Политология / региональные политические процессы

Килыбаева П.К., Тиштибекова Ш.

ЕНУ им.Н.Гумилева,  Казахстан

Аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің XXI ғ. қарсаңында Орталық Азиядағы мәселелері

 

Аймақтық қауіпсіздік – әлемдік қоғамдастықтың нақты аймағындағы халықаралық қатынастардың жағдайын сипаттайтын, сонымен қатар әскери және экономикалық қауіп-қатерден, мемлекет аймақтарынынң тәуелсіздігі мен егемендігіне қол сұғудан тыс халықаралық қауіпсіздіктің құрамдас бөлігі.

«Қауіпсіздік – проф. А.Д. Воскресенскийдің ойынша, - қазіргі кезде дәстүрлі (әскери) түсінік бойынша үкіметке аса маңызы алаңдаушылық  тудырмайтын құбылыс, алайда, мұндай жағдай АҚШ – тағы террористік актіге дейін болған» [1].

Ресей зерттеушісі Д. Данкин: «Қауіпсіздік тек қана ахуал емес, мақсаттың дамуы және барлық тіршілік әрекетінің сапалы анықталуының әлеуметтік элементтерінің шарты» [2].

Орта Азия елдерінің тәуелсіздік алғаннан кейін жаһандық және аймақтық акторлардың жіті назарына ілігуінің жағымсыз салдары бұл елдердің егеменді бірліктер ретінде қалыптасып, ішкі және сыртқы саясат жүргізу үрдісінің сыртқы әсерлерден қорғансыз, көп факторлы үрдіске айналып кетуі болып табылады. Орта Азияны өзінің геостартегиялық нысаны деп санайтын мемлекеттер мен бірлестіктердің аймақ елдерінің ішкі, сыртқы саясатына, олардың арасындағы халықаралық қатынастар жүйесіне тигізіп отырған әсері терроризм, саяси тұрақсыздық, гуманитарлық және экологиялық апат сияқты қатерлердің ықпалынан артып түсуде.

Ж.М.Медеубаеваның пікірінше, Орталық Азия еуроазиаттық құрылықтың ортасында орналасқандықтан еуроазиаттық құрылық пен Орта Шығысты біріктіретін негізгі пункт болып табылады. Және де бүгінгі XXI ғ. қарсаңында бұл аймақтың тек қана саяси картасы емес, сонымен бірге Орталық Азия аймағының геосаяси және стратегиялық маңыздылығы артты [3].

Сонымен қатар, Орталық Азия тарихи тұрақтылығы жағынан барлық Еуразия континентінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін әлемнің маңызды геосаяси аймақтарының бірі болып табылады

Енді ОА мен басқа мемлекеттер арасындағы аймақтық қауіпсіздіктерге жеке тоқталатын болсақ, Орталық Азия Ресейдің қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында оның ұлттық мүдделерін, саяси тұрақтылығын, тиімді саяси, экономикалық, әскери, әлеуметтік-мәдени және этноконфессионалды қатынаста өте біркелкі емес аймақ болып табылады. Орталық Азияда жүргізіліп жатқан АҚШ-тың саясаты көптеген факторлармен сипатталады.

Қазіргі таңда Орталық Азиядағы жағдай тұрақты емес, себебі ранға қатысты АҚШ-тың саясаты, Ауғанстан мен Пакистан арасындағы қарым-қатынас шиеленісіп кетті. Сонымен қатар, Орталық Азия аймағындағы елдерде, атап айтсақ Қырғызстан мен Тәжікстанда ішкі саяси мәселелер туындады: лаңкестіктің өсуі, діни экстремизмнің пайда болуы және нашақор сауда-саттығы көбейе бастады.

Қазіргі жаһандану кезеңінде мемлекеттер ішіндегі аймақаралық қауіптің басқа аймаққа, аймақтың жаһандық қауіпке айналу қабілеті - халықаралық қатынастардағы байқалып отырған басты беталыс.

Осыған байланысты И. Черных: «Халықаралық қатынастарда халықаралық мемлекеттік емес акторлардың рөлі өсуде, бұл терроризмді Орталық Азиядағы келесі өзекті мәселе ретінде көрсетеді» - деген пікір айтады [4].

Зерттеушілердің есептеуінше, Орталық Азиядағы негізгі қауіп-қатер қауіпсіздігі – су ресурстарын пайдалану мәселелері, қоршаған ортаның тозуы, ұлтаралық жанжалдар, наркобизнес, ұйымдастырылған қылмыстар, халықаралық терроризм, діни экстремизм және тұрғындар санының өсуі болып табылады.

Су мәселесі аймақтық мемлекетаралық қатынастардағы шиеленісті күшейтті, оны  шешу – ТМД, ЕурАзЭҚ, ШЫҰ сынды аймақтық ұйымдардың басты міндеттерінің бірі, өйткені аймақ экономикасының маңызды мəселесі

су-энергетикалық əлеуетті пайдалануда интеграциялық əдісті қамтамасыз ету болып табылады.

