Оспанбаева А.Р.,
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты,Тараз
қ.
Нукисбекова А.Е
№20 балабақша меңгерушісі,Тараз қ.
Мектеп жасына дейінгі балаларды дидактикалық
ойындар арқылы логикалық ойлауын дамыту
Қазақстан
Республикасының Президенті - Елбасы Н.Ә.Назарбаев
өзінің «Қазақстан-2050» стратегиясы – қалыптасқан
мемлекеттің жаңа саяси бағыты» деп аталатын Қазақстан
халқына жолдауында: «Бала
тәрбиелеу – болашаққа ең үлкен инвестиция. Біз
бұл мәселеге осылай қарап, балаларымызға жақсы
білім беруге ұмтылуымыз керек.
Баланың жас
ерекшелігін ескере отырып қазақ тілінен түрлі логикалық
тапсырмалар беру арқылы, білімнің беріктігін қамтамасыз ету,
баланың шығармашылық қабілетін дамыту, интелектуалдық
деңгейін көтеру.
«Логикалық тапсырмалар» баланың жас
ерекшелігін ескере отырып құрастырылды. Теориялық білімдерін
кеңейтіп, оны практикада қолданылуына ықпал етеді.
Логиканың дамуы өздігінен ізденіп жұмыс
жасауына мүмкіндік береді. Логикалық тапсырмалар баланың
интеллектуалдық деңгейін көтереді.
Оқу материалын балалардың ойлау
қабілеті жетерліктей жас ерекшеліктерін ескере ұйымдастырса
ғана, оның ойлау қабілетінің дамуына мүмкіндік
туады.
Сондықтан да тәрбиеші балаларды үнемі
ойланып оқуға бағыттауы тиіс, бұған оқу
үрдісін жүйелі ұйымдастыру, оқу іс – әрекетінде
бала логикасын дұрыс дамыта алатын мүмкіндіктерді мол пайдалану
арқылы жетуге болады.
Дұрыс ойлаудың формалары мен заңдары
туралы ғылым логика деп, ал ой қорытындыларының обьектив
пікірлерге негізделетін процесі логикалық ойлау деп аталады.
Мектеп жасына дейінгі балалардың логикалық ойлау
қабілетін дамытуда сұрақтардың алатын орны ерекше.
Сондықтан балаға қойылатын сұрақ жүйелі,
әрі түсінікті болу керек. Сұрақтар қоя білу
қиялдаудың ең жоғарғы сатысы және
нәтежелі ойда негізгі рөл атқарады.
Ойын арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі
іс-әрекеті және олардың айналадағы өмірден
алған білімдерін, әсерлерін, жинақтаған
тәжірбилерін өз бетінше іс жүзіне асырады .
Сондықтан ойын балалар үшін өзіне тән жүру
барысымен, мақсатымен маңызды. Міне, осыдан баланың
логикалық ойын қиялдау қабілеті шыңдалады, дамиды.
Бұл қазіргі заманға өте қажет. Өйткені,
бұл компьютер ғасыры.
Баланы болашақ өмірге, белсенді еңбекке даярлауда,
оның ақыл-ойы, адамгершілік-эстетикалық сезімдерін,
логикалық ойлау қабілетін қалыптастыруда –балаға
құрметпен қарау қажет.
Бүлдіршіндердің логикалық
ойлау қабілетін дамытуда қарапайым математиканың
алғашқы ұғымдарын ойын арқылы
үйретудің математикалық диктант жазудың , заттарды
әр-түрлі геометриялық пішіндерден
құрастырудың , ауызша есеп
Қорытындылай келе, баланың логикалық ойлауын
дамыту бағытындағы жұмыстар жүйеленді және оны
ұйымдастырудың тиімді жолдары, әдіс-тәсілдері
айқындалады, ол өз ретінде, балалардың логикалық
ой-қабілеттерін қалыптастыру жұмысының жағдайын
бір шама арттырды – деп ой түйіндейміз.
Балалардың шығармашылық қабілетін
дамытуда логикалық тапсырмалар орындатудың маңызы зор.
Логикалық тапсырмалар балаларды белсенділікке тәрбиелеу, өз
бетінше жұмыс істеуге дағдыландыру, сондай-ақ балаларды
икемділік пен шеберлікке баулу мақсатында пайдаланылады.
Логикалық
тапсырмалар арқылы балалардың шығармашылық
қабілетін дамыту үш негізгі бағытта іске асырылады:
·
Қызығушылығын
арттыру;
·
Ойлау
және қабылдау қабілетін дамыту;
·
Шығармашылық
ізденісін дамыту.
Логикалық
тапсырмалар арқылы балалардың шығармашылық
қабілеттерін арттыру мақсатына негізделген дәріс моделін
құрастыруға болады.
Қорыта айтсам, оқу-тәрбие үрдісінде балалардың
ойлау процестерін дамыту үшін логикалық тапсырмалар, тренингтік жаттығуларды
ұйымдастыру қажет. Сондай-ақ, тренингтік жаттығулар бала
білімінің деңгейін
көтеріп қана қоймай, бір-бірімен жақындастырып,
достыққа, адамгершілікке, еңбекке тәрбиелейді;
жүйелі ойлап сөйлеуге, сөздік қорын молайтуға,
қиялын ұштауға жетелейді.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1.Назарбаев.Н.Ә. Қазақстан
Республикасының Президенті - Елбасы Н.Ә.Назарбаев
өзінің «Қазақстан-2050» стратегиясы –
қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» деп
аталатын Қазақстан халқына жолдауы // Егемен
Қазақстан (2012 жыл 15 желтоқсан).
2.
«Білім туралы Заң»- //Егемен Қазақстан (тамыз 2007)
3.АйтпаеваА.К.Программа «Использование казахских народных детских игр в детском саду»- Алматы, 1996-26с.