Тұлғаның өзбетінше жұмыс жасауын ұйымдастыра отырып белсенділікке баулу

 

Базарбаева К.К.

 «Тұран-Астана» университетінің доценті,

педагогика ғылымдарының кандидаты

Рахимова М.

 «Тұран-Астана» университетінің

магистранты

Астана қаласы

 

Бүгінгі таңда білім беру жүйесінің әлеуметтік, қоғамдық, саяси-экономикалық өзгерістерге байланысты мақсаты мен міндеттері, мазмұны өзгерді. Бұл өзгерістер жаңа әдіснамалық жүйені жасауда дәстүрлі оқыту үдерісіне жаңашылдық сипатта қайта қарап, оқытудың  жаңа технологияларының табиғатын түсіне отырып, оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін белсендірудің қажеттігін негіздейді.

Көрсетілген міндеттердің толық жүзеге асуы оқушылардың  оқу-танымдық іс-әрекетін белсендіруге тікелей байланысты десек қателеспейміз. Сондықтан, жеке тұлғаға өзіндік құндылық ретінде қарап, оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін белсендіруде дәстүрлі оқыту әдістерін әлемдік білім кеңістігіндегі оқытудың озық технологияларын толықтыра отырып оқу үрдісін жетілдіру міндетіміз.

Өзіндік жұмыстардың психологиялық аспектілері туралы Б.Г.Ананьев, В.А.Артемова, Д,Г.Богоявленский, Л.И.Божович, Н.В.Витт, Л.С.Выготский, П.Я.Гальперин, В.В.Давыдов, И.П.Зинченко, И.А.Зимниий, Л.Б.Ительсон, З.И.Клычникова, А.А.Леонтев, И.Д.Лушников, Н.А.Менчинская, А.В.Петорвский, Н.Ф.Талызина және т.б. зерттеген.

Джон Локктың ойынша, баланың өзіндік жұмысы олардың дамытудың қажетті шарты.

Ж.Ж.Руссоның ойынша  өз бетінше жұмыс-белсенді оқыту ұстанымы.

Оқу үрдісінде өз бетінше жұмыс деп – белгілі уақыт ішінде алға қойған дидактикалық мақсатты орындауға бағытталған – білімді іздеу, оны ұғыну, бекіту, білік және дағдыны қалыптастыру және дамыту, білімді жүйелеу және талдап қорытуды айтамыз.

И.Г.Пестолоццидің пікірінше, оқыту әдістері-бұл баланың  өзбеттілігі мен өзіндік әрекеті; тәрбиенің шешуші ролі-өз бетінше әрекет етуге  және өзін дамытуға ұмтылдыру.

А.Дистервег, өзбеттілік әрекет-өздігінен білім алуға жетелейтін таным  еркіндігі деген.

К.Д.Ушинский: «өз бетінше жұмыс – оқытуда жетістікке жетудің бірден-бір жолы» деп есептеді. Сондай-ақ ол шәкірттердің жас ерекшелігін ескеруді қажет етеді.

К.Д.Ушинскийдің пікірінше, оқытудың алғашқы сатысында мұғалімнің басқарушылық әрекеті, сөйлеуі маңызды. Бірақ мұғалімнің ролін ескере отырып, ол білім алушының белсенділігі мен ізденімпаздығын дамытуда ұйымдастырылған өз бетінділік бақылау және тәжірибе, көрнекіліктер дайындау сияқты өзіндік жұмыстардың маңыздылығына тоқталады. Ол: «Өзінің ой-пікірін жеткізе алмауы кемшілік болып есептеледі, ал өзіндік ой пікірінің болмауы-өте үлкен кемшілікке жатады; өзіндік ой-пікірлер тек қана өз бетінше алған білім арқылы ғана жүзеге асады»,-дейді.

Осылайша, К.Д.Ушинский педагогикалық ғылымда алғаш рет оқушылардың өзіндік жұмыстарына философиялық және психологиялық –физиологиялық тұрғыдан талдау жасайды.

