Ж.Рахманкулова

 «Астана» балабақшасы, Сарыкемер ауылы, Жамбыл облысы, Қазақстан

 

МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫ ОҚЫТУ ЖӘНЕ ТӘРБИЕЛЕУДЕ МОНТЕССОРИ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНУ

 

Қазіргі қарқындап дамып келе жатқан заманда әлемдік деңгейге жетуде, білім беру жүйесінде  инновациялық әдістерді  пайдалану заман талабы. Ол Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында  көрсетілген.

Осындай игі бастаманы жүзеге асыруда Жамбыл облысы әкімдігі  білім басқармасының бұйрығымен 2013-2014 оқу жылынан бастап  Байзақ ауданының «Астана»  балабақшалары   эксперименттік алаң  ретінде таңдалынып алынды.

Эксперименттік жұмыс тақырыбы «Балабақша жағдайында инноваияларды енгізуді  ұйымдастыру-педагогикалық шарттары». Әрине инновациялық технологиялардың түрлері өте көп, біздің балабақша Монтессори технологиясын оқыту үрдісінде қолдану  арқылы  балаларды тәрбиелеу мәселесімен  шұғылданады.

Эксперименттік алаң жұмысын  жүргізудің негізгі мақсаты: Балабақша жағдайында инновациялық  бағыттағы   жұмыстарды ұйымдастыру,  жаңа бағдарламалар әзірлеу, оқу-әдістемелік кешендер жасау, озық іс-тәжірибелерді насихаттау.

Осы тұрғыда  эксперимент жүргізуші шығармашылық топ мүшелері “Монтессоридің  ғажайып әлемі” бағдарламасын жасап шығардық. Бағдарлама үш бөлімнен тұрады:

1.“Сенсорлық таным” (2-кіші топ)

2.“Өз қолыммен жасаймын” (ортаңғы топ)

3.“Бәрін білгім келеді” (ересектер тобы)

Сондай-ақ “Өзіме жасауыма көмектес” үйірмесі (ғарыш, тәжірибе өмір аймағы) жұмыс істейді.

Бүгінгі таңда эксперименттік жұмыстың 3-кезеңі бойынша жұмыстар жалғастырылуда.  Монтессори  технологиясын әлемнің 180 мемлекеттері қолданады, ол мектепке дейінгі және бастауыш мектеп оқушыларының ерте дамуы мен еркін тәрбиелеу идеясы негізінде жүзеге асады.

3-7 жас аралығындағы балалардың психикалық дамуына жағдай жасап, олардың табиғи қабілеттерін арттыруға бағытталған. Монтессори тек ақыл - ойы  кем балалармен  ғана емес, қалыпты  балалармен  де жұмыс жасаған.

Балалар әртүрлі жастағы топ болып жұмыс жасайды, мысалы, 2 жастағы баланың қасында 4 жасар бала жұмыс жасайды, олар бір-біріне кедергі келтірмейді, керісінше бір-біріне көмектеседі. Монтессоридің  әдістемесінің негізгі бағыты- бала әрекетіне еркіндік беру, таңдауына,  қызығушылығына  және  пікіріне  құрметпен  қарау,  баланың  өздігінен  дамуын  бақылау.

Әдістеменің  ұраны: «Менің өзім жасауыма көмектес!». Демек,   Монтессори  әдістемесін  балабақшада  пайдаланудың  тиімділігі, ол  бала өзінің  даму  ортасында  еркін,  өз  пікірін  алға  тарта  отырып  жұмыс  жасайды.   Монтессори  әдістемесі  бойынша  бала  өз  орнында отырғысы келмесе сол мезетте ол еденге немесе кілемшеге отырса не  жатса, оның ешқандай қателігі жоқ.  

Монтессори  технологиясын  қолданудың әдіс-тәсілдері
қазіргі заманда   білім  мен ғылымды инновацияландыруда мәні зор. Себебі жас  ұрпаққа мән - мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру заман талабы.  

