Күріш ауыспалы егістігінде Роторлы техникалық
құрылғымен тұқым себер алдында топырақ
өңдеудің экономикалық тиімділігі
Күріш ауыспалы егістігінде жер өңдеуде
10 см тереңдікке дейінгі
топырақ қалыңдығы
өте құрғақ,
құрғақ, ылғалды және өте ылғалды
болып бөлінеді. Сонымен қатар, күрішті себер көктем
айларының уақытында ауаның температурасы
құбылмалы болып, жылу алмасу жоғары болады. Желдің жиі
соғып тұруы және ауа температурасының
күшінің өсе түсуіне байланысты топырақтың
ылғалды ұстап тұру мүмкіншілігі төмен болады.
Біздің есебіміз бойынша Қызылорда облысының күріш
ауыспалы егістігінің 3000 га жеріне жер өңдейтін роторлы
культиваторды қолдансақ, онда бір жылда барлық
өңделетін жер көлемі:
АГ = 1600
га. (1)
Техникалық құрылғының жер
өңдейтін роторлы культиваторды қолданыстағы
өңдеу түрімен салыстыра есептей отырып экономикалық
тиімділікті анықтаймыз. Салыстырмалы жұмыс арнаулы машиналармен
салыстырылады. Сондай-ақ, арнаулы машиналарға жүргізілген
экономикалық бағалау алынатын өнімнің өзгеруіне
және оның сапасына,
оған жұмсалатын шығынды төмендетуге байланыстырылады.
Техникалық құрылғылармен
атқарылатын екі жағдайдағы топырақтағы тоң
кесектің майдалануы салыстырылады.
Бірінші жағдайдағы қолданылған
агрегаттарға: Т-150К тракторы және екі рет із қалдыратын ауыр
дискалы БДТ-7,0; МТЗ-80 тракторы СП-11У тіркемесімен және екі
қатарлы орналасқан 12 тісті
БЗТУ-1,0 ауыр тырмасын қолданып, атыз ішін өңдеуді екі рет
қайталайды.
Екінші жағдайдағы жер өңдеуде
үш агрегатты қолданып: Т-150К тракторымен екі рет із
қалдыратын ауыр дискалы БДТ-7,0; Т-150К тракторына КФГ-3,6 топырақ
фрезасын тіркеп; МТЗ-80 тракторы СП-11У тіркемесімен екі қатарлы орналасқан 12 тісті 6 бөлек
БЗТУ-1,0 ауыр тырмасын қолданып жұмыс атқарады.
Бұл екі жағдайдағы техникалық
құрылғылар біздің зерттеулерімізде
қарастырылған. Сонымен қатар, бұл екі жағдайдағы жер өңдеу
жұмыстары топырақ құрамының майдалануын
қажетті деңгейде атқара алмайды, әсіресе бірінші
жағдайдағы кесектердің майдалануы 50 мм көп болуы
байқалды.
Ұсынылып отырған жаңа үшінші
жағдайдағы агрегат құрамы Т-150К тракторына роторлы жер
өңдегіш культиваторды (РПК) тіркеген. Пайдалану шығынын
есептеуде біріншіден техника жұмысының және оның
жөнделуі мен техникалық қызметіндегі тозуына кететін
есептемелікте За шығынын қарастырамыз.
Қолданыстағы бірінші нұсқа
бойынша:
Қолданыстағы екінші нұсқа
бойынша:
Роторлы жер өңдегіш культиватордың
жаңа нұсқасы бойынша:
Мұндағы:
Б1, Б2 – Т-150К және МТЗ-80
тракторларының бағасы:
Бз - СП-11У және БЗТУ-1,0 12 ауыр тісті
тырма тіркелген тіркеме бағасы;
На - Пайдалану шығынын есептеуде
біріншіден техника жұмысының және оның жөндеуі
мен техникалық қызметіндегі тозуына кететін біріктірілген нормасы;
ББ, БК, БР, - БДТ-7,0, КФГ-3,6 және РПК
агрегаттарының бағасы;
ТБ, ТЗ,
ТК, ТР – Техникалық құрылғылардың
сағаттық жылдағы жүктемесі;
WБ, WЗ, WК,
WР - Техникалық құрылғылардың
пайдалану өнімділігі, га/сағ.
