Жаналинов Б.Н. - т.ғ.к., экономика мамандығының доценті

А.Байтурсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті

 

 

Банк тәуекелдерін халықаралық рейтинг агенттіктерінің бағалауы

 

 

Соңғы кезде елдік тәуекелді, оның ішінде мемлекеттің, ірі қаржылық корпорациялардың, банкілердің қаржылық жағдайын халықаралық рейтинг агенттіктері бағалап жүр. Мұндай агенттіктердің саны әлемде 100 - ден асады. Бірақ солардың ішінде әлемге танымал үш ірі агенттіктер бар: Standard & Poors, Moody’s Investors Service және Fitch IBCA [1].

Standard & Poors агенттігі – 1860 ж. құрылған және барлық белгілі агенттіктердің негізін қалаушы аггенттік. Агенттік халықаралық және ішкі нарықта рейтингілік қызметтің барлық түрін жүргізеді. Нью–Йорк, Бостон, Вашингтон, Лондон, Токио, Стокгольм, Париж, Мадрид, Мельбурн, Мексика, Гонконг қалаларында офистері мен өкілеттіктерін ұстайды, штаб-пәтері Нью-Йорк қаласында, 10000 жуық қызметкерлері бар.

Fitch Ratings агенттігі 1913 ж. 24 желтоқсанда Нью–Йоркте құрылған, алдымен Fitch Publishing Company баспаcы (издательство) болып ашылып, 1924 ж. бастап қаржы нарығында рейтингілік баға беретін компания болып құрылды. 1997 ж. Fitch және IBCA Limited (штаб – пәтері Лондонда) – компаниялары қосылып Fitch IBC Aагенттігі болып қызмет атқара бастады. Fitch IBCA агенттігіне 1000- нан аса банкілер мен қаржы мекемелері, 400 – ден артық корпорациялар, 50 – ден аса мемлекет өз рейтингілерін анықтатады, әлем бойынша 20 шақты офистері мен өкілеттері бар. Басты мақсаты - әлемдік кредит нарықтарына тәуелсіз баға беру, аналитиалық зерттеулер жүргізу, қажетті деректер беру.

Moody’s Investors Service агенттігі1900 ж. құрылған.Moody’s Investors Service Moody’s Corporation – еншілес компанияы. Негізгі қызметі – қаржы саласындағы компанияларға, мемлекеттерге, банктерге кредит рейтингтерін беру, тәуекелдерді зерттеу және талдау. Агенттік мынадай рейтинг шкаласын береді:

1) жалпы кредиттік рейтингтер;

2) корпоративті клиенттердің ұзақ мерзімдегі қарыздық міндеттемелеріне;

3) арнайы салалық рейтингтер;

4) банктердің қаржылық тұрақтылық рейтингісі. Агенттікте 4500 астам сарапшылар 26 елде қызмет атқарады, штаб–пәтері Бостон қаласы Массачусетс штаты.

Жоғарыда аталған агенттіктер елдегі компаниялардың, олардың контрагенттерінің жалпы төлем қабілеттілігін, кредитті қайтару мүмкіндіктерін, қаржылық міндеттемелерін орындауға әзірлігін бағалайды. Сонымен қатар басқа да рейтингілік зерттеулер жүргізеді, оларды бағалайды: эмиссиялық кредиттік рейтинг, құнды қағаздар рейтингісі, мамандандырылған (банк үшін) рейтингтер, т.б. осылардың ішінде Standard & Poor’s агенттігінің рейтингілеріне тоқталайық.

Standard & Poor’s өзінің рейтингілерін мына эмитенттер тобына (мемлекеттерге, банктерге, компанияларға ) ұсынады: тәуелсіз (суверенный) үкіметтерге, аймақтық және жергілікті басқару органдарына, корпорацияларға, қаржы мекемелеріне, сақтандыру компанияларына, басқарылатын қаржы қорларына, инфраструктуралық құрылымдарға. Агентттіктің кредит рейтингісі қарыз алушының жалпы төлем қабілеттігі туралы немесе оның нақты бір бағалы қағазына, басқа қаржы құралына қатысты төлем қабілеттігі туралы көзқарасты білдіреді.

