Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық ойлауының психологиялық негіздері                          

 

Танирбергенова А.Ш.,

педагогика ғылымдарының

кандидаты, доцент.

Қара Ә.,

«Тұран - Астана» университетінің магистранты

                           Қазақстан, Астана қаласы

 

        Кіші мектеп оқушысы – бұл адамның іс-әрекет бірлігі жағдайда оқу іс-әрекетінің субъекті ретіндегі қоғамдық болмысының бастауы. Осы сапада бастауыш мектеп оқушысы, ең алдымен, оған дайындығымен сипатталады. Бұл оқу мүмкіндігін қамтамасыз ететін физиологиялық, анатомиялық–морфологиялық және психологиялық, ең алдымен интеллектуалдық даму деңгейімен анықталды.

ҚР «Білім туралы» Заңында көрсетілгендей білім беру жүйесінің негізгі міндеті ұлттық және жалпы адамдық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке тұлғаныңы қалыптасуы мен дамуына қажетті жағдай туғызу болып табылады. Сонымен екінші бапта білімнің негізгі міндеттері рухани және дене даму мүмкіндіктерін ашу, адамгершіліктің тұрақты негіздері мен салауатты өмір салтын қалыптастыру, даралықтың дамуына жағдай туғызу арқылы ақыл-ой мен жеке тұлғаның шығармашылық қабілеттігін байыту болып табылатыны туралы айтылған.  Әр мектептің білім әрекеті әр оқушының қызығушылығы мен қабілеттілігін анықтау, оның дамуына, әлеуметтік бағдарға бейімделу қабілеттілігі мен қоғамдағы табысты іс-әрекетіне бағытталған [1].

Қазіргі кездегі мектеп ғылым негіздері бойынша білім беріп қана қоймай, оқушыларды ойлауға, қабілеттілігі мен нышандарын дамытуға үйретуі, әр оқушыға өзін көрсетуге мүмкіндік беруі керек. Білімнің басты мақсаты баланың ақылдылығы мен интеллектуалды тапсырмаларды орындауы болып саналады. Бұл тұрғыда бастауыш сыныптан бастап оқушылардың  шығармашылық ойлауын дамыту өзекті мәселердің бірі.

Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық ойлауын дамыту тек бүгінгі күннің ғана мәселесі емес, ол ертеден бастау алған мәселелердің бірі.

        Л.И. Божовичтің, Д.Б. Элькониннің, Н.Г. Гуткинаның зерттеулерінде баланың мектепке дайындығының негізгі көрсеткіштері суреттелген: оның ішкі  позициясының семантикалық қызметінің ырықтылығының қалыптасуы, ережелер жүйесіне бағдарлану іскерлігі және тағы да басқалары [2-193 б.]. демек бастауыш   

       Ойлау мәселесі көп дәуірге дейін психология саласы болудан гөрі, философия мен логика нысаны болып келді. Сондықтан да ойлау үдерісін зерттеуде ғылыми бағыттары арасындағы бірде толастамаған ойлау жөніндегі алғашқы материалистік бағыт классикалық сенгуализм тұжырымын негіге алып, алғаш сезімдік танымда болмаған дүние санада бейнелеуі мүмкін емес деген шешімді уағыздады. Алайда бұл теориялық тоқтам көбіне ойлауды ес, елес бейнелерінің бірлігі және ассоциация нәтижелері деп үстірт түсіндіреді. Бұлай топшылауда өнімді де белсенді үдеріс ретінде танылмаған ойлау өз алдына дербес, үдерістік сипатынан айрылып, жақын кезеңдерге дейін ғылымға арнайы зерттеулер аумағынан тыс қалады [2-179 б.].

       Ойлау – психологиялық іс–ірекеттің ерекше түрі деп психологияда алғашқы жария еткен Вюрцбургтың ғылыми мектебі болды. Бұл бағытта өз тұжырымын бұрын эксперименталды дәлелдеуге ұмтылған хх ғасыр басындағы неміс психологтары (О.Кюлье, А.Лиссер, К.Бюлер, Н.Ах) ойлауды одан әрі бөлшектенбс сана қызметі деп білді, оның сезімдік негіз бен сөздік өрнектен бөлектеді, оны таза рухқа келіп, бұл мәселеде идеалистік тарапқа қолдау берді [3-150 б.].

М.Жұмабаев:”Ойлау-жанның терең, әрі қиын ісі”, - деген болатын. Оқушылардың ойлау әрекетін өрістету өте қиын іс.

А.М.Тепловтың пікірінше, ойлау – бұл заттардың жалпы қасиеттерінің және заттардың өзара қатынастары арасындағы заңды байланыстардың мида бейнеленуі, болмысты жанама және жалпылай түрде тану үдерісі [4-205 б.].