Трактор мен техникалық құралдардың АҚШ
долларындағы бағасы:
-Трактор Т-150К Б1=78000,
-Трактор МТЗ-80 Б2=12500,
-КФГ-3,6 фрезасы БК=8300,
-БДТ-7,0 дискалы тырмасы ББ=11510,
-СП-11У12 ауыр тісті тырма БЗ=2340.
Роторлы жер өңдегіш культиватордың біреуін
дайындауға кететін шығын БР=3000
долл. Бұны «Агротехмаш» ЗАҚ БК жүргізілген
бағасымен есептеу шығыны төмендегідей болды:
-Жасалынатын бұйымдарға кететін заттар -675,
-Жұмыстың істелінген еңбек ақысы -500,
-Тура өндірістік
шығыны
-900,
-Салықтар -425,
-ҚҚС (НДС) -500.
Техникалық құрылғылардың пайдалдану
өнімділігі, га/сағ.:
-Ауыр дискалы тырма БДТ-7,0 - ТБ = 200,
-Топырақ фрезасы КФГ-3,6 -
ТК = 140,
-Төрт қатарлы ауыр тісті тырма БЗТУ-1,0 - ТЗ=
300.
Техникалық құрылғылардың
сағаттық жылдық жүктемесі:
-Ауыр дискалы тырма БДТ-7,0 - WБ = 4,2,
-Топырақ фрезасы КФГ-3,6 -
WК = 1,65,
-Төрт қатарлы ауыр тісті тырма БЗТУ-1,0 - WЗ=
4,5.
Роторлы жер
өңдегіш культиватордың пайдалану өнімділігі мен
жылдық жүктемесін тиісінше: WР
=2,0 га/сағ және ТР
=200 сағат болып қабылданды.
Техника жұмысының және оның
жөнделуі мен техникалық қызметіндегі тозуына кететін
есептемелікте За шығынын тиісінше жоғарыдағы
(2, 3, 4) өрнектеріне қойып АҚШ долларындағы
есептемелік нәтежесін табамыз.
Қолданыстағы бірінші нұсқа
бойынша:
Қолданыстағы екінші нұсқа
бойынша:
Роторлы жер өңдегіш культиватордың
жаңа нұсқасы бойынша:
АҚШ долларындағы дизельді жағар
майдың пайдалану құны төмендегі өрнектермен
есептеледі.
Қолданыстағы бірінші нұсқа
бойынша:
Қолданыстағы екінші нұсқа
бойынша:
Роторлы жер өңдегіш культиватордың
жаңа нұсқасы бойынша:
Мұндағы:
N1, N2 – Т-150К (121,5 кВт)
және МТЗ-80 (55 кВт)
тракторларының қозғалтқышының қуаты
;
q1, q2 – Т-150К (121,5 кВт)
және МТЗ-80 (55 кВт) тракторының
қозғалтқышының жағармайдың өзіндік
шығыны;
u2 - дизельді жағар майдың құны (u2
= 0,2 долл.);
k1, k2 – Т-150К (121,5 кВт)
және МТЗ-80 (55 кВт)
тракторының жүктемелеу қуат еселеуіші (k1= k2= 0,92 болып
қабылданады).
Өрнектерге (5,
6, 7) көрсетілген мәндерді қойып нәтежесін
анықтаймыз:
Механизаторлардың
еңбек ақысын төлеуді доллармен есептеу мына өрнекпен анықталады:
Мұндағы:
Д – бір ай ішіндегі
жұмыс күнінің саны (Д=22),
Ч – жұмыс
күні ішіндегі атқарылатын сағат саны (Ч=7),
Есептелінген
таривтік норма СТ =0,3135 долл/сағ.
