ӘОЖ 371.307
БОЛАШАҚ
МҰҒАЛІМДЕРДІҢ КОММУНИКАТИВТІК ҚҰЗЫРЛЫЛЫҚТАРЫН
ҚАЛЫПТАСТЫРУДА АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ
Б.Қ.Мухамеджанов - педагогика ғылымдарының докторы, профессор
Б.Т.Керимбаева
- PhD-докторант
Б.И.Есқараева
- оқытушы
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті,Түркістан қаласы.
Қалыптасқан дәстүр бойынша
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың
«Болашақтың іргесін бірге қалайық» деген 2011
жылғы Қазақстан халқына Жолдауында (28.01.2011ж.)
«Сапалы білім беру Қазақстанның индустрияландыру мен
инновациялық дамуының негізі болуы тиіс» деп көрсетілген [1].
Қазақстан
Республикасының «Ақпараттандыру» Заңында көрініс
алған ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік реттеу де, ақпараттық қызмет
көрсету нарқын қалыптастыру шарттарын
қамтамасыздандыруға, электрондық құжат айналымы
жүйесін дамытып, электрондық сандық қолтаңбаны
қолдану үшін жағдайлар жасауға, ақпараттандыру
саласындағы бірыңғай ғылыми-техникалық саясатты
ақпараттық-компьютерлік технологиялар дамуының әлемдік
деңгейін ескере отырып, қалыптастыруға және
жүзеге асыруға бағытталағанын атап көрсетеді [2].
Болашақ мұғалімдердің
ақпараттық-коммуникативтік технологияларды пайдалануға
даярлау үшін оларда ең алдымен практикалық іс - әрекет барысында пайдалану дағдыларын, яғни
ақпараттық-коммуникативтік технологиялар жайлы кәсіби білім, іскерлік және
дағдылар жүйесін
қалыптастыруды қажет етеді.
Білім беру жүйесін
ақпараттандыру Қазақстандық білім беру үшін
үлкен перспективалар ашады. Соңғы жылдары
ақпараттық, телекоммуникациялық техника мен
технологиялардың қоғам өміріндегі рөлі мен
орнында түбегейлі өзгерістер болды. Копьютердің және
телекоммуникациялық технологияларды игеру қазіргі заманда
әрбір жеке тұлға үшін оқу және жазу
қабілеті сияқты сапалар мен бірқатарға және
әрбір адам үшін қажетті шартқа айналды.
Ақпараттандырудың негізгі
бағыты ХХІ ғасырдың талаптарына сәйкес
қоғамды дамытудың жоғарғы тиімділікті
технологияларына сүйенген жаңа білім сратегиясына көшу болып
табылады. Осыған сәйкес қазіргі білім беру
жүйесінің ерекшеліктеріне – оның іргелілігін алдын алу сипаты
және осыларға қол жеткізу мүмкіндіктері жатады. Білім
беру жүйесінің ақпараттандыру бағыттарының бірі
ақпараттық– телекоммуникациялық технологияларды білім беру
саласына енгізу жұмыстары болып саналады.
Ақпараттандыру және
бұқаралық телекоммуникацияларды ғаламдастыру
кезеңінде қазіргі қоғамдағы ақпаратты
нақты тұтынушының ұсыныстары мен қызығуына
сай ақпараттық-технологиялар ағымын қалыптастыруға, ақпаратқа көлем
және жылдамдық жағынан шектеусіз қол жеткізудің,
сондай-ақ кез келген қашықтықтағы ақпарат
көзіне, оның ішінде оқу-ағарту ақпаратына назар
аударуды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін әлемдік
ақпараттық орта жағдайында компьютерді
қоғамдық өнім ретінде белсенді пайдаланумен
сипатталады. Бұл өскелең ұрпақты
ақпараттық қоғам мен зиялы
қарым-қатынасқа оқытып тәрбиелеуге және ақпараттық
мәдениетті қалыптастыруға жағдай жасайды.
Интернет жүйесінде жұмыс істеу
болашақ мұғалімдердің әлемдік білім мен
ғылым жетістігінен хабардар болып, оны игеруіне шексіз мүмкіндіктер
ашатыны хақ. Интернетті пайдалану арқылы болашақ
мұғалімдер өздеріне қажетті мәліметтер алу
арқылы кәсіби білімін жетілдіре түсетіні сөзсіз .
