ӨНДІРІСТІҢ ЗИЯНДЫ ҚАЛДЫҚТАРЫ
ЖӘНЕ ИНДУСТРИАЛДЫ ДАМУДЫҢ ӘСЕРІ
Э.ғ.к., доцент
Панзабекова А.Ж.,
«Экономика» мамандығының 2 курс магистранты Дүйсенов
Е.Е.
Әл-Фараби атындағы
Қазақ Ұлттық университеті,
Экономика және бизнес
Жоғары мектебі
Экономиканың шикізаттан жоғары деңгейде тәуелді
болуына байланысты Қазақстан тәуелсіздікті алғаннан
кейін экономиканы әртараптандыру жолына түсті. Орта және
ұзақ мерзімді кезеңде индустриялық-инновациялық
бағыт даму векторы ретінде анықталды. 2003 жылы индустриалды-инновациялық
дамудың 2015 жылға дейінгі стратегиясы, кейіннен оның орнына
2010 жылы индустриалды-инновациялық дамытудың бесжылдық
мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. 2003-2015 жылдарға
арналған индустриялық-инновациялық дамытудың
стратегиясы орта мерзімді кезеңге индустриялық-инновациялық
дамудың негізгі бағыттарын және біртұтас
экономикалық саясатты айқындап берген тұңғыш
құжат болды. Стратегия келесі мақсаттарға жетуді
көздеді:
1.
экономиканы шикізаттық
бағыттан өңдеуші бағытқа көшіру;
2.
экономиканы жедел тәртіпте
әртараптандыру және жаңғырту;
3.
жоғары
технологиялардың индустриясын қалыптастыру;
4.
әлеуметтік
артықшылықтарды пайдалана отырып, бәсекеге
қабілеттілікті арттыру;
5. экономиканы орнықты дамыту
[1].
Қазақстан-2050 стратегиясы – еліміздің
алға қарай дамуының басты жоспары және жобасы. 2017
жылы Астана қаласында өткізілетін ЭКСПО-2017
халықаралық көрмесі – осы жоспардың алғашқы
тетіктерінің бірі болмақ [1]. Қазіргі кездегі ресурстар тапшылығы
сияқты мәселелер баламалы энергия көздерін іздеуді, оларды
енгізуді ойластыруды талап етеді. Сонымен, 2003 жылы еліміздің
тарихындағы шешуші кезеңдерінің бірі – индустриалды
саясаттың жобасы құрастырылып, 3 кезеңнен тұратын
стратегияның жоспары қабылданды.
Қоршаған ортаны қорғау және
сауықтыру аймағында 1991 жылдан бері халықаралық
қызметтестікті күшейту мақсатында Еуропада Еуропалық
экономикалық комиссиясы Біріккен Ұлттар Ұйымының
қамқорлығымен «Еуропа үшін қоршаған орта»
үрдісін дамытуда. 2003 жылы Киев (Украина) қаласында болған «Еуропа
үшін қоршаған орта» бесінші конференциясында, әр
елдің қоршаған ортаны қорғау бойынша министрлері
қоршаған орта бойынша саясатты әзірлеу және
қоғамды ақпаратпен қамтамасыз ету үшін
қажетті деректерді айқындады. Экологиялық бағалауды,
есептілікті қоса жақсартуды, әсіресе Шығыс Еуропада,
Кавказда және Орталық Азияда басты басымдылықтары жарияланды [2].
Сонғы кезенде ғалымдар,
ғаламшардың жаһандық жылынуы әлем
халықтарына түрлі табиғи апаттар әкелуде деп есептейді.
Сондықтан өндірістің зиянды қалдықтарын
азайтуға әрбір мемлекет мүдделі деп есептеледі. Алайда
көпшілік мемлекетер өздерінің, капитал мүдделеріне
әлі де болса басымдылық беруде. Өндіріс дамуда, зиянды
қалдықтар өсе түсуде. Ал, әлемдік саясат
адамзатты сақтау үшін әр ел өзінің эгоистік,
ұлттық мүдделеріне тиым салу қажеттілігін талап етуде[3].
Сондықтан соңғы жылдары экология
мәселелері үнемі елдің назарында. Олар әртүрлі
әлемдік симпозиумдарда, ғылыми конференцияларда одан басқа
әлемдік державалардың
басшылары басқосқанда кеңінен талқыланады.
Литосфераның
қазіргі жағдайы туралы адамдар ойлануы тиіс, олай болмаған
жағдайда адамзаттың жергілікті табиғи ортаға тікелей
тәуелділігі азаяды, алайда адам ғаламдық жүйенің
жағдайына күн өткен сайын тәуелді бола бастайды. Қоғамның
белгілі бір қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында
адам энергияны өндіру үшін, темір, болат қорыту және
табиғи ресурстарды пайдаланады[4]. Ал ағаш
өңдейтін кәсіпорын үшін немесе егін
шаруашылығының аудандарын кеңейту мақсатында ормандарды
отайды. Пайдалы қазбаларды өңдеу және қайта
өңдеу барысында жер қойнауынан оларды қазып алу
ландшафтардың геологиялық құрылысына антропогендік
әсер етудің айтарлықтай көрінісі болып табылады.