Механизаторлардың
еңбек ақысын төлеуді есептеуді былай анықтаймыз:
Қолданыстағы бірінші нұсқа
бойынша:
Қолданыстағы екінші нұсқа
бойынша:
Роторлы жер өңдегіш культиватордың
жаңа нұсқасы бойынша:
Мұндағы
Осыдан келіп, механизаторлар
еңбек ақысының нәтиежесін табамыз:
Қолданыстағы екінші нұсқа
бойынша:
Роторлы жер өңдегіш культиватордың
жаңа нұсқасы бойынша:
Бұдан
көретініміз ең көп пайдалану шығыны екінші
нұсқада, яғни әуелі жерді өңдеуде екі
қатарлы ауыр дискылы тырманы, содан соң КФГ-3,6 топырақ
фрезасын қолдануда шығынның көп кететіндігін
көреміз. Себер алдындағы жер өңдеуді ауыр тісті
тырмамен тырмалаумен аяқтайды. Нәтежесінде, 203242,85 долл
техникаларды пайдалану қаржысы кетіп, жаңа нұсқамен
салыстырғанда 85514,08 долл көп шығын әкелген. Жер
өңдеуде жылына жаңа нұсқаны қолдану
арқылы гектарына 73,44 долл үнемдеуге болады.
1-кесте
Топырақ
өңдеудің есептік экономикалық тиімділігін
көрсететін қолданылған әртүрлі
нұсқаның АҚШ долларымен есептегендегі шығыны
|
Шығын түрі |
Белгі-ленуі |
Қолданылып
жүрген нұскамен |
жаңа
нұсқадан |
|
|
1 |
2 |
|||
|
Техника жұмысының және оның жөнделуі мен
техникалық қызметіндегі тозуы |
ЗА |
94048 |
194260 |
81000 |
|
Дизельді жағар майды пайдалану құны |
ЗТ |
6016 |
8448 |
4489 |
|
Механизаторлардың
еңбек ақысы |
ЗП |
461,77 |
534,85 |
25,08 |
|
Барлығы |
|
100525,77 |
203242,85 |
85514,08 |
Техникалық
құралдармен жер өңдеуде қолданылып жүрген
бірінші нұсқамен салыстырғанда (БДТ-7,0 дискасымен және
тісті БЗТУ-1,0 тырмасымен атызда екі рет жүріп, күріштік жерді төрт
рет өңдеуде) аздау үнемдейтіндігін көрсетеді.
Бұнда, қолданылып жүрген бірінші нұсқаның
жаңа нұсқадан айырмашылығы тиісінше 14785,89 долл
шығын әкеліп, жылына гектарына 9,24 долл үнемдейді. Бірақ,
осы қолданылып жүрген нұсқамен атыз ішін дайындауда
орындалынған жұмыстың сапасы екінші нұсқамен
салыстырғанда төмен болғандығын көрсетті.
Сондықтан бұл жағдайда агрегаттың қосымша
жүруін қажет етеді.
Жыл сайынғы
РПК культиваторын әрқайысысының жүктемесі:
АО= WЗ ·ТР=2·200=400
га/жыл.
Күріш ауыспалы
егістігіне РПК топырақ өндегішінің қажеттілігінің
есептемелігі:
ПР=АГ/АГ=1600/400=4 экз.
Қортынды
РПК роторлы жер
өңдегіш культиваторын қолдану арқылы көктемгі жер
өндеу жұмысының жалғасуын екі есе
қысқартады, техникалық құрылғылармен
дәстүрлі жер өңдеу жұмыстарын ауыстырады. Күріш ауыспалы егістігінде РПК культиваторын
пайдалану арқылы дәстүрлі техникалық
құрылғыларға қарағанда шығынды
гектарына 73,44-ден 9.24 дейін үнемдейді.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
1.Анурьев В.М.
Справочник конструктора-машиностроителя
т.2.-М. 1968. -784 с.
2.Алшынбай С.М.,
Алшынбай М.Р. Экологические аспекты применения с.х.техники в полевном
земледелии. // «Разработка машинных технологий для производства и переработке
с.х.продукции». –Алматы. 1999 г.