Қалжан Аружан, Маматқадыр Гүлнара
Қостанай
мемлекеттік педагогикалық институты
Қазақ
тілі мен әдебиеті мамандығының 2 курс студенттері
Ғылыми жетекшісі: Қанапина Сәуле
Ғалымбекқызы
Филология
ғылымдарының кандидаты, доцент
АМА
қауымдастырылған профессоры
Қазақстан
республикасы
Қазақ тіл білімінде мақал –
мәтелдердің зерттелу жайы
Зерттеуші-ғалым Қанапина
Сәуле Ғалымбекқызы өзінің
«Қазақ тіліндегі мақал – мәтелдердің
танымдық бейнелілігі (Ғ. Мұстафин, С. Мұқанов
шығармалары негізінде) атты еңбегінде: «Мақал – мәтелдер бір дәуірдің ғана жемісі емес, ұзақ
жылдар өмір сүріп, атадан балаға мұра ретінде
қалып келе жатқан жасампаз құбылыс. Оларды
лингвистикалық тұрғыда айқындау тіл
мәдениетіміздің тарихи қырларын аша түсуге
мүмкіндік берсе, екіншіден мақал – мәтелдердің
сөз бедерін қазіргі жазба әдеби тілімізбен салыстыра
тексеруде маңызды материал болып табылады. Қазақ мақал
– мәтелдерінің танымдық бейнелілігі және олардың
көркем мәтіндегі қолданысы лингвистикалық
тұрғыда әлі де толық зерттеуін таппаған
тақырып. Мақал – мәтелдер сондай- ақ, саяси және
көркем шығармалардың бейнелеу құралы
жүйесінде «даяр» материал ретінде де жиі қолданылады. Мақал –
мәтелдерде халық даналығы, құндылықтар
жүйесі, қоғамдық мораль, ұлттың
дүниеге адамдарға және басқа ұлттарға деген
қарым – қатынасы тәрізді маңызды ақпараттар
жинақталған»- деп ой
тұжырымдады[1;151 бет].
Зерттеуші-ғалым Муқәддәс Мирза 2007 жылы
қорғаған «Қазақ ұйғыр мақал –
мәтелдерінің паремиологиялық жүйесі» атты кандидаттық диссертациясының
авторефератында: «Қазақ – ұйғыр
халықтарының мәдени – тарихи қарым –
қатынасының мақал – мәтелдердегі көрінісін ашып
көрсетті.Тіл білімін зерттеуде бір ғылымның
құзырында кейде бірнеше ғылымның тоғысу процесін
зерттеу мәселесі туындайды. Солардың біріне мақал –
мәтелдер категориясы жатады.Қазақ халқы мен
ұйғыр халқының бір топ мақал – мәтелдері мағыналас,
тұлғалас.Туыстас тілдердің сатылай байланысуы, алыстауы мен
жақындауы сол қауымдағы әрбір халықтың
тарихына тікелей қатысты. Бұл жөніндегі ойымызды ғалым
Ә.Қайдардың «Түркітануға кіріспе» атты
еңбегінде: «Алғашқы ру, тайпалар одағының
қосылуы тарихи қоғамдық процесс болса, әрбір ру
мен тайпалардың қалыптасуы да сондай процесс.Кейбір тайпалар жеке
рулардың бірлестігі негізінде құралады да, олардан бірте –
бірте қол үзіп кетеді.Осыған орай, жеке рулар тілдегі
ерекшеліктерді сақтауы да, сақтамауы да мүмкін», - деп
жазғаны одан әрі дәлелдей түседі. Ертеректе
ұйғыр, қазақ тайпалары өзара бір – бірімен жіті
араласып, ортақ дүниелерді тілдеріне тиек ететін жағдай
болған. Осы тұстарда қазақ халқында: Көкте күн жалғыз, Жерде
ғұн жалғыз, - деген мақал
қалыптасты.Бұл мақалдың беретін мағынасы:
Бүкіл Еуразиялық жазықтықта Ғұн империясы
аспандағы күн сияқты сонша елді жалғыз бір өзі
билеп төстеген еді.Осы мақалдың ұйғырша
баламасына келетін болсақ, оның мағынасы мүлдем
басқаша.Яғни, «Көктә
кун ялғуз, иәрдә – һун» деген бұл
ғұндардың сымбатты келбетті,көріктілік сипаты туралы
мәнге ие[2;8бет].