Баланың   жеке  тұлға  ретіндегі  дамуы  өзіндік  көзқарасының  қалыптасуы, ой - өрісінің кеңеюі балабақша қабырғасында басталатыны сөзсіз.  Қай кезеңде болмасын балабақшада Монтессори әдісі еш уақытта орнын жоғалтқан емес. Бала табиғатында білуге құмар, тумысынан - ақ өсуге, жетілуге ұмтылысы басым тұлғаға Монтессори ойыншықтарын беру арқылы  ұсақ қол моторикасын дамытып, шыдамдылыққа үйретеміз.  
      Монтессори әдісі балаларға жауапкершілікті сезінуге, өздігінен шешім қабылдауына, топта да, жеке де жұмыс жасай алуына, таңдау жасай алуына, өз уақытын ұйымдастыра білуіне, өзіне сеніммен қарауына мүмкіндіктер береді, қолайлы жағдай туғызады.  Бұл әдістің мақсаты - балалардың табиғи мінезін, қабілетін, тәрбиешінің нұсқауымен емес, өз еркімен тәуелсіздік рухында тәрбиелеу.  "Өзімнің жасауыма  мүмкіндік  бер"
-дейді  мұндағы  бала.  Балаларға  дауыстап  сөйлеу  бұл  әдісте  мүлдем жоқ.

Тәрбиеші  балаларға әр сала жайлы  қызықтыра  мағлұмат  береді.  Балалардың  жас  ерекшеліктері  әр түрлі, 3 пен 6 жас  бірге өз  қалауларымен  жұмыс  жасайды. Бұл  жастың  қабілетін  ашуға, үлкеннің  кішіге  мейірім,  қамқорлығын  сезінуге  мүмкіндік берері сөзсіз. Қай  салада  жұмыс  жасау  бала  қалауында: зертханада, жаратылыстану, аспан  әлемі, асхана,  қолөнер, бейнелеу, сумен, т. б.

Еркін жұмыс жасау барысында жетістігін өзі көріп,  қатесін  де  өзі  жөндеуі - ішкі дүниесін тәртіпке баулып, жеке адамгершілік қасиеттерін дамытады деп ойлаймын. Пайдаланған заттардың ең басында қалай тұрғанын бақылаған бала жұмыс аяғында тап солай жинастырып, тазартып қояды.

Мария  Монтессори  әдістемесі  бойынша балалармен бес аймақта жұмыс жасадады:

- Сенсорлық  даму аймағы. 

- Тәжірибелік өмір аймағы.    

- Логикалық аймақ. 

- Тіл дамыту аймағы.

- Ғарыш аймағы.

Монтессори  әдісінде  жарысқа түсу тіпті жоқ.

Монтессори әдістемесінде   балабақшада ойыншықтардың көп болуы  ең  басты емес. Олардың  орнын  кубиктер,  пластинкалар, моншақтар, жіптер сияқты әр түрлі нәрселер ауыстырады. Бұндағы ең басты міндет – балалардың ұсақ қол моторикасын,  есте сақтау қабілетін, тілін дамыту.  

Мектепке дейінгі балалардың негізгі іс-әрекеті ойын болғандықтан, оны еркіндікте,  “еркін жұмыс”, заттармен өзбетімен жұмыс істеу арқылы ұйымдастыру болып табылады. Педагог әлсіз енді ғана өмір жолына тұрып келе жатқан балаларның бойында  өздігінше әрекетті, өзіндік жауапкершілікті  тәрбиелеуі тиіс. Соған сәйкес, бала  өзін-өзі  дамытады, өзіндік сана сезімі,  өзіндік танымы қалыптасады.

Сенсорлық даму ақыл-ой тәрбиесінің негізі-сенсорлық эталондар  арқылы жузеге асады. Ол баланың сезімдік тәжірибесінің дамуын  қамтамасыз етеді, заттардың қасиеті мен сапасы туралы түсінігін қалыптастырады.
    Сенсорлық тәрбие дегеніміз- бұл түйсік пен қабылдаудың дұрыс бағытта дамуы.Түйсігі мен қабылдауы мол баланың қоршаған дүние жайлы көзқарасы кең, жан-жақты дамыған, өзіне сенімді келеді. Сөйтіп баланың сенсорлық мәдениеті, оның түйсігі мен қабылдауының даму деңгейі ойдағыдай дамыған таным қызметінің алғы шарты болып табылады.

