Набиева М.Т., Сейсинбинова А.А, Нартова Г.С., магистр

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Астана, Казақстан

МЕМЛЕКЕТТІҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ТАРТЫМДЫЛЫҒЫ ИНДУСТРИЯЛДЫҚ ДАМУ КЕПІЛІ РЕТІНДЕ

Қазақстан экономикасының әлемдік деңгейдегі бәсеке қабілеттілігін артыру үшін  бүгінгі күні мақсатты бағыттарын Қазақстан Республикасының Президентінің   «Қазақстан -2050» стратегиясы қалыптасқан  мемлекеттің жаңа саяси бағыты жолдауында қарастырылған[1].Экономиканы жаңа бағытта дамыту саясатын жүзеге асыру жолдарына көңіл аударылған, атап айтқанда кез келген экономиканың белсенділігі оның ішкі және сыртқы нарықтық ортадағы бәсекелестік параметрлеріне жауап бере білуінде.Экономиканың бәсекелестік көрсеткіштерін нығайтудың басты қадамы, индустриалды-инновациялық белсенділікті арттыру қажет. Экономиканың осы бағытта даму үшін, нарықтағы капитал тапшылығына мемлекет жол бермеуі қажет. Мемлекеттің капитал тартымдылығын қалыптастыратын негізгі саяси бағыты, ол тиімді инвестициялық ахуалды қалыптастыру.Заманауи әлемдік экономика талаптарына сәйкес, қазіргі уақытта мемлекет экономикасының табыстылық көрсеткішінің бірі, инвестициялықтартымдылықпен инвестициялық капиталды жедел табысты игеру қабілеті. Өндірістік сектордың ел экономикасына елеулі ықпал ету мүмкүндігін ескере отырып, қазіргі кезде ел үкіметінің инновациялық қызмет құрылымдары үшін қажетті қосымша капитал көзі инвестициялық капиталды игеру жолдарын ұсынуда. Қазіргі даму сатысындағы Қазақстан экономикасының  халық шаруашылығы байланыстарында екінші экономиканың қалыптасуы маңызды орын алады. Екінші экономиканы шетелдік инвестициялар арқылы құрылатын халықаралық өндіріс жүйесі ретінде түсінуге болады. Оның елдік құрылымы АҚШ, Германия, Ұлыбритания елдерінің жетекші орындарымен ерекшеленеді.[2;70 -80 б.].  Екінші экономиканың негізі ретінде капиталды экспорттаушы мемлекет пен капиталды қабылдаушы мемлекет мүдделерінің келісімін есептеуге болады. Бұл жерде экономикалық, саяси және әскери мүдделер де ескеріледі.

Инвестициялық капиталды экспорттаушы меншік иесі ретінде, инвестицияның таза көзі болуға бейімделіп, сондай-ақ қаржыны қайда салу қажет мәселесін шеше отырып, реципиенттің «локальдық» артықшылығы бойынша қалыптасады. Алайда бұл артықшылықтар жөніндегі сұрақ теориялық дау туғызады. Американдық зерттеуші Дж. Даннигтің айтуынша, жан басына шаққандағы ЖІӨ көлемі бірдей жағдайда тікелей шетелдік инвестициялардың құйылу деңгейі келесі елдерде орташадан жоғары болады:

1)                Табиғи және адами ресурстарға бай;

2)                Ауқымды ішкі нарығы бар;

3)                Шетелдік инвестициялар үшін қолайлы сыртқы ортаны ұсынатын;

4)                Жақсы дамыған инфрақұрылымы және дұрыс құқықтық және нарықтық жүйесі бар;

5)                Шетелдік кәсіпорындармен бәсекелесуге мүмкіндік беретін отандық фирмаларда өзіндік «меншік артықшылығын» құруға қабілеті жоқ.[3;20 -25б.].

Қазақстанда, мысалы, жүз жылдық даму тарихы бар мұнай өндіру өнеркәсібінде «меншік артықшылығын» жүзеге асыра алмайтын отандық кәсіпорындарды елестету қиын. Олардың проблемасы бұл мәселе емес, ал қаржылық ресурстардың жетіспеушілігінде. Олар өзара ішкі нарықта және басқа да мұнай компанияларымен әлемдік нарықта бәсекеге түседі. Олардың бәсекеге қабілеттілігіне қарамастан, шетелдік инвесторлар жедел даму тенденциясымен осы салада көп мөлшерде қатысады. Бұл ашық нарықтық экономика заңы: инвестициялар өтімділігі нормадан жоғары салаға ұмтылады.

Капитал импорттаушы елдің «локальдық артықшылығы» олардың инвестициялық тартымдылығын бағалау арқылы неғұрлым объективті анықталады және қазіргі уақытта бұл тәжірибеде кеңінен қолданылады.