Зерттеуші-ғалым Кенжемұратовна Сәлима
Кенжемұратқызы «Мақал – мәтелдердің синтаксисі»
атты кандидаттық диссертациясының
авторефератында былай деп
сөз қозғады.Қазақтың әлемге танымал
сөз зергері М.Әуезов басқарған «Қазақ
әдебиетінің тарихы» оқулығында мақал –
мәтелге мынадай анықтама берілген: «Мақал – мәтел –
халық әдебиетінің қоғамдық
құбылыстарды кең қамтып, өмірдегі әр
қилы қарым – қатынастарды әсерлі, көркем
бейнелейтін тақырыбы, идеялық мазмұны бай бір
саласы.Мақал толық тұлғалы болады, ойы тұтас
келеді,әдетте ол бір немесе бірнеше толық сөйлемнен
құралады.Ал мәтел, мақал сияқты, толық
түрінде құрылмай, сөз тіркесі, қалыптасқан
нақышты, орамды сөйлемше түрінде жасалады». Осы аталған авторефератта профессор Ахановтың пікірін келтіреді: «Мәтелдерде ой –
пікір, топшылау мақалдардағыдай кесіп айтылмай, образды түрде
жанамалай айтылған ишара болады:
Қызым саған айтам, келінім, сен тыңда. Мәтел
формасы жағынан бейнелеп сөйлеудің элементі сияқты.
Онда ой аяқталмай келте қайырылады: ұзын арқан, кең тұсау: ауырдың үстімен
жеңілдің астымен т.б деген тұжырым беріпті.Мысалы: Білекті бірді жығады, Білімді мыңды жығады.
Салалас құрмалас сөйлем түріндегі
алғашқы мақалға мағыналық
ұйытқы болып тұрған сөз жығады баяндауышы.Әрі тура, әрі ауыспалы
мағынада қолданылып тұрған бұл сөз контраст
мәнді бір өріске бағыттайды, семантикалық және
синтаксистік параллель түзеді.Мақал сыңарларындағы
дыбыстық үйлесім әуезділік тудырса, ішкі ырғақ,
ұйқас мақалдың есте тез қалуына қызмет
етеді.Ал екінші мысалдағы ой ыңғайлас
салалас құрмалас сөйлеммен берілген. Метафора
түрінде қатар, тең қойылған ұғымдар (әке –тау, шеше – бұлақ,
бала - құрақ) бір семантикалық өріс
түзген. Өзара тең дәрежеде байланысқан
сөйлемдер мағыналық сөйлеммен өзіне тартады.
Мақал – мәтелдердің синтаксистік ерекшеліктері олардың
лексика – грамматикалық,стилистикалық жақтарымен де
тығыз байланысты. Осы жағын ескере келіп, еңбекте мақал
– мәтелдің синтаксистік ерекшеліктерін мынандай
тұрғыдан қарастыруды жөн деген тұжырымға
келген;
а)Мақал –
мәтелдегі сөйлем түрлері және олардың жасалу
тәсілдері;
ә)Мақал
– мәтелдегі инверсия құбылысы;
б)Мақал –
мәтелдегі ықшамдалу, оның заңдылықтары;
в)Мақал –
мәтелдегі кейбір пунктуациялық ерекшеліктер[3;12 бет].
Зерттеуші-ғалым
Қасымова Сандуғаш Кенжебекқызы 2010 жылы
қорғаған «Сан компонентті мақал –
мәтелдердің ұлттық мәдени негізі» атты кандидаттық
диссертациясының авторефератында
қазақ тіліндегі сан компонентті мақал – мәтелдерді
зерттеген болатын. Сандардың мақал – мәтелдер құрамындағы
мағынасы мен мақал – мәтелдің жиынтық мағынасына
үстемеленетін мазмұндық реңкілерін сипаттау үшін,
сан есімнің дербес тұрып, санын, мөлшерін атайтын басты атауыштық мағынасына зер
салу қажеттігі туындады.Қазақ тілінде сандарға
негізделген мақал – мәтелдер құрамында сан
есімнің барлық семантикалық топтары орын алғанымен
реттік, есептік, жинақтық сан есімдер «ұйтқы»
компоненттік қызметте жиі қолданылатыны байқалады.Мысалы:Мың қайғы бір борышты өтемейді. Жақсы
кісі қырқында толады,
жаман кісі қырқында
солады[4;9 бет].