«Өз бетінше әрекет ету- бұл «мұғалімнің көмегінсіз» жаңаны табу, білуге ұмтылу»,- деді К.Д.Ушинский.

Ы.Алтынсарин: «Маңыздысы-оқушының өз бетінше ойлана білуі... Оқыту методтары-балалардың жүре келе  мектепке, сабаққа кейіннен ғылымға, өз бетімен білім алуға құмарландыратын жол»,-деді.

А.Байтұрсынов бала білімді  тәжірибе арқылы  өздігінен алу керек,  мұғалімнің міндеті балаға жұмысты  әліне қарай шағындап беру  және белгіленген  мақсатқа қарай бағыттап отыру керек екендігіне көңіл бөледі [18].

М.Жұмабаев оқыту процесінде қарапайымнан күрделіге көше отырып, өз бетінше білім алуға үйрету қажеттілігін көрсетеді. Ол: «бала заттарды, көріністерді ұқсас сындары бойынша  тап-тапқа бөліп үйренсін ..., жеңілден ауырға көшуді  естен шығармауға керек, көріністердің, ойлардың араларындағы байламды һәм олардың қайсысына себеп екенін тауып үйренсін. Бұл балаға мысалдардан ереже –заң шығартқызып үйрету сықылды істермен болады»,-деп жазды.

Ю.К.Бабанскийдің, А.Л.Усованың және басқалар оқудағы өз бетінше жұмыс - өзін-өзі оқыта білу, оқушыға оқу әрекетінің компонентерін жоғары дәрежеде меңгеруді қалыптастыру деп өз зерттеулерімен дәлелдеген./27/

В.И.Селиванов өз бетінше оқу тапсырмаларын орындауды адамның жеке басының еркі мен өміршеңдік бағыттылығын, дер кезінде шешім қолдана білуін, шыдамдылығын, өзіне деген сенімділігін, батылдығын т.б. қасиеттерін атап көрсетеді.

В.А.Крутецкийдің  пікірінше өз бетінше жұмыс адамның жеке басының  көзқарасы  мен ой-өрісі принциптерімен байқалады, дүниетанымын қалыптастырудың негізгісі болып табылады.

Өзіндік жұмыстың мақсатына ,орындалуына байланысты типтерін бөліп қарастыруға болады:

-         репродуктивтік типтегі өзіндік жұмыс;

-         шығармашылық типтегі өзіндік жұмыстар

Репродуктивтік типтегі өзіндік жұмыстарын оқушылар өздерінің меңгерген білімдеріне  сүйене отырып орындайды. Шығармашылық типтегі өзіндік жұмыстарын орындауда оқушылар өзінің болжау, топшылау, түрлі құбылыстардың арасындағы байланыстарды салыстыра білу қабілетіне сүйене отырып, ой қорытындысын жасап шешім табады, өзіндік жаңалық ашады. Сөйтіп бұл жағдайда белгілі дәрежеде оқушылардың бейімділігін айқындап береді.

Өзіндік жұмыстар білім алушының ақыл-ой еңбегінің жоғары сатыда болуын қамтамасыз етіп, біліктілігі мен дағдысын қалыптастыру нәтижесінде оқу үрдісінде жоғары нәтижелерге жетуге көмектеседі.

Оқушылардың өз бетінше жұмысының  атқаратын негізгі функциясы мен міндеттері:

1.     Білім алушылардың дербестік қасиетін мейлінше арттыру.

2.     Білім алушылардың таным, ақыл-ой қабілеттерін дамыту, алған білімін  жүйелеу, сабаққа дайындау.

3.     Білім алушылардың алған білімдерінің бірізділігін  сақтау мен белсенділігін, саналылығы қамтамасыз ету.

4.     Білім алушыларда оқуға деген біліктер мен дағдыларды қалыптастыру.

