Экономические науки/ 15.Государственное регулирование
экономики
Абдуллаев Н. – студент гр. МТ-10-1,
Старший препод. Таскинбайкызы Ж.
Каспийский государственный университет
технологий и инжиниринга им.Ш.Есенова,
Казахстан
Мемлекеттік аймақтық саясаттың мәні
және құрылымы
Аймақтық
саясат – жеке аймақтардың даму мəселелерін
шешуге бағытталған
əкімшілік, құқықтық, экономикалық
жəне т.б. шараларды орындау арқылы əр аймақтың дамудағы потенциалын жүзеге асыру
үшін жалпы экономикалық, саяси - əлеуметтік
жағдайларды түзу саясаты.
Мемлекеттің аймақтық саясаты мемлекет пен аймақ арасындағы
және аймақ пен көрші аймақтар арасындағы
қарым-қатынастардың саяси, экономикалық,
әлеуметтік және экологиялық дамуын аймақтың
негізде басқару арқылы реттейді. Аймақтық саясаттың басты шарты мемлекеттің саяси жағдайларының,
əлеуметтік жағдайларының, климаттық
жағдайларының, шаруашылық және т.б. жағдайларының біркелкі
болмауында.
Аймақтық саясаттардың мәні -
жалпы ұлттың мақсаттарына жетуі үшін
аймақтың дамуын тиімді түрде басқару болып табылады,
яғни халықтың
әлеуметтік- экономикалық
дамуларына кедергі жасайтын,
әлеуметтік
тұрақсыздықты
тудыратын теңсіздік жағдайларын барынша төмендету
болып отыр. [1]
Аймақтық
саясаттың
барлық элементтері өзара
бір-бірімен байланысты. Мысалы, аймақтың
экономикалық әлеуетінің жоғарлығы
ұлттық экономикада да оның
рөлінің жоғарғы
деңгейде екендігін көрсетеді және
жалпылай ұлттық
мүддені жүзеге асырады. Бірақ аймақты дамытудағы
өзіндік мүдделерде ескерілуі тиіс. Қалыптасқан аймақтық теңсіздіктер
аймақтарды дамытуларға сәйкес мақсатардың қойылуларын талап етеді, оларды жүзеге асырудағы арнайы негізгі құралдарды
пайдалануды қажет етеді. [2]
Аймақтық саясаттың қалай
жүзеге асатынын, мақсатын,
не үшін керектігін түсіну үшін сурет 1-дегі оның
құрылысына назар аударайық.

![]()
![]()
![]()
![]()
Құралдары Түрлері Мақсаттары
♦ аймақтық бағдарлама жасау ♦ индикативтік жоспарлау ♦ аймақтық болжау ♦ экономикалық ♦ ғылыми-техникалық ♦ қаржылық ♦ инвестициялық ♦ демографиялық ♦ әлеуметтік ♦ экологиялық ♦ ұлттық және т.б. ♦ өндірісті тиімді орналастыру ♦ экономикалық кооперация және аймақтар
арасында еңбекті тиімді территориялық бөлістіру ♦ шаруашылықты кешенді дамыту ♦ аймақтардың
халқының тұрмыс деңгейін және олардың
экономикалық дамуын
теңестіру
Сурет 1. Аймақтық саясаттың құрылысы
Бұл суреттен біз
аймақтық саясаттың мақсатын, түрлерін
және құралдарын көре аламыз.
Жалпылай
алғанда,
аймақтық саясаттың
мақсаттары әр елде
әртүрлі. Әлеуметтік
салада аймақтық саясаттың
мақсаттарының ішіндегі ең
маңыздысы – барлық
азаматтарға туған жеріне жəне
тұрғылықты орнына қарамастан тең дәрежеде
өмір сүруіне жағдай
жасау, жұмыссыздықты жою, табыстарды арттыру, артта
қалған және тоқыраған аймақтың
әлеуметтік инфрақұрылымын жоғарлату,
қоғамдық игілікке қол
жеткізуде мүмкіншіліктерді
арттыру.
Аймақтық
саясаттың міндеттерін жүзеге асыру құралдарына мыналар
жатады:
1.
