Минасипова А.Р., Қамбатыр
Ж.
М.Х.Дулати атындағы Тараз
мемлекеттік университеті, Қазақстан
ПСИХОЛОГ
КӘСІБІНІҢ ЕРЕКШЕЛІГІ ЖӘНЕ ОНЫҢ МӘНІН ТҮРЛІ
ҚЫРЫНАН ТАЛДАУ
Қазіргі
кезеңдегі психология ғылымы адамдардың практикалық
іс-әрекетіне түрлі жолдармен әсер ететіндігі
зерттеуіміздің мәселесі болып
табылады. Бұндай жолдардың бірі – тұрғылықты
халықтың түрлі категорияларына психологиялық
көмек көрсету.
Елбасы
Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында «Білім беру
жүйесіндегі істің жайын түбегейлі өзгертуді стратегиялық
міндет деп санайды. Ең алдымен мұғалім мәртебесін
арттыру ең алдымен ауылдық жерді арттыру ең бір өзекті
мәселе» - деп атап көрсетті.
Бүгінгі
таңда егеменді еліміздегі білім мекемелерінің алдына
оқушыларға беретін білім мен тәрбие сапасын көтеру
және жақсарту міндеттері қойылады. Соңғы
уақытта заман ағымына байланысты білім мазмұнында
көптеген түбегейлі өзгерістер болуда.
Психологиялық қызмет
деген ұғым-осы заманғы жантану ғылымының
алға қойған мәселелерінің бірі.
Психологиялық қызметтің өмір тәжірибесінде
қаншалықты маңызды екендігін жете түсіндіріп, оны іс
жүзінде қолданудың нақты шаралары мен
әдіс-тәсілдерін іздестіретін психологиялық сипаттағы
күрделі мәселе болып саналады.
Қазақстан
жағдайында психологиялық қызметтің мән-жайын
білдіретін пікірлер мен зерттеулер психолог-мамандар М. Мұқанов,
Ә. Алдамұратов, Н. айғабылов т.б. еңбектерінде
республикалық баспасөзде кейінгі кезде бұл
психолог-мамандарының Қ. Жарықбаев, А. Ақажанова, В.
Чистов қазақ және орыс тіліндегі мектептердегі.
Психологиялық
қызмет туралы Ереже құрастырып, ол тар шеңберде
ғана психолог-мамандар мен мектеп мұғалімдеріне
арналған.Психологиялық қызметтің алдына қойтын
мақсат-міндеттерінің бірі-өскелең
ұрпаққа гуманистік тұрғыдан
тәлім-тәрбие беру, олардың жан-дүниесінің сырын
терең біліп күнделікті тіршілікте ойтағыдай жүзеге
асырудың қажеттілігі. Психология дейтін ғылыми
пән-адамның жан-дүниесінің сырын бейнелеумен бірге
оның келешекте қоғамда алаты орнын да анықтауға
тікелей ықпал ететін тәжірибелік қолданбалы ғылым.
Психологиялық қызметті дәл осы атау мағынасында
қолданбағанымен, адамтанудағы рөлі жайында
көрнекті орын алатынын психолог-мамандар дер кезінде
өздерінің пікірлерінде ашып айтты.Осы бағытта Жүсіпбек
Аймауытұлы адамның жан-дүние сырына барлау жасап
олардыңдаралық өзіндік ерекшеліктерімен санаса отырып
жұмыс істеу керек деген ұлағатты ой түйеді. Мектептегі
психологиялық қызмет жұйесінің атқарар
істерінің ауқымы мол.
Психологиялық қызмет
деген ұғым - осы заманғы жантану ғылымының
алға қойған мәселелерінің бірі.
Психологиялық қызметтің өмір тәжірибесінде
қаншалықты маңызды екендігін жете түсіндіріп, оны іс
жүзінде қолданудың нақты шаралары мен
әдіс-тәсілдерін іздестіретін психологиялық сипаттағы
күрделі мәселе болып саналады.
Психологиялық
қызметтің алдына қойтын мақсат-міндеттерінің
бірі-өскелең ұрпаққа гуманистік
тұрғыдан тәлім-тәрбие беру, олардың
жан-дүниесінің сырын терең біліп күнделікті тіршілікте
ойтағыдай жүзеге асырудың қажеттілігі. Психология
дейтін ғылыми пән-адамның жан-дүниесінің сырын
бейнелеумен бірге оның келешекте қоғамда алатын орнын да
анықтауға тікелей ықпал ететін тәжірибелік
қолданбалы ғылым.
Психологиялық қызмет
жұмыстының негізгі мазмұны мектептің ішкі
проблемаларынан туындап отырады. Осы анықтауға тиісті
мәселелермен бұдан әрі педагогикалық кеңістікте
диагностикалық, коррекциялық жұмыстар, психологиялық ойындар,
тренингтер жүргізіледі.
