Аязбаева
Меруерт Серікқызы, Фатихова Назипа Ағламқызы,
Аманқұлова Қарлығаш Ыбраймқызы
Тараз
инновациялық-гуманитарлық университеті, Тараз қ.
ЖЕТІМ БАЛАЛАР ТҰЛҒАСЫН ХАЛЫҚ
ПЕДАГОГИКАСЫ НЕГІЗІНДЕ ҚАЛЫПТАСТЫРУ
ЖОЛДАРЫ
Жиырма
бір жылдық тарихы бар тәуелсіз еліміздің ХХІ
ғасырдың бір мүшелігіне аяқ басқан сәтінде
қабылданып отырған жаңа жүзжылдықтың бел
ортасына дейінгі дамуы сипатын белгілейтін «Қазақстан-2050» Стратегиясы
қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты
ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан
халқына Жолдауында «Бейбіт өмірдің өзінде
бізде мыңдаған жетімдер бар - балалар үйлері толы. Бұл,
өкінішке қарай, жалпы әлемдік үрдіс және
жаһанданудың сынағы. Бірақ біз бұл үрдіспен
күресуіміз керек. Мемлекетіміз бен қоғамымыз жетімдерді
асырап алуды және отбасы типіндегі балалар үйлері салынуын
көтермелеуі қажет» деп жетім балаларға бүкіл
қоғам болып қолдау жасауымыз қажеттігін
көрсеткен. Сондай-ақ бала тәрбиесі бойынша да «Бала тәрбиелеу
– болашаққа ең үлкен инвестиция» деп
көрсеткен. Онда тәрбиеге, әсіресе
жастарды тәрбиелеуге, аса мән беріп отыр. Себебі, зор
байлықтың мұрагері саналатын қазақ
халқының адамдық ресурстарының сапалы болуы –
тәуелсіздігіміздің, мемлекет қауіпсіздігінің,
ұлтаралық сыйластықтың нақты кепілі.
Сондықтан, Елбасы өз Жолдауында азаматтардың бойына
ерік-жігерді, еңбексүйгіштікті, мақсаткерлік
қасиеттерді тәрбиелеуге, жастарымыздың адаспай алға
басуына септігін тигізуді көргендері мол, өмірлік
тәжірибелері жеткілікті аға буынды шақырады [1].
Бүгінгі уақытта
мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру жүйесінің
жаңаруына жан-жақты жетілген, ұлттық сана-сезімі,
ұлттық психологиялық нышандары қалыптасқан,
рухани байлығы дамыған, ғылым мен практика жетістіктерінен
хабары бар ертеңгі азаматты тәрбиелеу – балалар үйінің
және мектептің үздіксіз жүзеге асыратын міндеттері
екені баршаға аян. Бұл жөнінде «Балалар үйінің
жарғысының» 21-ші тармағында: «Мектеп жасына дейінгі балалар
үшін балалар үйі тәрбиеленушілері өмірінің
және денсаулығының сақталуын, балалар денесінің
дұрыс жетілуін, оларда мәдени-гигиеналық
дағдылардың болуын, сөйлеу тілінің дұрыс дамуын
және балалардың мектепке оқуына әзірлігін
қамтамасыз етеді» - деп атап көрсетілген [2].
Өткен тарихи дәуірге көз
жүгіртсек, бала тағдырын ұлт тағдыры деп қарап,
болашақ ұрпағының тексіз, түпсіз өсуіне жол
бермеген, жесірлерін жерге қаңғыртпаған, жетімдерін
жылатпаған халықтық дәстүрлер болған.
Дегенмен, қазіргі қозғап отырған мәселеде
Еліміздің келешек белсенді болашақтары – ұрпақтарымызды
қорғап, ұлттық тәрбиені ата-баба
дәстүрлерінің жақсы өнегелі қасиеттерін
ұрпақтың санасына орнықтырып, бала кезінен бойына
сіңіріп, зейінін үйрету, қазіргі уақыттағы
негізгі мәселе түрінде көрсетіледі [3]. Сол үшін
баланың дүниеге келген уақытынан бастап, ұлттық
өнегелерді баланың бойына сіңдіре білсек, қана біз
өз ұлтын қадірлеп, қастерлейтін, жан дүниесі
жақсы дамған дамыған, еліміздің дамуына атсалысатын
балалар үйінде нағыз қазақ азаматын
қалыптастырамыз.
Қазіргі ұрпақтың жеке
тұлғасын дамытуда халқымыздың жылдар бойы үлгі
тұтып келген ар-намыс, ождан, атамекен, өз тіліне
сүйіспеншілік, әдептілік, мейірімділік, жауапкершілік,
үлкенге құрмет кішіге ізет қасиетін қалыптастыру
- олардың бойында өз
халқына өгейлік танытпау негізгі талап.
Халықтар жеке адам болып қалыптасып,
өзіндік жеке қасиеттерімен дүниеге келмейді, әрбір жеке
адамды қалыптастыру, тәрбиелеп дамыту, осы заман талабына сай
азамат, білімді, ақыл-парасатты, өмірге құштар болып
өсуіне атсалысумыз керек.
