Кусаинова Айман
Толеутаевна
Е.А.Бөкетов
атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің
оқытушысы
Кабылбекова Жанна Кайыркеновна
Е.А.Бөкетов
атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің
оқытушысы
Абилов Дархан Кемерович
Е.А.Бөкетов
атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің
аға
оқытушысы
«СТРЕСС» ӘЛЕУМЕТТІК
ҚЫЗМЕТКЕРДІҢ НЕГАТИВТІ НЕМЕСЕ ТАБЫСЫНЫҢ ФАКТОРЫ РЕТІНДЕ
Әлеуметтік қызметкер
тұлғасының, оның кәсіпқой ретінде
қалыптасуында оның стресске төзімділігі маңызды орын
алады. Бұл – өсіп келе жатқан стресстік жүктемелер
жағдайында қызметтің және психикалық
функциялардың жоғары көрсеткіштерін сақтай алу
қабілеті. Стресске төзімділіктің маңызды
жақтарының бірі стресстік жағдайларда тиімділіктің,
қызметтің және нәтижеліліктің жоғары
көрсеткіштерін тек сақтау емес, сонымен қатар оны
жоғарылату қабілеті. Әдістемелік көзқарас бойынша
стресске төзімділіктің қызметтің тиімділігіне
әсері әлеуметтік жұмыс маманының қызметі мен
тұлғасының бірлігімен сипатталады.
Стресске төзімділік мәселелерін зерттеумен көптеген
шетелдік ғалымдар айналысты, олар Т.З. Биктимиров, Ф. Василюк, Т.И.
Демидова, Л.А. Китаев-Смык, А.Б. Леонова, А.В. Либин, Г. Селье, Я. Стреляу, Г.
Томэ. Стресс өмірдің қажетті шарты, қызмет жасаушы
механизмнің қажетті жағдайы болып табылады.
Біріншіден, әлеуметтік қызметкердің
жұмысы жоғары қызбалық пен күйзеліспен
сипатталады, негативті эмоциялар мен қиын жағдайлардың пайда
болуына себептер көп. Екіншіден, бұл қызметтің
өзі тиімділкке де, жағдайларды эмоционалды-еріктік
басқаруға қатаңдыққа да жоғары
талаптар қояды, және ол оның жауапкершілігімен байланысты.
Стресс ұғымы ғылыми
терминологияға ғана емес, күнделікті өмірге де кіреді.
Стресс – адам өмірінің айырылмас бөлігі: ол туралы
түсініктер және жеке стресстік қобалжулар – әрбір
адамның жеке тәжірибесінің маңызды компоненті. Стресс
(ағылш. stress – қысым, шиеленіс) әр түрлі экстремалды
әсерлерге – стрессорларға жауап ретінде пайда болатын жоғары
алаңдаушылық жағдайларының кең шеңбері.
Әлеуметтік жұмыс бойынша маманның қызметінде
стрессорлардың саны жоғары, және мазмұны бойынша
олардың өзіндік ерекшеліктері бар. Әлеуметтік қызметкер
жұмысының стрессорларына келесідей фаторларды жатқызуға
болады, және олар әлеуметтік қызметкер тұлғасына,
оның көңіл-күйі, кейпі, қызметінің
тиімділігіне оң және теріс те әсер етеді.
Ақпараттық жүктеме факторлары. Әлеуметтік қызметкер
жұмысының ерекшеліктерінің бірі ол - ақпараттың
үлкен көлемімен жұмыс жасаудың қажеттігі.
Мазмұны бойынша бұл ақпарат, ереже бойынша, әркелкі,
ауыспалы, қарама-қайшылықты, нақтылықтың
әр түрлі деңгейіне ие. Дегенмен, оның барлығы
адекватты қабылдануы, ұғынуы және қызметте
жүзеге асуы тиіс. Ақпарат көлемі, оны өңдеу
талаптары субъекттің психикалық мүмкіндіктеріне
қарама-қайшы болуы мүмкін. Осыған байланысты
ақпараттың үлкен көлемі жоғары шиеленіске,
стресске (ақпараттық стресс) әкелетін фактор болып табылады.
Ақпараттық белгісіздік факторлары. Ақпараттық жүктеме –
оның әлеуметтік қызметкердің жұмысында артықтығы үнемі белгісіздікпен
сипатталады. Бір жағынан, ақпарат тым көп, ал бір
жағынан – берілген нақты жағдайға қажетті
және маңызды ақпарат әдетте жетіспейді. Соның
нәтижесінде әлеуметтік қызметкер не қажетті
ақпаратты іздеуі тиіс (оның өзі стрессті тудырады), немесе
белгісіздік жағдайында жұмыс істеуге мәжбүр болады,
яғни соңғысы үлкен стресстік фактор болып табылады.