         Қ.Жарықбаев, Жантану негіздері – деген еңбегінде, ойлау дегеніміз – сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының байланыс қатынастарының

миымызда жалпылай және жанама түрде сөз арқылы бейнелеуі деген анықтама берген [4-184 б.].

         С.Бап–Бабаның айтуы бойынша ойлау – танымдық проблемаларды шешуде маңызы жоғары, нақты жағдайларға бағыт–бағдар алып жүру үшін өте қажет болмыстың тұрақты да заңдылықты қасиеттері мен қатынастарын жалпылай және жанама бейнелеуші психикалық үдеріс.

        Ойлау әрекетінің  бәрі ойлау үдерісінің бірлікті байланысқа екі тарапы ретінде көрінетін талдау және біріктірудің өзара ықпалдастығы негізінде орындалады.

        И.А.Павлов, ойлау – ми қабығының күрделі формадағы анализдік–синтездік қызметтің нәтижесі, мұнда екінші сигнал жүйесінің уақытша жүйке байланыстары жетекші рөл атқарады – деген [4-189 б.].  

С.Л.Рубенштейн: «Ойлау не проблемадан , не ситуациядан,не танудан , не түсінбеуден ,не қиыншылықтан туады », -деген . Олай болса оқушыларға қойылған сұрақтардың мазмұнында білетіні мен білмейтіні қатар болуы мүмкін.

Ойлаудың дамуы қоғамдық-тарихи даму процесінде, адамзат ойлап шығарған білімдерді меңгеру процесінде жүзеге асырылады. Білімдерді меңгеруді және ойлаудың дамуын С.Л.Рубинштейн диалектикалық процесс ретінде сипаттайды, онда себеп пен салдар орындарын үздіксіз алмастырып отырады [6, 24б.]. 

Бастауыш мектепте, кіші мектеп оқушысында, осы кезеңде жетекші іс – әрекетінің негізгі элементтері, қажетті оқу дағдылары мен іскерліктері қалыптасады. Осы кезеңде ойлау формалары дамиды, олар ары қарайғы ғылыми білімдер жүйесін меңгеруді, ғылыми, теориялық ойлаудың дамуын қамтамасыз етеді. Мұндай оқуда күнделікті өмірде өз бетінше бағдарланудың алғы шарттары қалыптасады. Осы кезеңде баладан тек елеулі ақыл–ой жұмсауды ғана емес, сондай–ақ үлкен физикалық төзімділікті талап ететін психологиялық қайта құру жүреді. Бастауыш мектеп оқушысы сыртқы және А.А.Люблинский терминдеріндегі практикғалық белсенділіктің үстемдігімен сипатталады және де бұл белсенділіктің күші орасан зор. Зерттеушілер кіші мектеп оқушысы, яғни, жаңа позицияға субъект ретінде оқушы позициясына ие болғанда кездесетін бірқатар қиындықтарды анықтайды. Бұл жаңа тәртіп қиындықтары мұғалім мен жаңа қатынастар қиындықтары. Осы кезде бастапқы мектеппен танысу қуанышы осы қиындықтардан өту дәрменсіздігінен жиы туындайтын енжарлықпен, селқостықпен алмасады. Мұғалімнің осы жас кезеңінің негізгі психикалық жаңа құрылымдарын есепке алуы өте маңызды кез – келген оқу пәнін меңгеруде көрінетін әрекеттердің ішкі жоспары, ырықтылығы және рефлексия. Осы жаста өзін оқу субъектісі ретінде саналы түсіну басталады.

        Әр оқушыда оның ақыл–қабілетіне орай өзіндік ойлау ерекшелігі болады. Осы ерекшеліктен әр тұлғаның ақыл сапасы көрінеді. «Ақыл» түсігінің ауқымы «ойлау» түсігінен кеңірек келеді, себебі «Ақылдылық» интеллект сияты тек ойлау қабілетінен көрінбей, басқа да таным үдерістерінін тұтастай желісінен байқалады. Кей оқушылар ойлауда көрнекі – бейнелерді көбірек пайдаланса, басқалар теориялық тұжырымдарды негізіне алып. Ой әрекетінің ерекшелігі сондай–ақ адам көңіл–күйімен де оның топтаған білімдері мен еңбек тұрмыс тәжірибесіне де, өзінде қалып тостырған ойлау әдістеріне де тәуелді келеді [2-187 б.].  

        Шығармашылық ойлау – сан жаңалықтар ашуға, түбегейлі жаңа нәтижелерге қол жеткізетін ой қызметі.