Заман ағымына қарай оқыту
үдерісінде видео, аудио қондырғылары мен теледидарды,
компьютерді қолдану айтарлықтай нәтижелер беруде. Кез келген
сабақта электрондық оқулықты пайдалану болашақ
мұғалімдердің танымдық белсенділігін арттырып
қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін
қалыптастыруға, шығармашылық пен еңбек етуіне
жағдай жасайды. Дәстүрлі оқулықты оның
электрондық нұсқасына оңай айналдыруға болады.
Бұл нұсқаның жетістігі - оны компьютер жадында
сақтау мүмкіндігі, оны ақпараттық желілер арқылы
тарату болып табылады.
Жарқын болашақтағы
Қазақстан Республикасының дүниежүзілік ғаламдық
үрдісте алатын орны оның үкіметі мен халқының
Қазақстанды материалдық емес, парасат – пайымға
негізделген, әрі ғылымды мол қажет ететін материалдық
өндірістері басым дамыған мемлекетке айналдыру жөнінде алдына
стратегиялық мақсат қоюға бел байлауымен
айқындалады. Сондықтан болашақ мұғалімдер
қауымына зор жауапкершілік, үлкен міндет жүктеледі.
Мұндай міндетті шешу болашақ мұғалімдерден мектептерде
оқушыларға берілетін ғылым негіздері олардың
болашақ іс-әрекетінің ерік негіздері тірегі болатындай етіп
оқытуды, оқу-тәрбие үдерісінің, білім
мазмұн жаңартумен қатар, оқытудың
әдіс-тәсілдері мен сан алуан құралдарын
қолданудың тиімділігін арттыруды, оқытудың жаңа
технологиясын меңгертуді, педагогикалық жаңалықтарды
тәжірибиеге батыл енгізуді талап етеді.
Әлемдік
өркениеттен өз орнын тауып, жаһандану ағысына енген
еліміздің алдында тұрған міндеттердің бірі –
Қазақстан Республикасы кәсіби білім беретін оқыту
әдістемесін жетілдіру, болашақ мұғалімдердің кәсіби
білім сапасын арттырып, әлемдік стандарттар деңгейінде білім беруге
қол жеткізу. Осыған орай технология, ақпараттану және
интеграция ғасырында жаңа дүние үшін күрес
жолында білім беруді ақпараттандыру.
Бүгінгі таңда ақпараттарды
өңдеудің жаңа тұжырымдамалары пайда болуда,
олардың арасында CASE- технологиялар, желілік технологиялар,
гипермәтіндік технологиялар, ақпараттық жүйелерді
және математикалық модельдеу технологиялары және т.с.с. басты
орынға шығуда.
Қазіргі білім беру стандарттары маман даярлауды
құзырлылық термині арқылы түсіндіреді.
Құзырлылық (латын тілінен аударғанда) – адамның
өте жақсы және терең меңгерген мәселелер
жүйесін, танымы мен іс – әрекет тәжірбиесін білдіреді.
Чошанов М. А. «егер
құзырлылықтың орнын кәсіби шеберлік
деңгейінде анықтап көрер болсақ, онда ол
атқарушылық пен кемелденудің аралық мәніне ие»
деп түсінік береді. Ал белгілі бір аймақтағы
құзырлылық – осы салада нақты ғылыми негізге
сүйене отырып тиімді әрекет етуге мүмкіндік жасайтын
сәйкес білімдер мен қабілеттерге ие болу.
Қазіргі кезде әлеуметтік
кеңістікте болып жатқан өзгерістер коммуникациялық үдерістердің
құрамы мен бағытына айтарлықтай өз әсерін
тигізеді. Коммуникацияның жаңа түрлерінің
көмегімен ақпаратты жинау және өңдеу
мүмкіндіктері пайда болды. Компьютерлендіру жағдайында болып
жатқан ақпарат өрісінің өзгерістері қазіргі
адамның көзқарасына әсер етіп, ойлаудың
жаңа түрін қалыптастырады. Қазіргі кезеңде білім
беруді ақпараттандыру мен бірге оқыту ақпараттық-компьютерлік
технологиялардың көмегімен жүзеге асырылуы мүмкін.
Бұл тек интернет желісі арқылы тұлға аралық
байланыс жасаумен ғана емес, адамның кейбір қасиеттеріне ие
болған компьютер мен адам арасындағы байланыс түрінде де
сипатталады. Сонымен, осы адам – машина сұхбаты (диалогы) электронды
коммуникацияның ауызекі немесе құжаттық коммуникациядан
басты айырмашылығы болып есептеледі.
Нәтижесінде, осы немесе басқа да
әдістердің көмегімен бір-бірімен жаңа сапалы
түрде бірігіп, белсенді қызмет көрсететін байланыс
жасаудың барлық түрлері туындайды (пайда болады).
