Керимбаева Р. Бибосынова М.
М.Х.Дулати атындағы Тараз
мемлекеттік университеті, Қазақстан
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ МЕКТЕПТЕ
ОҚУҒА БЕЛСЕНДІЛІГІН
АРТТЫРУ
Қазақстан
Республикасының Білім беру жүйесін реформалау барысында әрбір
баланы мектептегі оқу және әлеуметтік ортаға еркін
бейімделе алатындай жағдай жасау аса маңызды міндет.
Демек,
қазіргі талап бойынша мектептің бірінші сыныбына келетін
балалардың физиологиялық жағынан мықты, адамгершілік,
мәдениеттілік, еңбексүйгіштік қасиеттері мол, ерік-жігері
күшті, жұмыс қабілеттеріне ие, білімге
қызығушылық сипаттары мол болуы қажет. Сондықтан
да мектеп пен мектепке дейінгі мекеменің, ата-аналардың басты
міндеті - баланы мектептегі оқуға, мектеп өміріне даярлау.
Мектепке
алғаш бару - бала өміріне үлкен жаңалық,
өзгеріс енгізеді, қоғамдағы жаңа орынға
көшуі мен өсіп-жетілуінің бір бастамасы. Баланы мектепке дайындау дегенде көптеген ата-аналар балаға әріптерді және
санауды үйретумен ғана
шектеледі. Әрине баланың
оқуға дайындығын ақыл-ойының
даярлығымен ғана шектеліп қоймай, оның
оқуға психологиялық жағынан даярлауды қарастыру
қажет.
Яғни,
бұл баланың мотивациялық-қажеттілік және
психикалық үрдістерінің дамуы оқуда, қарым-қатынаста
қиындыққа кезікпеуіне
мүмкіндік береді. Бұл қауырт кезеңде мектеп бірінші күннен бастап оқушыға
бірнеше талаптар қойып және баланы ұқыптылық пен
зейінділікке тәрбиелейді.
Сондықтан
да балалар оқу ісіне машықтануға,
қимыл-әрекетерінің ықтиярлы басқарылуы
қабілетін, ақыл-ой еңбегін, мақсаткерлігін,
дағдысын қалыптастыруға аса көңіл бөлінеді.
Бүгінгі
күнде «мектептегі оқуға
дайындық» ұғымы комплексті және баланың
барлық өмірінің сферасын қамтиды. Мектепке дейінгі
баланың өмірінде әлеуметтік,
психологиялық жағынан және физиологиялық
жағынан да қиын кезең.Бұл кезеңде мектеп
өмірімен танысады, әлеуметтік ортасы өзгеріп және
оқушының жаңа әлеуметтік рөлін меңгере
бастайды.
Мектепке
дейінгі шақта балаларды мектепке даярлауда өзіндік танымын
қалыптастыру педагогика мен психологияның ортақ
мәселелелерінің бірі болып табылады. Осы шақта баланың қоршаған
болмыспен танысу мүмкіндігін қамтамасыз ететін барлық
психикалық процестердің қарқынды даму кезеңі.
Балалар
қоршаған болмыс құбылыстарының ең бастысын,
маңыздысын ажырата білуге үйренеді, құбылыстың
себептерін тауып, салыстырып, талдау жасай білуге және қарапайым
қорытынды қалыптастыруға жаттығады.
Қоршаған айнала заттарымен жұмыс жасаудың
көптеген тәсілдерін меңгереді, өзін-өзі басқара
бастайды, әрекет жасау ережелерін
игереді. Мұның барлығы балалардың өзіндік танымының
қалыптасуын болжайды.
Өзін жақсы адам ретінде тәрбиелеу үшін ең алдымен адам
өзін-өзі тани білуі тиіс. Өзін-өзі тани білу
өзіндік сананың қалыптасуынан туады. Өзіндік сана
дегеніміз – бұл ең алдымен тұлғаның
өзінің рухани және дене күшін, әрекеттері мен ой-сезімдерін
тануы. Ол тұлғаның өзінің қоғам
мүшесі екендігін, айнала қоршаған орта мен басқа
адамдармен қарым-қатынасын тануы.
Мектепке дейінгі балалармен жүргізілетін сабақтардың
ерекшеліктері, сабақтың құрылымы
өзіндік танымның дамуына
ықпал ету арқылы мектепке даярлауды көздейді. Балаларға
түрлі жаттығулар, тапсырмалар ұсынылады, олардың дәйекті орындалуы шығармашылықпен
жұмыс істеуін, баланың
өзін-өзі тануын қажет
етеді.
