Политология / региональные политические процессы

Букешова Г.К., Айдарбекова Ұ. М.

Астана, Казахстан

Қазақстанның дамуы жолындағы Еуроодақпен ынтымақтастығының рөлі

Бүгінгі таңда, Орталық Азия өзінің ірі энергетикалық және басқа да табиғи ресурстарының бар болуымен стратегиялық маңыздылыққа ие өңір болып табылады. Әсіресе Қазақстан, маңызы артып келе жатқан электр қуатын баламалы жеткізуші ретінде қаралады. Сонымен қатар, дамып келе жатқан Қытай экономикасын қазіргі кезде және алдағы уақытта Еуропа нарығымен байланыстыратын басым көлік коридоры ретінде де ұмытпауымыз керек.

Еуропалық Одақты кеңейту ұсынысына байланысты өзінің шығыс және оңтүстік көршілерімен ЕО-ның қатынасын нығайтуға шақырған жаңа ұзақ мерзімді стратегия әзәрленді. Мұндай көзқарасты Еуропалық тату көршілік саясаты (ENP – The European Neighbourhood Policy) ұсынған болатын. Ол ЕО-ның айналасындағы тыныштық, тұрақтылық, қауіпсіздік, адам құқығын, демократияны, заңдылықты және гүлденуді сыйлау аймағын қалыптастыруы қажет. Еуропалықтардың ұсынуы бойынша, оның мақсаты одан әрі ықпалдастыруға тартылған елдердің ортасын немесе «достықтың шеңберін» қалыптастыру.

Көлемі Үндістан аумағымен және ЕО-ның 60% аумағымен сәйкес келетін Қазақстан өзінің батыс шекарасы бойынша Еуропада.  Бұл шекара Кавказдық таулардың солтүстік жотасына дейін созылады және Орал тауларына тіреледі. Бұл факт Қазақстанның ENP-нің серіктес елі мәртебесін алу пайдасына күшті географиялық дәлел туғызады. Кейбір деңгейде қазақтардың этникалық туысқаны болып табылатын Әзербайжан азаматтарын, сондай-ақ Қазақстанның Еуропа кеңесіне мүшелікке өтініміи мысал ретінде назарға алуға болады. Сонымен қатар, Қазақстанда осы екі бас діннің бейбіт қатар өмір сүруіне үлгі болатын жергілікті қазақ мұсылмандарының көпшілігімен үйлесімді тұратын кеңестік кезеңде өте үлкен еуропалық христиандық қауымнан қалған зайырлы дәстүр бар. Қазақстан алдына ЕО-ға кіру міндетін қоймаса да Еурокомиссияның принципі бойынша географиялық және діни бөліктердің құқықтарына құрметпен қатынас жасағаны үшін Қазақстанда неғұрлым салмақты дәлелдер бар екенін көрсетеді.

ЕО үшін стратегиялық маңыздылық – Қазақстанның ЕО-ға жеткізіп беруге ынталы ірі мұнай-газ резерві. Бұл жағдайда ЕО Ресейлік құбыр жүргізуге толық тәуелді болмайды. Бұл әрекет келешекте Ресейді айналуға ЕО-дағы энергетикалық ресурстарды жеткізу диверсификациясына негізделген ЕО-ның сыртқы стратегиялық және энергетикалық мүдделерге нақты сәйкес келеді.

Қазақстан диверсификациясының саясаты өзіне транс-каспийлік бағыттағы экспорт үшін оның табиғи газын төмендету жөніндегі жоспарды қосады. Алайда, Батыста жете бағаланбаған қазақстандық «сары ядролық таблеткаларды» жеткізілім әлеуеті ЕО-ның ядролық энергетиканың келешек мұқтаждығын қанағаттандыру үшін өмірлік маңызды болатын еді. Сол кезде ЕО үшін мұнай-газ ресурстары болашақта доминант болып қала береді. Ұлыбританияны қоса алғанда, ЕО-ның кейбір мүше мемлекеттерінде парниктендірілген газды қысқартуда және ауа-райының өзгеруімен және ғаламдық жылынумен күресте маңызды компонент болатын ядролық энергияны өндіру өсетін болады.

Қазақстан әлемдік маңызы бар мұнай, газ, көмір және әр түрлі минералдар қорларын қосқанда, табиғи ресурстарға өте бай. Экономиканы диверсификациялауды және қарқынын арттыруды қажет ететін, алға қойылған басымдықтарға қарамастан, мұнай-газ саласының келешегі зор. Теңіздегі, Қарашығанақтағы және Қашағандағы ірі кен орындарының есебінен Қазақстан мұнай ресурстары бар елдердің арасында он бірінші орынды иеленіп отыр, солай бола тұрғанымен, елдегі қорлар әліге дейін толық зерттелмеген. Енді көмірсутектердің жаңа кен орындарын анықтау барған сайын неғұрлым көп-күш жігер жұмсауды қажет ететін кезде Қазақстанның жағдайы өте қолайлы болып отыр.