Компьютер бүгінгі таңда байланыс
жасаудың маңызды құрылғысына айналуда, ал
келешекте ол коммуникациялық ықпалдасудың негізгі
құралдарының бірі болуы мүмкін. Егер шынымен осындай
болатын болса, онда компьютерлік желілердің логикасы қазіргі
адамның байланыс (қарым-қатынас) жасау логикасына біртіндеп
ауыса бастайды, нәтижесінде адамның қоғаммен
арақатынасы қысқарып, қоғамдық байланыстары
үзіледі, адамда жалғыздықтың салдарынан туындайтын
әртүрлі жүйкені тудырушы жағдайлар көбейе
түседі.
Ақпараттық технология
құралдарын қолдануға бағытталған
оқыту тәсілдерінен басқа тәжірибеде
дәстүрлі оқыту тәсілдері де бар. Оларды қолдану
қажеттілігін ақпараттық-компьютерлік технологиялар
арқылы жеткізе алу мүмкін емес. Спецификалық функциялары мен
шартты немесе психопедагогикалық тұрғыдан
мақсатқа сай емес: оқу бағдарламалары,
оқулықтар, оқу құралдары, аудиториядан тыс
оқуға арналған кітаптар, көрнекі құралдар
және т.б. Бүгінгі таңда, әлемдік мәдениетке
қатысу, әлемдік нарықтан шығу мүмкіндігін
қамтамасыз ететін практикада шет тілін білуге бүкіл мемлекет
және әрбір студент қызығушылық танытып отыр.
Сондықтан, негізгі құнды мақсат ретінде коммуникативті құзырлылық
танылады
Қарым-қатынастың: нақты
және виртуалды деп аталатын екі түрін бір уақытта дамыту
қажет. Білім беру тұрғысынан қарағанда, бұл
студентпен байланыс жасау міндетті болған оқыту үдерісінде
ақпараттық құралдарды негізгі құрылғы
ретінде қолдану қажет деген мағынаны білдіреді.
Кейбір оқытушылармен студенттердің
техникалық құралдарды пайдалану мүмкіндігі мен
қабілетінің жоқтығына байланысты тұлға
аралық қатынас педагогика саласының негізі болып
қалуда.
Қазіргі туындаған сапалы
ақпараттандырылған білім беру кеңістігіндегі
ғылыми-әдістемелік және кәсіби-іскерлік байланысты
тиімді оқытуда пайда болатын қиындықтарды шешу үшін түрлі
оқытушылар мен студенттер кәсіби қарым-қатынастың
әртүрлі салалары мен жағдайларындағы нақты
және виртуалды коммуникацияның теориялық және
практикалық іліміне ие болулары қажет. Әрине,
қарым-қатыныс жасаудың виртуалды түрі мен нақты
түрінің өз айырмашылықтары бар.
Виртуалдылық. Нақты
өмірде бірікпейтін нәрселерді біріктіретін техникалық
қасиетімен ерекшеленіп, қазіргі адамның жаңа өмір
сүру ортасы ретінде қарастырылады.
Интерактивтілік. Қазіргі
ақпараттық технологиялар ақпаратты жеке және
таңдаулы түрде қолдануға бағытталып, олар бастапқы
кезден үздіксіз байланыс пен әсерлесуге арналған болады.
Гипермәтінділік. Интернетті көбінесе гипермәтін деп атайды, себебі ол
басқа мәтіндерде көрсеткіш немесе сілтемелерден
құралып, ақпараттың көпшілік және бір уақытты
ағымына бағытталған қоғамда байланыс
жасаудың тәсілі ретінде қарастырылуы мүмкін. Интернет
байланыс жасаудың жалпы сипаты ретінде жад қызметін атқарады.
Жалпылылық. Коммуникацияны
жалпыландыру бұл – бүкіл адамзаттың пайда болуына
жағдай жасайтын кеңістік-уақыттың байланысудан тыс
болған қарым-қатынастың әртүрлі
түрлері жүзеге асатын кеңістіктің шектік кеңеюі
болып есептеледі.
Креативтілік –
жобалау саласында адамға көптеген мүмкіндіктерді беретін
виртуальды кеңістік. Интернет-технологиялардың көмегімен
қолданушы жаңа нәрселерді өз бетінше жобалауға
қабілетті. Осының нәтижесінде қарым-қатынас
монолог емес, диалог түрінде болады.
Жасырындылық. Әдетте,
on-line режімінде байланысу лақап ат және сырттай жүреді.
