Экономические науки/7.Ó÷åò
è àóäèò.
Баймаханова Акмарал Абиласановна
Қорқыт Ата атындағы ҚМУ, «Есеп және
аудит» кафедрасының оқытушысы, статистика магистры
КӘСІПОРЫННЫҢ
ҚОРЫТЫНДЫ ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕП БЕРУ ҚҰЖАТТАРЫН АУДИТОРЛЫҚ
ТЕКСЕРУ ЖӘНЕ АУДИТОРЛЫҚ МӘЛІМЕТТЕРДІ КОМПЬЮТЕРЛІК ӨҢДЕУ
Резюме
В этой статье
расматривается аудиторская проверка документов итоговой финансовой отчетности
предприятия и компьютерная обработка аудиторских данных. Аудит проверяет финансовую отчетность
юридических лиц с целью выразить свое мнение о достоверности и
обьективности финансовой отчетности в
соответствии с законодательством Республики Казахстан.
Аудит –
это независимый внешний финансовый
контроль, которую осуществляет независимый аудитор, не работающий на данном
предприятии. Компьютерная обработка аудиторских данных позволяет аудитору
облегчить ручную (механическую) работу,
повысить уровень и планирование аудиторской деятельности.
Компьютерлік технологияны шаруашылық операцияларды өңдеу
және жүргізуде пайдалану, бухгалтерлік есеп жүйесі мен
тексерілетін кәсіпорындағы ішкі бақылауға елеулі ықпал
етеді. Бұл жағдайда шаруашылық операцияларды рәсімдеу үшін,
дәстүрлі бастапқы құжаттармен бірге компьютерде
жасалған және желі бойынша таратылатын есептік құжаттар
қолданылады.
Мұндай кәсіпорында аудиторлық тексеруді жоспарлау
кезінде, есеп ақпаратын өңдеу бойынша міндеттердің әрқайсысын
шешуге қажетті компьютерлік технологияны пайдалану деңгейін
ескерген жөн, өйткені ол орындалатын операциялардың мәнін
түсіну үшін аудитордың арнайы білімін талап етеді. Мәліметтерді
компьютерлік өңдеудің күрделілігін бағалай
отырып, аудитор кәсіпорында қолданылатын мәліметтерді өңдеу
әдістерін ескеруі тиіс.
Аудит ҚР заңында белгіленген талаптарға сәйкес қаржылық
есеп берудің дұрыстығы мен объективтілігі туралы пікір
білдіру мақсатында заңды тұлғалардың қаржылық
қорытынды есебін тексереді.
Мұндай кәсіби бақылау (аудитке) деген қажеттілік көптеген
жағдайларға байланысты артып отыр:
-
кәсіпкерліктің дамуы мен капитал өсуінің әсері;
-
өзін-өзі реттеуге ұмтылатын ұйымдар санының
арта түсуі;
-
экономикалық тұрақтылықты, меншік иеленушілерге және
кредиторларға олардың салған ақшаларының сақталуына кепілдік беруді қамтамасыз ететін жағдай
тудырудың қажеттілігі;
-
компаниялардың операциясы көп әрі күрделі болуы мүмкін,
пайдаланушылар ол туралы ақпаратты дербес алуға мүмкіндігі болмағандықтан аудиторлардың қызметіне мұқтаж;
-
қаржылық ақпаратты пайдаланушылар компанияның
есептік жазбаларына әдетте қолдары жете бермейді және олардың
тиісті тәжірибелері жиі бола
бермейді;
-
пайдаланушылар қабылдайтын шешімнің салдары өздері үшін
өте маңызды болуы мүмкін, сондықтан да аудитор арқылы алатын ақпараттың толық болуы мен анықтылығы оларға ауадай қажет.
Аудит нарықтық экономика жағдайында барлық
шаруашылық процесіне қатысушылардың қызметінде маңызды
рөл атқарады. Ол анық ақпаратпен қамтамасыз
етеді, серіктестіктер арасындағы сенімділікті қалыптастыруға
септігін тигізеді, оңтайлы басқарушылық шешімдерді іріктеу
мен кемшіліктерді жою бойынша ұсыныстарды әзірлейді, сондай-ақ
қаржылық жағдайды тұрақтандыруға, шаруашылық
жүргізуші субъектілер қызметінің тиімділігін арттыруға
және тұтастай қоғамның
әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға ықпал етеді.
