БІЛІМ БЕРУ ҮРДІСІНДЕГІ ЖАҢА  ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИННОВАЦИЯЛЫҚ          ТЕХНОЛОГИЯЛАР

 

Садыкова Гульжан Намазбаевна - мүғалім  Облыстық мамандандырылған спорттағы дарынды  балалар мектеп- интернаты, Қазақстан Республикасы, Тараз қаласы

 

 

Елбасының жолдауында «Білім беру жүйесі реформасының орталық буыны осы заманғы білім беру үрдістерін, ақпараттық технологияларды жаппай енгізу, бұл кезеңде назарды оқушылардың біліктілігін арттыруына аудару қажет»  дегеніндей,  біз инновациялық оқытуды тәжірибемізге енгізіп, ойлау қабілеті дамыған,  өз бетінше шешім қабылдай білетін білімді ұрпақты тәрбиелейміз [1].

«Инновация» термині ғылымға ХІХ ғасырда енді. ХХ ғасырдың екінщі жартысында инновация әлеуметтік өзгерістердің жалпы үрдістерінің сатысы ретінде қаралып, оның негізігі элементтері атап көрсетілді: «жаңашылдық», «жаңашыл», «бағалаушылар». Үрдістің сындарлы, өзгермелі мерзімін қандай да бір жаңа енгізілмелерге сәйкес «бағалаушылардың» іс-әрекетіндегі өзгерістер айқындайды.

Жаңашылдық – нағыз құрал, ал инновация осы құралды меңгеру үрдісі. Сауатты түрде таңдап алынған жаңашылдық барынша мүмкін дәрежеде жаңа енгізілімнің табысқа жетуіне кепілдеме беруі тиіс. Инновациялық үрдіс деп жаңалықты жасау, меңгеру, пайдалану және тарату бойынша жүргізілетін кешенді іс-әрекетті айтады. Бүгінгі жағдайда жаңа ғылыми, тәжірибелік білімді жасау және оларды меңгеру мен іске асыруды инновациялық тұрғыдан қарастыруға болады.

Педагогикалық технология оқу үрдісімен, яғни мұғалім мен оқушының іс-әрекетімен, оның құрылысымен, құралдармен, әдістері және түрлерімен түбегейлі байланысқан.

Зерттеуші ғалым Ф.Янушкевич «жаңа технологиялық сабақ мұғалімнің өз әдісін жаңартуға арналған емес, оқушының пайдасына, қажеттілігіне арналу қажет, сонда ғана сапа болады» дейді. Жаңа технологияны меңгеру мүғалімнен асқан шеберлікті, арнайы дайындық пен ізденісті, сауаттыдықты қажет етеді. Инновациялық оқыту білімді тереңдетумен қатар оқушыны оқу әрекетіне жетелеп, олардың оқуға деген ынтасын оятады. Бұл жаңа технологиялар шығармашыл қабілеттің дамуына жағдай туғызады. Әр  мұғалім қазіргі жаһандану саясатына сәйкес жаңа технологияны өз ыңғайына, пәніне лайықтап пайдалануға тиіс. Сабақты тартымды өткізу және оқушылардың оқуға деген қызығуын арттыру үшін әр сабақты түрлендіріп, арттыруы шарт. Ол үшін тек бір технологиямен шектеліп қалмай, әр түрлі технологияның сан қилы элементтерін пайдалану артық етпесі анық. Сабақта мәселелік оқыту технологиясының басты мақсаты –оқушыны өз бетімен ізденуге үйрету, олардың танымдылығы мен шығармашылық икемділіктерін дамыту. 

         Білім беру саласы қызметкерлерінің алдына қойылып отырған міндеттердің бірі – оқытудың әдіс тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды меңгеру. Қазіргі таңда оқытушылар инновациялық және интерактивтік әдістемелерін сабақ барысында пайдалана отырып сабақтың сапалы әрі қызықты өтуіне ықпалын тигізуде. Жаңа инновациялық оқыту технологиясы кәсіптік қызметтің ерекше түрі болып табылады. Инновациялық оқыту технологиясын меңгеру үшін педагогикалық аса зор тәжірибені жұмылдыру қажет. Бұл өз қызметіне шығармашылықпен қарайтын, жеке басының белгілі іскерлік қасиеті бар адамды қажет ететін жұмыс. Шындығында да әрбір педагог жаңа инновациялық технологияны меңгеру барысында өзін-өзі дамытады және өзін-өзі қалыптастырады. XXI ғасырда болашақ мамандарды даярлау, олардың кәсіби бейімделуін қалыптастыру мәселелері – кезек күттірмейтін өзекті қоғам талабы  [2].