Жауапкершілік факторы – қызмет үшін шешуші
және маңызды, басқа факторлардың көрініс табуы
осы факторға байланысты. Әлеуметтік қызметкердің
жұмысында жауапкершіліктің шегі жоғары, ал оның
мазмұнында өзіндік ерекшелік бар. Бұл тек «нәтиже
үшін жауапкершілік» және «өзі үшін жауапкершілік»
қана емес, ол «басқалары үшін жауапкершілік» те болып
табылады. «Жеке жауапкершілік»
принципіне сәйкес әлеуметтік қызметкер өзінің
жұмысында мекеменің қызметінің нәтижесіне
жауапкершілік алады. Шешімдерді қабылдайтын адамдар үшін
жауапкершілік өзінің жеке күшін сезінуді білдіреді.
Жұмыстан қанағат алу үшін шешімдер қабылдау керек
және оларға жауапты болу тиіс. Бұл қажетті
жағдай, себебі адамның тәртібі бастапқыдан жетістікке
бағытталған, және бұл қылыпты тенденция
және өзін-өзі жүзеге асыру үшін,
өзін-өзі сыйлау және басқалардың
сыйластығына жету үшін дұрыс жол. Бұл феномен «әкімші
стрессі» деп те аталады, дегенмен бұл тек әкімшілерге ғана
тән емес.
Уақыт тапшылығы факторы. Үнемі уақыттың жетіспеушілігі – басқару
саласындағы әлеуметтік қызметкердің жұмысына
тән қалыпты көрсеткіштердің бірі. Бұл міндеттер
мен функциялардың көптігімен де, әлеуметтік
жұмыстың бас маманы әдетте қойылатын қатаң
уақытша шектеулермен де шартталады. Психологиялық зерттеулер
бойынша қызметте шешілуі тиісті міндеттердің қиындығына
қарағанда уақыттың тапшылығы әлменді
фактор.
Тұлғаралық конфликтілер факторлары.
Әлеуметтік қызметкер жұмысы барысында
тұлғааралық конфликтілердің әр түрлі типтері
мен әр түрлі көріністері тұрақты болып табылады.
«Қазіргі уақытта клиенттер жағынан, басқа адамдардан
және қызметкерлердің біреуінен физикалық шабуылдан, «қауіпті
тәртіп» зорлығынан қорғалмаушылық аспектілері
ерекше алаңдаушылық тудырады. Әлеуметтік қызметкерлерде
осы жағдайлар болуы мүмкін деген қорқыныш пайда болады».
Осы себептен пайда болатын негативті тұлғааралық
қарым-қатынастар стресстік жағдайлардың
қалыптасуының айрықша күшті қайнар
көздерінің бірі болып табылады.
Тұлғаішілік (рөлдік) конфликтілер
факторлары. Бір адам бір немесе одан
да көп функционалдық рөлдерді орындау қажет
болған жағдайда стресттік жағдай қалыптасатыны
көрсетілген. Әр түрлі рөлдер ұсынатын
талаптардың сәйкессіздігі рөлдік конфликт жағдайының
дамуына әкеледі.
«Рөлдердің белгісіздігі» факторы қызметкер одан не күтіп тұрғанына
сенімсіз болған жағдайда пайда болады. Рөлдердің
конфликтіснен айырмашылық - мұнда талаптар қарама-қайшы
болмайды, бірақ олар жалтармалы және белгісіз.
«Қызық емес жұмыс» факторы. «Өзінің жұмысына
қызығушылық білдіретін қызметкерлер жұмысына
қызықпайтын қызметкерлерге қарағанда
физикалық әлсізденуге аз душар болады және ол жайлы аз
мазасызданады». Сондай-ақ стресс жұмыстың нашар
жағдайларынан да (бөлме температурасы, нашар жарық, шамадан
тыс шу) пайда болуы мүмкін.
Әдетте әлеуметтік қызметкер
ақпараттың үлкен көлемімен, мөлшерленбеген
жұмыс уақыты жағдайларында жұмыс істейді,
әріптестері мен клиенттер жағынан қысым көреді. Жиі
шешімдерді қабылдаудың зардаптары белгісіздігі оны тәуекелге
баруға мәжбүр етеді. Ол стресстік жағдайда үнемі
болады. Сонымен қатар әлеуметтік қызметкер «сезімдерін
ұстай білуі» тиіс, «көңіл-күйге берілмеуге»,
өзін-өзі басқара білу керек. Бұл, эмоциялар мен
жағдайлардың әлеуметтік қызметкердің жеке
жұмысына негативті әсердің азаюы үшін ғана керек
емес. Әлеуметтік қызметкер «үнемі көз алдында»
және оның кез келген жағымсыз эмоциялық
көріністері мен жағдайларын (сенімсіздік, көңілсіздік, күйгелектік,
үрей) әріптестер қабылдайды және бұл
олардың қызметінде де көрініс табады.
