейімділікпен нашақорлыққа құмарлық жеткіншектің ауытқу түріндегі өмір құрылымына сіңіп кетеді. Жеткіншек тәртібі агрессивті жағдайда болса, онда ол «қиын» балалар қатарына енеді.    

Жеткіншектер физиологиялық жағынан немесе психологиялық, әлеуметтік тарапынан бұзылыстары бар адамдар болып табылады. Бұлар  қашан да басқада адамдар тобынан бөлініп тұрады. Қазіргі уақытта кейбір адамдардың ерекшеліктері мен мүмкіндіктері нормаға сәйкес келмейді деп айтуға болады.

             Мінез - құлқында бұзылыстары кездесетін балардың оқу үлгерімі нашар, тәртібі жаман, мектептен көп қалатын, педагаг қойған шарттарды орындамайтын, рухани деңгейі төмен, достарымен қарым-қатынас жасай алмайтын, мектепте болып жатқан елеулі оқиғалар қызықтырмайтын, кейде психикалық қалыптасуы, интеллекті кейін қалған, нвроздық тән (түрлі жүйке ауруларына шалдыққан, тәрбиеге зорға бағынатын  жеткіншектерді қиын бала деп есептеуге болды.

                   Мінез - құлқында ауытқушылығы бар девиантты мінез-құлықтың ауытқуыны мазмұнына төмендегілерді айтуға болады:

            -    мінез-құлықтың гиперкинетикалық ауытқуы

            -    жағдайы төмен отбасындағы мінездің бұзылуы

            -    әлеуметтендірілмеген мінездің ауытқуы

            -    әлеуметтенген мінез-құлықтың бұзылуы

            -    делинквентті мінез-құлық

            -    жастайынан олкоголь қолдану, наркомания

            -    девиациді сексуалды мінез-құлықтың қалыптасуы

            -    Жеке адамның психогенді патологиялық құрылымы

             Қазіргі уақытта  мектептің негізгі мақсаты - баланың бастапқы жеке адам болып қалыптасуын қамтамассыз ету, оның қабілеттерін айқындау және дамыту болып отыр. Өскелең ұрпақ бойында алуан түрлі қасиеттер байқалады. Мұндай көп қырлы ерекшеліктердің ұнамды, ұнамсыз жақтарымен қатар елеусіз мінез белгілері де бала бойында қалыптасады. Бала мінезінің ұнамды жақтарына адамгершілік,  қайырымдылық, инабаттылық, сыйлаушылық, шынайы адалдық,  жақсы – жаманды айыра білушілік, алдағы өмір жолына қызығушылық табылса, ал нашар үйлесімсіз мінез бітістеріне тұрақсыздық, жалған сөйлеушілік, мен-менділдік, беймазалық,  ұшқалақтық сияқты  жағымсыз ерекшеліетер сипатталады.

      Сонымен ұнамсыз тәрбиелеу әсері кейбір жағдайда ата - аналар жағынан «гиперопека» түрінде байқалады. Бұл  балаларда тұлғаның инфантильді бітістері дамиды  немесе өзін - өзі жоғары бағалау және доминантты болуға бейімділік орын алады.

                                 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1.«Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы

2. Беличева С.А. Этот «опасный» возраст. -М., 1982.

3. Возрастная и педагогическая психология / Под ред. А,В. Петровско­го. М., 1999.

4. Диагностическая и коррекционная работа школьного психолога/
Под ред. И.В. Дубровиной.
М., 1999.

5. Игошев К.Е., Миньковский Г.М. Семья, дети, школа.- М., 2001.