Жаңа ақпараттық – коммуникациялық технология - келешек ұрпақтың жан-жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы аса мол.

 Әр мұғалім сабақ өткізген кезде оқушыларға сапалы білім беру үшін инновациялық технологияларды пайдалана отырып, сонымен қатар компьютермен оқыту технологиясының орны ерекше болады. Барлық дерлік оқыту технологияларының көздеген мақсаты - оқушылардың өз бетімен білім алуы және білім іздеу дағдыларының қалыптасуы десек, компьютерлік оқыту технологиясының осы мақсатқа лайықталғанын көру қиын емес. Компьютерді оқу барысында оқушының қолдануы дегеніміз - оқушының жеке басына көп байланысты болатын ерекше психофизиологиялық үрдістің өтілуі.  Компьютердің жүздеген мүмкіншіліктерін қажетті тетіктер арқылы басып үйренген білім алушы, бір жағынан, қазақ тілінен белгілі бір білім мазмұның игеріп жатады десек, екінші жағыман, жасанды интеллектімен "тіл табысып" жататыны анық.  Ал түпкі мәнінде, оқытушының итермелеуі немесе жөнсіз жетелеуіне иек артпай, білім алушының өз бетімен жұмыс жасау дағдылары жетіледі. Компьютермен оқыту – білім алушыны субьект дәрежесіне көтеретін, жеке тұлға ретінде дамытуға игі ықпал ететін, оқушының өз бетімен білім іздеуіне мол мүмкіншіліктер табатын білім беру әрекеті болып табылады.

Компьютермен оқыту технологиясындағы оқытушының оқыту қызметін негізінен, мынадай деп қарастыруға болады: - талдау - болжау қызметі; - жобалау қызметі; - коммуникативтік қызметі; - дидактикалық қызметі; - бақылау - түзету қызметі; - психологиялық демеу болу және ұйымдастырушылық қызметі. Компьютермен оқыту технологиясында білім алушының өз бетімен білім іздей алуы - көзделетін негізгі нысан ретінде қойылады. Компьютермен оқыту барысында білім алудың жасанды сипатын барынша табиғи қылуға жағдай жасалынады.

Қазіргі уақытта «қоғамды ақпараттандыру», «білім беруді ақпараттандыру» деген сөз тіркестері біздің сөздік қорымызда жиі кездеседі. Олай болса, қоғамды ақпараттандыру дегеніміз – ғылыми - техникалық үрдіс жетістіктерінің күнделікті тұрмысқа ауқымды енуінің нәтижесі, яғни адам өміріне іс - әрекеттік интеллектуалды түрлерінің жан - жақты әсер етуі мен рөлінің жоғарылауына байланысты объективті үрдіс.

Қазіргі заман талабы бойынша білім беруді ақпараттандырудың негізгі талаптарының бірі - оқу үрдісіне элекрондық оқулықтарды енгізу.  Өйткені, бүгінгі тандағы білім беру саласында тек мұғалімнің айтқандарын орындау немесе оқулықты пайдалану заман талабын қанағаттандырмайды. Сондықтан қазіргі ақпараттандыру коғамында электрондық оқулықтарды пайдаланбай алға жылжу мүмкін емес.

Электрондық оқулықтар - ғылыми негізде дайындалған педагогикалық ақпараттық өнім.  Электрондық оқулық дайынаудың тұжырымдық негізі оқытудың педагогикалық теориясы болып табылады. Сонымен қатар электрондық оқулық дайындаудың педагогикалық, ұстанымдар жүйесі оқытудың дидактикалық жүйесіне сәйкес келеді [3].

Сонымен, педагогикалық технология оқытудың ұтымды жолдарын зерттейтін ғылым ретінде жұмыс істейді және оқуда қолданылатын тәсілдер жүйесі ретінде, оқытудың шынайы үрдісі ретінде де қарастырылады. Педагогикалық технологияның негізі болып педагогикалық, психологиялық және әлеуметтік ғылым жетістіктері, сонымен қатар алдыңғы қатарлы педагогикалы тәжірибеде, халықтық педагогикада, отандық және шетелдік педагогиканың озық тәжірибесінің жиыны болып табылады.

 

 

Пайдаланған әдебиеттер:

1.     Идрисова Б.Қ. Мектепке дейінгі ұйымдардағы әдіскердің жұмысының инновациялық бағыттары. «Қазақстандағы мектепке дейінгі білім», 2010-№2.

2.     Таубаева  Ш.Т., Лактионова С.Н. Педагогическая инноватика как теория и практика нововведений в системе образоввания – Алматы «Ғылым»,- 2001.

3.     Бекболғанова А.Қ. Жаңа педагогикалық  технологиялар. Оқу құралы. Талдықорған 2013.