Стресстік жағдайларда әлеуметтік
қызметкерлер:
-
адекватты емес
өзін-өзі бағалауға ие;
-
клиенттердің
мәселелерін өнімсіз шешеді;
-
азырақ тиімді
жұмыс жасайды;
-
жиі нашар
көңіл-күйде болады;
-
өзінің
кәсіби дамуына ұмтылмайды;
-
жұмысқа
қанағатсыз [1].
Стресстік жағдай кезінде адам қоршаған
ортада болып жатқан жағдайды дұрыс бағаламауынан
қақтығыс туындауы мүмкін [2].
Ұзақ уақыттық стрессте
жұмыс көрсеткіштері нашарлайды. Дегенмен, қысқа
уақыттық стресс уақытында қызметкерлер жұмысты
жақсырақ орындайды, жұмыс қарқындылығы
жоғарылайды. Жұмыс – адам өміріндегі белсенділіктің
маңызды түрлерінің бірі. Жұмыспен байланысты барлық
стресстерге қарамастан ол үлкен басымдылықтар береді. «Қызметтің
кәсіби түрі ретінде жұмыстың бар, жоғы
өзін-өзі бағалау, психологиялық және
психикалық денсаулық сияқты маңызды жеке
көріністерде сезіледі».
Сонымен қатар, әлеуметтік
қызметкердің жұмысында пайда болатын стресстік
жағдайлар вербальді және физикалық зорлықты,
сондай-ақ қауіп-қатер мүмкіндігін де ескереді.
Мұндай жағдайлардың бары оларға еркеше
қарым-қатынасты талап етеді.
Клиентпен жұмыс кезінде әлеуметтік қызметкер
қолдана алатын қорғау әдістері айқындалған:
өнімсіз әдіс (клиентті басқа әлеуметтік
қызметкерге жіберу); бас тарту (клиентке көмек көрсетуден бас
тарту); басқа мамандарға жіберу; қарым-қатынас
кезіндегі салқындық; клиентті бетінен қайтаруға талап
жасау; эмоционалды жеңілдену.
Клиенттерге адалдықты сақтау мен
қоғаммен қойылған әлеуметтік қолдау бойынша
мақсаттарға жету үшін әлеуметтік қызметкерлер
арасында стресспен күрес бойынша жұмыс жүргізу қажет.
Стресстік жағдайлардың даму динамикасы,
олардың әлеуметтік қызметкер жұмысына
әсерінің өзіндік ерекшелігі бар. Бұл ерекшелік
келесідей негізгі себептермен шартталған:
-
қызметтің
жоғары қиындығымен, онымен байланысты міндеттерді шешудегі
субъективті қиындықтар;
-
қызмет
эмоционалды факторларға қанық, ол өз кезегінде
стресстік жағдайлардың дамуына, сондай-ақ жүйке-психикалық
қысымның және қажуға себепкер болады;
-
«созылмалы
жоғары» жауапкершілік;
-
әлеуметтік
жұмыс қызметкерінің міндеттері мен функционалды-рөлдік
«репертуардың» көп түрлілігі;
-
жұмыс күнінің
ұзақтығында, жұмыс барысын болжап
болмайтындығында көрінетін жұмыс күнінің
нормаланбағандығы; регламенттелген үзіліс, демалыстардың
әдетте жоқтығы.
Жоғарыда аталған факторлардың
барлығы әлеуметтік қызметкер жұмысында стресстік
жағдайлардың дамуына күшті қайнар көз болып
табылады, сөзсіз мұның барлығы әлеуметтік
қызметкердің моральді-психологиялық, фихзикалық
хал-жағдайында, денсаулығында, көңіл-күйінде көрініс
табады. Бүгінде қиын кәсіби қызметтің субъектісі
ретінде әлеуметтік қызметкердің әлеуметтік, материалдық,
құқықтық, психологиялық
қорғалуы мен қолдауы туралы міндет қойылуы керек.
Қорытындылай келе, зерттеушілер мен
тәжірибелік қызметкерлер әлеуметтік қызметкер
бірқатар дағдылар мен икемділктерге, адам туралы ғылымдар
(психология, медицина, әлеуметтану, педагогика, экономика,
құқық және т.б.) саласында терең білімдерге
ие болу керек. Әлеуметтік жұмыстың теориясын, әдістеме
мен технологиясын білу және оларды сәйкесінше жеке
тұлғалық еркешеліктермен, қасиеттермен, сапалармен
бірге кәсіби қолдану маманның кәсіби қызметке
дайындығы ретінде қарастырылуы мүмкін.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Шмелева Н.Б. Формирование и развитие личности
социального работника как профессионала. – Москва, 2005.
2. Б.Н. Қылышбаева
Қақтығыстану:оқу құралы. – Алматы, 2009.