Ата-аналарды балаларының
сабаққа үлгермеушілігі,
мінез-құлықтағы қиындықтары алаңдатады.
Осы қиыншылықтарды шешу үшін психолог-маманнан өз
балаларымен қарым-қатынасты жақсарту, отбасы
мүшелердің бір-біріне деген
көз қарастарын реттеуге көмек көрсетуді
күтеді. Ал оқушылар болса психолог-маманнан мыналарды күтеді:
·
Оқуға деген шеберлік пен іскерлікті игеру.
·
Өз қатарындағы балалар арасындағы
қиындықтарды жену.
·
Мұғалімдер
мен ата-аналармен жақсы қарым-қатынаста болу.
·
Тұлға
ретінде өз-өзін дамыту.
·
Өз-өзін тәрбиелеу бағдарламасын құру.
·
Болашақта қандай мамандықты таңдау.
Педагог-психолог,
мұғалімдер, оқушылар және ата-аналар
қозғаған көптеген мәселелер, оның
қоғамдағы жасампаз өміріне психологиялық дайыді талдау барысында мынадай үш
байламға тоқталады.
1)
Әртүрлі жастағы оқушылардың
оқу-тәрбие жұмысында кездесетін
қиыншылықтардың болу себептерін көрсету.
2)
Оқушылардың интеллектуальдық және
тұлғалық дамуындағы ауытқушылықтарының
алдын алу, жеңу.
3)
Қилы сұрақтар мен кикілжің жағдайларды шешуге
көмектесу.
Мектептің
психологиялық қызметі қазіргі кезеңге байланысты екі
түрлі бағытпен жүзеге асырылады: өзекті және
болашақтағы қызмет.
Психологиялық
қызметтің бағыттары төмендегідей:
1. Бірніші бағыты - психологиялық диагностика
Баланы психологиялық зерттеу тәсілдерін, оның
ішінде тестілеу, кәсіби игеруді білдіреді. Психологиялық диагностика бойынша жұмыс істейтін
психологтың негізгі міндеті білім беру жүйесіндегі балалар мен
ересек білім беру жүйесіндегі балалар мен ересек адамдардың
психологиясы, мінез-құлқын бағалауға, психологиялық
зерттеу процесінде (үрдісінде) алынған дұрыс және
сенімді көрсеткіштерге сүйеніп оларға мамандандырылған психологиялық
сипаттама беруге келіп тіреледі.
2. Екінші бағыты-психологиялық кеңес
беру.
Оған жұмыстын келесі
жеке түрлері жатады:
Жүргізелген
психологиялық болжам зерттеу нәтижелерінен шыққан
психологиялық-педагогикалық ұсыныстарды өңдеу
және нақты құрастыру, бұл жағдайда осы
ұсыныстар балалар мен ересектерге тәжірибе жүзеге асыру
үшін түсінікті және қолайлы нысанда берілу керек.
3. Үшінші бағыты - психопрофилактикалық
бағыты - бала дамуының жағымсыз психологиялық салдарын, мысалы,
дамуында қалып қою, білім алуында, тәрбие алуында артта қалу,
мінезенің жағымсыз білгелерінің әдептерін пайда болуын
алдын алатын сипаттағы міндеттерді орындаумен байланысты.
4. Төртінші
бағыты - психологиялық коррекция деп аталатын, психологтың
балаға немесе ересекке жетіспеушіліктерді тузету, олардың психологиясы
мен мінез-құлқын өзгерту мақсатында әсер
етуді білдіреді. Бұл жерде психолог психотүзетудің келесі
тәсілдерін кәсібі игеру керек: психотерапия,
әлеуметтік-психологиялық тренинг, аутотренинг, гипноздық
әсер ету техникасында қолданылатын кейбір амалдар, сондай-ақ клиентке
ықпал ететін мүмкіндегі болу керек.
Тәжірибеде психолог, көп
жағдайда, барлық төрт бағытпен байланысты
әртүрлі деңгейде айналысады, бірақ жеткілікті
үлкен арнайы мамандықты, уақытты және кәсіби тәжірибені
талап етеді, сондықтан тәжірибелі психолог жұмысының
дамуы мен жетілдірілуі және психологиялық қызмет бірігіп
жұмыстың қаралған төрт бағытының
біреуін немесе екеуін мамандандыруды білдіреді. Бұл сәйкесінше психологиялық
қызметке төрт әртүрлі саланың мамандарын: психо
диагностикашылар, кеңесшілер, психопрофилактиктер, психотүзетушілерді
енгізуді міндет қояды.
Әдебиет:
1.
Жолдыбекова К. Оқушылардың шығармашылық белсенділігін
дамыту. //Қазақ тілі мен әдебиеті.-2004.-№5.-75-77б.
2. Е.И.Рогов.Настольная книга
практического психолога.Книга1.2.3. М2003.