Филологические науки\ 3.Теоретические и методологические
проблемы исследования языка
к.ф.н., доцент Найманбай А.Р.
Евразийский национальный
университет им. Л.Н. Гумилева, Казахстан
Антонимдер мен синонимдердің семантикалық байланыстары
В статье рассматривается связь между антонимами и другими схожими явлениями
языка, сферы использования антонимов казахского языка.
In the
article between antonyms and other
similar phenomena of the language were arranged.
Синонимдер мен антонимдер
семантикалық байланыстың екі бір негізгі түрі іспеттес өзара
тығыз қарым-қатынаста болады: нақтылы бір
сөздердің синонимдері мен антонимдері бірдей
лексика-семантикалық топқа жатады.
Парадигмалық
мағына лексикалық мағынадан басқа мағына ретінде
жеке өмір сүрмейді. Олар, сонымен бірге, тілдің ішкі элементі
ретінде қабылданады, себебі парадигманыл маығна белгілі бір
топқа енген сөздердің лексикалық
мағынасының барлығына бірдей ортақ мағына
элементі ретінде қарастырылады.
Синтагмалық мағына
– парадигмалық мағынаға қарағанда арнайы
ғылыми талдау жұмыстарын көбірек қажет етеді. Дегенмен
де синтагмалық мағына тіркеске түскен сөздердің
барлығында да кездесіп отырады. Бірақ олардың сөз
мағынасының қалыптасуына, өзгеруіне тигізетін
ықпалдары бірдей емес. Мысалы, сөздердің белгілі бір
мәтін құрамында келіп, өзара байланысып келуіндегі
синтагмалық байланыстың қызметі бір басқа да,
сөздердің мағынаға еніп, контекстің
көмегімен анықталатын синтагмалық элементі басқа
қасиетке ие болады. Синтагмалық мағына көп
мағыналы сөздердің, сондай-ақ сөздердің
ауыспалы мағынада қолданылуының, метафора мен
метонимияның, табу мен эвфемизмнің, сөз
мағынасының тарылуы мен кеңеюінің, тұрақты
тіркестер мен контекстік (мәнмәтіннің) қолданулар
кезінде сөз мағынасының өзгеруімен байланысты
сипатталады [1, 154].
Лексика-семантикалық
жүйенің саралану белгілерін анықтай келе, А.А. Уфимцева
оларға тән белгі ретінде тіл жүйесіндегі
сөздердің үш деңгейдегі мағыналық
байланыстарын атайды:
а) жеке сөздер деңгейіндегі
мағыналық байланыстар (сөз ішіндегі мағыналық
байланыстар);
ә) сөз тізбектері деңгейіндегі байланыстар
(микрожүйелердегі сөздердің өзара байланыстары);
б) тілдік жүйе деңгейіндегі
мағыналық байланыстар: сөз жасаушы байланыстар [2].
Бірінші
және екінші деңгейдегі мағыналық байланыстарды зерттеу
антонимия мен полисемияның
арасындағы қатынастардың
мазмұнын аша түседі. Антонимия мен полисемияның
байланыстарын кеңінен түсіндіру үшін, полисемияның
ауқымы кеңдеу екенін, антонимияның полисемияға
қосылатынын, сонымен анықталатынын, ал полисемия өз кезегінде
антонимияны күрделендіріп: «бір-біріне қарама-қарсы
сөздерді күрделендіретінін»
айта кету керек.
А.А.
Уфимцева [2, 72] еңбегінде антоним мен
синонимдердің ұқсас тұстары аталып өткен.
Антонимдердің негізі – ұғымның
қарама-қайшылығында болса, синонимдердің негізі –
мағына жақындығында. Ғалым Л.А. Новиков
қарама-қарсылық бір құбылыстың, екі не
бірнеше құбылыстардың арасында болатынын атап
көрсетеді. Синонимдік, антонимдік байланыс қолданылу кезінде
анық байқалады. Антонимдерді де семаларын салыстыру арқылы,
контексте қолданылу мүмкіндіктерін көрсетуге болады. Ю.Д.