Экономикалық өсуді, өндіріс пен капитал құрылымының сәйкестігін, халықтың өмір сүру деңгейінің өсуін, шаруашылық жүргізуші субъектілердің, сондай-ақ жалпы елдің бәсекеге қабілеттілігін, макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етумен байланысты көптеген әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешу инвестициялар көлемі мен инвестициялық үрдістің жағдайына тәуелді.

Нарықтық экономика жағдайында инвестиция мәселесі негізінен жеке капиталды жинақтау мәселесі ретінде қарастырылады. Жинақтау заңын талдауды жеке капиталдың ұдайы өндіріс үрдісі негізінде талдаған классикалық буржуазиялық саясиэкономия (А.Смит, Д.Рикардо) бастаған болатын.[4;87 -101 б.].  Бұл талдауда негізгі рөлді пайданың қалыптасу мен жинақталу механизмі, сұраныс пен ұсыныстың өзара байланысы алады. Бұл көзқарас неолиберализм теоретиктерімен қабылданып, жалғасын тапты.

Жинақтау мәселесін макроэкономикалық талдаудың бұдан әрі дамуы ХХ ғасырдың 20-30 жылдары жарияланған Дж.Кейнстің жұмыстарымен байланысты. Дж.Кейнс өз жұмыстарында негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің өзара байланысын қарастырды – ұлттық табыс пен оның тұтыну мен инвестицияға пайдаланылған бөлігі, ақша массасы, еңбекақы мен пайда, капиталға пайыз, активтер мен міндеттемелердің жалпы сомасы. Осы макроэкономикалық параметрлердің динамикасын қолдана отырып, Дж.Кейнс жинақтың қалыптасу мен қолданылу механизмін және оның инвестициялау үрдісіне әсерін негіздеді.[5;101 -102 б.].  Кейнсиандық экономика үлгісінде жинақ категориясы және онымен байланысты мультипликатор және акселератор түсініктері Маркстік кеңейтілген ұдайы өндіріс схемаларындағы қосымша өнім мен жинақ нормаларының қызметтерін атқарады.

Инвестиция – Қазақстан экономикасының нарықтық экономикаға өтуі кезінде пайда болған жаңа термин. Орталықтандырылған жоспарлау жүйесінің шеңберінде «жалпы капиталдық салынымдар» деген түсінік қолданылатын, осы түсінік бойынша жаңа құрылыс пен қайта өңдеуге, шаруашылық жүргізіп отырған кәсіпорындарының кеңеюі мен техникалық қайта қамтамасыздандыруына (өндірістік капиталдық салымдар), тұрғын үй мен тұрмыстық-мәдени құрылысқа (өндірістік емес капиталдық салынымдар) жұмсалатын барлық қаржылық құралдар түсінілетін.

Қазақстан экономикасын жылдам әртараптандыру мақсатында  негізінде   елдің экономикалық әртараптандырылуы және технологиялық дамуы жатқан Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамытудың 2010-2014  жылдарға арналған  мемлекеттік бағдарламасы қабылданды.

Мемлекеттік бағдарламаны іске асырудың негізгі тетігі  Қазақстанды индустрияландыру картасы болып табылады. Карта  мемлекетке  бизнеспен бірлесіп дұрыс инвестициялық шешім әзірлеуге және елдің инфрақұрылымын және ресурстық әлеуетін дамытумен жеке сектор жобаларын іске асырудың  өзара байланысын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Бүгінгі күні Индустрияландыру картасына  құрылыс кезеңінде  205 мың жұмыс орнын және пайдалануға беру кезеңінде 180 мың жұмыс орнын құра отырып, 9,6 трлн. теңге сомаға 609 жоба енгізілген.

Жалпы 2011 жылы 45 мың жұмыс орнын құра отырып 1 трлн. теңге сомаға 237 жоба іске қосылды.2011 жылы іске қосылған жобалармен 500 млрд-тан астам теңге сомаға тауарлар мен қызметтер өндірілген.

Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Инвестиция комитеті қызметінің маңызды бағыты 1998 жылы Елбасының бастамасымен Қазақстанда қызмет атқаратын шетелдік инвесторлармен тікелей байланысты қамтамасыз ету, сондай-ақ инвестициялық қызмет және инвестициялық климатпен байланысты мәселелерді жылдам шешу мақсатында құрылған Қазақстан Республикасы Президентіжанындағы Шетелдік инвесторлар Кеңесінің қызметін қамтамасыз ету болып табылады.

