ҚАЗІРГІ
АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Ф.
Қасымжанова, Н. Диқамбай
Алматы технологиялық университеті, Алматы,
Қазақстан
nurdaulet.dikhanbai@mail.ru
Елбасымыз Қазақстан халқына жолдауында
елімізді жаңғырту стратегиясын іске асырудың
табыстылығы, ең алдымен, қазақстандықтардың
біліміне, әлеуметтік және дене болмысы, көңіл
күйлеріне байланысты дей келе, Елбасымыз жоғары білім сапасы ең
жоғары халықаралық талаптарға жауап беруі тиіс
екендігін атап көрсетті. Сондықтан жоғары оқу орнында
сапалы білім беру арқылы,
еліміздің әлеуметтік-экономикалық жоғары
карқынмен дамуын камтамасыз етуге қабілетті мамандырды
дайындауға болады. Ал бұл мемлекеттік кадр саясатындағы басты
мақсат болып табылады.
Бүгінгі таңдағы оқу үдерісінде
қолданылатын ақпараттық технологиялар ЭЕМ
қолдануға негізделген. Замани ЭЕМ-дер формальданған
білімдерді өңдеу мен бейнелеу үшін үлкен есептеу
мүмкіндіктеріне ие және білімді ұйымдастырудың мейлінше
жетілдірілген формаларын жасау және оларды оқытуда қолдану
үшін жағдай туғызады. Дегенмен біздің анықтауымыз
бойынша ЖОО оқу үдерісі білімді формальдау әдістеріне
оқытуды жетілдіру қажеттілігі анықталды. Бұл
студенттерге болашақ кәсіби іс-ерекетінде қазіргі
заманғы ақпараттық технологияларды тиімді қолданумен
қатар оларды жасау мүмкіндігін бермей отыр.
Сондықтан қазіргі кездегі оқыту
әдістемелерінде, маман даярлауда ЭЕМ мүмкіндіктері толық
жеткілікті түрде қолданылмауда, бұл аз кезегінде
ақпараттық технологиялардың дамуының қол жеткен
деңгейімен, осы кезде қалыптасқан оқыту
әдістемелері мен технологияларының
арасында қарама-қайшылықтың пайда болуына алып
келеді.
Бұл қайшылықты шешу үшін
педагогика ғылымы мен оқыту теориясынан терең
ойластырылған, дербес білім беру міндеттерін шешуге
бағытталған жаңа
инновациялық білім беру технологияларын құру
қажет болады.
Оқыту технологияларын жетілдірумен бірқатар
ғалымдар шұғылданып келеді. Дегенмен бұл
еңбектерде болашақ мұғалімдер үшін
оқытылатын әртүрлі пән саласы бойынша білімдерді
формальдауға оқыту әдістемесі мен технологиясы
мәселелері жеткілікті түрде көрініс таппай отыр. Бұл
осы бағыт бойынша ғылыми зерттеулердің қажеттілігі
туралы қорытынды жасау мүмкіндігін береді. Себебі болашақ
мұғалімдердің бұл әдістерді меңгеруі оларды
болашақ кәсіби іс-әрекеттерінде қазіргі заманғы
ақпараттық технологияларды неғұрлым тиімді
қолдану мүмкіндігін береді.
Бүгінгі таңда педагогикалық
технологияны, педагогикалық тапсырмаларды шешумен байланысты,
педагогтің жалғастырмалы жүйедегі іс-әрекеті ретінде
немесе алдын-ала жобаланған педагогикалық процестің
тәжірибе де тұрақты және жалғастырмалы
шығаруы ретінде түсіндіріледі. Педагогикалық технология
туралы бұндай көріністер былай анықталады:
- өте жоғары деңгейде теориялық
дайындығы және бай тәжірибесі бар мамандардың әр
түрлі таңдаулы педагогикалық технологияларды дайындау
мүмкіндіктері;
- мақсатқа сай педагогикалық
технологияларды өзіндік таңдау мүмкіндіктері,
мұғалім және оқушылар іскерліктерінің өзара
байланысты мүмкіндіктерімен және шарттарымен байланысты.
Педагогикалық технология – бұл
педагогикалық іскерліктердің жетістігіне жеткізетін ғылыми
жобалау және нақты өндіру. Сонымен педагогикалық
процесс белгілі жүйе принциптерінде құрылатын
болғандықтан, педагогикалық технология сыртқы
және ішкі, осы принциптерді жалғастырмалы орындаудың
бұл принциптер олардың объективті қарым-қатынасында
және педагогтің тұлғасын толық көрсететін
жинағы ретінде қарастырылуы мүмкін.
Оқытудың басты мақсаты, материалдарды
түсіндіруде білім мазмұнының объектісі мен әрекеттерін
және студенттердің логикалық шығармашылық
іскерліктерін дамыту. Бірінші мақсатта - білім мазмұнын
түсіндіру - дайын білімді хабарлаудағы тиімді әдістемелерге
ақпараттық және проблемалық мазмұндау жатады. Басқа
да жағдайларда, егер білім мазмұны нақты әрі
толық болса, басқа әдістемелерге қарағанда
түсіндіру әдісі жиі қолданылады. Сонымен қатар, белгілі
мөлшерде логикалық іскерліктерді дамытуға жағдай
жасалады, өйткені мазмұнды айқындауда репродуктивті
қажеттілік қарастырылған. Бірақ, логикалық
іскерліктерді белсенді дамытуда және қандай да
шығармашылық тәсілді дамытуда дайын білімді хабарлауға
жағдай жасалмайды.
Атап айтқанда студенттердің кәсіби
тұлғалық құзыреттілігін дамытудың негізгі
міндеті кәсіби ойлау мәдениетін қалыптастыру болып табылады.
Біздіңше маманның кәсіби құзыреттілігі деген - ол
ойлаудың тұрақтылығы, кәсіби мәселелерді
шеше білуге болжам жасау, ойлау шығармашылығы, жүйелі ойлау,
нақты ойлау, логикалық ойлау, ғылыми негіздерге сүйене
білу, оқыту мен тәрбиелеу әдістерін тиімді пайдалана білу,
ойлау операцияларын қолдану, өзгелердің пікірімен санасып,
өзгелермен қарым-қатынас жасай білу деп түсінеміз.
Атап айтқанда мұғалімнің
кәсіби-педагогикалық құзыреттілігі оқу
үдерісі барысында кәсіби шеберліктерін мақсатты жетілдірумен
қоса, педагогикалық шығармашылық қызметке тікелей
қатысуымен астарласуы тиіс. Ол мұғалімнің жалпы
мәдени, әдіснамалық, психологиялық-педагогикалық,
пәндік блоктарды өмір талабына сәйкес арттырып отыруымен
қамтамасыз етіледі.
Әдебиеттер тізімі
1. Бастауыш мектеп. Маманның кәсіби
құзыреттілігінің теориялық негізі. Б. Кенжебеков, № 7. - 2004.