Шахталардың, рудниктердің, өнеркәсіп
қалдықтары жердің ауқымды аумақтарын алып жатыр.
Тау-кен өндірісі қалдығының небары 3-5%-ды
құрылыс материалдары ретінде пайдаланылады. Осының
нәтижесінде ҚР-ның ресми мәліметтері бойынша
үйінділерде 21 млрд тоннадан астам қалдық жиналған.
Рельефтің
антропогендік өзгерістері қалалар орналасқан
ландшафтарға айтарлықтай әсерін тигізеді. Жер шары
халқының жартысы қалаларда тұрады – 49%. Бұл
жерде ірі қалалардың дамуы басты рөл ойнайды; 2000
жылға қарай дүние жүзінде 1 млн астам халқы бар
322 және 5 млн астам тұрғыны бар 50 қала есептелген. Адамдардың
үнемі тіршілік ететін нақты географиялық кеңістігі –
105 млн км2. Құрлықтың шамамен 7%-ын
құрайтын әлемнің едәуір тығыз
орналасқан аудандарында 70%-тен астам халық
шоғырланған. 90%-тен астам адам өзен алқаптары мен
олардың теңіз деңгейінен 1000 м биіктіктегі салаларында
өмір сүреді. Теңіз жағалауларын бойлай 200
шақырымдық белдеуде (құрлықтың 16% ауданы)
Жер шары халқының 50% өмір сүреді.
Антропогендік
факторлардың әсерінен жер бедерінің бүліну
деңгейінің артуы (үйінділердің,
шұңқырлардың, карьерлердің пайда болуы)
табиғи ортаны ластайтын жаңа ошақтардың
қалыптасуына әкеледі. Соңғы 100 жылда
литосфераның – жер қыртысының үстіңгі
қабатынан көптеп алынатын минералды ресурстарды – рудалы және
рудасыз пайдалы қазбаларды өңдеу мен қайта
өңдеу бірнеше есеге артты. Пайдалы қазбаларды
өңдеу және қайта өңдеу кезінде пайда
болатын тау-кен қалдықтарының жинақталу
қарқыны артып отыр. Жыл сайын осындай
қалдықтардың шамамен 3 млрд м3 пайда болып,
жылдық көлемінің шамамен тек 25-30%-ды ғана
пайдаланылады [4].
2011 жылы жаңадан Қоршаған
ортаны қорғау бойынша қызмет түрлері мен
шығындардың ведомстволық жіктеуіші жинағы шықты.
Ол жинақты қоршаған ортаны қорғау бойынша
қызметтер анықталды. Ең зиянды болып
есептелетіңөндіріс және тұтыну қалдықтары
(шикізаттың, материалдардың, өзге де бұйымдар мен
өнімдердің өндіріс немесе тұтыну процесінде пайда
болған қалдықтары, сондай-ақ өзінің
тұтынушылық қасиеттерін жоғалтқан тауарлар
(өнімдер) және қауіпті қалдықтар - қауіпті
қасиеттері (уыттылығы, жарылыс қаупі, радиоактивтілігі, өрт
қаупі, жоғары реакциялық қабілеті). Булар бар
және дербес немесе басқа
заттармен байланысқа түскен кезде қоршаған ортаға
және адам денсаулығына тікелей немесе ықтималды қауіп
төндіруі мүмкін құрамында зиянды заттар болатын
қалдықтар[5].
Негізгі жұмыс - қалдықтарды қайта
өңдеу - қалдықтардың көлемін немесе
қауіпті қасиеттерін азайту үшін олардың сипатын
өзгертетін, олармен жұмыс істеуді жеңілдететін немесе оларды
кәдеге жаратуды жақсартатын сұрыптауды қоса
алғанда, физикалық, жылу, химиялық немесе биологиялық
үрдістер. Біз үнемі климаттың өзгеруі, Жер
атмосферасының ластануы, ормандардың кесілуі және басқа
экологиялық мәселелер жөнінде газет беттерінен және
журналдардан, теледидар экрандарынан, интернет сайттарынан оқимыз
және естиміз. Жағдай еш өзгермей жатыр деп айтуға да
болмайды. Көптеген елдер Киот хаттамасына қол қойып,
оның нормаларын қатаң ұстануда.
