УДК 635.925
Rosaceae Juss.
тұқымдасы дендрофлорасының
маңызды түрлерінің экологиясы
б.ғ.к Сапарбеков
А.С., б.ғ.к. Ахметов Б.А., оқытушы Бикешова Д.Б.,
БИ 410 Усенбаева Улжан, БИ
421 Жолтай Ф.М.
«Мирас» университеті,
Шымкент қаласы, Қазақстан
Қазақстан
флорасында раушангүлділердің алатын орны қомақты.
Ежелден жеміс беретін өсімдіктер ретінде
итмұрындардың (Rosa)
жемістері жоғары
биологиялық белсенділік көрсетеді, табиғи
поливитаминді концентрат ретінде қоладанылады.
Жемістің жұмсағында
20 % - ға дейін С, сонымен қатар В, Е, К витаминдері (құрғақ
салмағында)
болғандықтан,
өсімдіктің ең
бағалы бөлігі болып
табылады.
Rosa beggeriana мен R. alberti-дің
жемістерінің
құрамында С дәрумені өте көп болып
келеді. Осы және т.б. итмұрын түрлерінің
жемістерінен дәруменді,
емдік сусындар, тұнба, экстракт,
сироптар жасалады. Олар өз
кезегінде тамақ, кондитер және
порфюмер – косметика
өнеркәсібінде
кең қолданылады. Ал, үй жағдайында олардан тосап, компот жасайды. Тұқымдарынан көптеген көрсеткіштері бойынша
шырғанақ майынан кем
түспейтін май алынады
(Сихымбаев,1998).
Бүлдірген
туысының өкілі Rubus
caesius-тың жемісі биохимиялық құрамы жөнінен өте бай (минералды
тұздар, қанты көп
органикалық
қышқылдар), сонымен қатар дәруменді,
тағамдық қасиетіне сәйкес шырындар, шарап, түрлі тұнбалар,
әртүрлі кондитерлік бұйымдар жасауға
пайдаланылады.
Шетеннің
2 түрінің (Sorus
tianschanica және S. persica) сусындар, сироп, сірке қышқылы,
тосап, мaрмелад жасауға
қолданады – жемістерінің
құрамында
түрлі
дәрумендердің, қант,
лимон, сол секілді алма қышқылдарының, калий,
кальций тұздарының болуына
байланысты.
Батыс Тәңір тауында бұталы шиенің
3 түрі (Cerasus
tianschanica) кездеседі, бірақ
олардың жемістері майда болуына
орай өнеркәсіптік маңызы онша емес. Дегенмен, жемістерінің бойында А, В, С
дәрумендері, көмірсулар, ақуыз бен органикалық
қышқылдар болады. Осы қасиеті жергілікті жерде шырын, кисель, сироп, компот жасауға мүмкіндік береді. Мұнан басқа, жемісінің
сүйегінің құрамында
35 % - ға дейін май
және ащы бадамша
майы (горькоминдальноe маслo) болады.
Долананың барлық түрлерінің (Crataegus turkestanica, C.pontica,
C.songorica, C.korolkowii)
жемістері жеуге жарамды, құрамы
биологиялық активті заттарға бай болуына қарамастан өнеркәсіптік
маңызы төмен болып келеді. C. pontica -
долананың ішіндегі жемісі
ең ірісі, сондықтан жергілікті тұрғындар
тағам ретінде көп
пайдаланады.
Батыс Тәңір тауы дендрофлорасында күшті
омарталық қасиет көрсететін өсімдіктердің
үлкен тобы өседі. Олардың қатарында – Crataegus, Cotoneaster,
Rubus, Malus, Armeniaca, Prunus,
Cerasus т.б. туыс түрлері бар.
Бояу алынатын,
техникалық, фитомелиоративті т.б. қасиет көрсететін
дендрофлора өкілдерін анықтап, шаруашылыққа
пайдалануға ұсыну алдағы уақыт еншісінде. Енді,
Rosaceae тұқымдасы өкілдерінің экологиялық
қасиеттеріне қысқаша тоқталып өтейік:
1. Armeniaca
vulgaris Lam. – үштік кезеңнің (палеоген) сирек ксерофитті
орман флорасының реликтісі (Байтенов, 1979). 8-14 (16 )м биіктікте
болатын мезоксерофиттік ағаш. Теңіз деңгейінен 500-1900 м
биіктіктегі Жоңғар, Іле Алатауында, Кетпен жотасында, Қырғыз
және Талас Алатауларында таралған. Батыс Тәңір тауында
Өгем және Қаржантау жоталарында жеке дара тау баурайлары мен
өзен аңғарларында кездеседі. Жергілікті
тәңіртаулық (тянь-шандық) өріктен
селекциялық жұмыстарға аса құнды формалар
бөлініп алынған (Винтерголлер, 1984).