Болжау - болжамдалған бағытты және қаржыландыру
көздерін, экономикалық құрылымын талдау негізіндегі
аймақтың экономикалық даму параметрін ғылыми
тұрғыда болжау.
2.
Аймақтық бағдарламалау - мақсатты және
аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуының
аралық тапсырмасын тұжырымдауға, сонымен қатар
қойылған мақсатқа және ресурстардың
қажетті шығындарына жетудегі нақты уақытты анықтаудағы
аймақтың дамуына мақсатты араласу.
3.
Аймақтық жоспарлау - жоспарлы кезеңдегі нақты
орындаушыны, қаржыландыру көздерін көрсетуде нақты
тапсырмалар мен мақсаттарды қою.
Экономикалық
түбегейлі өзгерістен және экономикалық
құрылымдық қайта құрудан,
аймақаралық халықтың өмір сүру
деңгейіндегі айырмашылықтардан, өндірістік
көрсеткіштердің динамикасынан, қаржылық
жағдайынан аймақтық саясаттың атқаратын
қызметтері туындайды.
Аймақтар
арасындағы мұндай өзгешеліктерді жойып,
аймақтардың жағдайын теңестіретін механизм тек
қана мемлекеттің жүргізетін аймақтық саясаты.
Жоғардағы мысалда көрсетілген жағдайдың шешімін
мемлекет аймақтық саясатты қолдау арқылы шеше алады,
яғни оның шешу жолының бірі әрбір аймақтың
жағдайына қарап салық мөлшерін белгілеу.
Егер
осындай саясат аймақтар арсындағы теңдікті толықтай
немесе жартылай орнатса, онда аймақтар бір-бірімен бәсекеге
түсіп дами алады.
Кесте 1
Аймақтық
саясаттың классификациясы
|
Критерийлері |
Аймақтық саясаттың түрлері |
|
1. Аймақтың әлеуметтік-экономикалық
жүйесінің анықталған құраушы
бағыттары |
-
экономикалық; -
әлеуметтік; -
экологиялық; -
ғылыми-техникалық. |
|
2. Қолдану
мақсаты |
-
аймақтың әлеуметтік-экономикалық даму деңгейін
теңестіру; -
аймақтық ресурстарды және т.б. қолдануды
оңтайландыру. |
|
3. Орындалу
механизмі |
-
автоматтық ( сандық көрсеткіштерге сәйкес
бөлістіру); -
проблемалық (арнайы бағдарламалар арқылы бөлістіру); -
мақсаттық (нақты аймақтар арқылы
бөлістіру). |
|
4. Орындалу нысаны |
-
қаржылық (трансферттер, жеңілдіктер, айыппұл); -
әкімшілік (рұқсат ету, тыйым салу, лицензия беру); -
инфрақұрылым және т.б. |
|
5. Адресаттар |
- фирмалар; - азаматтар; - салалар; - территориялық билік органдары. |
Дегенмен
аймаққа жаңа
өндірісті орнату немесе ескі өндірісті дамытып, бәсекелесуіне
жол ашу аймақтық дамудың үйлесімді стратегиясы
құрылды дегенді білдірмейді. Ол тек аймақта нақты
өнім түрлерін өндірудің үйлесімді шарттары жасалғанын білдіреді.
Аймақтық
саясатты тәжірибе жүзінде жүзеге асыру төмендегі
қағидалар мен принциптерге негізделеді. Бұл қағидаларға келесілер
жатады:
Ø
жалпы мемлекет пен мемлекеттің жеке аймақтар
мүдделерінің дұрыс және тиімді үйлесуі;
Ø
аймақтың сыртқы саяси қызметері
мен мемлекеттің сыртқы экономикалық қызметінің
келісімділігі;
Ø
өндіріс интеграциясы барысында шаруашылық
субъектісі мен салааралық тиімді еңбек бөлінісінің
өзара әрекеттесуі;
Ø
аумақтың әлеуметтік-экономикалық
мәселесін шешуде, қаржылық ресурстар мен өндірістік
ресурсты шоғырландыруда аймақтардың экономикалық
дербестігі;
Ø
аймақ халқының әлеуметтік
нормаларын қамтамасыз ету және
кепілдік беру;
Ø
халықтың тұрмыс деңгейіне
және сапасына аймақтағы органдардың жауап беруі. [3]
Аймақ экономикасының табысты болуы мемлекет
экономикасының табысты болуына әкеледі. Сондықтан мемлекет
аймақтың экономикасын дамыту реформасын жасап, аймақты
өз бақылауында ұстау керек. Ал егер
аймақ пен мемлекеттің арасында дұрыс аралық
қарым-қатынас орнатылмаған болса немесе мемлекет халық
өмір сүретін аумақтың дамуын қамтамасыз етудегі
жауапкершіліктен бас тартса, онда қолданылып жатқан
реформалардың оң нәтиже бермейтіні анық. Сол себепті аймақтық саясаттың
көмегі арқылы аймақтардың дамуын мемелекет тарапынан реттеу, тиімді жүзеге асыру
олардың дамуындағы қажетті шарт.
