Удк 543,51      

                                                                                     Доцент,к.т.н. З.Б.Халменова

                                            4-курс студенті Қалиасқар қызы Құралай Пермахан

                 Әл-фраби атындағы қазақ ұлттық университеті,химия факультеті, Алматы, Қазақстан

 

            Хара балдырларға сапалық және сандық анализ жасау

    Хара балдыр (Charophyta) -төменгі сатыдағы су өсімдіктерінің ішіндегі ертеден сақталып келе жатқан бір түрі. Жасушаларында хлорофилдары бар болғандықтан, көмірқышқыл газін сіңіріп, фотецинтез проецесіне қатысады. Сонымен қатар өз бетінше органикалық заттар жасап шығарады. Өсімдіктер жасап шығаратын оттегінің жартысынан көбі осы балдырлардан келеді.

    Хара - грек тілінен аударғанда қуаныш,әдемілік деген мағынаны білдіреді, қазіргі кезде хара балдырлардың 440 түрі Қазақстан (балқаш көлі) мен орта Азия елдерінде кең таралған. Олар теңіз, мұхиттарда, су асты қоймаларында өмір сүреді. Кейбір түрлері ағынсыз жерлерде,теңіз асты маржан рифтерде жабысып өсе береді. Топырақ бетінде өсетін түрлерінде кездестіруге болады.

    Балдырлардың клеткалық құрылымы болмайды. Негізінен бір және көп клеткалы түрлері ғана болады. Көп клеткалы өкілдерінің денесін таллом деп атайды. Клетка қабығы гемицеллюзадан және пектинді заттардан түрады. Клеткасы негізінен бір ядролы цитоплазмасында митохондрия,диктиосома, хромотофора сияқты органидтары және бос қуысы болады.

    Балдырлардың клеткасына түс беріп тұратын хромотофорларының саны бір,екі және оданда көп болады. Олардың пішіндері тақта, астау, білезік,дән, лента, жұлдыз тәрізді болып келеді. Балдыр өсімді (вегетативті), жыныссыз және жынысты (гологамия, изогамия, анизогамия, оогамия) жолдармен көбейеді. Бұлардың көбею органдары бір клеткалы (бұған тек хара Балдыры жатпайды).

     Хара балдыр саңырауқұлақтармен симбиозды тіршілік етіп, қыналарды құрайды. Оның тәбиғаттағы геохимиялық рөлі кальций және кремний айналысымен тығыз байланысты болады. Мысалы, жоғарыда айтылғандай  хара балдыр хлорофилі болғандықтан көмірқышқыл газін сіңіріп, фотосинтез процесіне қатысып, дайын органикалық заттарды пайдаланатын паразит түрлерін пайда етеді. Олар теңіз, өзен, су асты қоймаларын мекендейтін балыктардын қорегі болып табылады. Сонымен қатар балдырлар өзендерге, су асты қоймаларына, көлдерге хош иіс бере отырып, суларды биохимиялық жолмен тазартуға және бөгендердің ластануының биоиндикаторы ретінде қолданылады. Балдырлардың құрамында белоктің, майлардың, дәрумендердің (А,В1,С,Е) йодтың көп мөлшері болғандықтан тамақ өнеркәсібінде қолданылады. Зерттеулерге қарағанда, бұл өсімдіктен жасалған дәрілер демікпе, артрит немесе гипертония ауруларына аса әсерлі келеді екен. Жапонияда хара балдырдан жасалған көкөністерді қолдану дене бетінің көркем, шаштың тамаша болуын, бет терісінің саулығын қамтамасыз етеді әрі әжімдер пайда болуының алдын алады деп есептейды.   Зерттеу обьектісі; Алматы обылысы, бірінші май көлінен жинап алынған хара балдырға спалық және сандық анализ жүргізілді. Алдымен зерттеу жұмысына үйлесетін ең тиімді экстрагент таңдап алынды.Кесте 1-экстрактивті заттардың құрамы

        

еріткіштер

Экстрактивті заттардың құрамы(қыздырылмаған жағдайда)

Экстрактивті заттардың құрамы(қыздырылған жағдайда)

           1

     су

        0,13

      0,45

           2

   30этил спирт

        0,33

      0,56

           3

   50этил спирт

        1,42

      3,08

           4

   70этил спирт

        1,35

      0,79

           5

    бензол

        0,70

      0,77

           6

     Этилацетат

        0,23

      2,85

           7

     Ацетон

        2,30

      1,80

           8

    50ацетон

        2,98

       1,75

Кестеден көрініп түрғандай ең тиімді экстрагент болып қыздырған кездегі 50 этил спирті. Этил спиртінің экстрагентпен шикізат қатынасы 1:5 жұмсалатын уақыт 7 сағат болады

Сапалық анализ нәтижесі бойынша хара балдыр құрамында төмендегідей биологиялық белсенді қосылыстардың бар екендігі дәлелденді, аминқышқылы -7,91, алкалоид -1,8, каротиноид -5,4, ксантонид -0.18, полифенол -0,29, конденсирленген тері илегіш заттар -8,7, гидролизденген тері илегіш заттар -6,2, флаваноид -24,4, полисахари -4,2, жалпы күлдылыгы -9,26, сульфатты күлділігі - 7,72, түзқышқылында ерімейтін күлділігі - 7,64, кептіру кезіндегі масса шығыны - 5,2, құрамындағы экстрактивті заттар- 29,67.

Хара балдырдан БАК алу схемасы 

Шикізат→ ұсақталған шикізат→экстракт→ фильтрат (қалдық және айдалған зат)→ сапалықанализ→ концентрат→ сандық анализ→ құрғақ экстракт.        Кесте 2- Экстракт алу процесінің  материялдық баланысы

 

   Қажетті мөлшері                Г/МЛ

         Алынған мөлшарі Г/МЛ

         

шикізат

         20

             -

        100

еріткіш

         100

             -

        100

қалдық

          -

         19,500

        97,5

экстрагент

         75

             -

         75

Айдалған зат

          -

           56

          56

Құрағақ экстракт

           -

           1,106

          5,53

 резюме

В статье приведны исследования БАВ, входящие в состав харовых водоросли. хараовых водоросли можно отнести к лекарственным растениям, содержащим нужное количество БАВ для получения фитопрепарата.

Summary

This article is about on the studying of the algae in Kazakhstan this study describes the composition of БАВ, the results show; that the species can serve as an important industrial raw materials.

Әдебиет

1. қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: К54 қоғамдық -тамақтандыру,- Алматы: "мектеп "паспасы, 2007,-232б,

2. Мұсақұлов Т. Орысша -қазақша түсіндірмелі биологиялық сөздік. 1-том қазақ мемелекет баспасы,- Алматы, 1959, редакциясын басқарған: биология ғылымының докторы профессор Т,дарканбаев.

3. Қазақ энцикллопедиясы, 2 том;

4. Борисова E. В. Видовой состав и распространение Charales  на украине∕Альгология .-15.-№2,2005.-с.205-217.

5. Голлербах М. М. Красавина Л. К. Определитель пресноводных водорослей СССР. Вып. 14. Харовые водоросли. -Л.: Наука, 1983.-140с.

6. Водоросли. Спавочник.- К: Наук. Думка, 1989.-с. 503-509.