2012 жылы 22 мамырда Кеңестің 25-ші пленарлық отырысы өтті. Елбасының айтуынша, Кеңестің құрылған кезінен бастап 14 жылда Қазақстанда талай өзгерістер болды. Бұл уақытта экономика нақты мәнде 2,5 еседен артық өсті –186 млрд. долларға дейін. 2011 жылы ЖІӨ-нің өсімі 7,5%-ды құрады. Өңдеуші салада еңбек өнімділігі жалпы 20%-ға артқан. Сыртқы сауда айналымы – 40%-ға және 126 млрд. долларды құрады.

2012 жылғы қаңтар-ақпанда шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерімен өнім шығарылымы 103,1%-ды құраған.

2012 жылғы қаңтар-ақпанда өткен жылғы қаңтар-ақпанменсалыстырғанда жұмыспен қамтылғандар саны 104,7%-ден 104,6 %-ға түскен, сәйкесінше белсенді субъектілер саны 114,5%-дан 114,2%-ға түсіп көрсеткіштер өзгергенін көруге болады.

Мәліметтерге сүйене отырып, 2009 жыл мен 2012 жыл аралығында мемлекет тарапынан қолдау көрсету негізінде жұмыспен қамтылғандар санынының артқанын байқауға болады. Мемлекет отандық өндіріс саласына инвестиция бөле отырып, жаңа жұмыс орындарын қалыптастыратынын байқаймыз. Осылайша жұмыспен қамтылған адамдардың санын арттыра отырып, Үкімет әлеуметтік жағдайдың оңалуына ықпал етеді.

Осыларды ескере отырып, инвестициялық саясатты жетілдіру үшін келесілер ұсынылады:

1.                 Елдегі қолайлы инвестициялық климаттың қалыптасуына жол бермейтін және шетелдік инвестициялардың ағынын тоқтатын кедергілер мен тосқауылдарды азайту. Негізгі кедергілер бюрократизм, салықтық режим, қалыптаспаған заңнама және елдегі нашар дамыған инфрақұрылым болып табылады;

2.                 Жоғары технологиялы өнім өндіретін халықаралық компанияларды тарту үшін жағдай жасау қажет. Дамыған елдер жағдайында дәл осы компаниялар индустриалдық қоғам жағдайының өсімін қамтамасыз ететін, сондай-ақ экономикалық үрдістердің статистикасы мен динамикасын анықтайтын негіз болып табылады;

3.        Еліміздегі инвестициялық климатты жақсарту үшін әкімшілік кедергілерді азайту және рұқсат беру процедураларын оңайлату жұмыстары жүргізілу қажет. Шағын және орта бизнес өкілдерінің жұмысына қолбайлау болатын, заңнамалық жағынан бекітілген 60-қа жуық әкімшілік кедергілер бар. Бұл өз кезегінде инвестициялық ахуалға да теріс ықпалын тигізеді.

4.                 Шетелдік инвестициялар аймақтарда экологиялық апат тудырмауы тиіс. Бұл үшін шетелдік компаниялардың қызметінің экологиялық салдарын реттеудің сауатты құқықтық негізін анықтау маңызды болып табылады;

Берілген ұсыныстар негізінде мемлекеттегі шаруашылық субьектілерінің өзін-өзі арнайы салымдар мен қорлар негізінде қаржыландыру жүйесін дамыту арқылы экономиканың негізгі тетіктерінің дамуына мүмкіндік туады. Нарықтық экономика жағдайындағы бәсекелестік орта тұтастай мемлекеттің және оның құрылымдық салаларының даму мүмкіндіктерін қарастырады. Мемлекет үшін басты экономикалық бағыттарды дамытуға мүмкүндік туындайды. Ел президентінің «Қазақстан -2050» стратегиясы қалыптасқа  мемлекеттің жаңа саяси бағытын анықтаушы құрал ретінде, берілген инвестициялық тартымдылық мақсаттары жүзеге асқан жағдайда, ел экономикасының бәсекеге қабілеттілігі арта түсетіндігі айқын.

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1.                  Қазақстан Республикасының Президенті –Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан Халқына Жолдауы 2012 жыл 14 желтоқсан

2.    Адилова Ш.Ж. Иностранные инвестиции: динамика влияния в экономику Казахстана//Альпари, 2, 2010, 142-144б.

3.    Алинов М.Ш., Айтжанова Д.А. Отраслевая идентификация инвестиций в реальный сектор//Альпари 2009-3,

4.    Алинов М.Ш. Инвестиционные факторы устойчивого развития национальной экономики//Материалы международной научно-практической конференции «Рыскуловские чтения». КазЭУ им. Т.Рыскулова. 3-4 июня 2008

5.     Асилова А.С. ҚР инвестицияны тарту мәселелері және оларды шешу жолдары//Альпари, 1, 2011 (65) 143-146б.