Аймақтық саясатты құру үшін
мемлекет аймақтардың өзгешелігі мен еліміздің
территориялары бойынша себепті көрсетуі қажет. Бұларға
келесілерді жатқызуға
болады:
Ø
еліміздің аймағының табиғи - климаттық
жағдайындағы айырмашылығы;
Ø
аймақтардың өнімділігін
айқындайтын табиғи ресурстарды қолдану бағыты,
ауқымы мен саласы. Ол пайдалы қазбаларды және ауыл
шаруашылық өнімдерін игеруге, өнім өндіретін өнеркәсіптерді
орналастыру жағдайын ұйымдастыруға және
халықтың тұрмыс жағдайларын
ұйымдастыруға әсер
етеді;
Ø
аймақтардың күрделі орналасу
жағдайлары, соның себептерінен шығындардың артуы
және бағалардың өсуі байқалады. Ол
аймақтағы көлік пен байланыс қызметінің
жақсы дамымауына ықпал етеді;
Ø
өндірістің ескірген құрылымы,
инновациялық даму және жаңалық енгізубарысынан артта
қалу;
Ø
экономикалық
дамуындағы тенденциялар;
Ø
тауардың өндірістеріне әсерін тигізетін
технологиялық дамудың сатысы;
Ø
институционалдық фактор (жалпылай және
аймақтық саясаттың нысаны, аймақтардың даму
тарихтары, саяси жағдайлары);
Ø
орналастырудағы физикалық факторлар
(көлік және аэропорт жүйесі, байланыс жүйесімен
қамтылуы, өндірістік инфроқұрылым);
Ø
әлеуметтік-мәдени факторлар
(тұрғындардың білімінің деңгейі, урбанизация
деңгейлері);
Ø
орталықтан қарастырылатын
макроэкономикалық саясаттарда аймақтардың
ерекшеліктерінің есепке алынбай қалуы;
Ø
аймақтар мен орталықтар арасындағы
міндеттерді жіктеудің толықтай аяқталмай қалуы.
Бұндай
себептерге көңіл бөлмей, мемлекеттегі әр аймақ
өздігінен жеке тұрып дами алмайды, себебі басқа
аймақтарға өз зиянын тигізуі мүмкін, ондай
жағдайды болдырмау үшін көрші аймақтардың
ерекшеліктерін де ескеру керек. Сол себепті де экономиканы мемлекет тарапынан
реттеу жүйесінде аймақтық саясаттың рөлі ерекше.
Әр аймақтар үшін мемлекет бағдарламалар дайындап, осы дайындалған
бағдарламалар бойынша әр аймақтар өзінің
дамудағы бағыттарын жүзеге асырады.
Әдебиеттер тізімі:
1.
Балқияұлы Н.
Қазақстан
экономикасын басқару негіздері – Оқу-əдістемелік құралы – Алматы: ҚазККА, 2010. – 158 бет.
2.
Бибатырова І.А., Кекілов Б.Ж.
Ұлттық экономиканы
мемлекеттік реттеу. Оқу
құралы., 57-59 бет
3.
Гаврилов А.И. Региональная
экономика и управление: Учеб. пособие для
вузов.― М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2002.
― 239 с.
4.
Розанова Т.Г. Региональная экономическая система.- М., 2005.