Б.Қ. Абдрақов - профессор, Д.И.Минарбеков – магистр,

Н.Ишанбеков – студент

Тараз мемлекеттік педагогикалық  институты, Қазақстан

 

ҚАЗІРГІ ҚОҒАМДА ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУДЫ

 ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ РОЛІ

 

 

Дене мәдениетінің экономика, әдебиет, өнер және де басқа қоғамдық құбылыстар тәрізді даму сатысында өзінің ерекшеліктері мен заңдылықтары бар. Оның мағынасы, ұйымдастыру түрлері әдістемелік тәсілдері ғылыми-техникалық прогресс жолында, мәдени талаптарға байланысты, қоғам мақсаты мен міндеттеріне сәйкес әрдайым өзгеріп отырады. Дене тәрбиелеу мәдениеті мен спорттың үнемі дамуы және түсініктердің пайда болуы және ұғымдарды анықтауды талап етеді.

Қазақстан Республикасында әр азаматтың білім алуына мүмкіндігі бар, сонымен қатар денсаулықты нығайтуға, дене мәдениеті мен спортты жетілдіруге бағытталған қызметтер кепілді түрде өз қолдауын табады. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан жолы – 2050. Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты өзінің Қазақстан халқына жолдауында «біздің болашаққа деген жолымыз Қазақстандықтардың әлеуетін ашуға арналған жаңа мүмкіндіктермен баланысты XXI ғасырдағы дамыған ел – бұл белсенді, білімді және дені сау азаматтар» екенін атап өтті [1]. Платонның өзі сапалы мемлекетті құру үшін алдымен барлық адамдар дене тәрбиесімен айналысып, дене салауаттылығына көңіл бөлу қажеттілігіне тоқталды [2]. Дене тәрбиесі – адамдардың дене, мүсін сұлулығын, қимыл-қозғалыс үйлесімділігін, әдемілігін, дене қуатын жетілдіруге қолданылатын мемлекеттің, қоғамның материалдық және рухани байлығын құрайтын, халықтың жалпы мәдениетінің бір саласы. Материалдық байлықтар – спорт сарайлары, стадиондар, бассеиндер, спорт залдары, түрлі спорттық ғимараттар, құрал-жабдықтар. Рухани байлықтар – дене тәрбиесі мен спорт саласындағы арнайы білім, ғылыми-зерттеулер, озық тәжірибелер, әдістемелер, идеялар. Дене тәрбиесі – бұл адам ағзасына дене жаттығуларымен мақсаты, жүйелі түрде ықпал ету, денсаулықты нығайтуға жақсартарлық табиғаттық табиғи күштері мен тазалық сақтауды жолға қою, дене қасиеттерін тәрбиелеу және өмірлік мәні зор қозғалтқыштық іскерлік пен дағдыларды, соларға байланысты білімдерді қалыптастырып, жетілдіріп, адамды белсенді өмірге даярлап қамтамасыз етеді [3]. Дене тәрбиесі – дені сау, дене бітімі және рухани жағынан жетілген ұрпақты қалыптастыруға бағытталған педагогикалық үрдіс. Дене тәрбиесі, мектепке дейінгі ұйымдарда - аптасына кемінде үш сағат, жалпы білім беретін мектептерде аптасына кемінде үш сағат, колледждерде – аптасына кемінде төрт сағат, жоғары білім беру бағдарламаларын іске асыратын жоғары оқу орындарында бірінші және екінші оқу жылдарында білім алушылар үшін аптасына кемінде төрт сағат көлемінде жүргізіледі [4].

