Ағылшын және қазақ тіліндегі фразеологиялық тіркестер қатарындағы соматизм

 

 

Мусаева К.С.

Қазақстан Республикасы. Алматы қ.

Абай атындағы ҚазҰПУ

Филология  және көп тілді білім беру институты

 

Сөздің бейнелілігі мен сезімділігін күшейтуге тұрақты сөз тіркестерінің, яғни фразеологизмдердің пайдасы аса зор. Фразеологизм дегеніміз — сөйлегенде біртұтас ұғым түрінде айтылатын, бірнеше сөздерден тұратын тұрақты тіркестер. Мысалы, «жөргегінде үрған» (жастайынан әдет болған), «балалы үй базар» (ол үйде шаткүлкілі өмір бар деген ұғым). Фразеологизмдер аз сөзбен көп мағынаны білдіруге мүмкіндік береді.

Ол заттың өзін ғана анықтап ңоймайды, сонымен бірге оның сипаттарын береді, тек ңимылды, әрекетті атап ңана ңоймайды, сонымен бірге оның ңандай жағдайда өтетінін көрсетеді. «Жалғанды жалпағынан басып» десек, адамның тек бай ғана емес, сонымен бірге қаржыны аямай, ештеңеден ңысылмай өмір сүргенін айтады.

Фразеологизмдер - тілдің мағыналык жағынын көпғасырлық дамуының нәтижесі. Тілдік бірліктің тіл біліміндегі орны, атқаратын кызметі ерекше,ceбeбi, коршаған орта туралы күрделі ұғымдар мен түсініктерді кыска әpi ыкшамды, бейнелі де эмоционалды турде беруде оған тең келер бірлік жоқ.

Жалпы, құрамында дене мүшелерінің атаулары бар тұрақты сөз тіркестерін соматикалық фразеологизмдер деп атайды. Соматикалық атаулар тілдегі сөз тіркестерін құрауда маңызды рөл атқарады. Бұл туралы ғалымдардың зерттеулерінде нақты көрсетілген.

Фразеологизмдерді мағына жағынан классификациялау ең қиын мәселелердің бірі. Қиындық нақты бір тілдегі сөз тудырушы тәсілдердің бірі болып табылатын осы категорияның өзіндік ерекшелігінен келіп шығады.

Қазақ және ағылшын тілдеріндегі соматикалық фразеологизмдерге компоненттік талдау жасау мақсатында тұрақты тіркес құрамына кіретін ең өнімді адам мүше атаулары таңдалынып алынды. Олардың саны – 17: ауыз – mouth, аяқ – feet, бас-head, бауыр – liver, бет – face, бүйрек-kidney, ерін – lip, жүрек – heart, иық – shoulder, көз – еуе, кірпік – еуеlash, қол – һand, құлақ – ear, мұрын – nose, тырнақ – nail, тіл – tongue, тіс – tooth.

Қазақ тілінде тырнаққа байланысты – 9, ал ағылшын тілінде – 5 фразеологизм бар.

Соматизмдер

Қазақ

Тілі

Ағылшын

Тілі

Соматизмдер

Қазақ

Тілі

Ағылшын

тілі

1

Ауыз

53

20

10

Көз

68

60

2

Аяқ

26

14

11

Кірпік

8

2

3

Бас

60

40

12

Қол

71

50

4

Бауыр

33

7

13

Құлақ

35

32

5

Бет

45

18

14

Мұрын

11

23

6

Бүйрек

7

3

15

Тіл

54

20

7

Ерін

11

10

16

Тіс

20

10

8

Жүрек

40

31

17

Тырнақ

4

5

9

Иық

16

13

18

 

562

358

Берілген кесте бойынша қос тілдегі соматикалық фразеологизмдерге статистикалық талдау жасағанмызда қазақ тілінде дене мүшесі атауы бар тұрақты тіркестер ішіндегі ең өнімдісі: 1.Қол – 71, 2.көз – 68; 3.бас – 60 ал ағылшын тілінде: 1. Eye-60, 2.hand-50, 3.head-40.

Сонымен, қос тілде де көз, қол, бас, сөздері тұрақты тіркестердің ішінде ең белсенді түрі екені анықталды. Жалпы қазақ тіліндегі біз қарастырған соматикалық фразеологизмдердің саны – 562, ал ағылшын тілінде – 358.

Қорыта келе, дене мүшелерінің атаулары – сөздік қордың өте ертеден келе жатқан көне тобы. Сол себепті де соматикалық атаулардың фразеологизмдер құрамында көптеп кездесуі заңды. Соматикалық фразеологимдердің жасалу жолдарын қарасақ, олардың арасында біріншіден логикалық байланыс, екіншіден, образ тұтастығы бар.

Сонымен қатар, ғалымдардың зерттелерінің нәтижесінде қазақ және ағылшын тілінің соматикалық тұрақты сөз тіркестерінің ортақ тұстарының, жанасатын жерлерінің аз еместігіне де көз жеткіздік. Яғни, бұл тақырыптағы ізденіс нәтижесінде екі тілде ғана емес, жалпы қазақ және ағылшын халықтарының дүниетанымдары, ұлттық құндылықтар мен көзқарастар жүйелерінде бірқатар ұқсастықтардың бар екендігі айқындалды. Мұндай нәтиже болашақта қазақ және ағылшын тілдеріндегі жалпы фразеологиялық қабаттардың одан арғы терең зерттелуі қажет екендігін айғақтайды.

 

Әдебиеттер:

1.Кеңесбаев І. «Қазақ тілі фразеологизмдерінің сөздігі», Алматы, 1977ж.

2.Сайранбаев Т. «Қазіргі қазақ тіліндегі күрделі тіркестер», Алматы, 1981ж.

3.Қожахметова Х.К. «Фразеологизмдердің көркем әдебиетте қолданылуы», Алматы 1972ж.

4.Кунин А.В. «Большой англо-русский словарь», 1984г.