Құрманбаева Л.Т., Ляпбаева Н.И., Анасова К.Т. - М.Тынышпаев атындағы ҚазККА

Қазахстан Республикасы, Алматы қаласы

 

ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК МӘСЕЛЕСІ

 

Психологиялық қауіпсіздік мәселесі, адамның психологиялық қауіпсіздігінің шарттарын сипаттауға, оның моделі мен қауіпсіз тұлға моделін жасау, қауіпсіздіктің факторлары мен детерминанттарын анықтауға түрлі жайғасымдардан әрекет жасалатын зерттеудің өте үлкен санының орталығына айналатыны шүбәсіз. Алайда, психологиялық қауіпсіздікті қарау үшін ұсынылатын негіздердің көптігі, мәселенің «өзекті» түсінігінен бұрып әкетіп, оның түрлі модельдерінің, шарттарының, ықтимал факторларының каталогын тек «кеңейтеді». Бірқатар себептік: экономикалық, саяси, әлеуметтік жағдайдың тұрақсыздығы; түрлі генездегі стресс қоздырушы және психогенді ықпалдардың болуы; техногенді сипаттағы төтенше жағдайлардың көбеюі; әлеуметтік қолайсыздық деңгейінің өсуі, қоғамды дәріптеу (түрлі экономикалық мәртебеге ие әлеуметтік таптарды бөлектеу), қылмыс деңгейінің өсуі (лаңкестік, алаяқтық, жеке тұлғаға қарсы қылмыстар), тұлға аралық қатынастардың жиілігі мен тиімділігінің төмендеуі.

Бәлкім, осы мәселенің шешілуі психологиялық қауіпсіздік пен басқа да базалық психологиялық санаттардың арасын белгілеу жағдайында жүзеге асырылуы мүмкін. Қауіпсіздікті зерттеу кезінде «адами факторға»: субъектіге жүгіну қажет болып көрінеді. Субъектінің түсінігіне сүйене отырып және түрлі зерттеулерді талдай отырып, қауіпсіздікті зерттеудегі «бастапқы», «базалық» түсінік – қатынастар санаты бола алады деп болжауға болады. А. В. Брушлинский атап өткендей, «субъект ретіндегі адам түрлі ықпалдарды... өзінде сезе отырып, ақпаратты жай ғана «тұтынбайды». Ол оны өзі «өндіреді»... себебі өз қызметінің, қатынасының барысында, ол өз тағдырын өзі белгілейді, белгілі бір өмірлік жайғасымға жайғасады, сондықтан өз өмірі барысында өзіне ықпал ететін әр нәрсеге өте талғамалы түрде қарайды...» (Брушлинский, 1996, 41-42 бет).

Осылайша, «қатынас» түсінігі бір жағынан қауіпсіздікті психологиялық санат деп қарастыруға, екінші жағынан оның әлеуметтік-психологиялық бағыттылығын анықтауға мүмкіндік беретіні түсініледі.

Қауіпсіздікті түсіну және анықтау үшін, оны субъектінің әлемге, өзіне және Басқаларға қатынасу жүйесі ретінде қарау керек. Осылайша, С. Л. Рубинштейннің (1969) өзі субъектінің қызметін сипаттай отырып, оқиғалардың жүрісі емес, ең алдымен адамның болып жатқан нәрсеге қатынасы елеулі екенін атап өтті. Ол, қарым-қатынас - адамның тіршілік етуінің шарты екенін және адам мен болмыс, адам мен басқа адам деген өзара байланысты екі қатынастың шынында да әрқашан болатынын айтқан. Қатынастардың (адам мен әлемнің өзара қатынастарының) барлық түрлері субъектінің мәнін білдіреді. Осының барлығы, жеке басы қасиеттерінің жиынтығымен ұсынылған және адамның объективті шынайылықпен өзара байланыс жасауда білінетін қарым-қатынас –– бір жағынан, адамның тіршілігінің белгілі бір деңгейін (соның ішінде оның белсенділігін, әлеуметтік белсенділігін) қамтамасыз ететін және екінші жағынан, субъектінің ішкі сезімдерін, күйлерін, қасиеттерін (жалпы алғанда, өмірмен қанағаттануын) айқындайтын шарттар және адамның психологиялық қауіпсіздігінің негізі болып саналады.

Адамның қатынастары алуан түрлі және көп өлшемді болып табылады, алайда нақ Басқаларға қатысты және Басқалармен байланысты қатынастары көбінесе субъектінің қорғалу, сақтану, тұтастық сезімін сезу үшін айқындаушы болып саналады. С. Л. Рубинштейн атап өткендей: «Мен өзге адамсыз өмір сүрмеймін; біз өзге адам екеуіміз бір-бірімізге тиесіліміз... Мен, адамдарға барлық қатынастарымда, барлық адамдарға қатынасымда – жалпы адамзатқа және барлық адамдардың бірлігіне қарап, өз тағдырымды өзім белгілеймін» (Рубинштейн, электрондық ресурс).

Әрбір субъект көптеген өзге субъектімен байланысты болатын жағдайда қатынастар жүйесі туындайды. Жүйенің бұзылуы (мысалы, қатынастарды үзу арқылы, ең болмаса бір элементінің «түсіп қалуы») оның тұрақтылығының төмендеуіне, оның барлық элементтерінің тепе-теңдігінің, оның ішіндегі кернеуінің бұзылуына алып келеді. Осылайша, ең болмаса бір элементке (жекелеген субъектіге) қауіп-қатердің төнуі қалған барлық элементтерге қауіптің төнуіне алып келеді. Бұл факт, әлеуметтік-психологиялық қауіпсіздік туралы адамдардың бір-бірімен қатынасуы және өзара әрекеттесуі барысында туындайтын құбылыс ретінде айту керектігін белгілейді.