Кесте 1 - Қазақстан Республикасындағы
қалдықтардың қалыптасуы 2010-2014 жж.
|
№ п\п |
Көрсеткіштің атауы |
Бірлігі |
2010 |
2011 |
2012 |
2013 |
2014 |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
|
1 |
Ауыл, орман және балық шаруашылығы |
1000 т/жыл |
85,7 |
143,9 |
136,4 |
1146,8 |
1 049,5 |
|
2 |
Тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді
қазу |
1000 т/жыл |
773 438,9 |
275 814,8 |
234 685,9 |
128518,8 |
80 867,1 |
|
3 |
Өңдеу өнеркәсібі |
1000 т/жыл |
110 028,0 |
115 000,0 |
96 000,0 |
19402,5 |
44 918,2 |
|
4 |
Электрмен жабдықтау,
газ, бу беру |
1000 т/жыл |
19 554,5 |
25 670,0 |
21 713,1 |
28832,8 |
18 844,3 |
|
5 |
Құрылыс |
1000 т/жыл |
202,5 |
165,1 |
138,8 |
667,6 |
747,4 |
|
6 |
Экономикалыққызметтің басқада
түрлері |
1000 т/жыл |
7 041,0 |
3 874,5 |
3 278,3 |
2 036,5 |
1 909,9 |
|
7 |
Муниципалдыққалдықтардыңжалпы көлемі |
1000 т/жыл |
3 784,7 |
3 919,0 |
3 588,3 |
3547,7 |
3446,3 |
|
8 |
Үйшаруашылығының қалдықтары |
1000 т/жыл |
3 094,9 |
3 171,7 |
2 429,9 |
2495,5 |
2421,0 |
|
9 |
ҚАЛДЫҚТАРДЫҢ
БАРЛЫҒЫ |
1000 т/жыл |
914 135,3 |
424 587,3 |
359 540,8 |
184 152,7 |
151 782,7 |
|
10 |
Одан қауіпті қалдықтар |
1000 т/жыл |
910 350,6 |
420 668,3 |
355 952,5 |
180 605,0 |
148 336,4 |
|
Ескерту – кесте автормен [6]әдебиет негізінде құрастырылған |
|||||||
Кесте 1-де ҚР-дағы
қалдықтардың қалыптасуы көрсетілген. 5
жылдық тенденция бойынша ауыл шаруашылығы саласында
қалдықтардың көбейуі байқалады. 2010 жылдан 12,25
есе өсті. Тау-кен өнеркәсібінде керісінше
қалдықтар азаюда: 2010 жылы 773 млн. тонна болса, 2014 жылы
небәрі 81 млн. тонна.
Жалпы қалдықтардың
көрсеткіші 2010 жылы 914 млн. тонна жылына болса, 2014 жылы 151,8 млн.
тоннаға дейін азайған. Яғни негізгі стратегиялар жүзеге
асырылуда.
Кесте 2 – негізгі
экономикалық көрсеткіштер
|
# |
Көрсеткіштің атауы |
Бірлігі |
2010 |
2011 |
2012 |
2013 |
2014 |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
|
1 |
Ел халқы |
млн. адам |
16,323 |
16,557 |
16,791 |
17,035 |
17,289 |
|
2 |
Халықтың жан басына шаққандағы
муниципалдық қалдықтар |
кг/хал.
жанбасына |
231,9 |
236,7 |
213,7 |
208,3 |
199,3 |
|
3 |
ЖІӨ
2011 жылғы салыстырмалы бағаларда |
млн. АҚШ
долл. |
319 920,7 |
343 914,8 |
361 110,5 |
382 777,16 |
399 236,58 |
|
4 |
ЖІӨ бірлігіне шаққандағы өнеркәсіптік
қалдықтар |
кг/1000
АҚШ долл. |
343,9 |
334,4 |
265,8 |
50,7 |
112,5 |
|
5 |
ЖІӨ бірлігіне шаққандағы қалыптасқан
қалдықтардың жалпы
саны |
кг/1000
АҚШ долл. |
2 857,4 |
1 234,6 |
995,7 |
481,1 |
380,2 |
|
6 |
ЖІӨ бірлігіне шаққандағы қауіпті
қалдықтар |
кг/1000
АҚШ долл. |
2 845,6 |
1 223,2 |
985,7 |
471,8 |
371,6 |
|
Ескерту – кесте автормен [6]әдебиет негізінде құрастырылған |
|||||||
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1.
«Қазақстан
Республикасының үдемелі индустриалды – инновациялық
дамуының 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарлама» ҚР Президентінің № 958 жарлығы 19 наурыз
2010 ж.
2.
Экологическое
партнерство в регионе ЕЭК ООН: Экологическая стратегия для стран Восточной
Европы, Кавказа и Центральной Азии, 2003 (ECE/СЕP/105/Rev.1).
3.
Мамыров Н.К., Тонкопий М.С., Үпішев Е.М. Табиғатты пайдалану
экономикасы: Оқулық. Алматы: Экономика. 2005-368 б.
4.
Мұқаұлы С.М.
Қайтарымды ресурстарды пайдалану. Оқу құралы. Алматы.
Экономика 2009-115 б.
5. Тонкопий М.С. и др. Экология и устойчивое развитие. Учебное пособие
Алматы: Экономика, 2010-394 с.
6.
«Қалдықтардық
қалыптасуы» келесі ғаламтор ресурсынан алынған:
https://stat.gov.kz/қалдықтардық қалыптасуы