Таралу аймағы
тарылып бара жатқан, сирек кездесетін түр. Жекелеген ағаштар
немесе шағын тоғайлар болып өседі. Ортаңғы
және төменгі тау белдеулеріндегі оңтүстік тасты
және шағыл тасты беткейлерді ұнатады. Ең жақсы
тоғайлары Іле Алатауы мен Жоңғар Алатауының
оңтүстік баурайларында өседі. Жаңғақ
жемісті бағалы өсімдік, мәдени сорттар алу үшін
құнды нысана. Мөлшері, дәмі, түсі және
жемісінің пісу уақтысы жағынан көп ерекшеленеді. Бұл
– әдемі сәндік өсімдік, әсіресе гүлдеу
кезеңінде (сәуір-мамыр) және күзгі
жапырақтарының түсі (қыркүйек-қазан) тау
көрінісіне әр береді (Иващенко, 2007).
2. Crataegus pontica
C. Koch. – палеогеннің сирек ксерофитті орман реликтісі. Биіктігі 4-8 м
келетін ксерофитті ағаш. Қаратауда, Талас Алатауында, Батыс
Тәңір тауында Қаржантау, Өгем жотасында, Қазығұрт тауында, Біркөлік
шатқалында жеке дара, кейде сирек орман құрап,
құрғақ, майда тасты тау баурайлары мен өзен
аңғарларында кездеседі. Оңтүстік Қазақстан
жағдайында Malus sieversii, Celtis caucasica, Pistasia vera, Amygdalus
секілді реликтті өсімдіктермен араласып, ксерофиттік өсімдіктер
қауымдастығын түзеді (Сихымбаев,1998).
3. Pyrus regelii
Rehd. – палеогенді ортаазиялық субтропикалық саванна реликтісі.
Аласа ксерофитті ағаш немесе бұта. Қазақстан
территориясында Шу-Іле тауларында, Қырғыз және Талас Алатауы мен
Қаратауда кездеседі. Батыс Тәңір тауында Қаржантау,
Өгем жоталарында және
Қазығұрт тауында жеке немесе топтанып, таудың
құрғақ тасты баурайлары мен өзен
аңғарларында өседі. Pyrus regelii жабайы өсетін
алмұрттың ішіндегі
құрғақшылыққа ең
төзімдісі болып саналады.
4. Malus sieversii
(Ledeb.) M.Roem. – олигоценнің
жалпақ жапырақты орманының мезофитті флорасының
реликтісі. 2-12 м биіктікте болып келетін мезофитті ағаш.
Тарбағатай, Іле, Жоңғар, Талас Алатауы мен Қаратауда
кездеседі. Батыс Тәңір тауында Қаржантау, Өгем жоталарында, Сарыайғыр, Сайрамсу,
Біркөлік шатқалдарында, Қазығұрт тауының
беткейлерінде, аңғарлар мен шатқал табандарында өседі.
Селекцияға пайдаланылатын өте бағалы түр болып табылады
(Байтенов, 1979).
Саны
қысқарып бара жатқан түр. Бағалы
тағамдық ағаш, тау беткейлерін бекітуші, көптеген
мәдени сорттың жабайы туысы. Жақсы бал жинаушы, тығыз
өскен алма ағаштары 1 гектардан 25-40 кг бал береді. Түр
пішінінің алуан түрлілігімен, әсіресе мөлшерімен,
түсімен және жемісінің дәмімен ерекшеленеді (Иващенко,
2007).
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1 Сихымбаев
А.Е. Редкие и исчезающие виды растений гор Казыкурт и их охрана // Экологические
проблемы Туркестана. Сарыагаш. МЭГА. Изд-во
1998. С. 70-77.
2 Байтенов
М.С. Реликты флоры Казахстана. – Алма-Ата: Наука, 1979. 187с.
3 Винтерголлер
Б.А. Реликты вокруг нас.
Алма-Ата, 1984.
4 Сихымбаев А.Е. Дополнение к флоре Казахстана //
Поиск. 1999. N 3. С. 60-63.
5 Иващенко А.А. Қазақстан өсімдіктер
әлемінің асыл қазынасы. Алматыкітап, 2007. – 128 бет.