Мұхамедәли Жазерке Мұхтарқызы
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда
мемлекеттік университеті
Экономика мамандығының 1 курс студенті
Талапбаева Гульнар Едиловна
э.ғ.к, қауымдастырылған профессор м.а
Отбасылық
бизнес және оны дамытудың негізі мәселелері
Отбасылық
бизнестің даму мәселелері бүкіл әлемде дерлік
өзекті болып табылады. Америка, Азия мен еуропалық елдердің
тәжірибесі көрсетіп отырғандай, кез-келген мемлекеттің
әл-ауқаттылығының негізін дамыған шағын
және орта кәсіпкерлік секторы анықтайды.
Шағын бизнестің
рөлі өндіріс көлемі мен салықтық түсімдер
көлемі қысқару үдерісі қалыптасатын
экономикалық дағдарыс кезінде ерекше арта түседі.
Қазақстандағы
отбасылық бизнес – ұлттық қарқынның
бағыты. Егер басқа елдердегі жанұялық
кәсіпкерліктің дамуын зерттейтін болсақ, бір үрдіс
анық байқалады, отбасылық бизнес - кәсіпкерлікті
ілгерілетудің табысты үлгісі. Отбасылық кәсібін
құра отырып кәсіпкер алдағы жылдардың қамын
ойлап қояды, өйткені, өз компаниясын балаларының
болашағы үшін құрып, оларды ынталандыра түсед.
Отбасылық
бизнестің дамуы сонымен бірге қоғамның бір
ұяшығы шеңберіндегі отбасылық байланыстардың
нығаюына және жекелеген өңірдегі экономикалық
жағдайдың жақсаруына бағытталған. Отбасылық
типтегі жекелеген кәсіпорынның қызмет етуі пайдаға
қол жеткізумен қатар, бір отбасы мүшелерінің тек
үйде ғана емес, сонымен бірге жұмыста да
ауызбіршілігінің артуына ықпал етеді. Шағын бизнес
саласындағы отбасылық кәсіпорынды ерекше әлеуметтік-экономикалық
ұйым ретінде анықтауға болады
және де оның қызмет ету негізін мүшелері
туысқандық қарым-қатынаста болатын тәуелсіз,
өзін-өзі құрушы шағын мақсатты топ
жүзеге асыратын
нысандандырылған әлеуметтік қатынастар
құрайды [1].
Жеке меншік институты мен
кәсіпкерліктің қалыпқа келтірілуі және дамуы
қазақстандық қоғамның әлеуметтік
құрылымына біршама өзгерістер алып келді. Жаңа
әлеуметтік топтар пайда болып, кәсіпкерлердің
әлеуметтік табы қалыптасты.
Өзін-өзі
жұмыспен қамти отырып, халық жұмыспен
қамтылғандар категориясына енеді. Отбасылық бизнес осылайша,
халықты жұмыспен қамтуға өз үлесін
қосады. Жас отбасылардың репродуктивті денсаулығының
мәселелері, ана мен баланың әлеуметтік қорғалу
әлсіздігі, жаңа буынның өмірлік басымдықтарының
өзгеруі сынды мәселелер мемлекеттің әлеуметтік
саладағы саясатын күшейтуді талап етеді.
Бұл жағдайды жас
буынның сенімсіздігі мен дисгармониясының негізгі себебінің
бірі болып отырған отбасылық құндылықтар жайлы
ұстанымдардың өзгеруі ушықтырып отыр. Отбасылық
байланыстар жастардың ересек дербес өмірге араласуын
жеңілдетеді, қарт тұрғындарды лайықты
өмірмен қамсыздандуға қабілетті болады.
Қалыптасқан жағдайды жұмсартудың бір
нұсқасы ретінде шағын бизнестің бір нысаны –
отбасылық бизнесті дамыту болып табылады.
Ал отбасылық
бизнестің өңірлерде дамуы жалпыреспубликалық
көрсеткіштердің жақсаруына ықпал етеді.
Өңірлік ерекшеліктер әлеуметтік-экономикалық
үдерістердің дамуын біршама анықтайды, оның ішінде
өңірлік социумдағы кәсіпкерлік қызметтің
перспективалық дамуы. Көрсетілген шағын кәсіпкерлік
субъектілерінің арасында отбасылық нысандағы кәсіпорындар
ерекше орын алады [2].
Осыған байланысты,
отбасылық бизнестің әлеуметтік функциялары артады.
Экономиканың әлеуметтік бағдарлануының күшеюі
Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық даму
стратегиясының өзіндік ерекшелігі болып табылады және де онда
әлеуметтік өлшемдер экономикалық құрылымыдар мен
экономикалық саясаттың барлық элементтерін қамтуы тиіс.
Мұндай стратегияның басты дәлелі ретінде біз әлеуметтік
салаға деген жеткіліксіз зейін мен экономиканың
тұтынушылық секторының жеткілікті дамымауы нәтижесі –
экономикалық дағдарысты айта аламыз. Қазақстанның
әлеуметтік-экономикалық даму үдерістерінде отбасылық
бизнес маңызды рөл атқара отырып, мынадай міндеттерді шешуі
тиіс:
1. әлеуметтік қорғау
объектілерін дамыту мен халықты, балалардың денсаулығын
жақсарту;
2. жаңа жұмыс орындарын
құру мен жұмыспен қамтуды арттыру есебінен
әлеуметтік шиеленісті болдырмау, халықтың өмір
сүру деңгейін жақсарту және де сол арқылы табыс
деңгейіндегі айырмашылықтарды қысқарту,
әлеуметтік-еңбектік шиеленістерді болдырмау;
3. «әлеуметтік керенаулықты»
еңсеру, кәсіпкерлер
ғана емес, сонымен бірге шағын кәсіпорын шеңберінде
рыноктық ойлау қабілетін игеріп, рыноктық экономика
заңдарын үйренуші қатардағы еңбеккерлердің
де творчестволық қабілетін дамыту;
4. әлеуметтік тұрақтандырғыш
рөлін атқаратын және рыноктық шаруашылық пен
демократиялық қоғамның әлеуметтік
бағдарлануының табиғи тіреніші болып табылатын орта
таптың негізін қалаушы меншік иелері мен кәсіпкерлердің
жаңа тобын қалыптастыру [3].
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1 Рысқұлова М.М. Халықтың өмір сүру деңгейін
көтерудің әлеуметтік-экономикалық аспектілері. Автореф.
экон.ғылым.кан. -Алматы, 2009. -9 б.
2 Семья
и народное благосостояние в развитом социалистическом обществе / под ред.
Н.М. Римашевской, С.А. Карапетяна. - М.: Мысль, 1985. -237 б.
3 Жеребин В.М.
Экономика домашних хозяйств / В.М. Жеребин, А.Н.
Романов.-М.: Финансы, 1998.-230 б.