Қарым-қатынас жасауының тек стилі ғана білімді болып,
ол туралы басқа мәліметтер белгісіз болады. Бұл жағдай
қарым-қатынастың еркін, бірақ көпжақты
және белгісіз түрде болуына әсер етеді.
Көптүрлілік. Ықпалдасу нәтижесінде кездейсоқ (көптүрлі
желілік) құрылымдар пайда болады. осылайша виртуальды ақиқат
қолданушыдан әртүрлі мәліметтер қорына
үнемі ауысып тұруды талап етеді. Қазіргі кезде
мәдениетаралық қатынастардың өрісін кеңейту
коммуникацияның тиімділігін арттыруға бағытталған
мәселелерді зерттеудің негізі болып есептеледі. Олар серіктестердің
мәдени айырмашылығының дәрежесіне ғана емес,
олардың жеке сипатына, коммуникацияның кедергілерін жеңетін
құрылғыларына, жартылай мәдени ортадағы
әсерлесу модулдеріне қатысты жетістікке жету дайындығына да
тәуелді.
Шындығына келсек, бұдан былай
ақпараттық – коммуникациялық дамусыз
қоғамның өмір сүруі мүмкін емес.
Ал білім беру субъектілерінің
ақпараттандырудың қазіргі жағдайына бейімделуі
мәдени коммуникациялық үдерістерді
тұрақтандырудың жаңа әлеуметтік механизмін жасап
шығаруды, ақпараттық ортадан оқытудың жаңа
түрлерін іздеуді талап етеді. Коммуникацияның теориясы мен
практикасын меңгеру мақсатында интерактивті қарым-қатынаста
коммуникацияның модулі ретінде жүзеге асыру бір уақытта
мәтін, дыбыс және бейнені өз ішіне алатын сандық
және интерактивті мултимедияларды қолдану арқылы орындау
мүмкін. Коммуникация теориясы тілден және тілдік емес
құралдарды қолдану мақсатын және сонымен
қатар осы процестердің нәтижесін қоғамдағы
динамикалық байланыстардың модулдерді зерттейді. Коммуникация –
бұл ақпараттық жағдайды және нақты
объектінің әрекетін өзгерту мақсатында
байланысудың бірлігі мәтін болатын диалог (сұхбат). Сапалы
байланыс жасау үшін лингивистикалық, коммуникативтік, когнитивтік
дағдыларға ие болу қажет. Ал байланыс жасауды басқару
заңдылықтарын біліп, соңғы нәтижеге қол
жеткізуге кететін шығында азайтуға болады, біздің
жағдайымызда бұл оқытудың сапасын жоғарлату болып
есептеледі.
Кез-келген ортаның әдеттегі
(қарапайым) коммуникациялық жағдайын байланысудың
себепті бағытталған қарым-қатынас ретінде
қарастыруға болады. Демек, білім беру саласында бұл лекция,
семинар, кеңес беру, емтихандарда: ал ақпараттандыру
жағдайында бұл байланысудың біршама баспа түрлері
болады. Нақты жағдайда коммуникациялық тиімділік
қарым-қатынас жасаулар арасындағы өзара
түсінушілікке қол жеткізу арқылы анықталады.
Әрине, тұлғааралық қарым-қатыныс жасауды
байланыс жасаушылардың бір-бірін түсіну үшін
лексикалық-грамматикалық құралдарды қолданумен
компьютерлік технологиялар негізінде байланыс жасаудың арасында
айырмашылық болады.
Егер осы тұжырымдарға
сөйлеудің нақты объектілерін енгізсек, онда біз
қарым-қатынас жасаудың түрлі жағдайындағы
кез-келген коммуникациялық жағдайда қолдануға болатын
мазмұнды бейнелеудің бірыңғай моделін аламыз. Мазмұнның
қандайда бір мағынасын сипаттайтын сөйлеу әрекеттерімен
нақты байланысқан стандартты лексикалық-граматикалық
жобалардың белгілі бір жиынтығы ой-пікірді кодтау немесе декодтауда
үлкен көлем көрсетуі мүмкін. Мұндай моделдерде
байланыс жасаушылардың рөлі моделденетін жағдайдың
заттық мазмұнына сәйкес келетін шығармалардың
нақты түрлерімен сипатталады. Вербальді коммуникация жүзеге
асырылатын жағдайлар қарым-қатынас жасау саласына қарай
жасалады. Сөйлесу кезінде заттық мазмұн жағдайлар
жиынтығына қарай белгілі бір сөйлем түріне айналады.
