Современные информационные технологии/ 3.Программное обеспечение

 

Аға оқытушы Күзенбаева А.А

 

А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті, Қазақстан

 

КАДРЛЫҚ ЕСЕПТІ ЖҮРГІЗУДІҢ  АҚПАРАТТЫҚ МОДУЛІН АВТОМАТТАНДЫРУ

 

  Қазіргі кезде ақпаратты сақтау және өңдеу қиын есеп болмайды. Адамдардың түсінігі бойынша, ақпарат-  бұл ақша. Ақпаратты жоғалту немесе оны керек уақытта алмау ақшаны жоғалту болады. Осымен компьютерлік техниканың тез дамуын және мәліметтер қоймаларының басқару жүйелеріннің тез дамуын түсіндіруге болады. 

  Мәліметтер қоймаларының басқару жүйелері, ақпараттың көлемі өте үлкен боса да, керек ақпаратты үлкен жылдамдықпен табуды қамтамасыздандырады. Осындай мәліметтер қоймаларының қолданушысы әр түрлі оған керек параметр бойынша іздуді орындайды.

  Бұл мақалада кадрлық есепті жүргізудің  ақпараттық модулін автоматтандыру және қызметкерлерді басқаруды ұйымдастыру қарастырылған. 

Кадрлық есепті жүргізудің  ақпараттық модулін автоматтандыру және қызметкерлерді басқаруды ұйымдастыру бағдарламалық өнімді құрастыру нәтижесінде бағдарламалық өнім пайда болды.   

 Бағдарлама Delphi тілінде жазылған. Бағдарламалық өнім кәсіпорын жұмыскерлерінің деректерін, яғни тағайындалуын, орналасуын, еңбек ақысын, демалысын және т.б. басқаруы және есептеуі қажет. Бағдарлама мекемнің барлық жұмыскерлері бойынша ақпаратты сақтайды.

  Кадрлық есепті жүргізудің  ақпараттық модулін автоматтандыру және қызметкерлерді басқаруды ұйымдастыруға арналған бағдарламалық өнімі келесілерді қамтиды: бөлім құрылымын, жұмысшылар құрамын, жұмысқа алу бұйрығын, жұмыстан шағару бұйрығын, кадрлық өзгерістер бұйрығын, кадрлық құжаттар журналын және т.б.

Кадрлық есепті жүргізудің  ақпараттық модулін автоматтандыру және қызметкерлерді басқаруды ұйымдастыру бағдарламалық өнімінің негізгі бағыты - жұмысқа алу бұйрығын, жұмыстан шағару бұйрығын, кадрлық өзгерістер бұйрығын және кадрлық құжаттар журналын құру және оны керек уақытта басып шығару мүмкіндігі.

  Бағдарламаны өз сатысына жеткізу үшін және де, жоғары да айтқандарды есекере отырып, көркемдік жағын да кірістіре отырып, алғашқы бетін безендіру ұйымдастырылды. кадрлық есепті жүргізудің  ақпараттық модулін автоматтандыру және қызметкерлерді басқаруды ұйымдастыру бағдарламалық өніміне ену үшін, яғни өніммен жұмыс жасау үшін қолданушалар  алдымен тіркеліп, содан соң ғана бағдарламаға кіруге мүмкіндік алады. Біздің мысалымызда бағдарлама екі режимде көрсетілген. Біріншісі – Оператор режимі, арнайы шектеулер арқылы жұмыс жасайды, екіншісі – Администратор режимі, ешқандайда шектеу қойылмаған, толық түрде жұмыс жасай алады.    

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сурет 1 - Қолданушыларға арналған режимінің формасы

 

  Төмендегі суреттерден (Сурет 2,3) бағдарламаға Оператор және Администратор режимінде кіргендегі мысалдары көрсетілген.

 

Сурет 2 – Оператор режимінің формасы

 

  Сурет 3 – Администратор режимінің формасы

 

 

Ақпаратты сақтау, жүйелеу және өңдеу қажеттілігі адамзат тарихында  бұрыннан-ақ  туындай бастаған. Жазу пайда болғаннан бастап адам осындай қажеттіліктерді қанағаттандыруға тырысып бақты.

 

Әдебиеттер:

 

1.                     Архангельский А.Я. Delphi. Справочное пособие. –М.: ЗАО «Издательство Бином», 2001 . – 768.

2.                     Фаронов В.В., Шумаков П.В. Delphi. Руководство разработчика баз данных. –М.: «Нолидж», 2000 . – 640.

3.                     Дейт К. Руководство по реляционной СУБД. Москва. Мир. 1992г.

4.                     Майкл Оутей, Поль Конте Microsoft SQL Server 2000. БХВ-Петербург, 2002г.