Есептік деректерді компьютерлік өңдеуді орталықтандыру деңгейі,
аудитордың жұмысын жоспарлауға елеулі ықпал етеді. Егер
бұл деңгей жоғары болса және локальді есептеуіш
желістерін қамтитын болса, бұл аудиторларға «орталық
компьютерден» бірден тексеруге қажетті негізгі ақпаратты алуға
мүмкіндік береді. Бастапқы кезеңде тексерілетін экономикалық
субъектінің басшылығымен тексерушіге бухгалтерлік ақпаратты қағаз
тасымалдауыштарда көрсетуі және деректердің компьютерлік
базасынан ақпарат алу мүмкіндігімен қамтамасыз ету туралы
келіседі. Соңғы жағдайда тексеру уақытын, алынатын ақпарат,
кәсіпорындағы есеп процесін ұйымдастыруға зиян
келтірмейтіндей және жедел алынатындай етіп жоспарлануы тиіс.
«Компьютерлік ақпараттық ортада аудитті өткізудің»
халықаралық стандарты автоматтандырылған бухгалтерияда
аудитті ұйымдастырудың жалпы ережелерін қарастырады және
мәліметтерді компьютерлік өңдеу ортасында аудитор тексеруді
жоспарлаудың нақты мәселелерін қарастырады.
Компьютерлік құзіреттілік саласында аудиторларға ерекше
бір талаптар әзірге қойылмаған. Егер кәсіби техникалық
деңгейде арнайы компьютерлік сауаттылығы қажет болған
жағдайда, өңдеу процедураларын жасау және оның құрамын
түсінетін, күрделі компьютерлік өңдеуді білетін
техникалық мамандарды тартады. Бухгалтерлік есепті автоматтандырылған
түрде жүргізудегі аудит әдістері күрделі болуы мүмкін
және олардың күрделілігін кәсіпорында қолданылатын
техникалық құралдар, бағдарламалық жасақталым,
компьютерлік жүйенің интеграциялау деңгейі растайды. Соған
байланысты аудитордың программалық қамтамасыз ету,
компьютерлік жүйенің интеграциялану жүйесін жақсы білуі
тиіс. Мұндай білімі болмаған жағдайда аудиторлар ақпараттық
технологиялар саласының мамандарын тартуы қажет. Технологиялық
сараптаманы жұмысқа тарту, оған тексеріліп отырған кәсіпорынның
бухгалтерлік есептілігі туралы пікірін білдіру жауаптылығы жүктеледі
дегенді білдіреді. Сарапшы тек ақпаратты өңдеу жүйесін ғана
тексереді, ал аудиторлар осы жүйенің көмегімен жасалған
есеп-қисаптың дұрыстығы мен нақтылығына
жауап береді, сондықтан аудиторлар топтың жалпы жауаптылығына
жауап бере отырып, сарапшының жұмысын жоспарлап, бақылап,
реттейді. Осыған байланысты сарапшы аудиторға жүйенің
сенімділігін тексеру және құрамы туралы есеп берулері керек.
Тестілік сынақты іріктеу әдісімен жүргізген жөн,
бірақ кез-келген жағдайда тексеру объектісін есептің
тексерілетін учаскесіне сәйкес, аудиторлар анықтайды. Сарапшының
қорытындысы еркін формада көрсетілуі мүмкін.
Халықаралық стандартты әзірлеушілер автоматтандырылған
бухгалтерияда аудитті жоспарлау бойынша нұсқаулықтарды қарастырады.
Оған дәлел тексеруді ұйымдастыру тәжірибесі бола алады.
Кәсіпорынның басшылары мен бухгалтерлер, сондай-ақ аудиторлар өзара әрекеттерінің
бастапқы кезеңінде автоматтандырылған бухгалтерия қызметінің
ерекшеліктерін қаншалықты зерттегеніне, топтың қаншалықты
тиімді іріктелгеніне баса назар аударуы тиіс .
Мысалы, ол тек аудиторлардан тұра ма немесе оған
ассистенттер де кіреме, болмаса компьютерлік технология бойынша мамандарды
тарту қажет етіле ме?
Халықаралық стандарт аудиторлардың назарын, жоспарлау
кезінде кәсіпорындағы автоматтандырылған есептің күрделілік
деңгейін бағалауды ескерулеріне аударады. Мәліметтерді
компьютерлік өңдеу жүйесі күрделі болып табылады, егер:
- компьютер қаржылық
ақпаратқа қатысты күрделі есептеулер орындап, автоматты
түрде жазба құратын болса;
- компьютер автоматты режимде,
кәсіпорынның бизнесіне маңызы бар операцияларды орындайтын
болса;
- мәліметтерді өңдеу
кезіндегі қателіктер анықтауға мүмкіндік берілмейтін
операция көлемінің өте ауқымды болуы;
- басқа кәсіпорындар
мен мекемелермен операция жүргізуде мәлімет алмасудың автоматтандырылған
процедуралары қолданылса;
- кәсіпорында
иерархиялық құрылымы бар компьютерлік жүйесі енгізілген
болса;
- кәсіпорын ақпаратты
есептік жүйеде тікелей бағыттайтын күрделі компьютерлік басқарушылық
бағдарламаны қолданатын болса.