5.     Білім алушыларды сыныптан тыс және мектептен тыс дербес білім алуға әзірлеу.

6.     Білім алушылардың оқуға ынтасын арттырып, үлгермеушілігі болдырмауға әсер етеді.

7.     Үздіксіз білім алуды қамтамасыз ету.

Кез-келген өзіндік жұмысты қарастыратын болсақ, оның өткізу жоспары болады:

1)     оқу тапсырмасының өзіндік жұмыс арқылы орындалатынын түсіну;

2)     білім алушыларға орындалу жолын айтып, нұсқау беру;

3)     нұсқау арқылы орындау кезеңдеріне басшылық жасау;

4)     өзін-өзі  бағалау мен өзіндік  бақылау;

5)     оқушылардың жұмысын тексеру, қателерін талдау.

Өз бетімен жұмыс жасауын қалыптастыру үшін   біліктіліктің түрлері қажет:

1.     Белсенділік біліктілігі (білімге деген белсенділік, сұрақ қоя білу, белгісізден белгіліні табу, бақа адамның көменгінсіз жұмысты орындау, өзін-өзі қадағалау.)

2.     Ұйымдастыру біліктілігі (өзінің жұмыстарын дұрыс ұйыдастыра

білу) күн тәртібі, жұмыс орнының тазалығы, өзіне қажетті құралдарды қамтамасыз ету.

3.     Саналы түрде әрекет ету белсенділігі. Жұмысты дұрыс

жоспарлау, оқу мәселелерін шешу, өзінің білімі мен біліктілігін жаңа арнада қолдана білу.

4.     Ерлік біліктілігі – оқу әрекетінде кездесетін қиындықтарды

жеңе білу, жұмысқа тез кірісе білу және өзін ұзақ уақыт бойына белседілік көрсетуге дағдыландыру.

Өзіндік жұмыс-бұл оқу үрдісінің демеуші күші, оқытудың тиімді әдісі, белсенділіктің маңызды көрсеткіші. Өз бетінше жұмысты дидактикалық мақсатына қарай сабақтың әр түрлі кезеңінде қолдануға болады:

1.     Жаңа білімді меңгеру (материалды жан – жақты талдау, мұғалімнің ауызша баяндауының жоспарын, конспектісін жасау, т.б. тәсілдерге үйрену).

2.     Жаңа білімді бекіту (түрлі жаттығулар, есеп шығару, т.б.).

3.     Білім мен дағдыларды қайталау (бақылау және тексеру) түрлері:

жазбаша, графикалық, практикалық т.б. жұмыстар.

4.  Жаңа материалды игеруге дайындық;

Бұдан шығатын қорытынды өзіндік жұмыстарды мұғалім өз шеберлігіне, сабақтың мақсатына сай сабақтың әр түрлі кезеңдерінде, орынды, тиімді пайдалануына болады. Осылайша өзіндік жұмыстар негізінде тұлғаның белсенділігін арттыруға, білімін жоғарылатуға болады.

 

Пайдаланылған әдебиеттер

1 Қазақстан Республикасы 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы // Егеменді Қазақстан. – Алматы, 2001. 26-желтоқсан.

2 Концепция 12-летнего среднего общего образования в Республике Казахстан     (проект). //12 жылдық білім журналы. - № 4, 2004.

3 Смаилов С.С. Дидактикалық материалдарды қолдану және студенттер мен оқушылардың  танымдық белсенділігін арттыру. – Алматы: Республикалық   баспа кабинеті, 1994.

4 Әбілқасымова А.Е. Формирование познавательной самостоятельности студентов-математиков в системе методической подготовки в университете:  автореф. дисс. …п.ғ.к. : 13.02.2002. Алматы, 2002, - 166-б.

5 Сабыров Т. Оқушылардың оқу белсенділігін арттыру жолдары. – Алматы,    Мектеп, 1978. – 110-б.