Апресян антонимдер мағынасына талдау жасау арқылы
«антонимдердің жалпылық қасиеті олардың
семантикалық қасиетінен ғана шығады. Дүниеде
қарама-қарсы әрекеттер өмір сүрмейді, олар
адамдардың ойлауы арқылы анықталады», – дейді [3, 49].
Жоғарыдағы
ойларымызды сараптай келе, тіл біліміндегі қарама-қарсылық
мәндердің бәрі сыртқы күштердің
әсерінен пайда болады деуге болады.
Қарама-қарсылықтың берілу мәнін,
ой-қиялдың шығарма-шылықпен қабылданатынын ескерген
жөн. Сол себепті де материалдық өмірде жоқ, бірақ
ой-қиялымыздың әсерінен пайда болған
құбылыстарды – объективті дүниедегі құбылыстар
қатарына жатқызуға болады. Мәселен, бір атаумен
аталатын зат немесе құбылыстың бірі өмірде бар,
нақты, ақиқат болуы, ал дәл сол атаумен беріліп,
белгілі бір сөз тіркесі құрамында қолданылған
екінші заттың өзі нақты болмауы мүмкін. Бірақ
екеуіне де ортақ жәйт – жалпы
бір ұқсастық атау болып тұрады.
«Антонимдер
лексиканың өзге топтарынан оқшау, жеке-дара
тұрған құбылыс емес, олар синонимдермен байланысып
жатады» [4]. Осы тұста
Л.В. Введенскаяның антонимдердің теориясы мен
лексикографиясына арнап жазған құнды
қолжазбаларының орны ерекше. Ғалым – синонимдік-антонимдік
парадигманы құрып, бірнеше сөзден, я сөйлемнен тұратын
тілдік бірліктер арасындағы антонимдік қатынастардың ара
жігін ашып, қарама-қарсылыққа негізделген
стилистикалық фигураларды бөліп, олардың атауларын табуда
көп еңбек жасады.
Антонимдік
қатынасқа түсетін екі синонимдік қатарлы сөздер
арасында екі түрлі байланыс бар: радиальды және сызықты /көлбеу/.
Радиальды
байланыс кезінде бір синонимдік қатардағы сөздер келесі
синонимдік қатардың әр сөзімен антонимдік жұп
құрайды. Егер синонимдердің
бірінші қатарын шартты түрде А, Ә, Б деп алатын болсақ,
екінші қатар кезегінде сызбаны А1,
Ә1, Б1 деп белгілеуге болады. Сызбамен көрсетер болсақ:
![]()
![]()
![]()
![]()
А А 1
![]()
Ә Ә 1
Б Б 1
Радиальды
байланыс әр синонимдік қатардағы сөздер өзара
антонимдік жұпты қара алатын жағдайда ғана мүмкін
болады. Сызбада көрсетілгендей кез келген сөз қарсы
жұптағы сөзге антоним болуы негізгі шарт болып табылады.
Мысалы: алыс-жақын,
қашық-таяу жұптары әр түрлі
тақырыптық топқа жататын сөздермен жұптала
береді, ал ауыл, аймақ, көл,
орман, аялдама т.б. антонимдік жұптар қандай да бір
күрделі стильдік өзгешелікке ие емес, сондықтан осы
жұптардың орын алмасып қолданыла берулеріне болады: алыс-таяу, қашық-жуық,
жырақ-жақын, алыс-жуық, жырақ-таяу [5, 69] т.б.
Антонимдік
қатардың семантикасында негізінен екі мүшесінің екеуіне
де ортақ болатын антоним сөздер болады. Бұл жұптар
негізінен алғашқы сөздер және олардың тура
мағыналары. Мысалы: ыстық-суық
(жылу мағынасында), ақ-қара
(түр-түс), үлкен-кіші
(аумағы), жаз-қыс (жыл
мезгілі) т.б. жұптар. Антонимдік қатарға көбінесе
негізінен екі мағына түседі: тура
және ауыспалы. Бұл
жөнінде ғалым Р.А. Будагов: «Антонимдер
қарама-қарсылықтың әр түрлі
мағынасында қолданылғанда, антонимия мәселесінің
бір тарауы синоним мәселесіне жақындайды, сондай-ақ
мағынасы жағынан жақын әр түрлі
сөздердің жақындасуында байқалады. Бұл кезде
антонимдер бір көп мағыналы сөздің әр түрлі
мағынасы қызметінде жұмсалады. Сол кезде антонимия мәселесі
көп мағыналылықпен жақындықта болады» – деп
жазады [6, 56].