Кәсіпорында қолданатын мәліметтерді компьютерлік өңдеу
жүйесінің күрделілік деңгейіне қарай, аудиторлар
алдын-ала тексерудің негізгі параметрлерін, ең алдымен жұмыстың
ауқымы мен графигін белгілеп алады. Осы кезеңде кәсіпорын
басшылары мен аудиторлар, аудиторлық тексеруге қажетті барлық
компьютерлік ақпаратқа қол жетімділігі туралы мәселені
шешуі тиіс. Тексеру және автоматтандырылған процедураларды жүргізу
кезінде, аудиторлар кәсіпорынның жұмыс файылдарының түпнұсқасын
бүлдіріп алмау мақсатында көшірмесін қолданады. Егер кәсіпорында
ішкі есеп-қисап жасау қарастырылған болса, оларды аудиторларға
іріктеп ұсыну, тексеруді жеделдетеді.
Ұйымда Халықаралық стандартқа сәйкес, аудит
процедураларын жоспарлау кезінде автоматтандырылған бухгалтерия барлық
негізгі ерекшеліктерді ескеруі тиіс. Мәліметтерді компьютерлік өңдеу
жүйесінде операциялармен жұмыс істеуде адамның қатысуының
деңгейі төмен болады. Ол бір жағынан мәліметтерді қолмен
өңдеуге тән қателіктерді төмендетеді, екінші жағынан
күнделікті қателіктер мен кемшіліктерді тексеру мүмкіндіктерін
азайтады.
Есеп деректерін автоматты өңдеу, аудиторлық тексерудің
мәні мен маңызын өзгертпейді, тек оның әдістері өзгереді.
Ұйым жұмысын автоматтандыру арқылы тексеру аудиторлық қызмет
сапасын арттырады, ішкі бақылау жүйесін нақты бағалауға,
аудиторлық тәуекелділік деңгейін дұрыс бағалауға
мүмкіндік береді.
Кәсіпорында қаржылық есептіліктің әрбір
элементі аудиттің нақты мақсаттарының бірі болып
табылады. Оларды белгілеп болған соң, нақты мәліметтерді
жинау шараларын бастауға болады. Жағдайға сәйкес қандай
дәлелдемелер және қандай әдістемелердің көмегімен
жинау керек екенін аудитор анықтауы керек. Бұл процесс белгіленген
жолмен тексеруді талап етеді, осы арқылы аудитор шынайы мәліметтер
ала отырып, қаржылық есептілік туралы ой – пікірін жазуға мүмкіндік
алады. Аудиторлық тексерудің стратегиясы тексеру жүргізгенде
мүмкіндігінше мақсатқа жетуде парасатты жолдар арқылы
талдау және аудиторлық тәжірибелігімен дәрежесіне
байланысты аудиторлық серіктестік фирмалар мен клиенттің қарым-қатынасының
ұзақтығына, яғни клиенттің біліктілік деңгейі,
аудитормен шығарылатын есептің ерекшеліктері және басқа
да факторлар есепке алынады.
Осы жоғарыда аталғандардың бәрін қорытындылай
келе төмендегідей ұсыныстар әзірленді:
- кәсіпорындар мен ұйымдарда
аудиторлық тексеру жиілігін арттыру және сәйкесінше ішкі бақылау
қызметінің жұмысын ынталандыру;
- аудиторлық тексеру жүргізуде
компьютерлік бағдарламалық қамтамасыз етулердің сапасын
арттыру;
- аудиторлардың біліктілігін әрдайым
арттырп отыруын ынталандыру.
Пайдаланылған
әдебиеттер тізімі:
1.
«Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есеп беру туралы» Қазақстан
Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы N 234 Заңы.
2.
ҚР 20.11.1998 жылғы №304-1 «Аудиторлық қызмет
туралы» Заңы (15.01.01 жылғы
өзгерістерімен толықтыруларымен қоса).
3.
ҚР ҚМ «Есептілікті дайындау және ұсынудың тұжырымдамалық
негіздемесін бекіту туралы»
29.10.2002 жылғы № 542 бұйрығы.