Дене мәдениеті біздің деңсаулығмыздың иегерінің бірі. Ал бұл фундаменттің  негізі мектептен бастап қаланады. Заманауи дене шынықтыру сабақтарының міндеттері  балаларды сол және басқа да дене жаттығуларын орындауға сапалы түрде қарауға үйрету. Жоғары сынып оқушыларының дене тәрбиесі міндеттеріне, денені мақсатты түрде жан-жақты, үйлесімді дамыту, дене тәрбиесі жаттығуларын, гигиеналық және сыртқы орта әсерлерін денсаулықты нығайтуға қолдану іскерлігін, қобалжуға қарсылық мүмкіншіліктерін қалыптастыру, жоғары деңсаулық деңгейінің, жан-жақты дене дайындығының қазіргі қоғамға да, өзі үшін де қажет екенің сапаларында қалыптастыру жатады. Нәтижесінде адамның келешек іс-әрекеті де осыған тәуелді болады. Дене мәдениеті адамның жетілуінде, оның деңсаулығын нығайтуда басты роль атқарды. Тек дене мәдениеті ғана балалар мен өскелен ұрпақтың салауатты өмір салты міндеттерін орындауы бойынша негізгі міндеттері болатын өскелен ұрпақтың деңсаулығын жақсартуға бағытталған. Адамның салауатты өмір салты қозғалыс белсенділігімен тығыз байланысты сөзсіз. Табиғат өскелен ұрпаққа қозғалу қажеттілігін сыйлаған деп айтуға болады. Бірақ, қазіргі кезеңдегі адамның бала кезінен қозғалыс белсенділігінің жетіспеушілігі байқалады. Үйде, балабақша мен мектептерде балалардың қозғалыс мұқаждығы өте төмен.

Денені тәрбиелеу жүйесі қоғамдағы әр адамның денесін тәрбиелеуде жеке басының дарының, қабілетін арттыруды көздейді. Әсіресе өмірде керекті жылдамдық, күш, ептілік, төзімділік және басқа да дене сапасын арттыруға күш салады. Адамның осы қабілеттері негізгі қимыл мүмкіншілігі болып табылады. Осы қимылдар арқылы адамның дене дайындығын едәуір жақсартуға болады.

Оқушылардың білімдік, сауықтыру және тәрбие даярлығын жетілдіруге бағытталған оқу жаттығу үдерісінің мазмұны анықтау кезінде, жетекші психофизикалық қасиеттер мен сапалардың дамуына, морфофункционалды ерекшеліктерге деңсаулық қалпына, қызығушылықпен ынталарға ерекше көңіл аударыдады.

Оқушылардың жалпы және арнайы дене даярлығының құралдарын анықтау кезінде, спорттық жаттығу әдістеріне де көңіл бөлу қажет. Осы мақсатта акцентті, қайталама, қайталама-ауспалы, айналмалы жарыстық және тағы басқа әдістер, олардың әртүрлілігі мен қосындыларын ескере отырып өз орнын табу қажет. Қимыл-қозғалыс дағдыларын игеруге және оқушылардың  дайындық   деңгейлерін арттыруға бағытталған жалпы дене дайындығының құралдары ретінде қолданбалы маңызға ие болатын дене жаттығулары және базалық спорт түрлерінен (гимнастика, жеңіл атлетика, қозғалмалы ойындар, спорт ойындары, шаңғы, жүзу) қимыл-қозғалыс әрекеттері ұсынылады.

Қазіргі балалар мен жастардың көпшілігі өздерінде қозғалыс  белсенділігінің жетіспейтіндігін сезінеді. Нәтижесінде қанқа бұлшық еттерінің күші мен жұмысқа қабілеттілігі төмендейді, бұдан бел сүйектері бұзылады, омыртқа сүйіктері қисаяды,жас ерекшелігіне сәйкес дамуы бояулайды. Осы айтылғандардың бәрі балалар мен жастарда салауатты өмір салтына қажеттілікке тәрбиелеу проблемасының өзектілігін көрсетеді.

Қорытындылай келе, Республикамыздың экономикалық мақсаттарымен қатар халықтың әл- ауқатын арттыру, деңсаулығын нығайту, адамдардың дене шынықтыру және спортпен шұғылдануына жағдай жасау арқылы деңсаулығы, мықты ұрпақ тәрбиелеу мақсаттары алға қойылған тағы да айта кету керек.

 

Әдебиет:

1.       Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. 2014 жылғы 17 қаңтар.

2.       Афанасьев  В.Г. Научно-техническая революция, управление, образование. – М., Политиздат, 1972-431с.

3.        М.Ш.Тұяқбаев.  Спорт ілімі терминдеріне түсініктер (әдістемелік ұсыныстар) , 2012ж. – 32 бет.

4.       Дене шынықтыру және спорт туралы Қазақстан Республикасының заңы № 228 – КРЗ, Астана,Ақорда, 2014 жылғы 3 шілде.