Сонымен қатар қаржылық міндеттемелердің уақытымен орындау мүмкіншілігі де сипатталады. Кредиттік рейтингтер қаржы нарығындағы қарыз алушыларды сараптайды, олардың төлем қабілеттігін бағалайды. Агенттік инвесторлардың арасында көп танымал, сенімі жоғары қаржы институты. Рейтинг бағасы ұлттық немесе шетел валютасымен беріледі.

Кредит рейтингтері: ұзақ мерзімдегі және қысқа мерзімдегі кредит рейтингтері болып бөлінеді [1].

Ұзақ мерзімдегі кредит рейтингтері эмитенттің қарыздық міндеттемелерін уақытында орындау қабілетін бағалайды. Рейтинг бағалары былай белгіленеді:

Санаттары (категориялары):

-  «ААА», «АА», «А» және «ВВВ» сыныбындағы рейтингтер – инвестициялық сынып деп танылады;

-  ал санаттары : «ВВ», «В», «ССС», «СС», «С» сыныбындағы рейтингтер алып - сатарлық мақсаты жоғары эмитенттер деп сипатталады;

-  рейтингтері «АА»- дан «ССС» - ға дейінгі санаттар өз тобының ішінде (+) немесе (-) белгілерімен айырмашылықтары көрсетіледі.

Рейтинг болжамы (+ немесе -) алдағы екі – үш жылдың ішінде рейтингтің өзгеру бағытын көрсетеді, мысалы:

-       рейтингісі «+» (оң) болса – онда болашақта рейтинг санаты көтерілуі мүмкін; рейтингісі «-» (теріс) болса –рейтинг санаты төмендеуі мүмкін;

-       рейтингісі «бірқалыпты» - өзгеріс болмайтынын сипаттайды;рейтингісі «даму үстіндегі» санаты – жоғарылауы немесе төмендеуі мүмкін;

-       рейтинг «NM» - баға берудің ешқандай мағнасы жоқ дегенді түсіндіреді. Standard & Poor's – тің қысқа мерзімдік кредит рейтингтері эмитенттің қысқа мерзімдегі қарыздық міндеттемелерін уақытында жабу қабілетін бағалайды.

Кредит рейтингтері ең жоғарғы баға А-1, ең төменгі баға D – болыпбелгіленеді:

A-1 — эмитенттің алғанміндеттемесін жабу мүмкіншілігі өте жоғары.

A-2 — эмитенттің алған міндеттемесін жабу мүмкіншілігі жоғары, бірақ ол қолайсыз экономикалық жағдайға сезімтал.

A-3 — қолайсыз экономикалық жағдайлар эмитенттің қарыздық міндеттемелерін жабу мүмкіншіілігін төмендетіп тастауғаықтимал.

B — қарыздық міндеттеменің алып-сатарлық сипаты бар. Эмитенттің оларды жабуға мүмкіншілігі бар, бірақ ол экономиканың қолайсыз жағдайына сезімтал.

C — эмитенттің міндеттемені жабуға мүмкіншілігі шектеулі және ол экономикадағы қолайлы жағдайға байланысты.

D — аталған қысқа мерзімді міндеттеме бойынша дефолт жарияланған.

2008 -2010 жж. көптеген қазақстандық банкілердің рейтингтері төмендеп «В» санатына, негативті болжаммен түсіп қалды. Банк жүйесін құрушы банктердің екуі «D» (дефолт) рейтингісін алды. Халықаралық рейтинг агенттіктерінің сарапшыларының ойынша Қазақстан банк жүйесіне негативті ықпал етуші факторларға мыналар жатады: ұлттық валютаның девальвациясы, қарыздардың құрылымдарын қайта қарастыру, меншік иелерін өзгерту, жұмыс істемейтін кредиттердің жоғары деңгейі, дефолттар.