Көмірсутектердің бай қорларының, өсіп келе жатқан сананың және елдің стратегиялық және геосаяси маңыздылығының үйлесуі соңғы жылдарда елдің халықаралық сахнадағы ұстанымының айтарлықтай нығаюына алып келді. Қазақстан Ресей ықпалынан шықса да, ортақ тарихы ғана емес, ұзындығы 7500 км ортақ шекарасы бар Қазақстанның бұл елмен өзара қарым-қатынастары әрқашанда басыымдықты болып қала береді. Солай болса да, Президент пен министрлерорта Азия елдерін, Ресей, Қытай, АҚШ пен ЕО-ны қосқанда, бірқатар әр түрлі елдермен сыртқы қатынастарын дамытуға неғұрым көбірек көңіл бөлуде. Қазақстан үшін, егер ол күшті, тұрақты экономикасы бар елдердің арасында өзіне лайық орынды иелегісі келсе, осындай көовекторлық дипломатияда табысқа жетудің зор маңызы бар.

ENP қызметінің кеңеюі Қазақстанға еуропалық-қазақстандық қатынасты нығайтуға, елдердің демократияға ілгерілеу күшін шоғырландыруға, адам құқықтарын қорғауды, заңдылықты күшейтуге, мүмкін болатын мақсат – еркін-сауда туралы келісімнің қорытындысына қол жеткізумен өзара экономикалық серіктестікті реттеуге мүмкіндік беретін еді. ЕО-да төрағалық етуші Германия өкілдері Орта Азиямен ынтымақтастықты дамыту басымдықтарының біріне, сондай-ақ ENP-ға Қазақстанның қосылуы туралы идеяға қызығушылық танытты, алайда,  2006 жылғы сәуірдегі хат авторына жазылған жауапта Еурокомиссия ЕО-ға «тікелей жақындықта» табылатын елдерге ғана ENP-нің кеңеюін шектеп, Орта Азиямен қатынастағы бұл идеяны қабыл алмады.

Соңғы уақытта Еуропалық Одақтың жалпы Орталық Азияға және атап айтқанда, Қазақстанға деген қызығушылығы пайда болуының артында не тұр?

Ниеттену тұрғысынан алғанда, бұған ЕО елдерін, саясаткерлердің ойынша, бір жағынан, жеке мүдделері және екінші жағынан, альтуризм итермелеп отыр. Жеке мүддесі Еуропаның Орталық Азия мен Каспийдегі мұнай, газ ресурстарына тікелей шығу ниетінде жатыр, - мұның өзі ЕО-ға жеткізу көздерін ұлғайтады, ал екінші жағынан, қазақстандық және басқа да ортаазиялық көмірсутектер өндірушілеріне ірі еуропалық нарықтарға шығар жол алуға мүмкіндік береді. Екі жаққа да тиімді осындай мүмкіндікті іске асыру техникалық және коммерциялық дайындықты ғана емесс, сондай-ақ сарабдал саясат жүргізуді қажет етеді, өйткені дәстүр бойынша Орталық Азия мен Каспийден газ жеткізу Ресейдің құбырлары арқылы жүзеге асырылып және Ресей тарапынан бақыланатын еді.

Еуропа елдерінің альтуризмі олардың Қазақстанға және Орталық Азияның басқа елдеріне басқарудың ашық демократиялық жүйесін орнату және күшейту ниеттеріне көмек көрсету болып келеді. Еуропа парламентінің осы аймақта және сыртқа байланыстарда дамытуда мүддесі бар мүшелері алдыңғы кезекте өзара қарым-қатынастардың дәл осы қырына көңіл бөледі. Олар Қазақстанның елеулі ілгерілегенін мойындайды және солай болғанымен, одан кейінгі реформаларды алға жылжыту үшін тетіктерді, мысалы, ДСҰ-ға кіруде ЕО-ның қолдау көрсетуі сияқты пайдалануды жөн көреді.

Айта кетерлігі, соңғы бірнеше жылдың ішінде ЕО мен Еуропалық комиссияның Қазақстанмен және жалпы Орталық Азия елдерімен өзара ықпалдасуында айтарлықтай жақсаруға қол жеткізді. Бұрын комиссияның шенеуніктері Орталық Азияның маңызды рөлін және газ жеткізудегі әлеуетін мойындайтын, бірақ осы қатынастарды берік негізге қою үшін қажетті сарапшылар санын қамтамасыз ете алмайтын. Оның себебі, ресурстардың шын мәнінде шектеулі болғанында еді.

2015 жылғы 21 желтоқсанда Астанада Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов пен ЕО-ның Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі Жоғарғы өкілі Федерике Могерини Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақ арасындағы кеңейтілген серіктестік және ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.   Осылайша, Қазақстан Орталық Азияның Еуроодақпен бәрін қамтитын жаңа құжатқа қол қойған алғашқы елі болды.

