«Экология» пәнін оқытуда курстық жұмыстардың экологиялық
тәрбие берудегі маңызы
Сарбасова Г.Ә.,
Уйсимбаева Ж.Т., Мұсабаева Ш.Қ,. Диханбаева Қ.,
Сарбас М.Н., Амангельдиева А.,
Абсаттарова А.
«Экология» пәні барлық
жоғарғы оқу орындарында оқытылады. Әрине, бұл
өте дұрыс. Табиғат бізге көп байлық берді және
де сол берілген табиғи байлықты келешек ұрпаққа
жеткізу үшін, тиімді қолдануымыз керек екенін жер бетіндегі әрбір
адам білуі тиіс.
Жаңа информациялық
технология дәуірінде «Экология» пәнін оқыту барысында дәстүрлі
әдіс пен белсенді түрде оқыту әдістері де кең өріс
алумен қатар кіреді: интерактивті, рольдік, іскерлік, ұйымдастырушылық-үйрететін
ойындар, тіректі конспект әдістері, модульді оқыту әдістері
т.б.
Компьютерлік технология оқу
орнындарда оқытушылар үшін пәнге деген білімгерлердің қызығушылығын
арттыруда көптеген мүмкіндіктер ашуда. Орасаң шығармашылық
туындыға бай педагогикалық технологияның түрлерінің
бірі курстық жұмыстар әдісі болып табылады. Курстық жұмыстар
әдісі біздің оқу орнында дәстүрлі құралдар
көмегімен жүзеге асуда: кітаптар, анықтамалар, экциклопедия
аудиожазулар, видеоматериалдар, көпшілік ақпараттық құралдары,
сонымен қатар, телекоммуникация, мультимедиялық қондырғылар,
вирутальды кітапхана, білім порталы және сайттар, жалпы білім беру
сайттары, интернет-конференция материалдары.
Курстық жұмыс технологиясын қолдану шығармашылық
ойлау қабілетін қалыптастыру мәселелерін шешуге,
білімгерлердің өзіндігінен дайындалу және инициативасын
дамытуды қамтамасыз етеді, практикалық есептерді шешуде, оқу үрдісінде
алынған білімдерін қолдануға мүмкіндік береді.
«Экология» пәнін оқыту барысында курстық жұмыс әдісі
сабақта оқу-тәрбие үрдісіне шектеулі кіреді және
оқудан тыс іскерліктің бір түрі болуы мүмкін.
Курстық жұмыс кезеңдер бойынша жүзеге
асады:
1.
Бірінші кезеңде белгілі бір уақыт аралығында жеке немесе
топпен жұмыс істейтін білімгер мәселесінің өзектілігі
анықталады. Білімгерлер әртүрлі оқу кешендеріндегі мәселелерді
анықтау біліктілігін қалыптастырады.
2.
Екінші кезеңде жұмыс істеу жоспары мен мәселені қою
шарттары жүргізіледі, бұл таңдап алынған мәселенің
мүмкін болатын шешімдерін табуға, зерттеу нысандарын анықтауға
үйретеді.
3.
Үшінші кезеңде осы жұмыс қойылған талаптарға
сай орындалады. Бұл жерде білімгерлердің болжам жасауға, табиғи
объектілермен эксперименттер жүргізуге, алынған мәліметтерді
жүйелеуге және жинақтауға, әртүрлі
жерлерден алынған ақпараттарды талдауға, табиғи
нысандарды зерттеуге іскерлігі дамиды.
4.
Төртінші кезеңде жұмыс нәтижесін қорытындылау
жүргізіледі. Бұл кезеңде оқытушы білімгердің
аргументті қорытынды жасау, тәжірбиелік және эксперименттік жұмыс
мәліметтерін өңдеу, алынған нәтижелерді көркемдеу,
танымдық және шығармашылық мәселеледі шешу, ұйымда
жұмыс істеу икемділігінің қалыптасуына мүмкіндік
береді.
5.
Бесінші кезеңде жұмысты қорғауға дайындық
жүргізіледі. Білімгерлер өздігінен компьютер, мультимедиялық қондырғылар
көмегімен курстық жұмыс презентациясын дайындайды, дәлелдемелер
жүйесін жасайды.
6.