Біздің ойымызша бұған экономикадағы тұрақсыздық, активтердің сапасының төмендеуінен банк жүйесінің әлсізденуі; бизнестің кейбір салаларда және ірі банктерде шектен тыс шоғырлануы, корппоративтік басқару және тәуекел менеджменттің деңгейінің төмен болуы [2]. Әрине банк жүйесінің рейтингісінің жақсаруына себеп болатын позитивті факторлар да бар. Ол үкіметтің ірі корпоративтік депозиттерді банктер арасында орналстыруды қолдауы, экономиканы қайта жандандыруға жағдай туғызатын экспорттық түсімдердің өсуі.

2012 ж. бастап халықаралық рейтинг агенттіктері қазақстандық банкілердің санаттық бағаларын көтере бастады. Fitch Ratigns агенттігі алты банктің рейтингісін «негативті» бағадан «бірқалыптыға» көтерді. Банктердің рейтингісін көтеру себебі – экономикадағы жағдайдың жақсаруы және 2008 -2009 жж. сыртқы қарыздың қысқартылуы.

2011 ж. соңында Standard & Poor's 11 қазақстандық банкілердің рейтингілерін жаңа әдістеме бойынша қайта қарастырып, көптеген банкілердің рейтингтерін көтерді. Мысалы, Республикадағы ең ірі банктердің бірі «Халық банкінің» ұзақ мерзімдегі кредиттік рейтингі «В+» - тен «ВВ»- ға дейін «бірқалыпты» болжаммен көтерілді. Ал қысқа мерзімді рейтингі сол «В» деңгейінде қалды.

Осы жылдың соңында Standard & Poor's «Банк Центркредитке» ұзақ мерзімдегі және қысқа мерзімдегі кредиттік рейтинг «В+/В», ал ұлттық валютада «kzBB +» рейтингісін «бірқалыпты» болжаммен берді. Банктің жақсы рейтинг көрсеткіштерін көрсете келе, агентство оның дамуына кері әсерін тигізетін кемшілік жақтарын да көрсетеді. Олар – капитализациялау және пайдалылық көрсеткіштерінің төмендігі, тәуекелдерге сезімталдығы және алдыңғы қатарлы банктермен салыстырғанда қорлану көрсеткіштерінің орташалылығы.

Бірақ қазіргі кезде банк секторының рейтингісін көтерілмеуіне негізгі себеп болып отырған жұмыс істемейтін және үмітсіз активтердің көп болуы [3]. Қазір жұмыс істемейтін займдардың үлесі (5 санаттағы күмәнді және үмітсіз займдар) 37,1%, немесе 4 154,2 млрд. теңге болды ( ЖІӨ–нің 18%).Үмітсіз займдардың көлемі 10 айдың ішінде 7% - ға өсті. Төлем мерзімі 90 күннен асып төленбеген ссудалық қарыздың үлесі 30,9% жетті. Сонымен банк секторының ссудалық қоржынының қазіргі кездегі жағдайы «өте қиын» деп сипаттауға болады. Жағдайды тез арада түзетуге кірісу қажет. Өйткені бұның соңы үлкен қаржылық дағдарысқа әкелуі мүмкін.

Осы мәселерді шешу мақсатында 2012 ж. басында Қазақстанда АҚ «Проблемалық кредиттер қоры» құрылды. Қордың жалғыз акционері – Ұлттық банк. Бұл шара мемлекеттің коммерциялық банктерге қөрсетіп отырған қолдауы. Мемлекеттік қолдаудың нәтижесінде қазақстандық банкілер өздерінің рейтингтерін көтереді деген үміт бар.

 

Әдебиеттер:

1. Банковское дело (Настольная книга банкира). Учеб. пособие/ Под научной ред.А.А. Абишева, С.А. Святова. – Алматы: Экономика, 2007. – 382 с., 71 – 101

2. Сейткасимов Г.С. Банковское дело. – Астана. – КазЭУФиМТ: ИПЦ, 2007. – 640 с.

3. Обзор банковского сектора Казахстана. - http://www.rfcaratings.kz