Современные информационные технологии/3. Программное обеспечение

 

Мурадилова Г.С.

Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті, Қазақстан

ПРОГРАММАЛЫҚ ӨНІМ ЖОБАСЫНЫҢ ТЕХНОЛОГИЯЛЫЛЫҒЫ

 

Программалық өнім жобасының технологиялылығы программаның жұмыс істеуінен және ары қарай жақсарту мүмкіншілігінен, еңбек және материалдық шығындардан тәуелді болатын проектінің сапасымен сипатталады. Салыстырмалы түрде тез және жеңіл кодталатын, тез тестіленетін және модификацияланатын жоба жақсы деп қарастырылады. Бірнеше этаптағы программистердің тәжрибелерін ескеріп, программамен жабдықтаудың технологиялылығы модульдерінің жұмыс істеуімен, модульдердің тәуелсіздік деңгейімен, программалау стилімен және кодтарды қайталап пайдалану дәрежесімен анықталады.

Қаншалықты жобаланатын программалық жасақтаманың моделі жақсы жасалған болса, сонымен бірге ішкі есептері және кіретін, аралық және шығатын ақпаратты сақтайтын деректердің құрылымдары нақты анықталса, соншалықты оны жобалау мен жұмысқа қосу жеңіл және қатенің болу ықтималдығы аз болады.

Модульдердің тәуелсіздігі неғұрлым жоғары болса, соншама оларды түсінуге, іске асыруға, модификациялауға және қателерін тауып - түзетуге оңай болады.

Программалау стилі ретінде программалардың безендірілу стилі және олардың «құрылымдылығы» түсініледі. Ол программалық кодтың оқылуына және программалаудың қателер санын азайтылуына әсер етеді.

Тәжірибе көрсеткендей модульдердің тәуелсіздігі екі түсінікпен бағаланады: тіркелу және байланысуы.

Модульдердің тіркелуі. Модульдердің тіркелуі - модульдердің өзара тәуелділігінің өлшемі. Ол модулдердің бір-бірінен қаншалықты бөлектенгенін көрсетеді. Егер бір модуль екінші модуль туралы ешқандай ақпарат сақтамаса ол модульдер бірінен-бірі тәуелсіз болады. Егер модульде басқа модульдер туралы неғұрлым көп ақпарат сақталған болса, онда бұл  модуль олармен соншалықты көп тіркелген болады.

Модульдер тіркелуінің бес түрі қарастырылады:

-         деректер  бойынша,

-         үлгі  бойынша,

-         басқару бойынша,

-         деректердің  жалпы облысы бойынша,

-         мазмұны бойынша.

Барлық түрлеріне тоқталмай-ақ, бірінші түрін қарастырсақ, деректер бойынша тіркелуде модульдердің арасында скалярлы деректер алмасады. Берілетін параметрлердің көп емес көлемінде осы тип программалық жабдықтаудың ең жақсы технологилық сиптттамаларын қамтамасыз етеді.

Мысалы, Max функциясы параметрі скалярлық типтегі деректер арқылы тіркелген:

int Max(int a, int b)

{

 if (a>b) max=a; else  max=b;

return max;

}

Ереже бойынша модульдер бір-бірімен өзара бірнеше тәсілмен  тіркеледі. Осыны ескере отырып, программалық жабдықтаудың сапасын ең төмен сипаттамалы тіркелу түрімен анықтау қалыптасқан. Егер деректер бойынша және басқару бойынша тіркелу пайдаланылса, онда басқару бойынша тіркелу анықтаушы ретінде саналады.

Кейбір жағдайларда міндетті емес байланыстарды алып тастау және керекті байланыстарды құру арқылы модульдердің тіркелуін азайтуға болады. Мысал ретінде объектілік-бағытталған программалауды көрсетуге болады. Ондағы әдіс көп параметрлердің орнына объект өрістері орналасқан облысының адресін анықталман түрде  және қосымша параметрлерді анық түрде қабылдайды. Нәтижеде модульдер үлгі бойынша тіркеледі.

Екінші түсінік - модульдердің  байланысы.

Байланыс- бір модуль ішінде ақпараттық және функционалдық бірігу мықтылығының өлшемі. Бір модульде өте күшті байланысқан элементтердің өзара байланысы модульдер арасындағы байланысты төмендетеді.

   Модульдер байланысуының  келесі түрлері бар:

-          функционалдық,

-         тізбектелген,

-          ақпараттық,

-         процедуралық,

-          уақыттық,

-         логикалық,

-          кездейсоқ.

Тізбектелген байланысуда бір функцияның нәтижесі екінші функцияның бастапқы берілгені болады. Осындай модульде бір кіру нүктесі болады, яғни екі функцияны орындайтын бір көмекші программаны іске асырады. Функциялар тізбектей орындалғандықтан  технологиялық сапасы төмендейді.

Сонымен, программалаумен жабдықтау саласында программалық өнімнің сапасын анықтауда оның технологиялылығы жоғары орын алады.