Алтыншы кезеңде жұмыс презентациясы қорғалады. Бұл
кезеңнің мақсаты: өз жұмысының нәтижесін
көрсету, көпшілікке мәселені ұғымды етіп жеткізу,
оның шешімдерінің әдістерін табу, шешімнің дұрыстылығын
дәлелдеу, ол өз кезегінде білімгердің мәдени
коммуникациясын және өнерлігін дамытуға мүмкіндік
береді.
Мысал ретінде келесі жұмысты талқылауға
болады.
Жұмыс: «Тараз қаласының тұрғындарына және
қоршаған ортаға автокөлік газдарының әсері». Жұмыс мақсаты: автокөлік газдарының шығуы әсерінен
қоршаған ортаның өзгеруіне баға беру, шыққан
газдар мен қатар зиянды заттар тасындыларының мөлшерін, тасталған
зиянды заттардың сапалық құрамын және олардың
адам организіміне әсерін анықтау, келешекке болжам жасау және
газды, зиянды тасындыларды төмендету бойынша ұсыныстар беру.
Жұмыс: «Тараз өлкесінің ерекше қорғалатын
табиғи аймағы және көне тарихи ескерткіштері». Жұмыс
мақсаты: Тараз өлкесінің
ерекше қорғалатын табиғи аймағы және көне
ескерткіштері туралы ақпараттарды зерттеу, осы аймақтың
негізі мәселелерін көрсету, табиғи нысандарының және
көне тарихи ескерткіштері жағдайын өзгерту немесе жақсарту
бойынша ұсыныстар беру.
Жұмыс: «Жамбыл облысының өзендері мен көлдерінің
экологиялық мәселелері». Жұмыс мақсаты: Жамбыл облысының өзендері мен көлдерінің
экологиялық жағдайлары, ластанған қала сулары
тасындылары, ақаба суларының қалдықтарының
тасындылары туралы ақпараттарды
зерттеу. Өздігінен тазалану және өзен, көл жағалауларын
тазалау, су көздерін қорғау, ластаушы және зиянды
заттардың мөлшерін қадағалау мәселелерімен
танысу. Қазақстандағы басқа да теңіздердің
және өзендердің мәселесін шешу бойынша ұсыныстар
беру.
Жұмыс: «Табиғи қоршаған орта сапасын экологиялық
нормалау». Жұмыс мақсаты: зиянды заттар құрамын нормалау қажеттілігін
және қоршаған ортаға олардың әсерін
зерттеу, қоршаған ортаны сақтауға және шаруашылықты
дамытуға мүмкіндік беретін шекті-рауалды нормативтерді орнату
себептерін анықтау. Экологиялық
нормативтер негізін анықтау: технологиялық, ғылыми-техникалық,
медициналық, санитарлы-гигиеналық. Іс жүзінде қолданыстағы
шекті–рауалды концентрация (осы аудандағы белгілі зиянды заттар),
шекті-рауалды шығарындылар, тастандылар, қалдықтар
нормативтерін және қалдықтарды орналастыру жерлерін атап шығу.
Табиғи орта сапасының экологиялық сараптамасы бойынша ұсыныстар беру.
Жұмыс: «Табиғатты қорғау
қызметінің халықаралық ынтымақтастығы». Жұмыс
мақсаты: халықаралық ынтымастық қажеттілігін, оның
принциптерін анықтау. Мемлекеттік қорғауға кіретін және
кірмейтін халықаралық-құқықтық қорғау
нысандарын, халықаралық-құқықтық
жауапкершілік түрлерін, табиғатты қорғау бойынша халықаралық
ынтымақтастық деңгейлерін анықтау. Қоршаған
ортаны қорғау бойынша халықаралық ұйымдарды,
олардың приоритетті мақсаттары мен мәселелерін атап шығу.
Курстық жұмысты оқыту
технологиясы білімгерлердің жеке қабілетттерін ескереді, өздігінен
дайындалуын, өздігінен жүзеге асыру және сырт көрінісін
қажеттілігін көрсетуге ынталандырады. Осы технологияны оқу
орнында қабылдау нәтижесі көрсеткендей, білімгерлердің
экологиялық мәдениеті мен санасының қалыптасуы үшін
жағдайлар жасау қажет, оны қолдану нәтижесі өз
кезегінде экологиялық тәрбиенің тиімділігін жоғарлатады.