Жоғарыдағы
тұжырымдарды ескере келе, антонимдер мен синонимдік қатарлардың
өзара байланысы жөнінде мынадай
қорытындылар жасауға болады:
– лексикалық синонимдер мен антонимдік жұптар
жазушы шығармаларында еркін меңгеріліп, орнымен жұмсалып,
айтылар ойдың көркемдігін мақсатында
жұмсалады; синонимдік-антонимдік жұптар еркін тіркесу
нәтижесінде шығарма тілінің эмоционалды-экспрессивті бояуын арттырады;
антонимдік-синонимдік жұптар радиалды және сызықты (көлбеу) қатынасқа
түсіп, жұп-сыңарлар құрайды; ақын-жазушылар өз
шығармаларында синонимдік қатар құрған антонимдер
арқылы адам жан-дүниесін, оның ішкі сезімі мен өмірдегі
қуанышты-сәтсіз кезеңдерін терең әрі орынды бере
алады.
Антонимдер семантикалық
құбылыс болғандықтан, олар сөздік
құрамындағы басқа сөздермен тығыз
байланысқа түсіп, араласып жатады. Антоним сөздің
көп мағыналы болып келуі де мүмкін. Сондай-ақ, бір
антоним сөздің бірнеше синонимі болуы тілде жиі кездесіп отырады.
Олар ауыс мағынада да қолданылып, мәнмәтінде әр
қырынан көріне алады. Ал логикалық ұғымдар ауыс
мағынада қолданылмайды, ұғым нақты болады.
Сондай-ақ бірнеше антонирм сөз бір ғана ұғымды
білдіруі мүмкін. Антонимдердің логикалық
қарама-қарсы ұғымдармен тағы бір айырмашылығы,
міне осында.
Синонимия ұлттық
тілдің айқындылығын, дәлдігін, икемділігін,
бейнелегіштік күшін көрсететін тілдік құбылыстар.
Синонимдер – көркем шығарма тілінде орынсыз қайталаулар мен
ретсіз шұбалаңқылықтардан сақ болу үшін
ғана емес, көркем шығарма тілінде үлкен
мағыналық жүк көтеріп, стильдік қызмет
атқарады. Шығарма тіліндегі экспрессивтілік пен баяндау
дәлдігі синонимдер арқылы дамып отырады. Өмірлік
көріністерді толыққанды етіп суреттеу, кейіпкерлердің ой-сезімдерін
дәл беру, ұштас мағыналардың айырмашылықтарын тап
басу – синонимияның негізгі қасиеттерінің бірі болып
саналады. Осыған орай, синоним сөздердің де көркем
шығарма тілінде атқарар қызметі сан алуан болып
айқындалады.
Әдебиеттер:
1. Оразов М. Қазақ
тілінің семантикасы. – Алматы: Рауан, 1991. – 216 б.
2. Уфимцева А.А. К вопросу о лексико-семантической системе языка // Вопросы
языкознания. – 1962. – №4.
3. Апресян Ю.Д. Проблемы синонимии //
Вопросы языкознания. 1957.
– №6. – 220 с.
4. Ельмслев Л. Можно ли считать, что значения образуют структуру?
В кн.: Новое в лингвистике. М., 1962. – Вып. II.
5. Лесник М.Д. Об антонимичности прилагательных
«большой», «малый», «маленький» и сфере их употребления в современном русском
литературном языке // Ученые записки Ленинградского
университета. – 1952. – №161. – С. 80-85.
6. Будагов Р.А. Введение в науку о языке. – Москва, 1965. – 233 с.