Мектепке даярлық деңгейін анықтауда
басшылыққа алынатыны, көбінесе, оқу және жазу
іскерліктерінің шамасы. Ал, баланың жаңа ортаға
түсуіне байланысты көңіл-күйінің сипаты;
сынып-сабақтық жүйеге төзімін білдіретін еріктік
қасиеттері; жазба білімдерді қабылдап, игеруге қажет таным
процестерінің даму деңгейлері тексеріле бермейді. Бұдан
шығар қорытынды - баланың мектептегі оқуға
даярлық көлемінің педагогикалық тұрғыдан
қарастырылатындығында.
Психологиялық сөздікте "мектепке
психологиялық даярлық" ұғымын былай
анықтайды: баланың мектептегі оқуды табысты бастауы
үшін қажетті психикалық сапалар кешені.
Ол мектеп пен оқуға жағымды қатынастан (мотивтік
даярлық); мінез-құлықтың
ырықтылығының барынша жоғары деңгейінен (еріктік
даярлық); білім, іскерлік, дағдының белгілі бір қоры
мен таным үрдістерінің даму деңгейінен (ақыл-ой
даярлығы), сондай-ақ үлкендермен және
кұрдастарымен өзара қарым-қатынас орнатуды, сынып
ұжымы өміріне араласып кетуді, бірлескен әрекетті орындауды
қамтамасыз ететін адамгершілік сапалардың қалыптасуынан тұрады.
Баланың мектепке танымдық даярлығын аса
маңызды үш тұрғыда: зейіннің даму деңгейі;
естің даму деңгейі және ойлаудың
қарапайымнан жоғары формаға
дейінгі даму деңгейі қарастырылды. Олардың
әрқайсысының көріну жолдары
қарым-қатынастың түрлі стильдері
арқылы сипатталынды.
Мәселен, зейін қасиеттері мен түрлері: көлемі,
тұрақтылығы, алаңдағыштығы,
шашыраңқылығы, шоғырлануы және
ырықтылығы өктемдік, тәуелсіздік, ымырашылдық стильдерінде
қалай көрінетіндігі; есте сақтау мен қайта
жаңғыртудың көрнекі-бейнелік, қозғалыс,
логикалық ойлау түрлерінің жоғарыда аталған
қарым-қатынастың 3
түрлі стилінде көрінужолдары зерттелді.
Мектепке дейінгі мекеме тәрбиеленушілерінің «денсаулық»,
«қарым-қатынас», «таным»,
«шығармашылық», «әлеуметтену»
құзіреттіліктерін қалыптастыру мақсатында:
- мектепалды
даярлықтың негізгі аспектісі ретінде
тұлғаралық қарым-қатынастарды, баланың өзіне өзінің
қатынасын, қарым-қатынастың мәнерлі
белгілерін, қатынас құралы
– тіл туралы, коммуникацияның мектепке дейінгі жас ерекшеліктеріне сәйкес жіктелуін, халық ауыз әдебиетінің
озық үлгілері арқылы балалардың сөздік
қорын дамытуды және қазақ фольклорының кіші
жанрларын логопедиялық құрал ретінде пайдалану;
- танымдық даярлық
– мектепке дейінгі мекеменің оқу-тәрбие үрдісінде балалардың
ой ұшқырлығын, тапқырлығын, танымдық
сергектігі мен елгезектігін дамытуда психологиялық жаңа құралдарды пайдалану; танымдық
әрекеттер: қабылдау, есте сақтау, түйсік, қиялды
ауыз әдебиеті үлгілері арқылы балалардың жас
ерекшеліктеріне қарай, ұйымдастырылған оқу
әрекетінде және педагогикалық процессте дамыту;
- мектепке баратын
балаларға ұлттық құндылықтар арқылы
әлеуметтік орта нормаларын меңгерту адамгершілік әліппесі,
мінез-құлық мәдениеті туралы қарапайым
түсініктер беру; адам табыстылығының, саулығының,
бақытының кепілі ұстамдылық, ал оның негізі –
сабыр екенін ұғындыру; сабырлылық туралы ұлы ойшылдар
қазынасымен таныстырудың психотехникалары.
Мектепалды даярлық сауатты ұйымдастырылған жағдайда
баланың жаңа әлеуметтік ортаға жылдам бейімделуі арқылы
жетекші әрекеттің нәтижелілігінің артуына ықпал
етеді.
Әдебиет:
1.
Божович
Л.И. Личность и ее формирование в детском возрасте. - М.: Просвещение, 1988. - 464 с.
2.
Спиваковская А.С.
Психотерапия: игра, детство, семья. - М.: 2000-304с.
3.
Леонтьев
А.Н. Деятельность. Сознание. Личность. - М.: Политиздат, 1985.-230 с.
4.
Блюм Г. Психоаналитические
теории личности.–М.: 1996. – 12-35 с.