Мектеп жасына дейінгі баланың сенсорлық дамуының бір-бірімен байланысты екі жағы бар. Біріншісі- заттар мен құбылыстардың әр түрлі қасиеттері мен байланыстары жөніндегі түсініктерді меңгеру. Екіншісі- қоршаған ортаны толықтай және жекелей қабылдауға мүмкіндік беретін қабылдаудың жаңа әрекетін игеру.

Мектепке дейінгі балалық шақта бала өзінің сенсорлық тәрбиесін жинақтау нәтижесі болып табылатын заттық үлгілерді қолданудан көпшілік қабылдаған сенсорлық этолонға ауысады. Сенсорлық этолондар дегеніміз – қасиеттер мен қарым-қатынастардың әр түрінің негізгі жеке түрлері жөнінде адамзатта қалыптасқан түрлері. Бұларға түс, пішін, заттардың шамасы, олардың кеңістіктегі орны, дыбыс күші, уақыт аралықтарының ұзақтығы, тағы басқалар жатады. Баланың сенсорлық этолондарды игеруі балалар бақшасының бағдарламасына сәйкес жеке геометриялық пішіндермен, түстермен танысудан басталады. Заттардың қасиеттері туралы кез-келген түсініктер пайда болу сияқты сенсорлық этолонды меңгеруде, үлгілердің мәніне ие болуға тиісті тексерілуге  бағытталған пішіннің жеке түрлері, түсі, шама бойынша қатысы басқа да қасиеттері мен қатыстылығы қабылдау  әрекеттерінің нәтижесінде өтеді.

Әйтсе де бұл жеткіліксіз 1 жастан 3 жасқа дейінгі сенсорлық тәрбие балалардың әр түрлі сенсорлық әсерлерін байытуға бағытталған.  Ол баланың жалпы ақыл-ой дамуының негізін құрайды, сенсорлық этолондар мен қарапайым  нысандарды меңгеруге негізделеді  және танымдық, интеллектуалды, шығармашылық қабілеттерді дамытудың алғы шарты болып табылады. Сенсорлық тәрбие жалпы сенсорлық қабілеттерді қалыптастыруды және   балалардың бойында оларды қабылдауда, түстердің үйлесімін  заттардың пішіндерін тани білуді, шаманың жекелеген өлшемдерін ажыратуды көздейді.

Біз өз жұмысымызда балаларды сенсорлық этолондардың көптеген түрлерімен және оларды жүйелеумен   таныстырамыз. Мұндай таныстыру  әрбір қасиеттердің негізгі жеке түрлерін тексеру мен есіне сақтау, балалардың іс-әрекеттерін ұйымдастыру жатыр. Балаларды сенсорлық этолондармен таныстыру заттардың қасиеттерінің негізгі, жеке түрлерін білдіретін сөздерді баланың есінде сақтауын ұйымдастыру болып табылады. Балаларға геометриялық пішіндердің, түстердін, шамалар қатынасының жеке түрлерін тек қана көрсетіп, олардың аттарын есте сақтауға қол жеткізген жағдайларда, тіпті дұрыс қолданатын сөздің өзі мектеп жасына дейінгі баланың ұғымдары мен қабылдауларын жетілдіруге себепші болады.

 

Әдебиет:

1.   ҚР  білім  беруді  дамытудың  2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік  бағдарламасы. Астана, 2010 ж 

2.    Венгер Л.А. Қабылдау мен оқыту. - Москва, 2010 - 365б.

3.    Әліметова Ә. Сөйлеу жағдаяттарының түрлері. Алматы. 2005. –158 б.

4.   Бердібаева С.Қ. 5-8 жастағы балаларда алғашқы физикалық ұғымдарды  жоспарлы қалыптастыру негізінде ойлау іс-әрекетін дамыту. – Алматы, 1997. 236 б.