Современные
информационные технологии/
3.Программное обеспечение
Аға оқытушы Күзенбаева А.А
А. Байтұрсынов атындағы Қостанай
мемлекеттік университеті, Қазақстан
«ЖАНАРМАЙ ҚҰЮ
СТАНЦИЯСЫ» РЕЛЯЦИОНДЫ
ДЕРЕКТЕР
БАЗАСЫН ӨҢДЕУ
Ақпараттық
және компьютерлiк технологиялар әлемi, қазiргi кезде
үлкен дамулы ұмтылыстың жолында. Өткен жылдардың
компьютерлiк технологиясын осы уақытпен салыстырғанда,
қазiргi компьютерлiк технология өзiнiң құз,
шыңына жеттi.
Берілген автоматтандырылған
жүйе Borland Delphi бағдарламасында жасалған және жаңармайдың
келіп кетуін бақылау үшін қолданылады. Сонымен қатар
қоймадағы жанармайдың есебін қалыптастырады.
Бұл реляционды деректер базасының
құрылымын құрастыру кезінде кейбір ДББЖ – нің
бір-бірімен ішкі байланысты қамти алмауын ескеру қажет. Мысалы, MySQL
for Linux. Бұл бір ДББЖ –нен
екінші ДББЖ –не көшу үшін қажет.
Мысал ретінде
қарастырылып отырған реляционды деректер
базасының бағдарламалық өнімі келесі формалар жиынтығынан
жасалынған:
Fоrm1 – реляционды деректер базасының бағдарламалық
өнімінің басты
формасы;
Help – бағдарлама
туралы түсінік беретін анықтама формасы;
Jprihod – түсімді
реттейтін формасы;
Jrachod – шығысты
реттейтін формасы;
Oth – бағдарлама жайлы есеп беру формасы;
Post – тауардың түсімін анықтайтын
форма;
Azs - жанармайды таңдау формасы;
SprGsm – жанармай
түрлерін анықтауға арналған формасы;
SprPost
– тұтынушылар формасы;
Admin –
бағдарламаның әкімшіліктеу
бөліміне арналған формасы.
Бағдарламаның әкімшіліктеу
бөліміне арналған формасы көптеген мәліметтер туралы мағлұмат
алуға, өзгертуге, керек уақытында жоюға бағытталған.
Бұл бағдарламалық өнім,
тұтынушылармен автомашиналарға арналған есепті жүргізуі
мүмкін. Кейбір қосымша
функцияларды жүзеге асыру үшін көмекші кестелерді, яғни
тұтынушылар туралы ақпаратты сақтайтын, автомашиналар туралы
мәлімет беретін кестелерді қосуға болады. Осы кестелерді
жүзеге асыра отырып, осы қосымшада болатын функцияларды
жасауға болады. Бұл функцияны орындау үшін ең алдымен,
деректер қоймасына ақпаратты еңгізу қажет, яғни,
тұтынушы туралы, объект туралы ақпараттарды, содан кейін ғана
іздеуге кірісу қажет.
Мысал ретінде қарастырылып отырған
бағдарламаны қосқан уақытта, «Қолданушыны
таңдаңыз» деп аталынатын алғашқы форма ашылады.
Бұл форма барлық бағдарламаның
қауіпсіздігің қамтамасыз етеді. Бұл форма арқылы
бағдарлама екі режимде қызмет жасайды: Администратор және
Оператор. Администратор режимі арқылы бағдарламаға енетін
болсақ, толыққанды бағдарлама мен жұмыс жасай
аламыз. Қажетті өзгерістердің барлығын да
өзіміздің өзгертуімізге мүмкіндік туады. Егер де
Оператор режимі арқылы бағдарламаға енетін болсақ
алдымызға қойылған шектеулерге тап боламыз. Анықтамалар
менюінде көрсетілгендей Тұтынушылар және Жанармай
типінің анықтамалықтары. Бұндағы тұтынушылардың
кәсіпорын мен келісім шартқа отыратындығына байланысты олар
туралы мәлімет Администратор
режимі арқылы еңгізіледі. Олар келесі ақпаратты сақтайды: тұтынушының аты –
жөні, мекен – жайы, телефоны, және де осы ақпаратты
қажетті уақытта баспа бетіне шығару үшін «Печать»
батырмасы жасалған. Батырма Microsoft Excel бағдарламасының
көмегімен қажетті ақпаратты қолданушыға
ыңғайлы түрде береді. Жанармай типін анықтауға
арналған анықтамалық, өзінің аты айтып
тұрғандай жанармай типін, сатып алу бағасын, сату
бағасы туралы ақпаратты анықтайды. Олар әкімшілік
арқылы бекітіліп, анықталатындықтан Оператор режимінде шектеу
қойылады. Осы анықтамалықтар мен қатар
бағдарламаның өз деңгейінде жұмыс жасап, сапалы
қызмет атқаруы үшін төмендегі
анықтамалықтар мен есеп беру формалары қамтылған.
Бағдарламаның
жақсы жағы – оны қолдану өте өңай.
Қолданушыға бұл бағдарламыны қолдану үшін
арнайы дайындық керек емес. Бағдарламаның достық интерфейсі
қолданушыны бұл бағдарламамен істеу үшін
бағыттайды.
1.
Фаронов В.В. Система
программирования Delphi. – СПб.: БХВ – Петербург,
2003. – 912 с.
2.
Архангельский А.Я.
Программирование в Delphi 7. – М.: ООО «Бином-пресс»,
2004. – 1152 с.
3.
Сухарев М.В. Основы Delphi. – СПб.: БХВ – Петербург, 2003. – 932 с.: ил.