Жаңа келісім сауда-экономикалық және инвестициялық саладағы, оның ішінде Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылуын және Еуразиялық экономикалық одақты дамытуды қоса алғанда, ҚР мен ЕО арасындағы өзара іс-қимыл шеңберін едәуір ұлғайтады және ынтымақтастық үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.

Қазақстан мен Еуроодақ қатынастардың тұжырымдамалық жаңа деңгейіне көшуге және аталған келісім қамтитын 29 саладағы өзара тиімді серіктестікті жандандыруға дайын екендіктерін білдіруде. Ынтымақтастық бағыттарына экономика және қаржы, көлік, энергетика, қоршаған ортаны қорғау, білім және зерттеу, сондай-ақ деректерді қорғау, көші-қон, заңның үстем болуы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес салалары кіреді. Тараптар сонымен қатар терроризмге және трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрестегі ынтымақтастықты күшейтуді, халықаралық және өңірлік қауіпсіздік пен тұрақтылыққа көмектесуді көздеуде.

Жаңа келісім шеңберіндегі ынтымақтастықтың маңызды бағыттарының бірі азаматтардың өзара сапарларын жеңілдету болып табылады. Осы орайда, Астанадағы келіссөздер барысында осы бағыттағы әрі қарайғы қадамдар талқыға салынды. Е. Ыдырысов атап өткендей, Қазақстан визалық саясат саласында ұлттық заңнаманы еуропалық нормалармен үйлестірумен қатар, шетелдік азаматтардың Қазақстанға келуін жеңілдетуге де елеулі көңіл бөліп келеді. Мысалы, 2014 жылғы жаздан бастап әлемнің 20 дамыған еліне Қазақстанға визалық талаптарсыз келуге рұқсат беретін пилоттық жоба жүзеге асуда. Олардың көбісі еуропалық елдер.

Кеңейтілген серіктестік және ынтымақтастық туралы келісімге қол қою Қазақстан мен ЕО қатынастарын дамыту мен нығайтуда маңызды кезең болып, бұл қатынастардың сапалы жаңа деңгейге өткенін көрсетті.  

Қазақстан Еуропалық Одақтан көп нәрсені үйрене алады, сонымен қатар ЕО-қа да 100-ден аса этникалық топ және 46 діниконфессия өкілдері бейбітшілік пен келісімде өмір сүріп жатқан Қазақстаннан ұлтаралық және дінаралық қарым-қатынас саласында үйренетіндері бар деп ойлаймын. Орталық Азияға қатысты ЕО-ның стратегиясы демократияға, заңның үстемдік етуіне, халықтың экономикалық әл-ауқатының өсуіне сөзсіз жатқызуға болатын біздегі жалпы құндылықтардың бар екендігін ескере отырып екі жақтың өзара талпынысы бойынша туындады.

Қорытындылай келе, Елбасымыз Н.Назарбаевтің осы жылдың қаңтар айындағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына жолдауында айтқанындай, халықаралық ынтымақтастық аясында ұлттық экономикалық мүдделерді қорғап, ілгерілету қажет.

Еуропалық Одаққа қатысты Қазақстанның саясаты  оның әлемдегі экономикадағы рөлімен  және Еуропаның 25 дамыған елері кіретін  осы бірлестіктің жемісті интеграциялық  саясатымен айқындалады. Еуропалық  Одақ біздің еліміздің ең ірі сауда-экономикалық әріптесі болып табылады. Біздің еліміздің  экономикасына Еуропалық Одақтың  тікелей инвестицияларының үлесі  шамамен 30%, бұл Қазақстан экономикасына  салынған инвестициялардың жалпы көлемімен салыстырып  алынып отыр. Еуропалық Одақ  елдерімен сыртқы экономикалық байланыстардың шарттық-құқықтық базасы екі жақты сауда-экономикалық қатынастардың өсіміне ықпал еті. Біздің еліміздің экономикасы құрылымдық қайта құруға және оның өнеркәсіптік  әлеуетін дамытуға белсенді түрдеқатысып жүрген елдермен қол қойылған құжаттар айрықша маңызды. Мәселен, Қазақстанға қаржылық көмек көрсету жөнінде келісімдерге қол қойылды және олар жемісті түрде жүзеге асты. Еуропалық елдердің ішінде Ұлыбританиямен, Германиямен, Франциямен, Нидерландпен, Швейцариямен ынтымақтастық анағұрлым жемісті дамып келеді.

Әдебиеттер:

1.            Қазақстан Республикасы – Еуропалық Одақ: ынтымақтастық нәтижесі мен болашағы. 2007 ж. Астана

2.            Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік», 2017 жылғы 31 қаңтар

3.            Аубакирова А.А. Европейский  Союз и Республика Казахстан- направления сотрудничество // Экономическая наука в Казахстане. Алматы, 2007.-№7.