Заурбекова А.М, Қуанышқызы Д.Қ.
Тараз мемлекеттік
педагогикалық институты, Қазақстан
БАСТАУЫШ СЫНЫП
ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ПАТРИОТТЫҚ СЕЗІМДЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
МӘСЕЛЕЛЕРІ
Отанына деген сүйіспеншілікті
қалыптастыру мәселесі – бүгінгі күннің білім беру
жүйесі алдында тұрған маңызды міндеттерінің бірі.
Отан дегеніміз – халық.
Халық дегеніміз – адам. Адамды сүю – оған
жақсылық жасау. Ендеше отаншылдық – сонау ерте заманнан
қалыптасып келе жатқан қасиетті сезім. Патриоттық
сезімді тәрбиелеуде түрлі құралдар пайдаланылады.
Патриоттық сезімдер құралдарына:
1.Ұлттық
құндылықтары – жер, ел, тіл жатады.
2.Ұлттық нышандары - Ел
таңба, Ту, Әнұран.
3.Ұлттық мәдениеті –
сөз, бейнелеу, саз, дене тәрбие және т.б. Халқымыздың отан сүйгіштік,
патриоттық туралы, ұлттық мұрасының даму тарихына
үңілетін болсақ, ХҮ - ХҮІІІ
ғасырлардағы Асан Қайғы бастаған,
Ақтамберді, Доспамбет, Шалкиіз, Бұхар, Махамбет т.б. ақын -
жыраулардың поэзияларындағы тәлімгерлік ой пікірлерінен
көреміз.
Халық педагогикасының басты мәселелерінің бірі -
ұлттық үрдістер тұтастығын сақтай отырып
азаматтық, адамгершілік, патриотизмге тәрбиелеу болды.
Қазақ халқының тәлімдік мәні зор ой -
толғаныстары бесік жырымен батырлық эпостарда, ертегілер мен
аңыздарда, шешендік сөздер мен айтыс - термелерде,
жұмбақ - жаңылтпаштар мен мақал – мәтелдерде
көптеп кездеседі. Мұндағы ұрпақ
тәрбиесінің негізгі түйіні – адамгершілік – имандылық,
ақыл - ой, еңбек, эстетика, дене, патриоттық тәрбиесіне
байланысты мәселелерге келіп тіреледі. Ол адам өмірінде,
тұрмыс – тіршілікте, қоғамдық жайларда кездесетін
әр түрлі құбылыстарға, тарихи мәні бар
оқиғаларға берілген даналық баға, тұжырымды
түйін есебінде қолданылады.
Отансүйгіштікке
тәрбиелейтін мақал – мәтелдердің алатын орны өз
алдына бір төбе. Мақал – мәтел ойды қысқа да ұтымды
жеткізетін, өмір тәжірибесін қолдана айтатын сөздер.
Онда ел, жер, халық, Отан жайында айтылған өнегелі
сөздер өте көп. Мысалы, «Өз елім өрен
төсегім», «Ел – жұрты бардың жұтамы жоқ»,
«Туған жердің күні де, күлі де ыстық»,
«Туған жер – тұғырың, туған ел -
қыдырың», т.б. мән мағынасына зер салатын болсақ,
ешқандай дәлелдеуді қажет етпейтін, жас
ұрпақтың отансүйгіштік, патриоттық сезімін
жетілдіру үшін қажетті қағидалар, бұлардың
тәрбиелік мәнін түсіндіре отырып, бала тәрбиесінде
кең пайдаланылды. Өзінің мақалдарында туған жер,
ел – отанды аса жоғары бағалап ардақтаған халық
енді оларды қорғау әрбір ер – азаматтың басты борышы
деп біледі. Ел талап, ойран салуды көздеген шапқыншы жау болса,
оған қарсы аттану, қасықтай қаны
қалғанша, ақтық демі біткенше алысу, сөйтіп
дұшпаннан Отанды қорғап қалу халқын сүйген
әрбір ер жігіттің азаматтық борышы болатындығын
көрсетеді. «Жат елдің жақсысы болғанша, өз
еліңнің сақшысы бол», «Елін сүйген ер болар» деген
мақалдар осының айғағы. Халық мақалдары ел
қорғау, басқыншы жауды талқандап жену жолында ерлік
жасаған, қара қылды қақ жарған,
қиядан тартып жол салған, жау қамалын қиратқан,
табан тірескен айқастарда тайсалып тартынбаған жігіттерді
ардақтайды, абыройлы атақ пен даңққа
бөлейді. Олардың халық сүйсінген ерлік істерін кейінгі
ұрпаққа үлгі етеді.
Әдебиет
1.
Назарбаев Н. Ә.
Қазақстанның болашағы қоғамның
идеялық бірлігінде.
2. Бержанов Қ, Мусин С. Педагогика тарихы.
– Алматы: Мектеп. 1984
3. Жарықбаев Қ. Б.,
Қазақағартушыларыжастардытәрбиелеутуралы. – Алматы,
1965.
4. Жарықбаев Қ. Б.,
Қазақтыңтәлім – тәрбиелік ой – пікірантологиясы.
– Алматы, 1998.
5. Сухомлинский В. А.
Балағажүрекжылуы. – Алматы, 1961.