Еуроодақтың да Орталық Азияға қатысты ұстанымдарын кеш білдіре бастауының да өз себептері бар, олар: біріншіден, Ауғанстандағы қақтығыс пен ЕО-ның тұрақтылық пен қауіпсіздікті сақтауы; екіншіден, 2005 – 2006 жылдардан бастап Еуроодақтың энергия ресурстарын диверсификациялау күш жігері байқалды. ЕО-ның Орталық Азияға қатысты саясатындағы негізгі мәселелер – энергетика, тұрақтылық және қауіпсіздік. Еуроодаққа Орталық Азиямен ұзақ уақыттық ынтымақтастық тән емес. Еуроодақтың Орталық Азиядағы мүддесін екіге бөліп қарастырса болады:

a) Энергетика саласы; ә) Аймақтағы тұрақтылықты сақтау.

Соңғы кезде Орталық Азия тәуелсіз мемлекеттері арасындағы жаңа қарым-қатынастың қалыптасуы кезінде осы аймақтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін шешеді. Зерттеушілердің ойлары бойынша, Орталық Азия посткеңестік кеңістіктегі дау-жанжалды аймақтардың бірі. Жанжалдың әлеуеттік қайнар көздері – тек сол аймақтардың ішінде ғана емес, айналасында да болады [5]. 

Сонымен қатар, әлеуметтік мінездемесі бар аймақтық қауіпсіздік мәселелеріне мыналар жатады:

- Өмір сүру деңгейінің құлдырауы мен ОА елдерінің көпшілік тұрғындарының кедейленуі және қоғамның поляризациясы;

- Жасөспірімдер арасынданашақорлар санының өсуі;

- Ұйымдасқан трансұлттық қылмыстар;

- Қоғамның және жеке тұлғаның моральдық және рухани құлдырауы;

- Сыртқы және ішкі көші-қон мәселесі;

- Тұрғындардың білім, мәдениет және сауаттылығының азаюы;

- Тұрғындар санының өсуі және күнкөрістің төмендеуі;

- Тұрғындардың құқықтық білімдерінің жетіспеушілігі, құқықтық

нигилизм;

-      Мемлекеттік үкімет органвдарындағы  сыбайлас жемқорлық;

-    жаңа технологиялар саласын меңгеруге мүмкіндіктің болмауы.

Үстіміздегі жылы ҚР Президенті  жанындағы Стратегиялық зерттеулер институты мен Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі бірлесіп, «Орталық Азия-2016: трендтер мен сын-қатерлер» атты тақырыпта тұсаукесер жиын өткізілгені белгілі.

Аталмыш тұсаукесерде Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты сарапшылары айқындағандай Орталық Азия елдеріне қатысты басты оқиғалар анықталды [6].

Атап айтар болсақ: біріншіден, ауғандық фактордың аймақтық қауіпсіздік өзекті болуы да назардан тыс қалмақ емес. Осы ретте күрделі әскери-саяси жағдайдың аясында биліктің шоғырлануы мен үкіметтің тұрақты жұмыс істеу мәселелері маңызды бола түспекші.

Екіншіден, Сирия шиеленісіндегі террорлық қауіп-қатерлердің ұлғаюы Орталық Азия елдері үшін жаңа сын-қатер болуы мүмкін.

Үшіншіден, аймақтық қауіпсіздік саласындағы Орталық Азия елдерінің күш-жігерінің белсенденуі.

Төртіншіден, Орталық Азия елдерінің кезекті электоралды жүйеге енуі және аймақтық көлік және энергетикалық жобалардың дамуының жаңа кезеңі. Ең маңызды оқиғалардың бірі Түрікменстан – Ауғанстан – Пәкістан – Үндістан газ құбырының құрылысы және «CASA-1000» Орталық Азиядан Оңтүстік Азияға электр беру желісі құрылысының басталуы болмақ. Ал, Өзбекстанда Қытай – Орталық Азия – Еуропа халықаралық көлік дәлізінің басты бағыт саналатын «Ангрен-Пап» теміржол магистралі іске қосылады деп күтілуде.

Сонымен, Орталық Азия елдерінің саяси және экономикалық дамуы, тұрақтылығы мен қауіпсіздігі үшін жоғарыдағы аталған маңызды мәселелерге байланысты алдағы күндерде қауіп-қатерлерді азайту, тіпті болдырмау үшін алдағы уақытта осы аталған аймаққа қатысты мемлекеттер ат салысуда.

 

Әдебиеттер:

 

1. Воскресенский А.Д. Россия и Китай: теория и история  межгосударственных отношений. М.: МОНФ, 1999 г., - с. 88.

 2. Данкин Д. Безопасность – предпосылка и результат развития политического доверия // Безопасность Евразии. - 2000, январь-июнь. - № 1. - с. 342.

3. Медеубаева Ж.М. Орта Азия елдері – ХХІ ғасырдың басындағы жаһандық халықаралық қатынастар жүйесінде// http://www.kisi.kz

4. Ирина Черных, Рустам Бурнашев/ Доклад Центра антитеррористических программ / Секьюритизация: международный терроризм в Центральной Азии - http://studies.agentura.ru

5. Раджабов М. Проблемы обеспечения региональной безопасности в Центральной Азии на пороге XXI века // https://zonakz.ne

6. Іскендерұлы Ғ. Биыл Орталық Азияны қандай оқиғалар күтіп тұр?. - Егемен Қазақстан. – 16.01.2016. - 7 б.