Минасипова А.Р., Иманқұл А.М.

М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Қазақстан

 

МЕКТЕПТІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ

 

Қазіргі кезеңде психология ғылымы алдында тұрған теориялық және практикалық міндеттердің сан қилығына орай үлкен қарқынмен дамуда. Психологияның негізгі міндеті –  психикалық іс-әрекетті оның даму барысымен байланыстыра зерттеу. Соңғы он жылдықтарда психологиялық зерттеулер аймағы біршама кеңейіп, жаңа ғылыми бағыттар мен салалар дүниеге келді. Б.Ф. Ломов: «Психологияның методологиялық және теориялық проблемалары»атты еңбегінде қазіргі заман ғылымының жағдайын сипаттай келе, «Бүгінгі күнде психология әдіснамалық проблемалары мен оның жалпы теориясын бұдан да былай тереңдетіп зерттеудің қажеттігі күрт жоғарылады» – деп жазады. Осы заман психологиясы көп тармақты білімдер жүйесі ретінде танылып, әртүрлі еңбек тәжірибесімен байланысуда. Әдетте, психология салаларын жіктеудің негізгі принципі – психиканың іс – әрекетте даму принципі болып табылады. Сондықтан, көбінесе психология салаларын топтастыру негізіне адамдардың әртүрлі еңбектік әрекеттері алынады. Дамуы сонау көне заман қойнауынан бастау алған жантану ғылымы күнделікті өмірге қарқындап еніп келеді. «Өзіңді – өзің тани біл» деген Сократ тұжырымының өзектілігі де артып барады. Психология ғылымымен жақсы таныс адам өзінің жан дүниесінің қыры мен сырын, яғни жеке басының қайталанбас ішкі болмысын танып білуге зор мүмкіндік алады.

Психологиялық қызметті қазақ қыздар гимназиясының жағдайында ұйымдастыруда осы салалардың бірі  – педагогикалық психология саласы айрықша орынды иеленетінін атап өткен жөн.

Бүгінгі күнде оқу дайындығын анықтау көп компонентті. Ол жан – жақты комплексті психологиялық зерттеулерді талап етеді. Л.А. Венгер, А.Л. Венгер, В.В. Холмовской, Я.Я. Коломинский, Е.А. Ташко және т.б. мәліметтер бойынша психологияның дайындықты анықтау құрылымының келесі компоненттері бар.

Қазіргі педогогикалық қоғамдастықтың алдында білім берудің жаңа моделін құру, оны сынақтан өткізу мен енгізудің ауқымды міндеттері тұр. Қазақстан  Республикасының  2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасындағы басты мақсат мектепке дейінгі білім беруді ұлғайту жолымен балалардың білім алуына бастапқы мүмкіндіктерді қамтамасыз ету болып табылады.

Мектептегі психологиялық қызметтің негізгі мақсаты-мектеп оқушыларының жеке тұлға ретіндегі қалыптасуына, олардың шығармашылық мүмкіндіктерінің ашылуына, қабілеттері мен бейімділіктерінің дамуына көмектесу; олардың психологиялық ерекшеліктерін терең зерттеу; оқушылардың психикалық дамуындағы ауытқушылықты, кешеуілдеуді болдырмаудың жолдарын іздестіру; мұғалімдер ұжымында психологиялық ахуалды қалыптастыру; ата-аналар үшін психологиялық сауаттандыру, білім беру сабақтаныр ұйымдастыру. Мектептегі психологиялық қызметке қойылатын талаптар өте көп. Осы талаптарды орындау психологтың кәсіби біліктілігіне, шығармашылық ізденісіне байланысты. Басты талаптар:

- балалардың мектептегі оқуға даярлығын анықтау;

- бастауыш сынып оқушыларының мектепке бейімделуін тездету және үлгермеушілікті болдырмаудың алдын-алу мақсатында пән мұғалімдерімен бірлесе отыра арнаулы бағдарламалар жасау;

- оқушылардың дамуындағы «дағдарыс», «өтпелі», «қиын» кезеңдерге үлкен жауапкершілікпен қарап, бұл кезеңдерді арнайы бақылауға алу;

- үлгерімі, тәртібі төмен оқушылармен диагностикалық-коррекциялық жұмыстар жүргізу;

- оқушылардың ұстаздарымен, ата-аналарымен, өз құрбыларымен қарым-қатынас бірлігін орнату;

- кәсіптік бағдар беру жұмыстарын ұйымдастыру;

- мектеп әкімшілігі мен мұғалімдерге, ата-аналарға оқыту мен тәрбиелеудің психологиялық мәселелері, өзара қарым-қатынас үлгілері, оқушылардың психикалық процестерінің даму заңдылықтары туралы психологиялық кеңестер беру.

Мектеп үшін психологиялық қызмет жұмысының мәні ерекше, әсіресе мемелекетіміздің күш қуаты дамыған заманда бала ерекшеліктеріне мән беру, дарындылығына жол ашу, дамыту, ой – өрісті өркендету кезеңі болмақ. Психологиялық қызметті  жүйелі түрде жүргізудің нәтижесінде, өзін – өзі таныған адам ретінде биікке көтеріле алатын, өз ұлтының қадір – қасиетін сақтай да, ұстана білетін,  өз жетістігін және кемшілігін білетін, өз жұмысын жан – жақты талдау жасай білетін, жұмыс жасау қабілеті жоғары, табандылық, ойлылық, тапқырлық қасиеттері  қалыптасады.

 

Әдебиет:

1.       Абрамова Г.С. Введение в практическую психологию. Екатеринбург, 1995.

2.       Анастази А. Психологическое тестирование в 2-х томах М., 1982

3.       Бурменская Г.В., Карабанова О.А., Лидерс А.Г. Возрастно-психологисеское консультирование.- МГУ, 1990.