        Шығармашылық іс–әрекет түрлерінің бірі ретінде жаңа қалыптан тыс ізденістерге дем беріп, қоғамдық дамудың иегерілеуін қамтамасыз етеді.

        Шығармашылық  ойлау – жаңа идеяларға, қоғам жаңалықтарын ашу мен жаңа шешімдерге қол жеткізіп проблемалардың түбегейлі, бұрын–соңды болмаған жолдарымен анықталып, өріс алуына мүмкіндік беретін ойлау әдіс–әрекеті.

          Әдетте, психологтар шығармашылыққа кедергі болар төрт психикалық жәйтті айтады:

-         Конформизм (еліктегіштік) – адамның  басқаға ұқсап бағу ниеті.

-         Цензура  (тыйым салу) –  өз идеясына болған ішкі сын.

-         Региттік (каректорлық) – бір үйреншік көзқарастан, пікірден басқасына ауысу қиыншылығы.

-         Шұғыл жауап табу ниеті. Шұғыл жауап табу – әркімде бола бермейтін қасиет.           

      Шығармашыл тұлғалар психологияда конконформистер деп аталған. Шығармашыл тұлғалардың интелекті бірігімді (сичтетичен) олар әркейлі құбылыстар арасында байланыстар түзуге құштар. Сонымен бірге мұндай тұлғаларды ойлау әрекеті дивергентті, яғни бір зат не құбылыстың өзінде әрқилы байланыстар табуға шебер. Олардың бойында балалық шақтан қалған таңдану мен қайран қайран қалу әдеті өмір бойы сақталады. Олар сезімтал, тосындықтан қашпай, қабылдайды, яғни сензитивті [3].

       Демек шығармашыл тұлға өзінің жаңа дүниелік мүмкіндіктерін ұдайы сезіп, оның таным білімдері бір күйде тұрақтанып қалмай жаңа ізденістерге, жаңа материалдық және рухани құндылықтар жасауға демеуші үздіксіз қайта құрылым өзгерістеріне түсіп, жаңа нәтижелерге қол жеткізіп жатады. Мұндай тұлғаның психикалық белсенділігі қалыпты санадан жоғары көрегенді.

        Типалогиялық ерекшеліктеріне байланысты шығармашыл тұлғалар өнерде, ғылымда және техникада бойына жасампаздық қасиеттерін өз бетінше іске асыруға қабілетті.

        Тұлғаның көркем өнерлі типі дүниені көркем бейнелер түрінде меңгеруді, оларды жасаудың тетіктерін игереді, эстетикалық бағыты мен дүниетанымын жобалау үлкен сөз саптау, бой көрсету, мәнерлі дыбыстау жүйелерін қарастырады, психикалық бірлестік, бейнелі – көңіл дауыстығы,

құндылыққа болған ортақ баға орнығады.

      Ойлаудың жеке дара ерекшеліктерін әңгімелей отырып келесі жәйтті естен шығаруға болмайды; ой толғайтын мидың өзі емес, адам, біртұтас тұлға. Талай даналық ойлардың пайдасыз болжам деңгейінде қалып жатқанынын куәсіміз, сондықтан әрқандай ұшқыр ойдың жасампаз, белсенді әрекетпен ұштасқаны, әр адамның өз дарынды қызметін пайдалы, өнімді еңбек әрекетіне жұмсағаны жөн.     

Күнделікті білім беру үдерісінде оқушының шығармашылық ойлауын дамыту арқылы оның білім алу деңгейінің жоғарылауына, игерілген білімнің беріктігін қамтамасыз етуіне, білім сапасының артуына мүмкіндік туғызады. Кез-келген оқыту – дамытушы болып табылады. Егерде оқыту барысында мақсатты түрде оқушының шығармашылық ойлау қабілетін дамытуға бағыттап отырса, оқушы басқаның пікірінен дұрыс қорытынды шығаруға, өз ойын толық жеткізе білуге, қиялын ұшқырлауға болады. Демек бастауыш сыныптан бастап оқушылардың шығармашылық ойлау қабілетін дамыту жетекші орынға шығатыны сөзсіз.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.     Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңы. – Астана, 2007ж.

2.     Зимняя И.А. Педагогикалық психология: Жоғары оқу орындарына арналған оқулық. / Орыс тілінен аударған М.А. Құсаинова. –М.: Логос; Алматы, 2005. -238 б.

3.     Бап-Баба С.Б. Жалпы психология. Жоғары оқу орнындары студенттеріне арналған дәріс баяндар жинағы. А.М. Құдиярова басшылығымен. –Алматы, Заң әдебиеті, 2007ж.-268б.-106-107 б.б.

4.     Жарықбаев Қ. Б. Жантау негіздері.-Алматы: Эверо, 2005ж.