ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ
ҒЫЛЫМЫНЫҢ КЕЙБІР АСПЕКТІЛЕРІ
Абдраманова Н.Ш. – магистр, ааға оқытушы, Ешімқұл А.С. – ХТ-16-1к1 тобының студенті, Жунисбекова Ж.А. – п.ғ.к.,
доцент, М.Әуезов ат.ОҚМУ, Шымкент қ., Қазақстан
Қоғамды әлеуметтік-экономикалық
тұрғыдан дамыту кезінде білімнің рөлі біршама
кеңейді. Білім бұл қоғамды дамытуда заманауи
қозғаушы күш болып табылады. Сол себептен де алға
басушылыққа болжау жасау үшін біздің елдегі және
әлемдегі білім беру жүйесі туралы қарапайым
түсініктерді білу қажет. «Педагогика» және «Психология»
ғылымдары құнды тарихи тәжірибелерді жинақтады,
олар қазіргі заманғы ғылыми білім мен адам
мәдениетінің бір бөлігі болып табылады, сол себептен де
әлемнің толық ғылыми суретін педагогика мен психология
бойынша білімі жоқ маманды дүниетанымындағы бұл
ғылымдарды қоспау мүмкін емес болып отыр. Заманауи
қоғамның ізгілендіру мен ізгілігі өмірдің
барлық саласында психология мен педагогиканың әдістерін кең
көлемде қолдана бастады. Адамның кәсіби және
өмір сүруде табыстарға жетуге ұмтылуы әлемде
болып жатқан өзгерістерді үнемі зерттеуді, олардың
қозғалысының заңдылықтарын анықтауды,
болжамдар жасай білу мен осы болжамдардың нәтижесінде нақты
жобаларды жасай білуі қажет.
Психологиялық білімсіз педагогикалық
жұмыстың ізгілік сипаттамаларын қамтамасыз ету мүмкін
емес. Психологиялық зерттеулердің нәтижелерінің
педагогикалық зерттеулермен сәйкестендіру арқылы жеке
тұлғаның қалыптасу механизмдерін, психикалық үрдістердің
даму заңдылықтарын анықтауға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, педагогика білі туралы жалғыз ғылым,
оның құрамына психологиялық білімнің
мағыналы массиві мен «жұмыс
жасаушылардың» педагогикалық ғылым мен білім беру тәжірибелерін
жетілдіру жұмыстары кіреді.
Ғылыми шығармашылық жаңа білімді
өңдіру саласы ретінде ғылыми ізденістің анықталған
тиімді бағдарламасын талап етеді, сонымен қатар жалпы
білімнің теориясы мен практикасының рөлін қарастырады.
Ол үшін психологиялық-педагогикалық зерттеулер
түсініктерінің айырмашылықтарын ажырата білу қажет
және сонымен қатар бұл түсініктердің нысанды,
затты, мақсаттар мен тапсырмаларды және білім берудің
теориясы мен практикасынның қатынастарын анықтау кезінде
көрініс табады.
Ғылымның мына төмендегі белгілерін
бөліп көрсетуге болады:
1)ол қоғамның
қажеттіліктерінің нәтижесінде пайда болады;
2)әрбір ғылымның өзіндік зерттеу
пәні бар;
3)ғылымға өзіндік категориялық
құралдарының болуы тән;
4)әрбір ғылымның өзіндік зерттеу
әдістері бар;
5)ғылым табиғаттың объективті дамуы
заңдылықтары, қоғам, адам және оның
түйсігі туралы дұрыс және жалпыланған білім
жүйесін қарастырады.
Психологиялық-педагогикалық білімдегі
қажеттіліктер жеткіншек ұрпақтарды тәрбиелеу
қажеттілігімен бірге пайда болды. Алғашқы кезде мұндай
білімдер халық ауыз шығармашылықтарында түрленеді
(ертегілер, аңыздар, дастандар, мұраларда және т.б.), содан
кейін – философиялық зерттеулерде қолданылды. Педагогика жеке
ғылым ретінде XVII ғасырларда бөлініп шықты,
монуфактуралық өндірістің өсу кезеңі пайда
болған кезде адамдардың көп санын станоктарда жұмыс
жасауға үйретуді жылдам жүргізу қажеттілігі туындады.
Ғылыми білім оқыту үрдістерін технологияландыруға
мүмкіндік берді.
Қазіргі таңда өзіне тән
мәселелері бар тәжірибенің түрлі салаларында
сұраныстарға сәйкес топтары бөлініп көрсетіледі.
Бұл мәселелердің әдетте кешендік сипаттары бар
және оларды көптеген пәндер жасап шығарады.
Оның ішінде психологиялық-педагогикалық
зерттеулер үшін маңызды психологияның бір саласы оқыту
мен тәрбиелеудің психологиялық мәселелелерін зерттейтін
педагогикалық-психология саласы маңызды сала қатарына жатады.
Педагогикалық психология мына төмендегілерді
зерттейді:
1)танымдық әрекеттерді қалыптастыру мен
жеке тұлғаның қоғамда маңызды сапаларын
қалыптастыруға мақсатты бағытталған
психологиялық мәселелер;
2)оқытудың оптимальді дамыту әсерін
қалыптастыруды қамтамасыз ететін шарттар.
3)оқушылар мен тәрбиеленушілердің жеке
психологиялық ерекшеліктерін есепке алу мүмкіндіктері;
4) педагогтар мен оқушылар арасындағы
және оқыту ұжымының арасындағы
психологиялық өзара байланыс.
5)педагогикалық жұмыстардың
психологиялық сұрақтары.
Осылайша, педагогика және психология да
біріңғай нысан шеңберінде жеке пәнге ие болып отыр.
Педагогика мен психологияның тығыз байланысы оларды психологиялық-педагогикалық
ғылымның біріңғай жүйесі ретінде
қарастырып, шартты түрде – психологиялық-педагогикалық
ғылым деп атайды.
Білім беру жүйесін зерттеудің
құрамына теориялық және қолданбалы аспектілер
біріктіріледі: ол білім бері тәжірибесінде құбылыстарды
сипаттап қана қоймайды сонымен қатар оны
құрудың тұрақты әдістерін де
көрсетеді. Оқыту үрдістерін заңдылықтарын
анықтау заманауи педагогикалық жүйелердің негізін
жасаумен байланысты. Оның үстіне педагогикалық білімнің
гуманитарлық сипаттамаларын есепке алу қажет.
1
Мынбаева
А.К. История, теория и технологии научной деятельности высшей школы:
Монография. – Алматы, 2010. – 257 с.