Кез келген дәуірде болмасын жас
ұрпақтың үлгі тұтар өзіндік
ұлттық тәлімі,
үлгі алатын тарихи ғұламалар танымал. Әл-Фараби,
Ж.Баласағұн, М.Қашқаридың
еңбектерінің, ғұламалық сөздерінің
балалар үйіндегі балалардың жеке басын қалыптастыруда
мәні зор [3].
Жеке тұлғаны ұлттық
тәлім-тәрбие арқылы қалыптастыруда қазақ
халқының ағартушы ғалымдары Ж.Аймауытов, Ы.Алтынсарин,
А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Жұмабаев, Ш.Құдайбердиев,
А.Құнанбаев, Ш.Уәлиханов т.б. еңбектерінің
маңызы зор [4].
Қазіргі қоғамдағы жеке адамды
қалыптастыруда ұзақ мерзімді педагогикалық әсер
қалыптастыратын әдістердің тиімділігі, тәрбиеші мен
тәрбиеленушінің арасындағы рухани-адамгершілік
қарым-қатынас өздігінен қалыптаспайтындығын
өткен кеңес дәуіріндегі педагогтар П.П.Блонский,
Н.К.Крупская, А.В.Луначарский, А.С.Макаренко, В.А.Сухомлинский, К.Д.Ушинский [5]
т.б өз зерттеулерінде айқындаған.
Ұлттық педагогика мен
қазақтың тәлім-тәрбиесі туралы ежелгі
ғұламалардың, ғалымдардың ойлары бүгінгі
зерттеулерде жалғасып келеді. Қазіргі уақытта арнайы этнопедагогика
ТМД елдер ғалымдары зерттеген Г.Н.Волков, А.Ш.Гашимов, А.Э.Измайлов,
Е.Н.Ханбиков және т.б. зерттеулерінің нысанасы ретінде
қарастырды [6].
Қазақстанда
ұлттық педагогиканы зерттеуде үлес қосқан
көрнекті ғалымдар З.Әбілова, Ш.Әлібеков,
С.Ғаббасов, С.Қалиев, К.Қожахметова, А.Мұхамбаева,
Ж.Ж.Наурызбай, Н.Сәрсенбаев, К.Сейсенбаев, Т.Ә.Табылдиев,
Р.Төлеубекова, С.Ұзақбаева және т.б. аталған
ғалымдар өз еңбектерінде бала тәрбиесіндегі
ұлттық тәлім-тәрбиенің мән мағынасын
кеңінен қарастырылады [6].
Қазақстанда мектепке
дейінгі тәрбие бойынша
тарихи-әдістемелік, ғылыми-теориялық арнайы зерттеулер
жүргізген ғалымдар А.С.Әмірова, Б.Б.Баймұратова,
С.Бәтібаева, Ф.Н.Жұмабекова, С.Н.Жиенбаева, Т.Иманбеков,
Т.А.Левченко, А.Е.Манкеш, А.К.Меңжанова, М.Т.Тұрыскелдина және тағы басқа да
ғалымдар мектепке дейінгі кезеңнің көптеген
мәселелерін жан-жақты қарастырып, балаларға білім беру
мен тәрбиелеу сипатының қажетті әдіс-тәсілдерін
ұсынып, қағидаларын нақтылаған.
Бүгінгі таңда Қазақстанда арнаулы
балалар үйі мен мектеп интернаттарда тәрбиеленетін балалардың
дамуы мен тарихын зерттеген ағартушылар Л.Г.Ақжаркенова,
Ж.И.Намазбаева, А.К.Сатова, М.Ж.Смайлова
арнаулы балалар үйі мен мектеп интернаттарда білім беру мен
тәрбие берудің теориясы мен әдістемесін қалыптастыруда
өз еңбектерін сіңірген.
«Бейбіт
өмірдің өзінде бізде мыңдаған жетімдер бар -
балалар үйлері толы. Бұл, өкінішке қарай, жалпы әлемдік
үрдіс және жаһанданудың сынағы. Бірақ біз
бұл үрдіспен күресуіміз керек» деп Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2050»
Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси
бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында
көрсетен болатын. Сондықтан келешекте жетім балалар үйіндегі
тәрбиелеу мен білім беру жұмыстарын дамыту, озық және
үйлесімді жүйеге келтірілген педагогикалық технологияларды
ұтымды қолданып, жетім балалардың жеке басының
әлеуметтік қасиеттерін дамытуды шешуге негізделген, дамыған
елдердің тәжірибелерін салыстырмалы түрде қарастырып,
талдау ұсыныс ретінде жасалады.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
1. 2012 жылғы 14 желтоқсандағы Қазақстан
Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы
қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты Қазақстан
халқына Жолдауынан. (www.akorda.kz)
2.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 17
мамырдағы №1738 қаулысы //Сборник нормативно-правовых документов,
регламентирующих деятельность учебных заведений дошкольного образования. –
Алматы, 2005.
3. Қашқари
М. Диуани лұғат ат-түрік. /Түркі тілдерінің
жинағы - Алматы: Ана тілі, 1993. – 395 б.
4. Аймауытов Ж.
Психология. – Алматы: Рауан, 1995. – 312 б.
5. Асылбекова
М.П.Балалар үйіндегі тәрбиеленушілердің тілін
дамытудағы ойынның маңызы //Бастауыш Мектеп Алматы 1998.
6. Мырзатаева Б.
Халықтық салт-дәстүрлердің бала дамуына
ықпалы. Ұлағат – 2002 №5 37 б.