Сөйлеу құралдарымен оларды жеткізу түрін бір
жүйеге келтіру қажет. Сөйлеу, ойлау үдерісі адамның
санасын қалыптастырушы талдау, жалпылау үдерістерімен бірге
жүреді. Қарым-қатынас жасау сол және оң жақ
жартышарлардың (мидың) қатысуымен жүзеге асырылады. Сол
жақ жартышар ойлаудың түсіну-логикалық қызметіне,
ал оң жақ жартышар бейнелік-сезімдік қызметіне жауап береді.
Егер коммуникациялық теорияны сол жақ жартышар қабылдайтын
дерексіз түсініктер деңгейінде үйретсек, онда оң
жақ жартышар жиналған тәжірибе негізінде бейнелер мен
қиялдарды жасау, яғни қиялдау процесінде қатысатын
болады. ал егер үйренушінің тәжірибесі шектеулі, ал дерексіз
материал нақты субъектісін қабылдау үшін тым күрделі
болса не болады? Бұл жағдайда материал меңгерілмейді, ал оқу
процессі тиімсіз болады. Оқу материалын көрнекі-бейнелік
қабылдау үшін компьютерлік технологиялардың келесі
мүмкіндіктері қолданылады:
Түс.
Уақыт бірлігінде үйренуші
қабылдайтын ақпараттың көлемін арттырады материал
тең меңгеріліп, тез есте сақталады.
Анимация. Қандайда бір құбылысты
көрнекі түрде сипаттайды оның болып өту
заңдылықтарын бейнелейді.
Интерактивті-анимациялық
модель. Модельмен
өзара әрекеттеудің жеке тәжірибесіне негізделген
ғылыми түсініктермен заңдылықтарды меңгеруді
қамтамасыз ететін проблемалық оқытудың
әдістемесін қолдану мүмкіндігін береді. Интерактивті модель
болашақ кәсіптік оқу саласын есепке ала отырып,
студенттердің коммуникативтік құзырлығын қалыптастыруға
септігін тигізеді.
Субъектінің санасының оң
жақ жартышар бөлігінде субъектпен интерактивті – анимациялық
модельдің қарым-қатынас жасау нәтижесінде
меңгерілген заңдылық немесе түсініктің белгілі
бір бейнесі қалыптасады. Моделмен байланысқанда туындаған
айқын әсер қабылданған материалды субъектінің есінде
(жадында) ұзақ мерзімге сақтап қалады және
оның сапалы меңгерілуіне себеп болады.
Меңгерілген білім оқытудың
жобаланған моделінде қатысу кезінде жанданады. Ойлаудың
түсіну-логикалық аспектісіне жауап беретін сол жақ жартышар
(мидың) мәтін өңдейді, ал оң жақ жартышар
жауапты іздеу процесі барысында сол жақ жартышардың жұмысын
белсендетеді. Сөйлеу саласының әртүрлі түрлері
мен лексикалық-граматикалық құралдарды меңгеру
оларды ғылыми-әдістемелік, іскерлік кәсіби қатынас
жасау кезінде қолдану студенттердің коммуникативтік
құзырлылығын қалыптастырады, оларды қажетті
әлеуметтік байланысты тиімді орнату және қолдануға
дайындайды. Заманауи ақпараттық технологиялар негізінде
сөйлеу коммуникативтік теориясымен практикасын деңгейлеп
оқыту олардың білімнің барлық салаларын жақсы
меңгеруіне әсер етеді.
Қорытындылай келе, бүгінгі
таңда болашақ мұғалімдердің қоғам
сұранысының талаптарына сай ақпараттық-коммуникативтік
құзырлылығын арттыру қажеттілігі еліміздің
әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бет бұрып, соған
сәйкес білім берудің парадигмасының өзгеруі және
бүгінгі күнгі әлеуметтік-экономикалық жағдайы мен
болашаққа қарай ұстанған бағыты білім беру
мекемелерінің жаңа бағдарын анықтауға әсер
етеді.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Назарбаев Н.А.
«Болашақтың іргесін бірге қалайық». 2011
жылғы Қазақстан халқына Жолдауы (28.01.2011ж.) //
ЕгеменҚазақстан, 29 қаңтар 2011жыл. –Б.2-6.
2. Қазақстан Республикасы
“Ақпараттандыру туралы” Заңы. Астана, 2007ж.
3. Митина Л.М. Психология развития конкурентоспособной
личности.-.:Московский психолого-социологический институт; Воронеж: НПО
«МОДЭК», 2002. – 400 с.
4.Стернин
И.А. Коммуникативное поведение в структуре национальной культуры//
Этнокультурная специфика языкового сознания. - М., 1996. -С.97-112.