Зерттеуші-ғалым Қарсыбекова Шолпан Пернеқұлқызы
2004 «Қазақ тіліндегі мақал – мәтелдерді
топтастырудың этнолингвистикалық принциптері» атты кандидаттық
диссертациясының авторефератында мынадай
тұжырым жасайды: ММ – дер қойнауына ғасырлар сыры мен
құпиясын сақтай білген рухани асыл байлығымыз,
халық даналығы. Жалпы, ғылым дүниесінде «Мақал - мәтелдердің авторы жоқ»
деген пікір қалыптасқан.Бұл әрі дұрыс, әрі
бұрыс пікір. Бұрыс болатын себебі – ММ – дің қандай
түрі болмасын, ғайыптан пайда болған, ел –жұрт
жиналып,ақылдасып, кеңесіп шығарған дүние емес.
Олар әдетте, халық арасынан шыққан жеке –дара
ділмәр – шешендердің,дарынды да дана тұлғалардың
өз өмір – тіршілігінен алған, тағылымынан туындаған
ой түйіндері.Қазақ және түркі тілдерінің
барлығында фразеологиялық тіркестер күрделі синтаксистік
бірлік – ММ – дердің құрамдық элементі болып
қызмет атқарады. Мысалы: қазақ тілінде Біреуге көр қазба! деген
сөз алғаш фразеологизм ретінде қалыптасқан. Енді осы
тағылым ескертпенің логикалық жалғасы ретінде Біреуге көр қазба,
өзің түсерсің деген көр қазбаудың
себебін айқындайтын мақал пайда болып отыр.
Дүниеде, қоғамда, табиғатта
қалыптасқан құбылыстардың бәріне
мақал-мәтелдердің қатысы бар. Дүние
болмысының өзінде о бастан – ақ қалыптасқан
табиғи реттілік бар.Ол реттілік барша заттар мен құбылыстарды
үлкен үш салаға топтастырып, ішкі жүйесі мен
мағынасына қарай шоғырландырып қарағанда
ғана көрінеді. Сондықтан академик Ә.Қайдар оларды
шартты түрде ‟Адам”,
‟Қоғам”және
‟Табиғат” деп атауды
ұсынады. Бұлай үш салаға бөліп
қараудың ұстанған принципі – барлық
құбылысты түгел қамту дегендік деп түсінеміз[5;14бет].
Пайдаланылған
әдебиеттер тізімі:
1.
Қанапина С.
Ғ. «Қазақ тіліндегі мақал-мәтелдердің
танымдық бейнелілігі» (Ғ.Мұстафин,С.Мұқанов
шығармалары негізінде)Монография.Қостанай.ТОО Центрум,2010.-180
бет.
2.
Муқәддәс
Мирза «Қазақ ұйғыр мақал –
мәтелдерінің паремиологиялық жүйесі» Филология
ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін
дайындалған диссертация авторефераты, Алматы- 2007 жыл. -25 бет.
3.
Кенжемұратова С.К.
«Мақал-мәтелдердің синтаксисі». Филология
ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін
дайындалған диссертация авторефераты,
Астана – 2002. – 29 бет.
4.
Қасымова С.
К. «Сан компонентті мақал – мәтелдердің ұлттық
мәдени негізі» Филология ғылымдарының
кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған
диссертация авторефераты, Алматы – 2010.
– 29 бет.
5.
Қарсыбекова Ш.П.
Қазақ тіліндегі мақал – мәтелдерді тптастырудың
этнолингвистикалық принциптері. Филология ғылымдарының
кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған
диссертация авторефераты, Алматы – 2004.
– 29 бет.