Әлеуметтік-психологиялық қауіпсіздікті (ӘПҚ) қарастыра отырып, қауіпсіздіктің қандай психологиялық санатқа кіретіні туралы мәселені ойластырған маңызды: оны үдеріс, күй немесе қасиет ретінде қарастыру керек пе. Түсініктердің әрбірінің мазмұнына жүгінетін болсақ, олар серпінділік, өзгергіштік тәртібінде ұсынылған. Сәйкесінше, күй дегеніміз - бір жағынан өзгерістердің серпінділігін, екінші жағынан жүйенің тұтастығын және салыстырмалы тұрақтылығын ескеретін объектінің сипаттамасы болып табылады. Адамның күйлерінің өзі, жалға алғанда, оның қатынастарымен, көкейтесті тұлға аралық және әлеуметтік мәртебемен, белсенділік мақсаттарымен және орта мен жағдайға бейімделуімен шартталған (Куликов, 2000, 12-бет). Күйлерде адамның қоршаған ортамен, әлеуметтік кеңістікпен өзара әрекеті бейнеленеді. Осы ортаның өзгерісі (тіпті ең аздаған) адамда тұтастыққа қатысты белгілі бір өзгерістерді тудырады, жаңа күйге өтуге алып келеді (Куликов, 2000). Зерттелетін феноменнің осындай түсінігі, ӘПҚ күйін, сәйкесінше жалпы алғанда қатынастардың белгіленген жүйесімен және атап айтқанда тұлға аралық қатынастармен шартталған ерекше күй ретінде қарастыру мүмкіндігіне алып келеді.

ӘПҚ күйін ерекше күй ретінде айқындай отырып, оның туындау шарттарын, оны бағалау критерийлерін сипаттау керек.

Әлеуметтік-психологиялық қауіпсіздіктің негізінде субъектінің басқа адамдармен қатынастары жатқандығына сүйенетін болсақ, бұл жағдайда, әлеуметтік-психологиялық қауіпсіздіктің негізгі шарттары (ӘПҚ құрылымына сәйкес: эмоциялық-уәждемелік құрамдас, когнитивтік және конантивтік құрамдастар) – келесі шарттар деп шынында да долбарлауға болады. Біріншісі – қатынас субъектілерінің қажеттіліктері мен мүдделерін іске асыруға мүмкіндік беретін, оң жақтан бағаланатын өзара байланыс көрсеткіші ретінде түсінілетін тұлға аралық қатынастармен қанағаттану. Оның критерийі, жоғары дәрежелі қанағаттану/қанағаттанбау болады. Екіншісі – субъектінің басқа субъектілермен қатынасына, сондай-ақ қатынастар орнатылған субъектілерге қатысты пікірлердің, ой-пікірлердің келісілуі немесе келісім, уағдаластық, бейбіт жағдайдағы тең болмыс болып қарастырылатын қатынастардың үйлесімді сипаты. Мұндағы критерий, қатынастардың жоғары үйлесімділігі - үйлесімсіздігі болып табылады. Үшіншісі, қорғалу – бір жағынан (объективті көрсеткіш), қатынас кезінде бұзылымдар мен қиындықтардың болмауы ретінде, екінші жағынан адамның қолайсыз ықпалдарға (балағаттауға, қоқан-лоққыға, мәжбүрлеуге, елемеуге, айла-шарғы жасауға және т.с.с.) тұрақтылығын көздейді. Қорғалудың негізгі критерийі ретінде толеранттық-толерантты еместік қабылданады.

Жоғарыда сипатталған критерийлер әрбір субъект үшін, қатынас субъектінің бүтіндігін жүргізу, қолдау және сақтау үшін қажетті құралдардың, шарттардың жиынтығы ретінде әлеуметтік-психологиялық қауіпсіздіктің жеке бірегей әлеуетін құрады. Осы әлеует әлеуметтік әлемнің «сыртқы» қауіптерімен (кейде субъективті сипаттағы «ішкі» қауіптерімен де) «өзара әрекеттеседі» және осы қауіптерге қарсы тұру немесе оларға бейім болу мүмкіндігін құрады.

Осылайша, әлеуметтік-психологиялық қауіпсіздік –– қорғалумен (деформациялардың, бұзылымдардың және қиындықтардың, сондай-ақ қарым-қатынастағы толеранттылықтың жоқтығымен) сипатталатын, қанағаттану сезімін беретін үйлесімді өзара қарым-қатынастың болуымен шартталған сыртқы шарттардың және субъектінің ішкі әлеуетінің динамикалық тепе-теңдігінің күйі деп түсінілуі мүмкін, осының барлығы тіршілік барысында субъектінің рухани-психикалық әлеуетін іске асыруға, оның бүтіндігін сақтап қалуға мүмкіндік береді.

 

Әдебиеттер

 

1.    Л. В. Куликов «Психикалық күйлерді сипаттаудың мәселесі» // «Психикалық күйлер» / Ред. Л. В. Куликова. СПб.: Питер, 2000.

2.    Сағындықова Ж.К. «Қатынастар психологиясы». А.: 1995.

3.    А.В. Брушлинский «Қауіпсіздік субъекті және субъект қауіпсіздігі» // «Ақпараттық-психологиялық қауіпсіздік мәселелері» / Ред. А. В., Брушлинский В. Е. Лепский. М.: РҒА ПИ басылымы, 1996. 39-43 бет.

4.    С.Л. Рубинштейн «Герман Когеннің философиялық жүйесі туралы» [Электрондық ресурс].